Менің баяндамамның тақырыбы: «Қатырма қағаздан сәнді қораптар жасау»
Жалпы мақсаты:
-
Оқушылардың алған білім, білік, дағдыларына сүйене отырып, қатырма қағаздан қорап жасау туралы мәлімет беру.
-
Шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту.
Күтілетін нәтижелері:
-
Қатырма қағаздан қорап жасауды үйренеді және білімі, ой-өрісі дамиды. Білімділікке тәрбиеленеді.
-
Қатырма қағазбен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауға қалыптасады. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйренеді
Бағалау критерийлері:
-
Білімді критериалды бағалау.
-
Оқу мақсатына сәйкес өзін-өзі бағалау.
-
Бағалау парақшасы.
Құндылықтарға баулу: Студенттердің бір-біріне деген сыйластық жылы сезімдерін тудыру, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу. Көрнекілігі: қорап үлгісі
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.

Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, математика, музыка, бейнелеу.
АКТ қолдану дағдылары: Слайд.Электронды оқулықты пайдалану.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сергіту сәті. Психологиялық көңіл-күй орнату.
Жағымды көңіл-күй тудыру
Мейірімді жүректепен
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
Көңіл-күйреліңіз қалай?
Топтастыру:
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну. Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.

Үй тапсырмасын тексеру. Қатырма қағаздан аласа орындық жасау. Жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау.
Өткен сабақты қайталау (қима қағаздардағы сұрақтарға жауап беру)
Қайталау - білім
анасы
1. Қағазды неден
жасайды?
Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы
жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады.
Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып
шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы
ағартқышпен ағартып, үгіндіні әбден майдалайды. Енді қағаз мықты
болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп
қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады,
жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден
тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде
кесіп тұтынушыға жолдайды.
2. Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін
қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ
қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, қатырма
қағаздар.
3. Қағаздың қандай қасиеттері
бар?
Қағаз - адам қолымен жасалатын материал. Оның өзіне тән қасиеттері
бар. Әртүрлі бұйымдар жасаған кезде біз оның қасиеттерін білуіміз
керек. Жыртылады, бүктеледі, иіледі, умаждалады, жанады,
қиылады.
4. Жай қағазбен
қатырғықағаздың қандай айырмашылығы
бар?
Жай қағаз жұқа, жұмсақ болып келеді, қатырма қағаз берік болады.
Умаждалмайды.
5. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдарды
ата.
Кітап мұқабалары, папкалар, дәрі - дәрмек қораптары, азық - түлік
қораптары
6. Қағаздың адам өміріндегі
маңыздылығы?
Біз қазір өмірімізде қағазсыз елестете алмаймыз. Күнделікті өмірде
тіршілігімізде ең көп қолданатын заттардың бірі осы қағаз, дәптер,
кітап, газет - журналдар болып табылады.
Балалар, бүгін біздер
тақтадағы сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі тақырыптың қандай болатынын
білеміз.
СӨЗЖҰМБАҚ
-
Қию үшін қолданатын зат.
-
Біз инемен жұмыс істеген кезде саусағымызға не киеміз?
-
Пластилиннің қазақшасы.
-
Жыл мезгілі.
-
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

-
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағаздан қорап
жасау.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Зауытта және арнайы шеберханада қатырғықағаздан қорап жасап шығарады. Ол қораптардың қарапайым және көркемделген түрі бар. Қораптарды әртүрлі көлемде дайындайды. Қораптың көлемі оған салынатын затқа байланысты болады.
Қорапты үйде, өндірісте, медицинада, сауда саласында көп пайдаланылады. Қорапта зат, азық-түлік, дәрі-дәрмек, техника бөлшектерін салады, сақтайды. Сондықтан қорапты пайдалану мақсатына қарай тіктөртбұрыш, шаршы, текше, жұмыр(цилиндр) пішінінде жасайды. Мысалы, сіріңкенің қорабы тіктөртбұрыш пішінді қораптар тобына жатады.
Тіктөртбұрыш пішінді
қорап. Цилиндр пішінді қорап. Текше пішінді
қорап.
Машықтық жұмыс. Оқушыларға қораптың сызбасын көрсету. Сол сызбаның өлшем бірліктері бойынша қорап жасайды.

Қораптың жазып көрсетілген сызбасы.
Сарамандық жұмыс
Жұмыстың орындалу реті:
-
Дәл осындай сызбаны пайдаланып, қатырма қағазға белгі сал.
-
Желімнің орнын белгіле.
-
Қораптың бүгілетін бөліктеріне желім жағып, біріктір.
-
Дайын қорап. Өз қалауың бойынша сәнде.
Сергіту сәті
Топ, топ басайық,
Қағаздан қорап жасайық.
Жаса, жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн.
Қауіпсіздік
ережесі:
. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
. Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.
. Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа
жақындама.
. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып
қой.
IV. Сабақты
бекіту
Мұғалім: бүгінгі сабақта қағаздан қандай бұйым
жасадық? ( сәнді қораптар)
Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін
қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға
арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі -
түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
Қорапты үйде, өндірісте, медицинада, сауда саласында көп
пайдаланылады.
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай көңіл - күйде болдыңдар?
- Балалар өте жақсы еңбектендіңдер!
V. Қорытынды: Мұғалім: ал, енді еңбек жайлы мақал-мәтелдер айтайық.
1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
2. Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.
3. Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
4. Еңбегі көптің өнбегі көп.
5. Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
6. Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай —
ізет.
VI. Бағалау. Көрме ұйымдастыру (оқушылардың жұмысы бағаланады)
«Паравоз»
Қызыл- түсінген
жоқпын
С
ары- жартылай
түсіндім
Ж
асыл - толық
түсіндім
VII. Үйге тапсырма: Қатырма қағаздан сәнді қораптар жасау

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қатырма қағаздан сәнді қораптар жасау

шағым қалдыра аласыз