Тақырып бойынша 23 материал табылды

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Заттардың агрегаттық күйін жіктеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Ақтөбе облысы ,Қандыағаш қаласы

Мұғалімнің аты-жөні.

Сынып:3

Пәні:жаратылыстану

Тайбақанова Алтынай Жұмабекқызы

Сабақ тақырыбы

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақ мақсаттары

  • Заттардың агрегаттық күйін жіктеу

  • Тәжірибе жасай отырып заттың алуан түрлі болып көрінетінін білу

  • Заттардың күйлерін салыстыру арқылы қорытынды шығару

Бағалау критерийлері

Заттардың агрегаттық күйі бойынша жіктейді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология

сұйық, қатты, газ тәрізді

Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері -Заттардың күйін анықтаңдар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Егер мұз түйіршіктерін қолға ұстаса, не болады?

Егер ыдысқа су құйып, оны отқа қойса не болады?

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдық, топтық жұмыс арқылы бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі-сөйлемді толықтырады.

Дүниетану-табиғат туралы білімдерін қолданады

АКТ қолдану дағдылары

Талқылау,зерттеу,сұрақ-жауап.

Алдыңғы меңгерілген білім

Екінші класта өтілген «Судың үш түрлі күйі» туралы түсініктері бар

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы


Ұ Ширату жаттығуы

«Ашық микрофон» тәсілі

Бізді қоршаған барлық нысанды қалай атаймыз?

Дене неден тұрады?


Ұ "Ой қозғау"әдісі (Жаңа тақырыпты ашу мақсатында)

Нұсқау: Жұмбақты мұқият тыңда

Тапсырма:

1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)

2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)

3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)

Қалай ойлайсындар бүгінгі өтетін сабағымыз не жайында болады? Оқушының жауабын тыңдау.Сабағымыздың мақсатын кім болжап айтып көрем дейді? Тыңдап көрейік.

Сабақтың мақсаты: Неліктен бір заттың алуан түрлі болып көрінетінін білесің.

Ынталандыру:Тамаша! Балалар сабақтың мақсатын анықтадық .

Топқа бөлу:

1-топ.Сұйық

2-топ.Қатты

3-топ.Газ










Сабақ ортасы




БК: Заттардың агрегаттық күйі бойынша жіктейді

ҰЖ «Мұғалім көмегімен зертте» тәсілі (Жаңа ұғымды түсіну мақсатында, зерттеу дағдысын қалыптастыру)

Зерттеу мақсаты: Заттардың агрегаттық күйін анықтау.

Қолданылатын ресурстар: шәйнектегі қайнап жатқан су, стақандағы су, мұз

Зерттеу барысы:

-Судың қандай күйін көріп тұрсыңдар? (Сұйық)

  • Қайнаған шәйнектегі судан не байқадыңдар?

  • Су қайда кетті? (су буға айналды)

  • Осы суды мұздатқышқа салып қойсақ қандай күйге айналады? (Қатты мұзға)

  • Стакандағы суға мұзды салғанда қандай өзгерісті байқадыңдар?

  • (Тығыздық туралы толықтырам Мұздың тығыздығы судың тығыздығынан төмен)

Қорытынды :Судың үш түрлі күйде бола алатынына көз жеткізеді

Дескриптор:

  • Заттың алуан түрлі болып көрінетінін біледі

  • Заттардың күйлерін салыстыру арқылы қорытынды шығарады


МТ Заттар үш күйде болады: Қатты, сұйық және газ тәрізді.Заттардың барлық дерлік бір күйден екінші күйге ауыса алады. Су үш күйде де бола алады: мұз, сұйық және бу.Түрлі күйдегі заттар түрлі қасиетке ие болады. Газ пішінін сақтамайды әрі оңай сығылады. Сұйық зат пішінін тез өзгертеді, бірақ оларды сығу мүмкін емес. Қатты заттар өз пішінін сақтайды әрі сығылмайды.Сұйық пен қатты заттарды соңдықтан сығу қиын болады.

ДЖ «Үш күй» тәсілі(жаңа тақырыпты меңгергенін анықтау)

2-тапсырма

Нұсқау:Судың түрлі күйлерін сәйкестендір.

Тапсырма:

Заттардың атауын кестенің сәйкес бағанына орналастыр.

Дескриптор:

- Судың агрегаттық күйін анықтайды.

Ынталандыру: Тамаша, Жарайсың! Заттарды агрегаттық күйі бойынша анықтай алдың.



ЖЖ «Тәжірибелік жоба»тәсілі (Алған білімдерін қолдану,зерттеу)

3-тапсырма

Нұсқау:

Бір оқушы денелермен жұмыс жасайды, екінші оқушы жазба жұмысымен айналысады.

1. Шар үрлеу. Шардың іші немен толғаны туралы жазу.

2. Инесіз шприцке шардың газын тарту немесе жай ғана ауаны сору. Ине кіргізетін саңылауды саусақпен жауып тұрып, шприцтің поршенін итеру. Өзгерісті жазу.

3. Стақаннан шыны аяққа, сосын кесеге су құю. Сұйықтың пішінінде өзгеріс болған немесе болмағанына тұжырым жасау.

4. Шприцті сумен толтырып, ине тұратын саңылауын жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Қорытындысын жазу

5. Темір шегені стақанға, одан кейін шыны аяққа, содан соң кесеге салады. Қатты дененің пішінінде қандай өзгеріс болатынын тұжырымдайды. Шегені қысып көру. Қатты дене қысыла ма, жоқ па, қорытынды жасау.


Заттың күйі

Қалай

Сығылады?

Пішіні (формасы)





Дескриптор:

  1. Күйі- газ, оңай сығылады, тез өзгертеді

  2. Күйі – газ, сығылмайды, өзгермейді

  3. Сұйық, сығылмайды, өзгереді

  4. Сұйық, сығылады, өзгереді

  5. Қатты, сығылмайды, өзгермейді


Зерттеу жұмысын қорытындылау:  Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтай келе олардың пішіндерінің өзгеруі туралы ой қорыту.

Уәждеу: «Жұбыма пікір»(Жарайсың! Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын)


ҰЖ «Ойлан, дәлелде!» тәсілі ( сыни ойлау дағдысын қалыптастыру)

4-тапсырма

Нұсқау: Сұраққа ойланып жауап бер

Тапсырма:

-Кез келген зат үш күйде де бола ала ма?Мысалдармен дәлелде.

Дескриптор:

-Әр түрлі агрегаттық күйге ие затты мысалға келтіреді.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету

  • Сұйық заттарды сығу мүмкін бе?

  • Газ пішінін сақтайды ма?

Ынталандыру: «Жарайсың!дәлелдей алдың»


ТЖ «Тыңдап отырған үштік» тәсілі

5-тапсырма

Ресурстар бойынша саралау

1-топ: Заттардың өзгеруі.

Қант,шай,сүт алдарына қойылады,

Шыны аяқтағы шайды көрсету.

  • Шай қандай зат?

Қант түйірлерін көрсету.

  • Олар қандай?

Қантты шайға салып, толық ерігенше араластыру.

- Енді не өзгерді?

- Шайдың түсі өзгере ме?

-Шайдың дәмі ше?

-Қант қалай өзгерді?

  • Қорытынды шығару: Заттардың барлығы дерлік бір күйден екінші күйге ауыса алады.

2-топ: Құртты зерттейді,сұйық сүттің қатты құртқа айналу үдерісі жайлы әңгімелейді.

3-топ: Медициналық қолғапты ауамен толтыр. Қандай өзгеріс болды.


Дескриптор:

Заттардың бір күйден екінші күйге алмасатынына көз жеткізеді .

Заттардың қандай қасиеттерге ие екенін біледі.

Зерттеу жүргізіп қорытынды жасайды

Бірін – бірі бағалау: (Лайк,дизлайк)


Қалыптастырушы бағалау

ӨЖ «Жедел тест »тәсілі (оқушылардың қалыптасқан білімін тексеру)

1.Қатты, сұйық, газ- олар ... А) табиғи дене түрлері В) жасанды дене түрлері

С) дененің түрлері D) заттың күйлері

2.Еріген мұз қандай күйге айналады?

А)газ

В)сұйық

С)қатты

D)от

3.Сығу өте қиын зат. А)шар В)май

С) мата D)мұз

Дескриптор:

1.Қатты, сұйық, газ- олар заттың күйлері

2.Еріген мұз сұйық күйге айналады

3,Мұзды сығу өте қиын

1.D 2.B 3.D

Жігерлендіру: «Мен сендерге сенемін!»


Суреттер (Су, мұз, бу)





























Picture 2











Тест









Жұмыс парағы



Сабақтың соңы




Рефлексия

1.Оқушы алдымен мұғалімнің сабағын бағалайды:

2.Әр оқушыға өзін-өзі бағалау парағы беріледі.



Саралау


Бағалау



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдауды қажет ететін оқушыларға:

Ресурстар ұсыну,қолдау көрсету

Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

Заттардың күйлерін жіктеуде, анықтауыш сұрақтарын беру.

Қабілетті оқушыларға:

Өздінен тәжірибе жасауға,қорытынды шығаруға мүмкіндік беру «Диалог және қолдау көрсету» саралауын жүргіземін.

Сұйық заттарды сығу мүмкін бе?

Газ пішінін сақтайды ма?

Саралау: Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушылармен бірлесе жұмыс жасайды.



Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Ынталандыру үшін: «Үш шапалақ», мадақтау сөздер. «Тамаша!», «Әттегенай,» Жігерлендіру: "Мен сендерге сенгенмін"Уәждеу: «Жұбыма пікір»(Жарайсың! Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. Сен жақсырақ жұмысістей алар едің)

Тәжірибе жасаған кезде пайдаланатын ресурстарды ұқыпты пайдалану,қауіпсіздікті сақтау



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту да, оқу туралы да ойланыңыз?))

1: (Ұ) "Зертте" (Жаңа ұғымды түсіну мақсатында)

Зерттеу жұмысы арқылы оқушылар жаңа ұғымдыашуда ұжымдық жұмыстар сәтті өтті

2:(С) "Ойлан, дәлелде"әдісі. (Сыни ойлау дағдысын қалыптастыру)

Тапсырмаларды саралау арқылы сыни ойлауын дамыту мақсатындағы ұжымдық жұмыстар сәтті өтті


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту да, оқу туралы да ойланыңыз?)

Әдіс-тәсілдер, ресурстар, оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында сыныптың мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижеге жету барысындағы тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері мен қиындықтарын анықтадым. Жекеленген кейбір оқушылардың жетістігі тапсырмаларды саралау барысында сыни ойлауы жоғары екенін, ал ойлау деңгейі төмен оқушылар міндетті деңгейді орындады. Келесі сабақтарда ойлауы төмен оқушылардың ой-өрісін арттыруға көңіл бөлу. Оқушыларға қолдау көрсету




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2021
797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12