Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіз қоғам ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіз қоғам ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

8


Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіз қоғам / «Сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек қөрсету» ЖЖЕ №6

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

22-САБАҚ

8 –сыныптар: «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)

Сабақтың мақсаты:

Қауіпсіз қоғам ұғымын түсіндіру.

Қауіпсіз қоғамның негізгі элементтерін атау.

Қоғамдағы қауіпсіздікке қатысты өз пікірін білдіру және шешім ұсыну.

ЖЖЕ мақсаты

Оқушыларға сынған кездегі және қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін түсіндіру.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын дамыту.

Төтенше жағдайларда жылдам және дұрыс әрекет етуге үйрету.


Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: саяхат кезінде төтенше жағдайларда (ТЖ) дұрыс әрекет етуге және пайдалы әдеттерді дамытуға үйрету.


Қауіпсіздік міндеті:

Негізгі міндеттер:

1. Балаларды төтенше жағдайлардың түрлерімен және олардың ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі әрекеттерді (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) қарастырыңыз.

3. Балаларды саяхат кезінде төтенше жағдай жоспарын құруға үйрету.

Дәйексөз

«Өнерлі бала - өрге жүзер»

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


- Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

- Сабақтың тақырыбын хабарлау.

- Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Сыныпты 2 топқа бөлу

- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.

- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер








Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

2 САБАҚ. «CАЯХАТ КЕЗІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР (ӨРТ, ЖЕР СІЛКІНІСІ, СУ ТАСҚЫНЫ)»

. «Саяхат кезінде қандай қауіптер болуы мүмкін?» деген сұрақ қойып, оқушылардың пікірлерін тыңдайды.

Төтенше жағдайлардың негізгі түрлерімен таныстырады:

  • Өрт

  • Жер сілкінісі

  • Су тасқыны


1. Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

Өрт шыққанын байқасаң:

  • Сабырлық сақта.

  • От көзін сөндіруге тырыс (егер қауіпсіз болса).

  • Жанғыш материалдардан аулақ бол.

  • Түтінге уланып қалмас үшін еңкейіп, шүберекпен аузыңды жап.

  • 101 немесе 112 нөміріне хабарлас.

Өрт орнында не істеуге болмайды:

  • Лифтке мінбе.

  • Жанып жатқан жерден рұқсатсыз жүгіріп өтпе.

  • Синтетикалық киімдерді киме.

2. Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шаралары:

Жер сілкінісі басталғанда:

  • Үйде болсаң, берік үстелдің астына тығыл.

  • Терезеден, айнадан, ауыр заттардан алыс тұр.

  • Ғимараттан жүгіріп шықпа.

  • Ашық далада болсаң, электр сымдары мен ғимараттардан аулақ тұр.

Жер сілкінісінен кейін:

  • Ғимараттан абайлап шық.

  • Радио немесе телефон арқылы төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасын тыңда.

  • Көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдес.

3. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

Су тасқыны қаупі туындағанда:

  • Биік жерге көтеріл.

  • Электр құрылғыларын ажырат.

  • 112 нөміріне хабарласып, көмек шақыр.

  • Қажетті заттарды (су, тамақ, жылы киім) дайындап қой.

Су басқан жерден қалай өту керек:

  • Өте сақтықпен, таяқпен судың тереңдігін тексеріп жүр.

  • Жылдам ағынды судан өтпе.

  • Егер су ағызып кетсе, арқаңмен жат, аяқ-қолыңды кең аш.






Оқушылар сұрақтарға жауап береді









«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста. 111


Пайдалы сілтемелер:


https://drive.google.com/file/d/19wpRcA_4fC0LL70sxwitJ7bs0-7zZIBq/view


https://drive.google.com/file/d/1Evig09Ds3VRYA6K5uSMFkNUqjpkj9abH/view


https://youtu.be/HBgZoMfOcIE?si=EZJu9AyOvXc6UNRO










Ортасы (30 мин)


"Миға шабуыл"

"Қауіпсіз қоғам дегенді қалай түсінесіздер?"

Қоғамның қауіпсіз болуы үшін не қажет?

Қауіпсіздікке кім жауапты?


Қауіпсіз қоғамның анықтамасы: Қауіпсіз қоғам – азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және мүлкіне қауіп төнбейтін, барлық салаларда (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) қауіпсіздік қамтамасыз етілген қоғам.

Негізгі элементтері:

  • Заңдардың орындалуы.

  • Құқық қорғау органдарының жұмысы.

  • Жеке және қоғамдық мәдениет деңгейі.

  • Экологиялық тұрақтылық.

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелері.

Интернеттегі қауіпсіздік? Бейнеролик көру

https://youtu.be/9-2FDWjemLY?feature=shared


1. Топтық жұмыс

6 оқушыны 2 топқа бөлу

Әр топқа қауіпсіз қоғамға қатысты жағдаят беріледі:

1- топ. Көшедегі қауіпсіздік

Жaғдaят:
Ержан мектептен кейін достарымен серуендеуге шықты. Олар жолдан өту керек болды, бірақ жақын маңда жаяу жүргіншілер жолағы болмады. Достары жолдың ортасымен жүгіріп өтуді ұсынды. Ержан не істеуі керек?

Сұрақтар:

  • Ержан қандай қауіп-қатерлерге тап болуы мүмкін?

  • Жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз өткелді қалай табуға болады?

  • Бұл жағдайда ең дұрыс шешім қандай?


2-топ. Интернеттегі қауіпсіздік


Жағдаят: Бейтаныс хат
Айжан әлеуметтік желіде бір бейтаныс адамнан хабарлама алады. Ол өзін Айжанның құрбысының танысы ретінде таныстырып, оған қызықты сілтеме жібереді. Айжан сілтемені баспақшы болады, бірақ бірден күмәнданады.

Сұрақтар:

  • Айжан не істеуі керек?

  • Мұндай жағдайда қандай қауіптер болуы мүмкін?

  • Бейтаныс адамдардан келген сілтемелерді тексерудің қандай жолдары бар?


2. Жұптық жұмыс: «Қауіпсіз қоғам біздің қолымызда

Әр оқушы өзіне жұп таңдайды

Берілген тақырып бойынша шағын постер (плакат) дайындайды

Тақырыптар:

    • Мектептегі қауіпсіздік

    • Киберқауіпсіздік

    • Жолда жүру ережелері

    • Табиғи апаттар кезінде өзін-өзі қорғау

Жеке тапсырмалар (әр оқушыға жеке беріледі,

  1. Оқушы 1: "Мектеп қауіпсіздігі" – мектеп ішінде сақталуы тиіс 5 негізгі ереже жазу

  2. Оқушы 2: "Жол қауіпсіздігі" – жолда жүру ережелерін сурет арқылы көрсету

  3. Оқушы 3: "Интернет қауіпсіздігі" – онлайн алаяқтардан қорғану жолдарын сипаттау

  4. Оқушы 4: "Өрт қауіпсіздігі" – өрт кезіндегі әрекеттерді тізіп жазу

  5. Оқушы 5: "Төтенше жағдайлар" – жер сілкінісі немесе басқа да табиғи апаттар кезіндегі әрекеттер

  6. Оқушы 6: "Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік" – көшеде, сауда орталықтарында өзін қалай ұстау керек


«Сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек қөрсету»

Сынған кездегі алғашқы көмек
Мұғалім түсіндіреді: Анықтама:

Сынық – сүйектің толық немесе жартылай бүтіндігінің бұзылуы. Ол тікелей соққы, құлау, қысым сияқты физикалық әсерден пайда болады.


  • Сынған қолды немесе аяқты қозғалтпау керек.

  • Ауырсынуды азайту үшін зардап шеккен жерге мұз басу.

  • Сынықты бекіту үшін қолда бар заттарды (сызғыш, тақтайша, мата) қолдану.

  • Дәрігер шақыру немесе зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу.

Тәжірибелік бөлім:

Бір оқушы «жарақаттанушы» рөлін ойнайды, ал екіншісі алғашқы көмек көрсетеді (қолды немесе аяқты бекітеді).


Қан аққан кездегі алғашқы көмек
Мұғалім түсіндіреді: Анықтама:

Қан кету – қан тамырларының зақымдануы салдарынан болатын жағдай. Ол сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.


  • Қолды таза сумен жуу немесе қолғап кию.

  • Қан кетуді тоқтату үшін жарақатқа таза мата немесе дәке қою.

  • Егер қан қатты ағып жатса, жарадан жоғары жерден қысып байлау (жгутты дұрыс қолдану).

  • Дәрігер шақыру немесе зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу.

Тәжірибелік бөлім:

  • Бір оқушы «жарақаттанушы» рөлін ойнайды, ал екіншісі алғашқы көмек көрсетеді (қан тоқтату).


Оқушылардың жауаптары тақтаға жазылады, олар талқыланады.


Оқушылар тыңдайды



















Топтар осы жағдайды талқылап, шешу жолдарын ұсынады

Әр топ өз ойларын ортаға салады
























Жұптар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды












Әр оқушы тасырмаларды орындайды
































https://youtu.be/9-2FDWjemLY?feature=shared





































Слайд

Соңы


(2 мин)




«Қауіпсіз қоғам үшін не істеуіміз керек?»



Кері байланыс: «3 сөйлем» әдісі



белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Үй тапсырмасы: «Менің қауіпсіз қоғамым» тақырыбында эссе жазу.


оқушылардың ойларын айтады


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін үш сөйлеммен жеткізеді


презентация



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11