Қатарға тұрамыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қатарға тұрамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
математика сабағының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

МАД

Тәрбиеші:


күні: 07.11.2018ж

Тақырыбы

Қатарға тұрамыз. Алдыңғы кейінгі.

Сабақтың мақсаты

Жаң білімді түсіндіру, алған білімін өмірде қолдана алуға бейімдеу.


Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстаздарға..


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


 Балалар математика Патшайымнан хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтайға пішіндердің бейнесін ілу)
- Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе? Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.

- Міне дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
- Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. бір жылда неше ай бар? (12)
8. бір аптада неше күн бар? (7)
9. адамда қанша саусақ бар? (10)
- Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы. (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үйлер, ағаштар ілінген).

1 - тапсырмамыз: «Салыстырып толықтыр» ойыны. Кейбір геометриялық фигуралар жоғалып қалыпты, біз оларды тауып орларына орналастыру керекпіз. Ол тапсырма орындау үшін алдарыңдағы қызыл үшбұрышы бар конвертті алыңдар, ішіндегі карточкадағы тапсырманы орындап, бір-біріңді тексеріңдер.
Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру, пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, сондықтан бізге тапсырмаларды орындауға қажет.
2-тапсырма: «Бір шығыршықпен ойын» Вирус біздің геометриялық пішіндерді білетінімізге сенбейді, сондықтан осындай тапсырма беріпті:
Шығыршықтың ішіне
- тек қана дөңгелектерді салыңдар;
- енді, тек қана сопақшалар;
- тек қана шаршылар;

Мақсаты: пішінін бір сипаттамасын терістеу мүмкіндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру.

- Өте жақсы, міне тағыда Вирусты жоюға екінші анти - вирус таптық.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

3-тапсырма: «Пішінді тап» ойыны. Мақсаты: 1 - 2 - 3 сипаттама арқылы және сипаттаманы терістеуімен керекті пішінді табу.
Схема арқылы жұмыс. Балалар үстел басында және тақтаға шығып орындайды.

4-тапсырма: «Жүру тәртібі» ойынын өткізу.
Вирус геометриялық пішіндердің естерін шығарып жіберіпті, сондықтан олар өз үйлеріне жол таба алмай жүр.

Мақсаты: Рұқсат ету және тыйым салатын белгілер туралы түсінік беру, кеңістік бағытты бекіту.
- Енді балалар, ақырғы тапсырма. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар.
5-тапсырма: «Шартты белгілеушілер» ойыны. Мақсаты: терістеу шартты белгілер арқылы пішіндерді табу.
Әр балада карточка шифрмен, бала оны шығарады, өз жауаптарын дәлелдеп береді.

- Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, телефон арқылы хабар жібереді. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. (телефон шырылдайды).
- Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.
Енді ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Алған білімдерін естерінде сақтайды.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Математикалық тапсырмаларды орындай алады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
381
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі