Қауіпсіздік ережесі. Гимнастикада компазициялық элементтер құру 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіздік ережесі. Гимнастикада компазициялық элементтер құру 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік ережесі. Гимнастикада компазициялық элементтер құру 10 сынып Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Гимнастика сабақтарында оқушылардың қайрат қайсарлық қабылетін жетілдіріп, дене қимылын өзге балалардың қимылымен үйлесімді жасай білуге, эстетикалық тәрбиеге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы

24Лингвистикалық мектеп – гимназия КММ

Пәні

Дене шынықтыру

Бөлім

3-бөлім. Гимнастикадағы денені басқарудың қозғалыс дағдылары

Мұғалімнің аты-жөні

Орынбаев Ақылбек Кәдіржанұлы

Күні

8.11.2021ж

Сынып 10а

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.

Гимнастикада компазициялық элементтер құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау

10.1.4.4.Өзінің және өзгелердің қозғалыс қабілетін сын тұрғысынан бағалау

Сабақ мақсаттары

Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Гимнастика сабақтарында оқушылардың қайрат қайсарлық қабылетін жетілдіріп, дене қимылын өзге балалардың қимылымен үйлесімді жасай білуге, эстетикалық тәрбиеге баулу

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Ұйымдастыру


12 минут

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Бұйрықтарды орындауға дағдылану. Спорт секторы оқушылардың сабаққа дайындығы туралы рапорт береді.

Сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды. Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады. Оқушылар сапқа тұрады. Мұғалімнің бұйрығы бойынша саптағы жаттығуларды , жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.


http://bmsi.ru/doc/9bb3d627-1736-4076-a898-431623a6934c

http://fizkultura-na5.ru/komleksy-oru/metodika-provedeniya-i-kompleks-oru.html

Жаңа білім

25 минут

Оқушыларға гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді, сабақ барысында осы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, танысқандықтары туралы қауәпсәздәк ережесі дәптеріне қол қойдыртады.

Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;
Гимнастикалық құрал – жабдықтарда тек қана мұғалімнің 
көмегімен жаттығу керек;
Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;
Секіріп түсетін орынға гимнастикалық 
төсеніш төсеу қажет;
Спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;
Бірінің артынан бірі жүгіріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында 
арақашықтық қатаң сақталсын;
Гимнастикалық құрал – жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал – жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін.
Арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, 
екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию 
қажет екенін ұмытуға болмайды;
Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.



Оқушылар сапқа тұрады. Мұғалімнің бұйрығы бойынша саптағы жаттығуларды , жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.



Бекіту 4минут

Оқушылардың жаңа материалды бекіту мақсатында әр топқа бекіту сұрақтары беріледі.

  1. Гимнастика сабағында құрал – жабдықтарды қалай қолдану керек?

  2. Гимнастика сабағының арнаулы киімі қандай?

  3. Гимнастикалық жаттығуларды орындаған кезде кімнің көмегімен орындаймыз? т.б.


Оқушылар оқытушының қойған сұрақтарына жауап береді, гимнастика жөнінде өз ойларын айтады, білімдерін кеңейтеді.

Алған білімдерін рефлексия кестесі бойынша әр оқушы бүгінгі жаңа материалдан білемін, білгім келеді, үйрендім бөліктеріне өз ойын жазып, өзге оқушылардың алдына ұсынып, пікірімен бөліседі.


Қорытынды

4 минут

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау барысындағы іс-әрекеттері бойынша бағаланады.





Оқушыларды сапқа тұрғызып, қоштасамын.

Сабақтағы өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, өз-өздеріне баға беріп, білімдерін жүйелейді. Өзіндік қозғалысын бағалау,өз әрекеттері арқылы білімдерін нақтылайды.

Сапқа тұрып, мұғаліммен қоштасады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
1018
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі