Жаңа тақырыпты түсіндіру
кезеңі: Мағынаны ашу арқылы тақырыпты
ашу.
Қамырдың барлық түрін
әзірлеудің негізгі шикізаты - ұн.
Ұн өнімдерінен нан тағамдары
даярланады, нанды қашан да қастерлеп өскен
халықпыз.
Нан – жер - ананың адамзатқа
беретін баға жетпес азығы.
Нан дастарқанға қалай
келеді?
Жер жырту, тұқым себу, баптау,
астык жинау, дүкен, наубайхана, нан өнімі.
Тарихқа көз жүгірту.
«Наполеон» тортының шығу тарихын баяндау.
1912 жылы пайда болған. Сол
жылы Ресей француздардан азат болғанына 100 жыл толуына орай үлкен
мерейтойын тойлап жатқан екен. Ал тәтті алғашында дөңгелек торт
емес, үшбұрышты тілімше болған. Мерейтойға барша жұрт қатты
әзірленіп, арнайы киімдер тігіліп, партиоттық өлеңдер жазылады.
Аспаздар да бұл мерекеден тыс қалмай бар тәттіні пісіреді. Арасына
крем жағылған көпқабаттан тұратын «Наполеонда» осы кезде пайда
болады. Төрт бұрышты етіп пісірілгенімен, үшбұрыш формасында
кесіліп, көпшілікке таратылды. Бірақ тортқа Бонапард Наполеонның не
қатысы бар деп ойлап тұрған шығарыз? Дәл сондай мерекеде тортқа
«Наполеон» атауы жарасып-ақ тұр еді, оның үстіне үшбұрыш
формасындағы тортқа қолбасшының қалпағы сәйкес
келеді.
Қатпарлы қамырды бірнеше
тәсілмен әзірлеуге болады, бірақ оны сапалы дайындау үшін төменде
көрсетілген ережелерді бұзбай сақтау
керек.
• Тағамды пісірер алдында
міндетті түрде салқындатады (тоңазытқышта), бірақ көп
тоңазытпайды.
• Әзірленген тағамды суық сумен
дымқылданған тақтаға салады, бірақ оған май
жақпайды.
• Тағамдық бетіне, қабаттардың
шетіне жайылмайтындай етіп жұмыртқа жағады, әйтпесе шеті жабысып
қалады да, қабат көтерілмейді.
• Қатпарлы қамыр нұсқаулық
картасы.
«Наполеон» тортын
дайындау
https://youtu.be/wKy7mZAySYw
сілтемеден наполеон тортынын дайындалуын
қарайды.
1. Қолды сабынмен мұқият
жуу
2. Алжапқышты
кию
3. Жұмыс орнын, ыдыс, құралдар
мен азық-түліктерді даярлау
4. Жұмыс соңында
құрал-жабдықтарды тазарту, жуу және құрғату. Белгілі орынды
сақтау
1.Бүгін қандай қауіпті
құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін
боласыңдар?
2.Табамен жұмыс істеген кезде
қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? (Табаны плитаға
тұтқышпен, басқа да арнайы құралдармен ұстап алу және қою
керек)
3. Ыстық заттармен жұмыс
кезінде қандай жеке сақтану құралдары қолданылады? (Тұтқыш, қолғап,
алжапқыш)
4. Күйіп қалған адамға қандай
алғашқы көмек көрсету керек? (Стерильденген таңғыш байлап,
дәрігердің көмегіне жүгіну)
Топқа бөлініп Наполеон тортын
дайындау
1.Қатпарлы қамыр дайындау үшін
қандай өнімдер қажет?
2.Қатпарлы өнімдерден не
дайындаймыз?
3.Ұнды илеу алдында не үшін
елеуіштен өткізу керек?
4. Қамырға ашытқы қосқанда
қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
5. Қамыр неше топқа бөлінеді?
(2)
6. Ұнды пайдаланар алдында
нені ескеру керек?
7. Бір жұмыртқа 10 минутта
піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта
піседі?(10мин)
8. Ашытқылы қамырдан қандай
тағамдар дайындауға болады?
|