Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіздік шұғыласы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ҒАРЫШКЕР» БАЛАБАҚШАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ







ҚАУІПСІЗДІК ШҰҒЫЛАСЫ







Дайындаған: Сиыхова К











Жетібай ауылы

2018жыл


Күні: 18.09.2018


Білім беру саласы:  «Шығармашылық»

Тақырыбы:  «Қауіпсіздік шұғыласы»

Мақсаты:

Дамытушылық: Балабақшадағы және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру. Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, қайталау, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  бағдаршам,  жол белгілері, слайдпен жол қауіпсіздігі туралы суреттер көрсету.

Билингвальды компонент:  қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.

Шаттық шеңбері:  (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң балалар!

-Сәлеметсіздерме?!

Тәрбиеші: 

-Көліктер қайда жүреді?

 - Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады? 

-Ұзын, қысқа, тар-кең

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? 

-Жаяу жүргіншілер.

Ендеше слайд тақтаға қарайық.  Слайд  көрсетіледі

Тәрбиеші:

Айтыңдаршы, балалар!

Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?

-Бізді қауіптен қорғау.

Слайд:  «Сақта  жолдың  тәртібін»

Тәрбиеші:

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.

Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Сұрақ- жауап алу.  

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма? 

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 

Балалардың жауаптары.

Жұмбақ 


Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады. (Бағдаршам)


Тәрбиеші: балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?  

 - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Балалармен жұмыс.

-Балалар, біз түрлі түсті қағазардан жол, бағдаршам және жаяу жүргіншілер жолын жапсырамыз. Балаларға жапсыру үлгісін көрсету.

Балалар жұмыстанады.

Балаларға бағдаршам ойынын ойнатады: 

 Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.


Жұмбақ жасыру»

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

 Өміріңді күзеткен, 
 Ысқырықпен түзеткен
.    (Жол сақшысы)


Ал, үстел үсті ойындар орталығында  жолдың макетіне тиісті жол белгілерін қоямыз.

Қорытынды  сұрақтар қойылады.

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?    

- Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? 

- жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды? 

- аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? 

- жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?

-   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? 

- Ақ жолақ немесе жаяу жүргіншілер жолы.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?

  - Жолға шығарды алдымен сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Балаларды мақтау, мадақтау.

Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.

Тәрбиеші:  Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:  көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.

Түсінеді:  көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын.

Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12