қауіпсіздік 8 тақырып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

қауіпсіздік 8 тақырып

Материал туралы қысқаша түсінік
қауіпсіздік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг


Мақсаты:


Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету

Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.

Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Топта жұмыс істеу ережесі:

1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

2. Болып жатқанға белсенді қатысу.

3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

5. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.


Кіріспе

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды  жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.


 

Негізгі бөлім.

1)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.

Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Әлия әділ қызбын….


Оқушылар түгел амандасып болғаннан кейін топқа бөлінеді.


        2) Топқа бөліну


Оқушылар топқа бөліну үшін әр бір оқушы үстелде қойылған смайликтерді алып 4 топқа бөлінеді


3) «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»   тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.


4)«Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.


1. Зорлық –зомбылық –ол….

2.Физикалық зорлық –зомбылық  -ол


3.Психологиялық —


4.Экономикалық зорлық деген-


5.Қорқыту –ол…


 


«Қайта байланыс» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:

Тренингте ең бірінші не ұнады?

Не ұнаған жоқ?

Өзің жаңадан не білдің?

б) «Алған әсеріңіз қандай?»- смайликтер арқылы анықтау.

в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.

Қорытынды.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы тренингті былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді

























Ерте жүктіліктің алдын алу.


Ерте жүктілік қауіпті ме?

Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Бұның қиындығы - жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, таксикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!


Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы - жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.


Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады?


Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі - сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Ерте жүктіліктің нәтижесі Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға. Қыздар қиындықтан аман болсын!














Тақырыбы: Ұл мен қыз тәрбиесі. 
Мақсаты: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір 
заңдылықтарын білуге үйрету; 
2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының 
рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, 
дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; 
3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге 
тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу. 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл, 
шарлар. 
Түрі: өнеге сағаты 
Әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар,үнтаспа 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн, балалар! 
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз, 
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 
Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп қонақтармен, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық. 
Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын! 
Соңынан бір оқушы шоқ гүлді ұстазға ұсынады. 
Бірге: Ал біз сізге бақыт тілейміз. 

- Рахмет оқушылар, осы гүл шоғырлары біздің тәрбиелік шарамыздың сәтті өтуіне көмектеседі деп ойлаймын. 
Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары . 

Білектей арқасында өрген бұрым, 
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. 
Кәмшат бөрік, қара қасты, 
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға, 
Атадан жақсы ұл туса, 
Елінің туы болады. 
Атадан жаман ұл туса, 
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз. 

Тренинг. Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз. 
Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық. 

Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық қағидаларына тоқталамыз. 

Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар пікірі тыңдалады. 
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. 

Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды. 
Адам болам десеңіз... 
Бес нәрседен қашық бол...,— 
Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында. 
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан. 
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі. 
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған» 

Имандылық қасиеттер 
● қарапайымдылық 
● сыпайылық 
● мейірімділік 
● кішіпейілділік 
● ізеттілік 
● адалдық 

Ұлдарға сұрақ: 

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине 
сыртқы келбеті) 
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, 
бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай 
кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие 
қалай болса,өскенде солай қалыптасады.) 

3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, 
өтірік айтқаны) 

4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, 
қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер) 

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, 
сыпайы, биязы болса ) 

Қыздарға сұрақ: 

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні 
сыйламайтыны) 
2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса, 
Қар үстінде от жанар, 
Атадан жаман ұл туса, 
Ат үстінде ит қабар 
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік) 

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 
адамгершілігі мол), 

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? 
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 
етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп 
ойлаймын) 
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? 
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау) 

Ситуациялық жағдаяттар. 
Елдостың қылығы. 

Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жлдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па? Сен қайтер едің? 
1 сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос 
орын жоқ. Не істер едің? 
2 сұрақ. Көшеде қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің? 
3 сұрақ. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет 
жасар едіңіз. 

1 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт 
адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз? 
2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп, 
басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не 
айтар едің? 
3 сұрақ. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу 
керек? 

«Жалғастыр» ойыны 
Енді, балалар, біраз сергіп алайық. 
Не істеуге болмайды? Не істеу керек? Не істер едім? 
Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек. Адамдарға қамқор болар едім. 
Сабақтан кешігуге болмайды Кішілерге қамқор болу керек Туған жерімді көркейтер едім. 
Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды Сабақты жақсы оқу керек Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім. 
Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды Тәртіпті болу керек Иманды ұл. 
Тәртіпсіз болуға болмайды Әдептілік қағидаларын сақтау керек Инабатты қыз болар едім. 
Қорытынды 
- Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік? 
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді. 
Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиеттер болу керек? 

Иманды ұл .Инабатты қыз 
Тәртіпті ,ибалы, қайырымды, сыпайы, әдепті, биязы, адамгершілігі мол кішіпейіл 









































«Суицид – тығырықтан шығатын жол емес»

Мақсаты : Суицид туралы толық жан-жақты ақпарат беру

Тәрбиелік маңызы Суицидтің адамның өзінің ішкі болмысына жасалған қаттыгездігі, жауыздығы мағынасын терең ашып оқушы санасына жеткізе отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу

Көрнекіліктер Суреттер.

Суицид- (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін – өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қаттыгездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай – ақ, өз – өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.Жалпы, суицид қылмысының тарихы пұтқа табынушылық кезеңіне, Ежелгі Грек мәдениетіне барып ұштасады. Тамыры тым тереңде жатқан бұл кеселдің адамзатқа тигізген зияны орасан зор. Уақыт өткен сайын өмірден түңілген адам баласы о дүниеге«оңай» әрі «жылдам» аттану үшін өз – өзіне қол жұмсаудың сан түрін ойлап тапты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда әлемде өз – өзіне қол жұмсау салдарынан өлетін адамдар көп екен.

.Қазақ: «Өлімнен басқаның бәрі ерте болғаны абзал», — деп өмір сүруге үндеген халық. Шариғатымызда Алла Тағала берген нығметке қиянат жасау – харам.Жаратқан иеміз пенделеріне өмір сүру, ішіп – жеуді өлшеп берген болса, адам оны дұрыс, орынды және толық пайдалануы тиіс. Ал, кейбір өткінші қиындықтарға шыдамай, өзіне нәсіп етілген нығметке разы болмай, одан бас тарту үлкен күнә саналады. Алла Тағала пенделерін сынау үшін адамға жан беріп, ол дүниеге бір мәрте ғана келеді. Сондықтан қандай қасіретті, қиын жағдайда да өзіне қол жұмсауды қайтарып Алла Тағала қасиетті Құран – Кәрімде: «Өздеріңді өздерің өлімге қимаңдар», – яғни өздеріңе қол салмаңдар дейді.Дінімізде мұсылман болудың негізгі шарттарының бірі – жақсылықтың, жамандықтың да Алладан екеніне сену. Адам баласы тағдырға сенбесе, қиыншылығына төзбесе мұсылман саналмайды

Қазіргі таңда кейбір адасқан, білімі таяз топтардың өзін – өзі өлтіруді «шаһид» деп атап жүргендер де бар. Олар жоғарыда келтірілген Құран аяттарына, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне қарсы шығушылар болып табылады. Аллаға және пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бойсұнбай, өз – өзіне қол салған пенде қияметте қалай жәннатқа кірмек?! Мұның ар жағында өз мақсаты үшін айдап салушы жат пиғылды адамның, не белгілі бір топтың тұруы мүмкін. Олар әлі оң – солын танып үлгермеген жастарға «осындай амал жасасаң, «шейіт» боласың, Алланың ризалығына бөленесің, жұмаққа барасың» деп адастырып, өз – өзін құрбан етуге итермелеп отыруы мүмкін. Сол себептен, ата-аналар, ұстаздар, дін

өкілдері, жалпы барша қоғам ел ертеңі болар жастарды жат әрекеттен, адасудан сақтап, түзу жолды көрсете білуіміз керек.

Қорыта келе айтарымыз, құрметті мұсылман бауырлар! Өзіне – өзі қол салу – үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал жүрегіне иман нұры ұялаған, шынайы Исламнан нәр алған адам мұндай дерттен аулақ болады. Алла Тағала өзінен қорқып, фәни дүниенің сынағына шыдаған адамға тосын сый беретінін айтып қасиетті Құранда:«Кім Алладан шын қорықса, Алла оны кез келген қиындықтан құтқарады және күтпеген жерден ризық – несібе береді» – дейді. Оның үстіне өмір – Алланың адамға берген ең үлкен нығметі және аманаты. Ендеше аманатқа қиянат жасамай, өлшеулі өмірді өнегелі өткізсек, ең бірінші өзіміз үшін пайдалы. Сондай – ақ, Жаратушының бергеніне үлкен жауапкершілікпен қарау есеп күніне дайындықтың алғышарты екендігін де ұмытпағанымыз абзал.

Иманды жанның бұл дүниедегі тартқан азаптары мен көрген қайғы – мұңдары арғы өмірде мәңгілік бақытқа айырбасталатыны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде білдірілген. Ендеше адам баласының бұл өмірде белгілі бір мөлшерде қасірет тартуы – заңды құбылыс. Оған иман тұрғысынан қарауымыз керек.

Қорытындылау.

Сондықтан үмітсіздік, мақсатсыздық, келешекке сенімсіздік пиғылдан аулақ болайық! Қараңғы түннен кейін жарық күннің, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік барына сенейік! Әркімнің өз тағдыры – өз қолында. Өзіне-өзі қол жұмсау арқылы еш мәселе шешілмейді. Қандай болмасын қиындықты жеңе білсек, өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді болмақ.









 

Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік.

Оқушылардың 1/3-і түрлі мазақтаудың, физикалық және псиxологиялық әлімжеттіктің құрбаны болады екен. Осыдан бір жыл бұрын сол БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ қорының баяндамасында әлемде әр төртінші оқушы мектептегі әлімжеттіктің құрбаны деген еді. Қазақстанда да forbes.kz сайтының мәліметіне сенсек, 11-15 жас аралығындағы оқушылардың 33%-ы, яғни 1/3-і мектепте өз қатарластарынан қысым көреді.

Әдебиетте буллинг деп атайтын (bully ағылшын тілінде қорқыту, мазақтау) құбылысты ғалымдар 1978 жылдан бастап әлемде зерттей бастаған. Ең шарықтау шегі 3-6 сыныптарда болады. Балалардың бір-біріне қарсы шығып, топтасып, қысым көрсетуі мектеп жасына дейін де пайда болады, жоғары сыныптарда да жалғаса алады.

Мұндай жағдайда 4 әлеуметтік топ пайда болады: агрессорлар, агрессия құрбандары, үнсіз бақылаушылар, болысуға тырысатындар. Ақылы жеке мектеп болса, буллинг болмайды деп ойлау қате, қайта сондай арнайы мектептерде бәсекелестік жоғары болады, оқушылар бірбірімен жарысқа түсіп, не түрлі жолмен авторитетке, басқалардың алдында жоғары бағаға жетуге тырысады. Күшпен, мазақпен, қорқытумен жоғары көтеріле алам деп ойлайтын бір бала мектепке келсе, ол жерде міндетті түрде буллинг орын алады. Ал 1000-ға жуық оқушы оқитын мектепте ондай бала болмауы мүмкін бе?

Мектеп кезінде музыкалық мектепте неше түрлі әлімжеттік көрген журналистің мақаласында. Ата-анасы мейірімді, барлық жарыстарынан қалмайтын қамқор адамдар болғанына қарамастан оларға айта алмапты. Себебі "әлсізсің деп өзімді кіналайды, өзім шешуім керек" деп ойлаған екен. Сырттай "үнемі бәрі жақсы, мектепте қызық болды, мынадай нәрсе болды, достарым көп" деп айтып жүреді екен. Сіздің балаңыз сізге қаншалықты шынын айтады? Іштей тынып жүріп, ертең ауыр жағдайға тап болса, суицидке барса кім кінәлі болады? Баламызды агрессордан қорғау бір мәселе, ал өзі солай агрессор болмауын қалай бақылауға болады?

Кейде маған қоғам саналы түрде жауыз, өзімшіл балаларды тәрбиелеп жатқан сияқты. Бір баланың айналасында шыр айналып, өбектеп жүрген ата-ана "басқа балалардан зәбірлік көрме" , "төмен болма" , "ол үшін өзің қайта барып тиіс", өзің мықты бол деп үйрететін сияқты.

Психологтардың айтуы бойынша ақыл-кеңес:

Ата-анаға:

- Баламен сөйлесіңіз, күніне бір рет мектепте жағдайы қалай екенін біліп отырыңыз;

- Жағдай деген тек баға емес, псиxологиялық жағдайы да;

- Мектеп жасында балалар өтірікті сіздің реакцияңыздан қорыққанынан ғана айтады;

- Сондықтан ешқашан сынамай, ұрыспай, ойыңызды дәлелмен жеткізуге тырысыңыз;

- Мектепте қысым көретін балалардың ұйқысы мазасыз болады, қорқынышты түстерді жиі көреді, тырнақ тістеу де көбіне осыны білдіреді;

- Мазасыз, көңіл-күйі көбіне түсіңкі, бірақ тез ашуланады, үйде шектен тыс агрессия танытады;

- Көп жағдайда энурез болады;

- Дәл сіздің балаңыз қысым көрмесе де, басқа қысым көретін бала туралы айтып келсе, міндетті түрде реакция білдіріңіз;

- 10 жыл бойы мектеп балаға тұтас бір ағза, ондағы жағдай барлық мүшеге әсер етеді, әрі сіздің қамсыздығыңызға қарап балаңыз агрессия қалыпты нәрсе екен деп ойлауы мүмкін

Мысалдар:

Әуесқой түсірген жан шошытарлық төбелес видеосының сипаттамасында оқиғаның Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында болғаны айтылады. Жан-жақтан жақтастары қаумалаған екі оқушының төбелесіп жатқаны көрінеді. Соңында олардың біреуі қалтасынан пышақ шығарады да, төбелес тоқтайды. Қоршап тұрғандар (сыныптастары болуы мүмкін - ред.) айғайды қойып, күле бастайды.

Оның айтуынша, балалардан жиналған ақшаға қажет затын сатып алады. Қыркүйектің басында жоғары сынып оқушыларының бірі «салық» ақшаға туфли, енді бірі ұялы телефон сатып алған.

10 сынып оқушысы Абушахман Ергеннің пікірінше, балалар агрессиялық мультфильм, кинофильмдерді көп көріп, компьютерлік ойындарды көп ойнағандықтан қатыгез болып барады.

ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ

Алматылық психолог Евгения Кислицина балалар арасындағы әлімжеттіктің қалай алдын алуға болатыны, бала келешекте мұндай жағдайға ұшырамас үшін не істеу керектігі туралы кеңес береді.

Менің түсінігімше, әлімжеттік – бұрыннан келе жатқан әрі қарапайым «әкел, әпер» дегеннен бастап адамның психологиясы мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге дейін қамтитын ауқымды құбылыс. Мейлі бала бақша, мектеп, университет, армия немесе жұмыс орны болсын, ол маңызды емес. Әлеуметтік орын ретінде мектепте де әлімжеттік әрекеттері көп кездеседі . Мектеп дегеніміз - ересектер әлемінің кішігірім моделі, бала тұлға болып қалыптасатын орын әрі кезең. Бұл кезеңде адам көп нәрсеге, оның ішінде «жәбірлеуші» және «жәбірленуші» болуды үйренеді. Меніңше, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен бір-біріне қатыгездік танытып, күш көрсетуі - үлкен проблема. Оны ата-ана, білім беру жүйесі және заң органдары бірлесіп шешуі тиіс, - дейді Евгения Кислицина.

Психолог «Баланың агрессиялық қылығының себептері әр қилы болуы мүмкін. Жасөспірімнің өзгелерді күшпен бағындыруының жалғыз себебі оның мінез ерекшелігінде ғана емес. Бұл агрессияның өзіндік тамырлары, себеп, салдарлары бар. Баланың агрессияға бейімділігіне ең әуелі оның шектен тыс қызба мінезі себеп болады. Кейбір ата-ана бұған мүлде мән бермеуі немесе ең сорақысы, агрессияны қалыпты мінезге балауы мүмкін. Ал кей ата-ана тәрбиенің қатал стилін ұстанып, баланы жасқаншақ етіп жібереді. Ондай бала өзіне де, өзгеге де бірдеңені дәлелдегісі келіп, ашу-ызасын кейін өзгелерден алады. Мектептің педагогтар қауымының мұндай балаға шамасы келмеуі де мүмкін» дейді.

Біріншіден, әке-шеше баласының қатігез болып бара жатқанына өздерінің де қатысы барын түсінуі тиіс. Екіншіден, дер кезінде психологиялық көмек көрсетілмесе, келешекте оның жайсыз зардабын бала да, ата-ана да тартуы мүмкін. Ата-ана бала өмірінің қиын кезеңінде оған қамқорлық танытып, оның проблемаларына дер кезінде көңіл бөлгені жөн, - дейді психолог.

Мектеп-интернатта оқушылар арасынан тәртіп капитаны сайланған дұрыс

Жұқпалы аурулардың алдын алу

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.


Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:


Ішек аурулары;

Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;

Қан немесе трансмиссивті аурулар ;

Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.


Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.


Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.


Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.


Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]


Жұқпалы аурулардың түрлері

Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру):

Тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;

осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.

Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған

Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.


Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:


ауру қоздырғышы (микроб),

сыртқы орта және

қабылдаушы сезімтал организм.

Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.


Жұқпалы аурулар


жасырын (инкубациялық),

күмәнді (продромалдық),

ауру дамуы және

айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады.

Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады.


20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б.


Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.


Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағытында тәрбие сағаттары өтілуде.






Қоршаған ортаны қорғау


Дүниедегі тіршілік атаулының өмір сүретін мекені-қоршаған ортамыз. Сондықтан қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау - баршаға ортақ міндет. Қоршаған орта дегеніміз – біздің күнделікті өмір сүріп жатқан табиғатымыздың аясы. Табиғат аясына өсімдіктер дүниесі, жан-жануарлар әлемі, жер, су және ондағы тіршілік иелері кіреді. Қоршаған ортаға сырттан қандай да бір әсер болып, зиян келетін болса, онда табиғат аясындағы тіршілік иелері зардап шегеді. Экологиялық жағдай нашарлап, табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Соның ішінде адам денсаулығына зиян тигізеді. Адамға қажетті ауа мен судың тазалығы табиғаттың тепе-теңдігіне, экологиялық жағдайдың тұрақтылығына тікелей тәуелді. Тазалық сақталмаған жерде эпидемиялық аурулар пайда болуы мүмкін. Адам ауру-сырқауға ұшырауы ықтимал. Негізінен қоршаған ортада табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі болып табылады. Зер салып қарасақ, табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің табиғат тепе-теңдігін сақтауда алатын өзіндік орыны бар. Өзен мен көл, теңіз де солай. Біздің табиғат аясындағы аңдар мен құстарды, теңіздегі балықтарды қорғауымыздың басты себебі, міне, осында. Айталық, құстар жойылып кететін болса, онда орман, тоғайды ұсақ зиянкестер мен құрт-құмырсқа басып кетіп, орманға зиян келтіруі мүмкін. Сол секілді өзен, көл орынсыз пайдаланудың әсерінен тартылып, табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады. Соның әсерінен төңірегінде құрғақшылық пайда болады. Тіршілік көзі су тапшылығы туады. Оның мысалын алыстан іздемей-ақ кешегі Кеңес Одағы кезінде Аралға құйып тұрған Әмудария мен Сырдария суларын қалай болса, солай орынсыз пайдаланып, ысырап еткенінің әсерінен тартыла бастаған Арал теңізінің тағдырын айтсақ та жеткілікті. Кезінде бұл жағдай төңірегіне недәуір кері әсерін тигізгені елдің есінде. Соңғы жылдары мемлекетіміздің назар аударып, теңізді қалпына келтірудің кешенді шараларын жүргізіп келе жатқандығынан қазіргі таңда Кіші Арал пайда болды. Онда балық өсіріліп, төңірегіндегі халықтың тыныс-тіршілігі де түзеле бастағаны қуантады. Жыл өткен сайын теңіз көлемі де ұлғайып, экологиялық жағдайы қалыпқа келіп жатыр деп естиміз. Енді біздің өңір жайлы айтар болсақ, Маңғыстау жері - шөл аймақ. Мұнда табиғи су көздері тапшы. Бірен-саран бұлақ болмаса. Сондықтан бұл жерде су алтынмен бағаланады. Құрғақ климатты, шөлейтті өңір. Мал шаруашылығы үшін шөп, жайылымдық мәселелері күрделі. Жаңбыр жаумаса, шөп шықпайды, қуаңшылық болады. Шаруалары Құдайдан жаңбыр тілеп отыратын аймақ. Құдай тілегін қабылдап, көктем мезгілінде жаңбыр жауса, жайылым мен шабындыққа қарық болатын жер. Өндіріс орындарына да тұрғындарға да, ауыз су құбырмен келеді. Яғни егін егіп, шөп дайындау қымбатқа түсетін жер. Сол үшін осы өңірде де өсімдік әлемін қорғау өте маңызды. Басқасын былай қойғанда, бұл жерде негізінен жусан мен бұйырғын, еркек секілді шөптер көбірек өседі. Бұл шөптер төрт түліктің негізгі азығы болып есептеледі. Осыған қосымша айтарымыз, біздің Бейнеу ауданымызда өсімдік әлемі, соның ішінде табиғат байлығы орман, тоғайды өркендетуге, қоршаған ортаның ортаймасына үлестерін қосып келе жатқан Бейнеу және Сам аң және орман шаруашылық мекемелері бар. Олар негізінен сексеуіл тоғайларын-түлейлерді қорғап, оның өсіп, өркендеуіне мүмкіндік жасап, қызмет етуде. Соның нәтижесінде сексеуіл тоғайлары-түлейлер толығып, жайылымдық жерлер жайқалып келеді. Сексеуілді жыл сайын егіп, баптаудың нәтижесінде алқаптары кеңеюде. Сексеуіл – табиғат байлығының бірі, көп жылдық бұталы өсімдік. Оның пайдасы ұшан- теңіз. Өсімдіктерді күшті желден қорғайтын, тоғай ішінде тіршілік ететін аң мен құстарға пана. Сексеуіл ормандары қыста жауған қарды іркіп, көктем мезгіліне дейін топырақтың ылғалдылығын сақтауға сеп болады. Ылғал топырақта өсімдіктердің шөптердің жапырақ жайып өсуіне мүмкіндік туғызатыны айтпасақ та түсінікті. Соның себебінен орман ішіндегі шөптер айдаладағы шөптерге қарағанда қалың болып өседі. Бұл да өз кезегінде өсімдік әлемін қорғап, экологиялық жағдайдың қалыпты болуына оң әсерін тигізеді. Мал жайылымы жақсарады. Сондықтан орман, тоғай алқаптарын кеңейту де табиғат байлығын сақтай отырып, қоршаған ортаны қорғауға пайдалы бағыт. Осы жағдайларды ескеріп, әрбіріміз жайылымдық жерлерді, шөп өсетін алқаптарды, шабындық жерлерді қорғап, орынсыз бүлдіруге жол бермеуіміз керек. Шабындық жерлерден шөп дайындаған кезде шөптің тамырына зиян тигізбеу жағын ойлау керек. Маңғыстау жер асты — қазба байлыққа бай жер. Мұнай-газдың өндірістік аймағы саналады. Өндіріс орындары көп. Олар жазатайым мұнай қалдықтарын төгуге жол берген жағдайда сол жерді тез арада залалсыздандырып, қалыпқа келтірмесе, айыппұлдың көлемін арттырып, тиісті шара қолданып, ретке келтіруге міндеттеген жөн. Елдің о шеті мен бұ шетіне даламен сапар шеккен өндірістік мекемелердің автокөлік жүргізушілері жолсыз жүріп, жайылымдық алқаптарды табанымен таптамауы тиіс. Алыста болса, негізгі тас жолмен жүруді естен шығармағаны дұрыс деп есептейміз. Далалықпен жүрген көлік біріншіден, шөпті табанымен таптаса, екіншіден, соңында қою шаңды боратып, өсімдіктерді топыраққа көміп кетеді. «Құдай қарғағанды Пайғамбар асасымен түртеді» дегендей, онсыз да шөлден қурағалы тұрған шөпті солдырады. Өсімдіктерді қорғау бағытында өсімдік зиянкестерінің жайлап кетуінің алдын алу мақсатында іс-шараларды жүйелі жүргізіп отыру аса маңызды. Тағы бір айтатын жайт, жол салатын құрылысшылар топырағын пайдаланған жерлерді тегістеп, қалыпқа келтіріп кетуге міндетті. Жергілікті жердің құзырлы орындары осыны қатаң талап етіп, жерді орынсыз пайдаланып, бүлдіруге жол бермегені абзал. Біз жер-суды орынсыз пайдалануға жол бермей, пайдаланылған жерімізді қалыпқа келтіру, топырақты бүлдірмеуді басты қағида етіп ұстанғанда ғана табиғаттың тепе-теңдігін сақтай аламыз. Теңіздің экологиялық жағдайын қалыпты сақтау мәселесіне келетін болсақ, Каспий теңізі де байлығымыздың бірі. Оның табанынан мұнай-газ өндіріліп жатыр. Теңіз су жолы арқылы ерсілі – қарсылы жүк кемелері қатынап, жүк тасиды. Міне, осылар жанар-жағар май мен мұнай, өндірістік қалдықтардың теңізге төгілуіне жол бермеуі керек. Теңізде де табиғат тепе-теңдігін сақтап тұрған тіршілік иелері көп, сан алуан түрін кездестіресің. Олардың адамның қателігінен орынсыз қырылып қалуына жол бермеуді қатаң қадағалау қажет. Онда аса бағалы балықтар мен теңіз маржандары тіршілік етеді. Экологиялық жағдайды тұрақты сақтап отыруға оң әсер ететін тағы бір іс-шара елді мекендерді көгалдандыру. Оның Маңғыстаудай құрғақ климатты аймақ үшін маңызы айырықша. Біріншіден, жасыл желек көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, ауаға оттегі шығарып тұрады. Екіншіден, жаз мезгіліндегі ыстық күнде көлеңке, жанға сая. Үшіншіден, көшеге көрік беріп, ауылдың ажарын ашады. Бұл экологиялық жағдайды қалыпты сақтаумен қатар адамның салауатты өмір сүруіне ықпал етіп, денсаулыққа пайдасын тигізетіні сөзсіз. Осылайша табиғаттың тепе-теңдігін бұзбай сақтасақ, экологиялық жағдайды қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік болады. Қалыпты экологиялық жағдай дегеніміз ауаның ластанбауы, судың тазалығы, тіршілік етіп жатқан мекеніміздің өмір сүруге қолайлы болуы, соның ішінде табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтай білу болып табылады. Осыны әрбір азамат естен шығармағаны дұрыс. Ең маңыздысы — табиғи ресурстарымызды ретімен пайдаланып, сақтай білу.



















Атмосфералық ауаны қорғау


Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.


Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.


Жыл сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10−16-10−5м шамасындағы бөлшектерден тұрады. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады. Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртегі оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады. Атмосфералық ластануға табиғаттың алапат құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30 - 150 млн/т газ және 30 - 300 млн/т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997 ж.) атмосфералық ауаға 20 млн тонна күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттері салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады.


Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық болуы шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.


Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты көптеген адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты. Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көнтеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртеті оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен автокөліктер есебінен болды. Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуьша алып келеді.


Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылды жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан жартысын Автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың Қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді.

Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.

Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.


Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді

Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.


Өнеркәсіптік ластану.

Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді.

Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді

Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта - Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады.


Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі.


Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді.


Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді.


Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп әтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді.


Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған білігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.


Сұйық отындарды (мазут) жаққанда атмосфералық ауаға күкіртті ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген отын өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда біршама таза, қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан қымбат болғандықтан тиімсіз. Д.И.Менделеев айтқандай, Мұнай жағу - пеште (ошақта) ассигнацияларды өртеумен бірдей.


Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып, шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді. Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда.


Адам және табиғи апаттар


Мақсаты:

Білімділік:        Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.Оқушыларды табиғи апаттан сақтануға баулу

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін ,сөйлеу шеберлігі,төтенше жағдайлар жайлы

білетіндерін дамыту. әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік:  Төтенше жағдай кезінде өзіңді қалай ұстау керектігін үйрету.өзің мен өзгелерді әр түрлі бақытсыздықтан сақтау, ұқыптылыққа,шеберлікке,аңғарымпаздыққа,

достық көмек көрсетуге дайын бола білуге тәрбиелеу.



 Табиғатта болатын әр түрлі табиғи апаттар: жер сілкінісі, су тасқыны, өрттің шығуы т/б

Ситуациялық жағдай


Апат айтып келмейді.Табиғаттың тосын құбылысын болжай отырып алдын алу шараларын жүргіземіз.Оған сіздің де дайын болуыңыз шарт табиғат апаты кезінде өзіңді де, өзгені де  құтқар дегім келеді.


Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс-әрекеттерің?


Тауға саяхатқа шыққанда шатыр, шелек , балта, ыдыс, тамақ, жылы киім алып шықтың. Сұрақ: нені тастап кеттім деп ойлайсың?


Сендер орманға демалуға барғанда орман ішінде өрт шықты, сендердің іс-әрекеттерің?

Көлікте кетіп бара жатқаныңда егістік алқабы өртеніп жатыр, сендердің іс-әрекеттерің?


Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4.00 де жер сілкінісі 6 баллға болатынын хабарлады.Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 4 кішкентай бауырың бар , сендердің іс-әрекеттерің?


Ғимараттың ішінде отырғаныңда жер сілкінісін байқадың, сендердің іс-әрекеттерің?


Шөл далада қымбат көлікпен келе жатып адасып кеттіңдер, не істейсіңдер

Табиғи апаттар


Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.


Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.


Жер сілкінісі — бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері.


Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.


Адамдардьщ жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, қираған ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және құлаған заттардан, сондай-ақ үйінділердің астында қалу мен аз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады. Жердің қозғалысы адамдардың құрбан болуына өте сирек жағдайларда ғана тікелей себеп болады.


Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалық желілер) да зардап шегуі мүмкін.

Әрбір жер сілкінісінен қорқа бермеу керек.


Ең қарапайым жағдайлардағы: үйде, жұмыста, көшеде, кинода, театрда және т.б. жер сілкінісі кезінде халықтың алдын ала ойластырылған әрекет ету тәртібі нәтижелі және шұғыл қимылдарға жағдай жасайды. Алайда нақты мән-жайдың барысына орай оны кез келген уақытта өзгертуге дайын болу керек. Жер сілкінісі туындаған жағдайда тиімді және ұтымды іс-әрекеттерге барып, зардап шегушілер мен құрбандардың санын азайту мақсатында сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындары мынадай іс-шараларды орындауы тиіс:


ең қажетті заттарды (бұйымдарды): қоректендіргіштері (батарейка) бар радиоқабылдағыш, консервілік өнімдер мен ауызсудың 3-5 күнге есептелген қоры; отбасының созылмалы аурулары бар науқас мүшелеріне қажетті дәрілер жиыны және таңу материалдарының жеткілікті қоры салынған алғашқы медициналық көмек қорапшасы; тасымалдаушы электр қолшамы; құм толтырылған шелек; автомобилъдік өрт сөндіргіштерді (оны пайдалануды алдын ала үйренген жөн) және т.б. алдын ала дайындау жане оларды отбасы мүшелерінің бәріне белгілі жерде сақтау;


құжаттарды оңай қолжетімді жерде, мүмкіндігінше пәтер кіреберісіне жақын тұста сақтау. Рюкзактың болғаны да мақсатқа лайық болмақ: онда колшам, шағьн балта, сіріңке, тамақ, дәрі қорапшасы, балауыздар, ауыстыратын киім мен аяқкиім (маусым бойынша) болуы тиіс; гараж бен бақшалық шағын үй бар болса, оларды жер сілкінісінің алғашқы күндері баспана ретінде пайдалануға болады. Сол жерде азық-түлік қоры мен киімді сақтаған тиімді;


шкафтарды, баспалдақтарды, сөрелерді, стиллаждарды қабырға мен еденге берік етіп бекіту; жиһаздарды ұйықтайтын жерлерге құламайтындай етіп орналастыру; бөлмелерден шығатын жерлерді, есіктерді жабу; сөрелердегі немесе жиһаздың үстіндегі (аятресольды қосқанда) ауыр заттарды мықтап бекіту немесе төменге түсіру; 13


сөрелерді ұйықтайтын орындардың, кіреберіс есіктердің, пештердің, раковиналардың, унитаздардың үстіне орнатпау; ыдыстар қойылған сөрелердің алдыңғы бөлігін жабу, люстралар мен люминесцентті шам-шырақтарды сенімді бекіту;


пәтерге кірер жерге, дәліздерге, баспалдақтарға заттарды үймеу;


оңай тұтанатын заттар мен күйдіргіш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды сенімді бекітіп, тербеліс кезінде құламайтындай, сынбайтындай жерде сақтау;


мезгіл-мезгіл жаттығулар (дайындықтар) өткізу. Балалардың, қарт адамдардың, мүгедектер мен науқастардың қауіпсіздігін арттыруды ойластыру;


дүмпулердің тоқтауын күтуге болатын неғұрлым қауіпсіз орындарды (пәтерлерде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерде) алдын ала анықтау; негізгі ішкі қабырғалардағы ойықтар (терезе мен есік жақтаулары), ішкі негізгі қабырғалармен құрылған бұрыштар, баған мен қаңқа арқалығының астындағы жерлер. Отбасының барлық мүшелері пәтердегі аталмыш қалқа жерлерді естерінде сақтауы тиіс;


ұйықтайтын жерді үлкен терезелердің, әйнек қабырғалардың жанына орналастырмау.


Құлаған заттар мен сынықтардан қорғайтын мықты берік үстелдер мен кереуеттердің асты да паналайтын орындар қызметін атқарады. Ересектер болмаған кездегі күшті дүмпулерде балаларды аталмыш жерлерге тығылуға үйретуі қажет.


Жер сілкінісінің түнде де болу мүмкіндігін есепке алу қажет. Есіктер мен сыртқа шығатын орындар адамдардың көп шоғырланатын жері болады, сондықтан ғимараттан жылдам шығуға кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда эвакуация 1-қабаттағы терезе ойықтары арқылы да жүзеге асырылады.


Жер сілкінісінен қорғануға мүмкін болатын барлық шараларының ішіндегі ең үздігі — үрейге бой алдырмау.


Егер ғимаратты жылдам тастап шығу (мүмкіндігінше алғашқы 15-20 сек) мүмкін болса, онда бірінші осы әрекетті орындау қажет. Ғимараттан жүгіріп шыққаннан кейін, одан қашығырақ ашық жерге, электр сымдарынан, ернеулерден, әйнектерден қауіпсіз қашықтыққа кету (құланды жетпейтін аймақ — ғимарат биіктігіне тең қашықтық).


Егер жағдай ғимаратты тастап шығуға мүмкіндік бермесе, онда алдын ала таңдалған, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды паналау керек. Көпқабатты үйде есікті баспалдаққа қарай ашып, босағаға тұруға болады. Егер есіктің ашылуы қиындаса, онда қорықпау керек. Бұл ғимараттың қисаюынан болады.


Кез келген ғимаратта терезелерден қашығырақ, ішкі негізгі қабырғаларға жақынырақ тұру қажет. Әйнекті қабырғалардан қауіптенген жөн.


Жер сілкінісі басталысымен отты өшіру керек. Жерасты дүмпулері кезінде немесе жерасты дүмпулерінен кейін сіріңке, балауыз жағуға, тұтатқыш пайдалануға болмайды. Есіктерде кептеліс жасауға және 1-қабаттан жоғары орналасқан терезеден, әйнегі бар терезелерден секіруге болмайды. Аса қажеттілік туындаған кезде әйнекті орындықпен немесе аласа орындықпен, еш мүмкіндік болмаса арқамен сындыруға болады.


Ғимараттан шыққан кезде лифт пайдалануға тыйым салынады. Қалыптасқан кез келген әрекет ету керек, артық асығу мен әбігерленуте жол бермеген жөн. Автокөлікте келе жатқанда жер сілкінісі басталса, көліктерге бөгет жасамайтын жерге тоқтап, машинада қалу керек.


Келесі табиғи, сондай-ақ қауіпті геологиялық құбылыстарға көшкіндер, селдер мен опырылулар жатады.


Көшкіндер — бұл тау жыныстары массасының беткейден ауырлық күші әсерінен төмен қарай сырғып, орын ауыстыруы. Олар әртүрлі жыныстарда тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады. Ол табиғи және жасанды (антропогенді) себептерден туындайды. Табиғи себептерге: беткейлер биіктігінің артуы, олардың негіздерін теңіз және өзен суларының шаюы, сейсмикалық дүмпулер жатады. Жасанды себептерге беткейлерді жол үшін қазып, талқандау, топырақты шамадан тыс тасымалдау, орманда шабу, беткейлерде ауыл шаруашылығын жөнсіз жүргізу жатқызылады.



Сел (сел ағыны) — шағын тау өзендерінің алаптарында кенеттен пайда болатын буырқанған лайлы немесе су мен тау жыныстарының сынықтарынан тұратын лай-тасты ағын. Су деңгейінің жылдам көтерілуімен, тасқынды қозғалысымен, әрекеттің қысқа мерзімділігімен (орташа бір сағаттан үш сағатқа дейін), елеулі эрозиялық-аккуму-лятивтік қиратушы әсерімен сипатталады


Сел ағыс бойында орналасқан елді мекендерге, те-міржолдар мен автокелік жолдарына жене басқа да құрылыстарға қатер төндіреді.


Селдердің пайда болуына нөсер жауындар, қардың қарқынды еруі; су қоймалардың бұзылуы, жер сілкіністері, жанартаулардың атқылауы тікелей себепкер.


Селдер туындау қүрылымы бойынша үш түрде: эрозиялық, бұзып өтуші және опырылу-көшкіндік болып бөлінеді.


Эрозиялық сел кезінде бастапқыда жақын жатқан топырақтың жайылуы мен сырғуы есебінен тау жыныстарының сынықтары ағып, содан кейін сел толқыны қалыптасады.


Бұзып өтуші сел судың жинақталу үдерісімен сипатталады, онымен бір мезгілде тау жыныстары жойылады, шегіне жету су айдынының (көлдің, мұздық ішіндегі сыйымдылықтың, су қоймасының) бұзылуы арқылы іске асады. Сел массасы беткеймен немесе өзен арнасымен төмен қарай ағады,


Опырылу-көшкіндік сел кезінде суға қаныққан тау жыныстары (қар мен мүзды қосқанда) массасының бұзылуы орын алады. Бұл жағдайда ағынның қарқыны ең жоғары шекке жақын болады.



Қар көшкіндері — тау беткейлерінен ауырлық күші әсерінен төмен қарай құлдилайтын қар массалары.


Тау беткейлерінде жиналған қар ауыр салмақтың және қар қалыңдығының ішіндегі құрылымдық байланыстардың әлсіреуі әсерінен беткейден сырғиды немесе төгіледі. Қозғалысы басталғаннан кейін оның жылдамдығы тез артып, жол-жәнекей жаңа қар массасын, тастарды және басқа заттарды бірге ала кетеді. Қозғалыс неғүрлым жазықтау учаскелерге дейін немесе аңғардың түбіне дейін жалғасады да, бір жерге тіреледі және тоқтайды.


Мұндай көшкіндер елді мекендерге, спорттық және шипажайлық кешендерге, теміржол және автомобиль жолдарына, электр желілеріне, тау-кен өнеркәсібі мен басқа да шаруашылық құрылыстарына жиі қауіп төндіреді.


Су тасқындары — бұл өзенге, көлге немесе су қоймасына жақын жатқан жерлерді су басу. Ол материалдық залал тудырады, халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп, адамдардың опат болуына әкеледі. Егер су басу залал келтірмесе, онда ол өзеннің, көлдің су қоймасының тасуы болып табылады.


Әсіресе қауіпті су тасқындары өзендердің жауын-шашын және мұздық сулары арқылы артатын немесе бұл екі фактор үйлесетін жағдайларда байқалады.


Көктемгі су тасуы — — бұл жыл сайын, белгілі бір маусымда қайталанатын өзен суының деңгейінің айтарлықтай ұзаққа созылатын көтерілуі. Әдетте, су тасуы жазықтардағы қардың қарқынды еруінен немесе жауын-шашыннан пайда болады.


Тасқын — бұл салыстырмалы түрде су деңгейінің қысқа мерзімді қарқынды көтерілуі. Нөсер жауындармен, кейде қысқы жылымықтағы қардың еруімен қалыптасады.


Су тасқындары аталған себептерден басқа қайнар көздердің кептелуі, сеңнің тоқтауы, жел әсерінен судың көтерілуі мен бөгеттердің бүзылуы сияқты басқа да гидрометеорологиялық құбылыстардың салдарынан туындауы мүмкін.


Су тасқындарының тікелей және жанама залалы болады. Тікелей залал — бұл, мысалы, тұрғын үй және өндірістік ғимараттардың электр және байланыс желілерінің зақымдануы мен қирауы, жануарлардың қырылуы, егіннің жойылуы, шикізат, отын, азық-түлік өнімдерінің жем-шөптің жарамсыздығы мен бүлінуі, сондай-ақ хальқ пен материалдық құралдарды уақытша эвакуациялауға кететін шығындар.



Қардың көктемгі еруінен пайда болған мол ағынға байланысты су тасқындары. Ол өзендегі су деңгейінің айтарлықтай және ұзақ уақыт көтерілуімен ерекшеленеді.

Қарқынды жаңбырмен қалыптасатын су тасқындары. Олар су деңгейінің қарқынды, салыстырмалы түрде қысқа мерзімдік көтерілуімен сипатталады және тасқын деп аталады.

Су ағысының үлкен кедергілерінен туындайтын су тасқындары. Бұлар көбінесе қыстың бас кезінде немесе соңында сеңнің кептелуі нәтижесінде ағыстың тоқтауынан болады.

Ірі көлдер мен су қоймаларындағы, сондай-ақ өзендердің теңізге құятын сағаларындағы судың жел әсері арқылы көтерілуінен болатын су тасқындары.

Заттар мен азық-түліктерді шабадандарға, арқа қапшығына (рюкзак секелерге) салу керек. Эвакуацияланатын адамдардың бөрі белгіленген уақытта тіркелуі және қауіпсіз ауданға жіберілуі үшін эвакуациялық пунктке тез арада келуі қажет. Қалыптасқан жағдайға байланысты халықты эвакуациялау осы мақсатта бөлінген арнаулы көлікпен немесе жаяу жүргізіледі.
























Төтенше жағдайлар

Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру;

Міндеті: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Төтенше жағдайлар туралы мәлімет алады. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маңыздылығын таниды. Жәрдем көрсетуге ұмтылады.


Көрнекілігі: суреттер

Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер: «Өрт тілсіз жау», «Сақтықта қорлық жоқ», «От жақпа - пісерсің, ор қазба – түсерсің», «Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – күйерсің», «Сақ жүрсең сау жүрерсің», «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар»;


«Ой қозғау»

Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн - ана, Жер - ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым - қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт болып саналады.

Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.

Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,

Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.

Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар - дейді ақын жүрек.

Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не?

1. Құрғақшылық (қуаңшылық)

2. Жұт (мал қырылу)

3. Өрт

4. Оба (ауру)

5. Соғыс

6. Топан су

7. Зілзала (жер сілкінісі)


Біз табиғат апаттары кезінде орын алатын төтенше жағдайлар туралы

әңгімелесеміз. Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері, оның түрлері мен сипаты және қауіпсіздік шаралары туралы білетін боламыз.

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, өміріңді сақтап қалуыңа мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.


Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.


Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

1. Сабырлық сақтаңыз.

Ойыңызды жинап, іс - әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.

2. Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз

Өзіңіз тұратын ауданды шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз.

3. Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек: Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз. Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз. Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар. Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз. Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.

Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.

Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.

Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз Алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық - түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз. Құрал - саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі - үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн. Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз.



















Тәрбие сағаты


«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ»


Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғау туралы үйрету. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.


Тақырыпқа шолу:


Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уйым қайғысыз өмір. Оның кепілі-заңдылық. Тәуелсіздік орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық –адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтарымен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конститутциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық-адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқалар. Тән азабынан шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.


Зорлықтың түрлері:


-Эмоциялық зорлық-балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; -Физикалықзорлық- отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұру; Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру,өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу; -балаларды анасына қарсы қолдану- әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларын қолдану. Мысалы: біздің мектепте оқушылар арасында бір-біріне әлімжеттік көрсету бар ма? Оқушылар арасында жаппай төбелес сабақ кезінде емес сабақтан тыс уақыттарда болып жататыны белгілі. Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу.


Қалай зорлық-зомбылыққа душар болмау? Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмау; көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және олармен қараңғы жерлерге, адам жоқ орындарға және т.б жерлерге бармау; Егер сізге тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттармен бірге, көршілермен сөйлесу, айқай-шу шығарылған жағдайда полицияға хабарлау; Үйде жалғыз болғанда бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; Бөтен адамның машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау; Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүру.


Қорытынды: Зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.





Әлімжеттік жасау-әлсіздік

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.


Қуанғанда күлкімнен түн түрілген – деп жырлаған халқымыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды жастарымыз еліміз намысын биікке асқақтатты. Бірақ әтеген-ай дейтін жерлеріміз де баршылық. Бұл бүгінгі жасөспірімдер арасында қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни мектеп жасындағы балаларды бір-біріне әлімжеттік көрсетуі, қатігездікке, қылмысқа бой алдыруы заман проблемаларына айналды.. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналааңдағы адамдарды сыйлау, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білеген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.


І. Ұйымдастыру кезеңі

1 .Амандасып, шеңберге тұрғызып, оқушылар гүл ұсына отырып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады

2. Түс бойынша қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ – сары түс (күннің суреті)

ІІ топ – қызыл (гүлдің)

3. Әр топ өздеріне ат қойып, қорғайды.

І – топ «Шуақ» - күннің шуағы сияқты жан-жағымызға шуақ, жылу, нұр силасақ жаманшылық болмайды.

ІІ – топ «Шапағат» - адамдар бір-біріне шапағатты, мейірімді болса әлімжеттік деген болмайды.

ІІ. Ой бөлісу

Тәрбиеші : балалар біз бүгін сабағымызда «Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында ой қозғамақпыз. Олай болса Әлімжеттік жасау – әлсіздік деген сөзді қалай түсінеміз?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Жағдаяттар:

Деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.


1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

2. Бір оқушы сыныптасына: «ертең 50 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

3. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

4. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын ақтарды.


Қорытынды:

Ұлы Абай:

Заман ақыры жастары,

Қысылмас ешбір бастары.

Біріне-бірі қастыққа ,

Қойынына тыққан тастары деп,- жастардың тәртіпсіздігін сынға алып, жаны қиналған еді, заманымыздың тыныштығы, еліміздің ертеңгі болашағы әрқашан өз қолымызда екенін ұмытпайық.

.




Тақырыбы: «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен».

Мақсаты:
1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру. Қойылған сұраққа ойланып, толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
2. Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып, үлкенді сыйлауға, ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету. Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды, иманды болуға баулу.
3. Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту. Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Өтілу барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
- Қайырлы күн, балалар!
Психологиялық дайындық.
- Егер көңіл күйлерің жақсы болса, бастарыңды сипаңдар.
- Егер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды шапалақтаңдар. 
– Өте тамаша, енді мына суреттерге назар аударайық.
Кіріспе бөлім:  
1.    Сурет бойынша жұмыс.
Бұл баланы кім дейді?
1.Үлендерді сыйлаймыз,
Айтқандарын тыңдаймыз.
Кішіге ағамыз,
Құшаққа аламыз.
Еңбекті сүйеміз,
Бақытқа ие біз.
Бұл баланы кім дейді?
(әдепті бала)
2 .  Өзінен үлкен кісіні,
Сыйлауды ол білмейді.
Шықпай жатып көшеге,
Үсті басы кірлейді.
Бұл баланы кім дейді?
(салақ бала)
- Ендеше, балалар, бүгін «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» тақырыбында ой бөлісіп, өзара пікір алысып, әңгімелесетін боламыз.

- Балалар, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? 
 - Жақсы деген немене? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
  - Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы.
- Ал, жаман деген немене?   - Салақ, кір-қожалақ болған жаман. - Ағаштың бұтағын сындырған жаман.  -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
Сұрақтар:
•    Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
•    Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
•    Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
•    Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
•    Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

 Не жаман ,  не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Не жақсы?
Біріншіден не  жақсы?
Биязы  мінез тіл алғыш
Бал-бұл жанып жүретін
Бауырмалдылық сол жақсы.
 
Екіншіден не жақсы?
Ерте жатып мезгілмен
Ерте тұрып төсекті
Ерінбей жисаң , сол жақсы
 
Үшіншіден не жақсы?
Үйдің  ішін тазалап
Үстіне де қарайлап
Үлгіре алсаң сол жақсы.
 
Төртіншіден  не жақсы?
Тал шыбықтай  таңертен
Тамаша әдет сол жақсы
 
Бесіншіден не жақсы?
Былдырламай көбірек
Байыпты да байқағыш
Бала болсаң сол жақсы
 Алтыншыдан не жақсы?
Ашу деген бәледен
Алшақ жүріп жанаспай
Ақылды болсаң сол жақсы
 

 Не  жаман?
Біріншіден   не жаман?
Беті –қолың  кір-кір боп,
Берекесіз  ыржақтап
Бейбастық өссең ,сол  жаман.
 
Екіншіден  не жаман?
Ессіз деніп, желпініп,
Екіленіп, ерігіп.
Ерке боп өссең , сол  жаман
 
Үшіншіден  не жаман?
Ұшып қонып жүретін
Шегірткедей   жеңілтек
Ұшқалақ болсаң , сол  жаман
 
Төртіншіден  не жаман?
Төменде тұрған өздерің
Төбеде  тұрған алмаған
Талассаңдар, сол жаман.
 
Бесіншіде не жаман?
Бар кітабың шашылып
Берілген сабақ оқылмай
Екі  алсаң сол жаман     
6.Алтыншыда не жаман?
Ата-ананың  ақылын
Ала  білмей кезінде,
Ақымақ болсаң ,сол жаман
 

 Ойын: Болады, болмайды
Сабақтан кешігуге...
Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...
Таңертең ерте тұруға...
Қыздардың шашынан тартуға...
Үлкендерге көмектесуге...
Партаны сызуға...
Даурығып сөйлеуге...
Сабақ үстінде тыныш отыруға...
Кішілерге қамқор болуға...
Бір-біріңе көмектесуге...
Мектепте жүгіруге...
Бір-біріңді арыздауға...
Біреудің затын рұқсатсыз алуға...
Үзілісте кітапханаға баруға...
Демалыста тауға шығуға...
Көшеде түкіруге...
Мәдениет үйіне баруға...

Сиқырлы сөздер: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік
 
1) Апаң сенің базардан.
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек
 
Рахмет апа деу керек
 
Әжең сенің түскі асқа
Қант, кәмпит салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
Рұқсат па деу керек еді
 
Балалар жүр көшеде
Естілді шу айқай,
Сенде шықтың көшеге
Қағып кеттің байқамай
Кешіріңіз деу керек    

 Ақиқат немесе жалған» ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.
Пікірлер:
Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын
Ініме оқку үйретемін,   Кішкентай баланы ұрмаймын
Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін
Сабақтан кешікпеймін, Досыма көмектеспеймін
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын
Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын
Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын, Әкемнің айтқанын тыңдаймын.
Үлкендерге сәлем беремін, Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын
Күлді баспаймын, Жақындарыма көп жақсылық жасаймын
Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.    Не үйрендік? Не білдік?   (ой түю)
«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.
Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.
Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!





























Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»


Тәрбие сағатының мақсаты:Табиғат туралы түсінік беру, дүние тану пәнінен алған білімдерін жүйелеу.Табиғатты қоғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық


«Мен қандаймын»


Бейне таспадан табиғат көрнісін тамашалау.


 Ой қозғау

-Не көрдік?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі                       Өл

Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық .

Табиғат -байлықтың көзі.

Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы.

Ерте кездерде  халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген.

Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.

Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендеоде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады.


  Адамдар табиғатқа қандай  зиян келтіреді?

Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді?

Суреттер арқылы топтастырады.


 


-Балалар ағаштарды сындыруға болмайды.

-Қоқыстарды арнайы жәшіктерге салу керек .

-Құстарға қамқорлық жасау керек.

-Газондарды баспау керек т/б


Ойын «Почта»


Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы керек.


 хат. Адам өміріне не қажет? ( жарық, ауа, су, жылу)

хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? ( табиғаттан)

хат. Тірі табиғатты ата. ( адам, жануар, өсімдік)

хат. Өсімдік өсу үшін не керек? ( топырақ, су, ауа, жылу)


Тыйым сөздер оқыту

 Құстың ұясын бұзба.

Жануарларды ұрып-соғып жәбірлеме.

«көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.


Әдеби мантаж.

Адамдар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамға, жан-жануарларға береді.

Табиғат- ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында.


Қыста мәз боп қаламыз

Сырғанауға барамыз.

Шытырлаған аязда

Зымырайды шанамыз.


 

 Ел ішінде кең тараған халық болжамдары.

«Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады»

«Мысық жылы жерді паналаса- аяз болады»

«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»

«Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады»

«Құстар жоғары ұшса күн суытады, төмен ұшса күн жылы болады»

«Ұзақ дейтін құстың бір түрі бар, ол келсе қыс аяғы ұзаққа бармайды»


                            



Ой шақыру


Табиғат нешеге бөлінеді?

Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың?

Құстарға қалай қамқорлық жасайсың?

Су туралы не білесің?

 


Қорытынды.


Табиғат байлықтарын қорғай білу –азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік.

Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.





Тақырыбы: «Жұқпалы аурулардың алдың ала алу».


Мақсаты: Жұқпалы аурудың алдын алу

Міндеттері:

тұмау, оның таралуы, вирустары, алдын алу шаралары, емі туралы түсініктерін кеңейту.


1) Тұмау (грип) деген не?

2) Ол қалай адамға жұғады?

3) Тұмау басталғанда адамның қай жері ауырады?

4) Тұмаудан жазылу үшін қандай ем қолданады?


«Тұмау» жайлы ақпарат (баяндама оқылады).


Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.


Таралуы

Бір мезгілде бір өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар,спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.


Алдын алу шаралары

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделуАуру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс


Тыныс алуды реттеу жаттығулары:


1. Еденге немесе орындыққа арқаны тік ұстап отырыңыз. Оң қолыңызды мұрын тұсына перпиндикуляр етіп орналастырыңыз.


2. Келесі қолдың сұқ саусағымен оң алақаныңызға күш түсіріңіз. Саусақ пен алақан арасында мұрын болады. Қатты салмақтың әсерінен мұрын қуысына да күш түседі. Осы қалыпта 10 секунд тұрыңыз.


3. Кейін қолдарды алмастырып, бірнеше рет массажды орындаңыз.


Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек көп. Бірақ, дәрілер ауруға ем болса, басқа мүшелерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, өз ағзағыңызға өзіңіз дәрі болып көріңіз. Жоғарыда ұсынылған жаттығулар кешені тыныс жолдарына өте пайдалы. Ал тұмау кезінде бұл жаттығулар — таптырмас ем. Бастысы, ерінбей, жаттығуларды жасай білу керек. Басты қағида: ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі