Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қатырма қағаздан қазақтың ұлттық бас киімін жасау. Сәукеле.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық бас киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Еңбекке баулу

Сынып: 4 «А»

Тақырыбы: Қатырма қағаздан қазақтың ұлттық бас киімін жасау. Сәукеле.

Мақсаты:

Білімділік:  Ұлттық талғам әдіспен, сәукеле жасап үйрену.

Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.

Тәрбиелік: Ұлттық бас киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бас киім түрлері, сәукеле үлгісі, сызбалар, күй

Құралдар:  қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі,қарындаш,сызғыш, циркуль

Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі а)  оқушыларды түгендеу

ә)  сабаққа дайындығын тексеру

Шаттық шеңбері: Балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.

ІІ. Жаңа сабақ: Сәукеле жасау.

Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп.  Оларға: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік тағы басқалар жатады.

Тақия – қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үкі тағылған жеңіл бас киім, оны жас қыздар ұзатылғанға дейін киеді.

Кимешек – Егде әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады.

Бөрік – Жеткіншектерден бастап ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп дөңгеленген пошымда тігіледі.

Ер адамдарға арналған бас киімдер: Бөрік, айыр қалпақ, қалпақ, тымақ, малақай.

Тымақ - Ең бағалысы- түлкі тымақ оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай үшкүл болып келеді.

Айыр қалпақ – Аса матамен тысталып ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып немесе сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді.

Бүгінгі сабағымызда балалар, біз сендермен сәукеле жасаймыз. (Түсініктеме беру)


Сәукеле –қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек  жабылады.

Сәукеле – тек ұзатылатын қыздың бас киімі, оны беташарға дейін киген, етегі қымбат терімен көмкерілген, сосын міндетті түрде желегі болған. Яғни, ұзатылатын қыздың сәукелесінің желегі бетін көмкеріп тұрады. Қалыңдықты жасырып, жүзін көрсетпей көмкеріп тұрады дегенге сөз, беташардан кейін сәукеле алынады да, желек немесе бергек жас келіншектің басына орамал болып тағылған. Жаулық жас келіншектің басына өзінің әнімен, сәнімен келген.Сөйтіп үлкен салт, дәстүрмен келіп барып, қазақ келіншегінің басына жаулық боп түсетін болған. 

«Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.

Қыз өз үйінен ұзатыларда шешесі қызының басындағы үкілі тақиясын алып сәукелені өз қолымен кигізіп, ақ батасын беріп аттандырған.

      Сәукеленің негізгі бөліктері: 
Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады. Жоғарғы жағына үкі тағады. Ата –бабамыз сәукелені әшекейлеуге күмістен салынатын өрнектер және жылан бас бейнесінің магиялық қасиеті бар деп есептеген. Күміс тазалықты білдірсе, жылан басы  тіл –көзден сақтайды деп түсінген.

Сергіту сәті:

Жұмыстың орындалу реті:

1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады. Үкіні сәукеленің төбесіне жабыстырамыз және түрлі – түсті тастастармен безендіреміз.

     Қауіпсіздік  ережесін сақтау

Қайшыны ашық тастама

Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.

Үшкір жағын адамға ұсынба

Қағазды үнемде

Таза ұқыпты жұмыс жаса

Жұмысыңды болған соң үстел үстін жина

Жұмыс барысында күй орындалып тұрады.

Оқушылар мұғаліммен бірге сәукелені сызып, қиып, желімдеп, безендіреді. Жұмыстарын аяқтаған соң, ортаға шығып көрсету.

 ІV. Сабақты бекіту.

1) Қандай ұлттық бас киімдері бар?

2) Сәукелені кім киеді?

3) Сәукелені қалай әшекейлейміз?

 V. Бағалау

 VІ. Қорытындылау.









































«Совхоз орта мектебі» ММ











Пәні: Еңбекке баулу

Тақырыбы:



Қатырма қағаздан ұлттық бас киімін жасау. Сәукеле







Сынып: 4 «А»

Өткізген: Абенова А.Н.





2018-2019 оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2019
791
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12