400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқытудың маңызы және ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері, мәселелері және Қашықтықтан оқыту кезінде қарым-қатынас қағидаларын сақтау өте маңызды айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан оқытудың маңызы және ролі


Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Рисунок 3 Байсугурова Үміт Сапаровна

Қазіргі уақытта әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінің әлеуметтік және мәдени өзгерістерге бейінделе оқыту талап етілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» делінген. Сондықтан да сапалы білім беру мақсатында әр ұстаз тиімді оқытудың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, шәкірттерін жаңашылдық білім алу арнасына бағыттап отырғаны жөн.

Биылғы 2020 жылы наурыз айыннан COVID-19 пандемиясы карантин жарияланғаннан бастап, қашықтықтан оқыту туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылдың 14 наурыз күнгі №108 бұйрығында белгіленгенін атап өтті. Аталған бұйрыққа сәйкес, кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары білім беру ұйымдары бекітілген оқу жүктемесі, оқу жоспары, бағдарламалары мен оқу кестесіне сәйкес қашықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуға көшті. Қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн екенін айтты.

Қашықтықтан оқыту – заман талабы.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — оқытушы мен студент арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар:

Онлайн режимдегі оқыту – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта оқытушы экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) оқытушы мен студент арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар – онлайн коференция немесе онлайн режимінде жасалған жиын десе де болады. Яғни біреу белгілі бір тақырыпта вебинар өткізеді, ал қалғандары соны онлайн режимінде көре алады.

Онлайн оқыту – бұл білім беру жүйесінің ғаламдық жаңа үрдісі. Қашықтықтан оқыту арқылы әлемнің кез келген жерінде жүріп те, үйде де, офисте де, жалпы интернет бар жерде білім ала аласыз.

Онлайн оқыту режимінде індет кезеңіндегі ұйымдардың, соның ішінде колледждердің міндеті ортақ – коронавирустық инфекция таралуының алдын алу. Осыған орай, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі пандемия кезінде қашықтықтан оқыту арқылы оқу процесін ұйымдастыру жүйесімен білім беруде, дәрістер, семинарлар мен теориялық, тәжірибелік сабақтарды онлайн режимінде өткізуде. Онлайн режимінде сабақтарды «Zoom» платформасында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-сабақтар өткізіледі, сонымен қатар, сабақтарды өткізу үшін aspc@aspc.kz интернет-платформасы қолданылады. Бұл жүйелерде колледж оқытушылары мен студенттер тікелей эфирде көре де, сұхбаттаса да алады және сауалдар қойып, әр түрлі формада тапсырмалар беріліп, тапсырмаларын жүктей алады.

Бұл қолжетімдік – қашықтықтан оқудың басты артықшылығы. Қашықтықтан оқыту процесінде студенттер оқу материалының көп бөлігін өз беттерімен оқиды, тапсырмаларын орындайды. Онлайн режимінде оқу кестесін өзгертуге және уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту белгілі білім мен дағдылардың жиынтығын береді. Сонымен қатар карантин кезінде шалғай ауылдарына, үйлеріне кеткен студенттер оқу процестерін қолжетімділікпен үзбей білім ала алады.

Заманауи талаптарға сай, қазіргі уақытта қашықтықтан оқытудың тиімділігі артып келеді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері Қашықтықтан жұмыс істеуда уақытты дұрыс ұйымдастырудан бастап, қажетті материалдарды орнатуға дейін бірқатар қиындықтар болды, бірақ оқытушылардың тынбай еңбектенуінің арқасында қол жеткізілді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты мәселелер дұрыс шешілсе, онда қашықтықтан жұмыс кедергісіз өтетініне көз жетті. Қашықтықтан оқыту кезінде қарым-қатынас қағидаларын сақтау өте маңызды. Атап айтсақ, үй жағдайында тиімді жұмыс істеу, бейне және аудио қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру, дыбысты қосу немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру,  барлық сұрақтар мен оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге арналғанына қарай студенттердің немесе ата-аналардың чатына не поштасына жіберу, оқытушы жұмыс күні ішінде әріптестерімен байланыста болуы керек.

«Сандық Қазақстан» электронды қашықтықтан оқыту жүйесі болашақта оң нәтиже көрсетеді деген сенімдемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі