Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазағым менің

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

1- сабақ

Сабақ тақырыбы: Күләш Ахметова «Қазағым менің»

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

  2. Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушыныңшығармашылық қиялын дамыту.

  3. Еңбек етуге, ұлттық сана- сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқы сұйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Қызығушылықты ояту.

« Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бала білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.

« Туған өлкен- тұнған шежіре» деген тарау тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.

-Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз, 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.

-Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?

-Қазақ халқы.

-Қазақ қандай халық?

Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.

өнерлі

қонақжай


Қазақ

DrawObject2 DrawObject1

DrawObject4 DrawObject3

ақылды

батыр

DrawObject5

азат




Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.

-батыр-қонақжай-өнерлі

Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы,1 -топ батырлықты дәріптейді.

2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.

3-топ өнерлерін көрсетеді.

Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.

-Балалар, сендердің де осындай нағыз қазақ болатындарыңа мен сенің тұрмын.

III. Жаңа сабақ.

  • Ақын Күләш Ахметова « Қазағым менің» деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып беру.

  • . Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

  • Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

  • Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

Осы сұрақтар талданған кезде сабақ басындағы топтауға қайта оралып, ақынның көркемдеуіш сөздері қызыл маркермен жалғастырылып жазылады. Топтауға үңіле түсіп, балалардың сөздерімен синоимдес болған ақынның ойларын табу. Мысалы, оқушы: « батыр» десе, ақын: «жауынгер» деген екен... Бұл арқылы балалардың сезімдері ақынның ойына жақын екенін сездіру, байқату. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдеу керек.

  1. Қорытынды.

Жұмысты қорытындылай отырып, туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің « Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру

...Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған

Сүйетұғын қазақ осы,

Қараңдар!

Қазақ осы

Күй шығарып, Ән салып, Көкпар тартып,

Қыз қууға жаралған.

...Қазақ осы:

Дала дейтін, Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды-тіл» дейтін.

Қазақ осы:

Қарасың ба Ақсың ба, Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы:

Ашық, жарқын қабағы,

Қонақ келсе,

Шабылып бір қалады.

Байқа да тұр

Саған да ол кетерде

Ат мінгізіп,

Жібек шапан жабады...

Қадыр Мырза Әли

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңдерді салыстыру.

ә) сабақ басындағы топтарға қайта оралып, Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны жасыл маркермен толықтыру. Мысалы , тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші...

Енді топтаудың төбесіне « Қазағым менің» деген сөз жазылады.

  • Егерде қазақ туралы тағы басқа ақындардың жазғандарын оқи берсеңдер, халқымыздың басқа да көптеген қасиеттері жазылатыны сөзсіз.

  • Бүгін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?

  • Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей?

  • Біз өзімі үшін не жаналық ашқандай болдық?

  1. Үйге тапсырма:

  • «Бақыттымын» атты эссе жазу























































ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

2- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Хамит Ерғалиев «Біздің заң»

Сабақтың мақсаты:

  1. Әрбір оқушының заң туралы қарапайым түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау. Адам күнделікті өмірде, қоғамда заңнан тыс бола алмайтынын байқату.

  2. Оқушының ойлау, шағармашылық дағдыларын дамыту.

  3. Заңды білу- өмір сүрудегі сауаттылық, өзін-өзі басқару білу мүмкіндіктері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Оқу жылының беташар сабақьтарының бірі болғандықтан, сабақ Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.

-Балалар, Білім күні мерекелерің құтты болса!

30 тамыз күні тағы қандай мереке өткенін кім айта алады?

Әрине, Қазақстан Респубкасының Конституциясы күні. Бұл қандай мереке екенін сендер білесіңдер. Конституция- еліміздің Ата Заңы.

Оқушыларды тақтада жазылған: Заңды құрметтейміз, Заңды мойындаймыз, Заңды білуге талпынамыз, Рәміздерді мақтан етеміз топтарына бөліп отырғызу.

1-жұмыс:

Заң деген не?

Адам заңды қалай үйренеді?

Заң не үшін керек?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





а) Кестенің «Білемін» бөлігін толтыру.

ә) – Сендер заң туралы не білгілерің келеді? ( Оқушылардың білгісі келетін сұрақтары екінші бағанға жазылады.)

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбын тақтаға жазып, авторымен қысқаша таныстыру.

Өлең мұғалім мәнерлеп оқып береді.

Тапсырмалар:

1-топқа. Ақын еліміздің заңын қалай дәріптеген?

2-топқа. Адамның заңсыз өмір сүре алмайтынын қалай түсіндіреді?

3-топқа. Халықтың ізгі арманы не?

4-топқа. Ақынның заңды көркем суреттеуін өлеңнен тауып оқып беру.

Әр топ тапсырмалармен жұмыс жасау кезінде өлеңнен үздінділер келтіру арқылы пікірлерін дәлелдеуі керек.

Көрнекілік ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының балалар ұғымына жеңіл кейбір заң баптары таңдап алынып, жақсы көрінетін жерге ілінсе, сабақ мазмұндырақ болмақ. Мысалы:

34-бап. «2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәсіздерін құрметтеуге міндетті».

38-бап. «Қазақстан Респубкасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»

(Оқулықтың сұрақтары мен тапсырмаларына қараңыз)

Оқушылардың жұмыстары қорытыдыланады.

IV. Қорытынды

1-топ. Өз еліңнің заңын құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ. Заңнын орындалуын күнделікті өмірден қалай көруге болады? ( Бұл сұрақ арқылы балалар білім алуға, демалуға, каникулға шығуға, дәрігерге қарауға, сыныпта өз ойын ашық білдіруге, т.б. құқылары бар екенін айтады. Заң бойынша балаларға дүкеннен қандай заттар сатып алуға тыйым салынғанын да сөз етуге болады)

3-топ. Заңды білеуден адам қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?

4-топ. Мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту дегенді қалай түсінесің?

Әр топ өз мәселелері бойынша жеке жұмыс жасап, кіші топта талқылап, сыныпта ойларын ортаға салады. Плакатқа бейнелі түрде немесе басқаша формада мәселені шығармашылықпен шешуге еркіндік беру қажет. Мысалы, рәміздерді қалай білетіндерін көрсету үшін басқа топқа кішігірім тест жасап,Әнұраннан үзінді айтып, сабақты жандандыру әрекеті құптарлық-ақ.

Сабақ соңында 1-кестенің 3-бөліміне қайтып ораламыз.

-Бүгін біз не үйрендік? (Кестенің 3-бөлігі толтырылады).

-Өзің үшін қандай жаңалық аштың?

-Мектеп ережелері заң бола ала ма?

Немесе?

Ойды жалғастыр:

Балалардың сөйлеуге құқығы бар, бірақ

_________________________________________________________________________________________________, сабаққа байланысты сұрақтар қоюға құқығы бар.

V. Үйге тапсырма оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарды пайдалану.

VI. Бағалау

























Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

3 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Б. Баймаханов Атша көкек (аңыз)

Сабақтың мақсаты:

  1. Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.

  2. Кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып, оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

  3. Жер, ел деген қасиетті ұғымды қастерлеуге, Отанды қорғау- ата-бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау.

  3. Қызығушылықты ояту.

1-жұмыс. Бозторғай, көкек, қарлығаш суреттерін тақтаға ілу немесе интерактивті тақтадан көрсету. Осы құстар топтарына бөлініп отыру.

Әр топ өз аттарына сай құстар дауысына салып дыбыстап көру ( кезекпен)

-Ер жақсы білетіндерің көкек екен ғой!-деп таңданыс білдіру.- Балалар, көкек туралы тағы не білеміз?

Оқушыларды тыңдап, қорытындылау. Балалардың сөздеріне мән беру.

Өтіоетін тақырыптан оқушылар білмейтін деректер бойынша сабақтағы жұмыстарды қалай ұйымдастырар едіңіз? Ол үшін «Атша көкек» мәтінімен таныспастан бұрын оқушылар мынандай дайын тұжырымдарды оқиды.

Тұжырымдар

Дейін

Кейін



Мәтінді оқу

  1. Көкек те қарлығаш сияқты мамырда ұшып келеді.



  1. Көкекті аңыздарда мадақтаған.



  1. Көкекке арнап ән шығарған.









Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады.

Осы тұжырымдар бойынша « Дұрыс-бұрын тұжырымдар» кестесімен жұмыс жасау.

Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, « -» таңбасын қояды.

  1. Жаңа сабақ

Ал көкек туралы білгерің келсе, оқулықта берілген «Атша көкек» деген аңызбен танысалық.

  1. жұмыс. Әр топ мәтіннің басынан бастап, «... қарындасы бойжеткен қыз болды» деген сөйлемді қоса аяқтап оқу.

Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында, мұғалім кестедегі тұжырымдаға мәтін мазмұны бойынша баға беруді ( бұл жерде пікірін айту) және кестенің «Кейін» бөлігін толтыруды сұрайды. (Оқушы мәтінмен танысқаннан кейін өз тұжырымының өзгергеніне немесе өзгермегеніне куә болады. Ал тұжырымдарының дәлелі үшін мәтіннен үзінділер оқып беруге тура келеді. Бала өз пікірінің дұрыс- бұрыстығын дәлелдейді)

Бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.

Сұрақтар:

  • «Ат жоқ, көке!»-деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты?

  • Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің?

  • Аңыз ары қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау.

  • Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (Көкек үшін, ойландыру үшін: « Көке! Көке!» деген сөзге мән беру.).

  • Балалар, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін оқығымыз келе ме?

Аңызды осы жерге дейін оқығанда қандай сезімдер пайда болды?

Мысалы:

  • Жігітті аяу;

  • Қарындасының бейқамдығына өкіну;

  • Сасқалақтау;

  • Көмектесуге ниет, т.т.

Ары қарай аңызды аяғына дейін оқу тапсырылады. Тағы да бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.

  • Балалар, мәтін бойынша сендерде тағы қандай сезімдер туды?

Мысалы:

  • Өкініш,

  • Сүйсіну ( жалғыз болса д жасауға қарсы кеткеніне);

  • Мақтаныш ету (ерлікті, батырлықты);

  • Аяшылық ( ағасын жауға жіберуге қимай жүрген қарындасына).

Әрине, оқушылар ол сезімдерді түсіндіріп береді. Осы жұмыстарды талдау арқылы оқушылар мұғалімге, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, өздерінің сөйлеу тілдерін де дамытады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Тұжырымдар бойынша кестеге тағы жауап беру. Яғни, мәтін аяқталғаннан кейін кестенің «Кейін» бөлігін толтыру.

Өз тұжырымың дұрыс болды ма?

Қай тұжырым өзгерді?

Неліктен өзгерді?

  1. Қорытынды

Оқушыларға мұғалімнің рөліне еніп, мәтін бойынша тұжырымдар жазу тапсырылады. Кестенің ашық бөліктері пайдаланылады. Ол үшін бала мәтінге қайта үңіледі. Мәтін қысқа, түсініктіү оқуға жеңіл болғандықтан, бала үшін іздену қызық болатыны сөзсіз. Бұл әдіс-тәсілді немесе стратегияны қолдану келесі бір сабақта бұдан да сәтті жүретініне сенімдіміз. Мысалы:

  • Ағайынды адамдар бір-бірін кешіреді.

  • Жігіт те аузынан шыққан сөзіне өкінеді.

Оқиғаның осылай аянышты аяқталуына көңілсіздік тудыратындықтан, балалардан батыр жігіттің қарындасын құтқаруға сендер көмектескілерің келеме деп сұрап, аңыздың жақсылықпен аяқталуына тапсырма беру.

  1. Үйге тапсырма: Ол үшін үйде үшін үйде қызды құтқару туралы аңызды аяқтап жазып келу тапсырылады.

  2. Бағалау

Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


4 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр (жырдан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

  1. Қобыланды батырдың ерлігі мен атының жігер-күшін, жазушы суреттегендей түр-келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білу шеберліктерінің оянуына жол ашу.

  2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап оайлай білуге дағдыландыру. Жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

  3. Батырдың өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары- болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қобыланды батыр мен атының суреттері. Қобыланды батыр жырынан үзінді.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Қызығушылықты ояту.

  • Қазақ батырларынан кімдерді танисыңдар, кімдердің атын айта алар едіңдер?

  • Олардың Қазақстан тарихына қосқан қандай үлестері бар?

Сонымен бірге орайластыру (ассоциация) арқылы кластер жасаймыз. Сабақ барысында әрі қарай толықтырып отырамыз.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырыппен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін қойып шығу.

  2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы. ( Қойылған тыныс белгілері бойынша.)

Өлеңді үш бөлікке бөліп алу.

а) 1- шумақты бәсең дауыспен оқимыз.

ә) 2-шумақты Тайбурылдың шапқан желісін бейнелейтіндей дауыс ырғағын келтіре оқу.

б) 3-шумақты Тайбурылдың жеңісін, мықтылығын бейнелейтіндей жеңіс сарынында оқу.

Өлең мазмұнымен жұмыс.

Жырдағы Қобыландының батырлығын айқындай түсетін сөз тіркестерін дәптерге теріп жазу.

-Осы өлең ішінде қандай қару-жарақ түрлері аталады?

-Сол кезеңде тағы қандай қару түрлерін пайдалуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

-қылыш-найза-семсер-шоқпар

Осы аталған қару-жарақ түрлері бойынша 4 топқа бөлініп отыру.

Топтық жұмыс- «Кубизм» стратегиясы.

1-топ. Өлеңнен Тайбурылдың шабысын суреттейтін жерін табу.

2-топ. Өлеңнен аттанып кеткен қолдың (қалың әскердің) соңынан аттанғалы тұрған Қобыландының жиналған сәтін суреттейтін жерін табу.

3-топ. Теңеулерді табу

4-топ. Жыр жолдарынан ертегіге ұқсас шумақтарын тауып оқу.

Топтардың жұмыстарын тыңдау.

IV. Қорытынды

  • Сендер осы жырды оқи, талдай отырып Қобыландының потретін , түр-тұлғасын және Тайбурылдың шабысын көз алдыңа елестете алар ма едіңдер?

  • Осы үзіндіге қандай музыкалық шығарма сай келеді деп ойлайсыңдар?

  • Ендеше, осы музыканы тыңдау арқылы жырды іштей оқи отыра, осы сәтті көз алдымызға елестетіп көрелік.

  • Қандай әсер алдыңдар, өзгеріс бар ма?

«Қобыланды батыр» жырынан үзінді тыңдау .

Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айтып , мағанасын ашу.

V. Үйге тапсырма

Оқулықтағы тасырмалармен жұмыс.

VI. Бағалау















































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

5 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсіне отыра, жырдың негізгі идеясын анықтай білуге сипаттау мәтінін құруға түсінгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.

  2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып , өзінше ой түюге баулу, тақырыптас шағармаларды салымтыра білу арқылы шығармашылық таным- түсідіктерін дамытуға жол ашу.

  3. Ұлттық дүниетанымға, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерің танып білу арқылы оқушы бойында ел батырларын мақтаныш тұтып, ерліктер жүрегінде ұстауға, Отаннын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Ер Тарғын, Тарлан аттың суреттері. Қазақтың халық батырлары, ұлт мақтаныштарының суреттері, қазақ батырлары кітаптары, «Ер Тарғын» жырынан үзінді.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын қорытындылау.

III.Қызығушылықты ояту.

- Айбалта, дулыға, қалқан, қылыш, сауыт, семсер, шоқпар, деген қару-жарақ аттарын естігенде, көз алдырыңа кім елестейді?Неліктен?Сол елесті суреттеп көрсіңдерші?

Жеке , жұпта, топта талқылау жұмыстары.

Топ жұмыстарын тыңдау.

-Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

Тарихи кезеңдерге бөліп айта алар ма едіңдер?

Әр тарихи кезеңге байланысты қару-жарақ тұрлерін бөліп айту. Ұлттық ұғымдарға байланысты бес қаруды атау арқылы топтарға бөліну: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

IV. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Батырлар жыры- жыршылар арқылы бізге дейін жеткен ауыз әдебиетінің түрі.

Батырлар жыры- басқыншылар елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік істері жайында айтылатын дастан.

Ең көп тараған батырлар жыры: « Қобыланды», « Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», « Ер Қосай», т.б.

Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі туралы жырдан үзінді тыңдау.

-Қандай әсер алдыңдар?

-Сендер сипатталған батыр кейіпкерге ұқсай ма екен?

Кітаппен жұмыс. Түртіп алу

  • Мен білем

  • Мен білмедім

  • Мен үшін жаңа

  • Таңқалдым, сұрақ туды.

Жыр үзіндісін түсініп оқу.

«Венн диаграммасына» салып, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін салыстыру.

Жырдан үзінді келтіру арқылы әр салыстыруға мен дәлелдемелер жасап отыру.

  • Кімнің ерлігі басымдау екен? Ендеше бұдан қандай қотырынды жасау болады?

  • Тарландай тұлпар аты бомаса, батыр шайқаста жеңіске жетер ме еді?

  • Жырдан өзің үшінқ қандай үлгі- өнеге алар едің?

  • Батырдың қандай ерекше қасиеттерін жаныңа жақын ұстар едің?

V. Қорытынды:

Бүгінгі өткен тақырыпты негізге ала отырып, талқыға салу арқылы кестені толтыру. Мысалы : Халық ер жігітке қандай талап қояды?

Ер жігітке қойылатын талаптар

Халықтық талап

Талапқа сай түсінік

1

Кескін-келбеті

Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жаужүрек,т.с.с.

2

Қадір-қасиеті

Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қастқырдай өжет, нардай төзімді, т.с.с.

3

Қабілет-икемді

Ел басқарады, дау шешеді, жомарттық жасайды.

4

Адалдығы

Туған елі мен дос – жаранына адал болады

5

шыншылдығы

Ханнан да қаймықпастан турасын айталы.



VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу




























Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

6 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қабанбай ( « Дарабоз» романынан үзінді) Қабдеш Жұмаділов

Сабақтың мақсаты:

  1. Қоғамдағы жеке адымның әрекеттері арқылы балалардың өмір шындығына деген түсінігін кеңіейтуге мүмкіндік беру. Өмірмен байланыстыру. Ұлттық ерекшелігімізді байқату.

  2. Баланың өз бетімен оқуы, пайымдауы, талдауы, әрекет етуі, ойналуы арқылы шығармашылық деңгейінің дамуына мүмкіндік беру.

  3. Эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Баланың тарихқа, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауы-өзін-өзі сыйлау көрінісі екенін сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, маркер, бор, тақта, батырлар ескерткіштері мен мүсіндері т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

II. Үй тапсырмасын пысықтау.

III.Қызығушылықты ояту.

а) Парталас балалардың әрқайсысы бір-бірінің есімдерін атай тұрып, ұйқасты мадақ сөз айту. Мысалы, Жанашыр Жанар, Ақылды Айбар,...

- Қандай жарасымды мадақ сөз! Бұл –сыйластық белгісі,-деп мұғалім ризашылығын білдіреді. – Балалар, сендердің аттарыңды бірінші рет естігендей болып тұрмын. Әдемі жарасымдылық. Ал осы сендердің аттарыңды кім қойғанын өздерің білесіңдер ме?

ә) Немесе «лақап ат» деген сөзге түсінік беріп, «Сендердің лақап атың бар ма? Ол қалай қойылғанын да білетін боларсыңдар? Егер лақап атың бар болса, « Менің лақап атым», егер жоқ болса, « Менің атым» деген қысқаша эссе жазыңдар» деген тапсырма беру.

Жұмыс аяқталысымен, бірнеше оқушы оқиды. Оқуда мүмкіндік болмағанда, мұғалімнің аралапжүріп оқуына да болады.

Жұмысқа қорытынды жасалады.

-Балалар, қазақ халқы балаға ат қоюға көп ойланған. Сендер көне замандағы батырларға лақап ат қалай қойылғанын білгілерің келе ме? Олай болса бүгін Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» романынан «Қабанбай» атты үзінді әңгімемен танысамыз

IV. Жаңа сабақ

Болжау кестесі (үлгі)

1

2

3

4

Жастар Қабанбайдан оның атының мағынасын сұрауға неліктен жасқанды?

Олай ойлауға не себеп болды?

Қабанбай бейнесі ертегілік кейіпкерлер сияқты болуы мүмкін бе?

Мысалы, Ер Төсек.

Олай ойлауға не себеп болды?

5

6

Қабанбай деп аталып кеткендіктен,Ерасыл аты өшіп қалуы мүмкін бе?

Олай ойлауға не себеп болды?


Мәтін алдын ала бөліктерге бөлінеді.

Оқушылардың алдарына « Болжау кестесі» таратылып беріледі.

а) 1-топқа оқыту. Басынан бастап, «...ұзын-сонао әңгіме бастады» деген сөйлеммен аяқталады.

Сұрақ:

-Қабанбайдың жездесі болғанына қарағанда, тағы қандай туысы бар деп ойлайсындар? (Әпкесі)

- Ерасылдың Қабанбай аталуы шынымен де батырлыққа бастау болуы мүмкін бе?

Оқушылар «Болжау» кестесінің 1,2- бөліктеріне толтырады. Топта талқылап, әр топтан бір бала жазғандарын оқиды.

ә) Келесі топ ары қарай жалғастырып, «... қара қабан серең етіп құлап түсті» деген сөйлеммен аяқталған.

Сұрақ:

-Дәу, қорқынышты қабанға тайсалмай қарсы шығуы жас жігіттің қандай мінезінен хабар береді? ( Батылдығы, батырлығы.)топта талқылап, бір бала жазғандарын оқиды.

б) Келесі топ ары қарай жалғастырып, аяғына дейін оқиды.

Сұрақ:

-Бердәулеттің сөзіне қарап, Қабанбайдың портретін қалай құрастырар едің? Мәтіннен үзінді оқып, дәлелдеу.

Оқушылар «Болжау» кестенің 5,6-бөлімдерін толтырып, тоата талқылап, бір оқушы жазғандарын оқиды.

Ескерту. Әр топ жұмысы тындалып, болжаулар бойынша оқушылардын пікірлеріне қолдау жасап тұру арқылы мұғалім оқушы сөзін қабылдағанын оның ойына құрметпен қарағанын байқату керек. Сол арқылы боланың өзіне деген сенімі, белсенділігі арта түскен.

V. Қорытынды:

  • Сонымен, батырдың Қабанбай аталуы туралы әңгіме сендерге ұнады ма?

  • Мәтінде не нәрсеге таңғалдыңдар?

  • Киноларда көрген батырлармен салыстырып, Қабанбай бейнесінен не байқағаныңды әңгімеле.

  • Бұл ерлікті жасалған кезде батыр неше жаста еді?

  • Балаң жігіт Ерасылдың ерлігі қабан қлтірумен ғана шектелді ме?

  • Сонымен, балалар, Қабанбай атының шығу тарихы бәрімізге ат қою құрметіне ие болуларың мүмкін.

Таңдауға арналған тақырыптар:

а) «Мен мынандай есімдерді қояр едім» деген тізім жазу;

ә) « Қабанбай да біз сияқты бала болған» тақырыбына эссе жазу.

VII. Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, эссе жазу

VIII. Бағалау











Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

7 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Миуалы ағаш. Мұхаметжан Етекбаев.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ж. Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы, Сүйінбай ақын, Қарасай батырлардың ерлігі туралы мағлұматтарын кеңейту. Әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, жазушы идеясын ұғымдыруға ықпал ету.

  2. Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілетінің, көркем сөйлеу тілдерінің, ой-өрістерінің дамуына ықпал ету.

  3. Оқушылардың бойында үлкенге құрмет, ата жолын қуу, мұра тұту, ұлттық құндылық, Отан алдындағы борыш сезімдерінің очнуына ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі: «Ж. Жабаев атамыздың өмірінен» атты кітап, өлеңдерінен үзінді , Сүйінбай ақынның әндер жинағы кітапшасы, Қарасай батырдың суреті ( батырлар суреттері), долананың суреті, доланның емдік қасиеті жайында кітапшалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақты бірден жаңа сабақтан бастап кету. Таспадан Ж. Жабаевтың « Аттандыру» өлеңін тыңдаудан бастау. (Мүмкін баллар жатқа білер, онда бірінші шумағын тыңдап, аяғын балаларға оқыту.)

«Аттандыру» ұғымы туралы ой қозғау.

Аттандыру __________________________________

__________________________________ т.с.с.

  • Барған жолы ақ болсын деп қандай ырым жасалғанын білесің бе? (Ырымдардан үзінді)

  • Ал бүгінгі сабағымыз кім туралы болмақ деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіру. Сыныпты топтарға бөлу. Жамбылдың бірнеше өлеңдерін атау. Сол аталған өлеңдердің тақырыбы бойынша топтарға бөлу. ( «Балаларға», «Шәкірт балаларға», «Бесік жыры», «Жеңіс жырын сайраңдар», «Атаның әлдиі», « Өнердің өсуі», «Көктем деген немене?», « Жүз жасаған жүректен», « Аттандыру»)

Ж. Жабаевтың өмір жолы мен қызметі, шығармашылығы туралы сұрау (білгендері бойынша).

1-топ. Ж. Жабаевтың өмір жолы.

2-топ. Ж. Жабаевтың өлеңдері. ( Өз қалаулары бойынша 1-2 өлеңінен қысқаша мағлұмат беру)

3-топ. Ж. Жабаев ақынға сипатама беру. ( Кітаптарды пайдалануға болады)

Кестенің бірінші бағанын толтыру.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Жаңа сабаққа көшу. Мәтінді тізбектей, мәтерлеп оқу арқылы « Түртіп алу» бойынша оқыту. Артынан кестені толтыру. ( « Білдім»).

III. Қорытынды

Оқылған мәтін бойынша сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.

-Атор неліктен әңгімені «Миулы ағаш» деп атады екен?

Долананың адам ағзасына тигізер пайдасы қандай? (Алдыңғы сыныпта оқығанымызды, дүниетануды еске түсіру. Көрнекілікпен жұмыс.)

  • Миуалы ағашты қорғауының себебі неде екен түсіндің бе?

  • Үлкендердің табиғатты қорғауға деген көзқарасы қандай?

  • «Қасиетті орын», «қасиетті ағаш» деген сөз тіркестерін қалай түсінесің?

  • Үлкенді сыйлау, ұүрметтеу ұлттық мұра, құндылықтың әңгімедегі алар орны қандай? (Әңгіменің қай жерінен аңғардың ?)

  • Ағаштың сол таңдағы ( қазіргі кезде) қандай пайдасы болған?( Ағаштың тұрған орнын міндетті түрде ескеріп, кітаптан тауып оқу керек)

  • Басты кейіпкерлержің атын атамай, басқаша қалай атар едің? ( Екі салт атты, жолаушы, бейтаныс, т.с.с.)

Дәптермен жұмыс.

  • Басты кейіпкерлер атап отырған қасиетті орын қалай аталады? Олай аталуының себебі неде?

Қарасай батыр, Сүйінбай ақын, Жамбыл Жабаев өмір сүрген заманға көз жүгірту. (Тарихқа шолу)

  • Әңгімеде тарихқа шолу қалай жасалады?

Мәтінге жоспар құру:

  • Жеке

  • Жұпта

  • Топта

  • Егер сен жазушы болсаң, әңгімені қалай аяқталған болар едің?

  • Мәтіндегі ерекше әсер еткен сөйлемдердітауып оқыту.

Шығарманы қазіргі өмірмен байланыстыру, талдау жасау.

  • Өздеріңнің араларыңда Сүйінбай, Қарасай, Жамбыл, Әлиасқар, Әлімжандар сияқты туған жерінің табиғатын аялайтын азаматтар табылар ма екен? Қоршаған ортаңа қандай көмек көрсетіп жүрсің?

  • Қазіргі заманның адамдары нені көбірек ойлайды? Оған не себеп болған?

«РАФТ» әдісімен ой қорыту. (Жеке жұмыс ретінде, жұпта немесе топта жұмыс ретінде ұсынуға болады. Ол сыныптың қабілетіне байланысты)

  • Р –рөл – оқушы,

  • А – аудитория – адамдар,

  • Ф – форма (хат,үндеу, ойтолғау, т.б. өз қалаулары бойынша),

  • Т –тақырып.

1-топ – экология;

2-топ- адамгершілік;

3-топ-парыз.

Орындалған тапсырманы қалаулары бойынша « Автор орындығына» шығып оқыту.

Сабақты қорытындылау мақсатында сыныппен төмендегі кестені толтыру.

Әңгімедегі негізгі оқиғалар

( « Т кестесі» бойынша жазу)

Басты

кейіпкерлер

Әңгіменің мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айтар едің?





IV. Үйге тапсырма. Мәтін соңындағы сұрақ- тапсырмаларды орындау.

Әңгімені оқу, мазмұндау. Әңгімедегі басты кейіпкерлерге мінездеме жазып келу.

V. Бағалау

Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

8- сабақ

Сабақ тақырыбы: М. Мәжікеев «Болар бала жасынан»

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтінді түсініп оқу арқылы оның идеясын ашуға жағдай туғызу.

  2. Мәтінді өз бетімен, топта құрастыру арқылы зерттеп, шығармашылық дағдылырын шыңдау, оқушының белсенділігін арттыру.

  3. Білуге, зерттей оқуға мүмкіндік бере отырып, айналасындағылардың пікірін тыңдап, оған құрметпен қарауға, ұқыптылыққа үйренуге талпындыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІI.Қызығушылықты ояту.

Ә. Қастеев шығармасын тақтаға ілу.

- Суретке жақсылап қараңдар (1 минут).

- Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

- Олай деп айтатындай не көріп тұрсыңдар?

- Сурет ортасындағы ақбоз атты адым туралы не айтуға болады? ( Сипаттау, оқушыларды сөйлету)

- Бұл адам туралы тағы не айтуға болады?

Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, Амангелді Иманов туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша қорытынды сөз.

IV. Жаңа сабақ

  • Балалар, батыр болсын, ақын, ғалым болсын – барлығы да бала болған. Оларда сендер сияқты ойнаған. Ал сендер бос уақыттарыңды қандай ойын ойнайсыңдар?

Оқушының еркін әңгімесін тыңдау, қорытындылау.

  • Ұлт азаттығы үшін күресен батыр Амангелді Иманбаевтың балаық шағы туралы білгілерің келсе, «Болар бала басынан» деген мәтінді құрастырып шығарыңдар.

Оқулық жабық тұралы. Оқушыларға мәтін бөліктері үшке бөлген түрінде таратылады. Ол үшін оқушылар 1, 2, 3-ке дейін санап, бірінші тобы – 1-топ, екіншілер – 2-топ, үшіншілер – 3-топ болып отырады.

Мәтінді топпен іштей оқып, бас-аяғын тауып, орналастырады. ( Мұғалім топ жұмысын бақылап жүреді, орналасуын байқайды)

1-топ өздері тапқан 1-бөлігін мәнерлеп оқып береді, 2-топ 2-бөлігін оқиды, 3-топ соңғы бөлігін оқиды.

Әр топ мәтін ретінің осылай қойылу себебін түсіндіреді.

  • Сонымен, мәтіндегі әңгіме кім туралы екен?

Амангелді Иманов – ұлт азаттығы үшін күрескен қазақ батыры... Қысқаша дерек беру. Енді әр бөлімге ат қою. Мысалы:

  1. Бала ойыны

  2. Асау құнан

  3. Құнан үіреті

  • Мәтінде Амангелдінің өмірімен байланысты қандай адамдар есмі аталады? (зерттеп іздену)

Мәтіннің 1-бөлімімен жұмыс:

  • 5 жастағы Амангелдінің ойынын автор қалай сипаттаған?

  • Әлжан қарттың әңгімесінде Байсақал байдың айылы неге аталды?

  • Таутабай неліктен мырза атанған?

Осы ретпен мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға негіз болатын сұраөтар талданады.

  • Құнанның мінезі немесе Амангелдінің батылдығы қалай суреттелген?

  • Амангелді бұл кезде неще жаста болуы мүмкін?

  • Баланы неліктен « жетімек» деді? ( Әкесі ауру еді...)

  • Амангелдіні менсінбеген Таутабай қалай ұялды?...

Қажет дерек

Асау үйрету- қазақ тұрмысындағы қызық кәсіп. Бір ауылда бір-екі немесе бірнеше адам ғана асау аттарды мініске үйрету шебері болған. Асау үйретушіге әдіс-тәсілмен қатар епкілік, күш –қайрат, жүректілік те керек.

  • Амангелді қандай бала? ( Тақтада топтау)

Хрестоматиядан Амангелді туралы қосымша мәтіндерді оқып, батырдың бейнесін топтау арқылы ары қарай толықтыру.

V. Қорытынды

Сыныптас немесе ерекше мінез-қылығы бар достарың жайлы (« Болар бала қандай болады?» атты эссе жазу.

VI. Үйге тапсырма.

Әңгімені түсініп оқу

VII. Бағалау































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:

9 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсіне отыра, жырдың негізгі идеясын анықтай білуге сипаттау мәтінін құруға түсінгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.

  2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып , өзінше ой түюге баулу, тақырыптас шағармаларды салымтыра білу арқылы шығармашылық таным- түсідіктерін дамытуға жол ашу.

  3. Ұлттық дүниетанымға, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерің танып білу арқылы оқушы бойында ел батырларын мақтаныш тұтып, ерліктер жүрегінде ұстауға, Отаннын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Ер Тарғын, Тарлан аттың суреттері. Қазақтың халық батырлары, ұлт мақтаныштарының суреттері, қазақ батырлары кітаптары, «Ер Тарғын» жырынан үзінді.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

I.Қызығушылықты ояту.

- Айбалта, дулыға, қалқан, қылыш, сауыт, семсер, шоқпар, деген қару-жарақ аттарын естігенде, көз алдырыңа кім елестейді?Неліктен?Сол елесті суреттеп көрсіңдерші?

Жеке , жұпта, топта талқылау жұмыстары.

Топ жұмыстарын тыңдау.

-Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

«Топтастыру» стратегиясы арқылы орындау.

  • Тарихи кезеңдерге бөліп айта алар ма едіңдер?

Әр тарихи кезеңге байланысты қару-жарақ тұрлерін бөліп айту. Ұлттық ұғымдарға байланысты бес қаруды атау арқылы топтарға бөліну: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

ІІ. Жаңа сабақ






Бауыржан Момышұлы


Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.




Оқулыкпен жұмыс.

  1. Оқушыларды топқа бөліп, абзац бойынша оқыту. Келесі топтан түсінгенін сұрау.

  2. Әңгіменің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.

  3. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, қыс көрінісін суреттеу.


Тапсырма .

  1. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы не білесің?

  2. Бауыржанның әкесі қандай адам болған?

  3. Бала Бауыржанның табиғат құбылыстарын сипаттауын әңгімеле.

  4. Өз отбасыңда қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер бар?


Сөздікпен жұмыс

Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру

Баба – арғы ата

Бата – ізгі ниетті тілек


ІІІ. Қорытынды

Бүгінгі өткен тақырыпты негізге ала отырып, талқыға салу арқылы кестені толтыру. Мысалы : Халық ер жігітке қандай талап қояды?

Ер жігітке қойылатын талаптар

Халықтық талап

Талапқа сай түсінік

1

Кескін-келбеті

Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жаужүрек,т.с.с.

2

Қадіп-қасиеті

Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қастқырдай өжет, нардай төзңмдң, т.с.с.

3

Қабілет-икемді

Ел басқарады, дау шешеді, жомарттық жасайды.

4

Адалдығы

Туған елі мен дос – жаранына адал болады

5

шыншылдығы

Ханнан да қаймықпастан турасын айталы.


Кестені мұғалім өз қалауы бойынша өзгертуіне болады.

IV. Сабақты бекіту.

«Сабақтан алған әсерің». Ауызша немесе жазбаша орындау.

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Әңгімені оқу, «Батыр Бауыржан» тақырыбында шығарма жазу.














Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


10 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күзгі қарбалас

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұнынан ақынның күз тіршілігінің бейнесін шығарылуын түсіндіру

  1. Өлең тақырыбымен мазмұнынындағы қозғалыстағы тіршіліктін заңдылығын түсінуге мүмкіндік беру арқылы талдау, ойлау, ізденуге жағдай жасау.

  2. Тіршіліктегі әдемілікті көре білуге, ести білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу. Еңбек етудің әдемілігін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: мәтін, плакат, маркер, таяныш сөздер т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын қорытындылау.

III.Қызығушылықты ояту.

а) тақтада жазылған күзге байланысты сөздерді пайдаланып( ауызша) күз табиғатын сипаттау. Әдебиетте табиғатты сипаттауды қалай айтамыз? ( пейзаж)

Тірек сөздер: сұр, жаңбыр, сары, бұлт, аспан, жапырақтар, қысқарды, ұқсайды.

IV. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыппен таныстыру.

  • Қарбалас деген сөзді қалай түсіндер?

Қарбалас сөзіне синонимдік қатар жазу. ( асығыс, шаңталас, жылдам)

Мысалы : асығыс, қарбалас ісі қай уақытта болады?

  • Тойдың алдында, қонақ келгенде

  • Мереке қарсаңында, 1 қыркүйек күні

  • Жауапты іс алдында т.б.

  • Олай болса, күзгі қарбалас шақты ақын Б. Тәжімбетов байқап өлең жазған екен.

  • Өлеңді түсініп оқу

VІ.Қорытынды

Ақындар тобы – 4 немесе 5 жолды өлең жазу

Суретшілер тобы – өлең мазмұнына сай сурет салу. Суретті неге бұлай бейнелегенін түсіндіру

Композиторлар тобы – белгілі ән немесе өздері ойлап тапқан ырғақпен ән дайындау

Ғалымдар тобы – күз табиғаттың маусымдық өзгерісі екенін өлең мазмұны бойынша дәлелдеп беру


Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу, «Күзгі орман» тақырыбына сурет салу






Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


11 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Алтын іздеген адам.

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру.

  2. Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы ойналуға, шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай туғызу.

  3. Туған жер, еңбек қадірін білуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: деректер, плакат, маркер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

- Өмірде құны қымбат зат не деп ойлайсындар?

Сұрақ бойынша топтау жүргізу.

Ең қымбат не? Өмір, нан, отан, ана, туған жер,т.б.

Оқушылар өздеріне қажетті 3 зат бойынша топқа бөлініп отырады.

Таңдауға: Жер, еңбек, алтын.

Әр топ өздері таңдаған заттарының ерекшелігін сыпаттап жазады.

Жазу аяқталған соң, топта талқылап бір оқушы оқиды.

Оқушылардың жазғандары талқыланады.


Отан

DrawObject6

DrawObject7 өмір

DrawObject9 DrawObject8 бейбітшілік


DrawObject11 DrawObject10 туған жер

DrawObject12

еңбек ету адам


IV.Жаңа сабақ

  • Қымбат алты іздеген адам туралы қызық әңгіме оқиық.

  1. «Жер» тобы басынан бастап «...Хан тауында қой баға бастағанда сол арманға жетуге шыңдап кірістім» деген сөйлемді соғына дейін оқып мазмұнын білу.

  2. « Еңбек» тобы арқарай жалғастыра оқиды, «Ештененің нышаны жоқ» деген сөйлемді соңына дейін оқып, мазмұнын білу.

  3. «Алтын тобы» тобы аяғына дейін оқиды.

Топ ішінен бір оқушы шығып мазмұнын айтқан кезінде, авторға басқа топтар сұрақ қояды. Сұрақ қоюға балаларда үйрене бастайды ол үшін мәтінді бір топ әңгімелегенде, келесі топтар зейін қойып тыңдауы керек.

Мысалы:

  • Оқиға болған Хантауы Қазақстанның қай жерінде?


  • Қалай ойлайсын, сенің кеіпкерін жер астындағы алтынды қандай әдіспен табар екен?

  • Сенің кейіпкерін алтынды таптым деп еді. Енді неліктен жоқ деп отыр?

  • Кейіпкер соғыс басталды деп еді. Бұл қай соғыс?

  • Барлығымыз бірігіп жазған әңгіменің идеясы сен жазған бөлімде деуге бола ма?

V. Қорытынды

а) –Балалар сабақ басында сендер жер, еңбек, алтын туралы өз ойларынды жазған едіндер. Ал Жазылбек аталарыңның осы қасиетті нәрселер туралы айтқан сөзінде жерді қалай сипатталған екен? ( Мәтіннен іздеп табу.)

- Ал осылардың бірінсіз-бірі болмайтыны туралы қандай ой айтады?

Оқушылардың жауаптарына сай қорытынды жасау.

ә) Ойтолғау сәті үшін « 5 жолды өлең» де құрастыруға болады.


Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу







































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


13 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Өтебай Қанахин «Жер идірген»

Сабақтың мақсаты:

а)Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру.

ә)Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы ойналуға, шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай туғызу.

б)Туған жер, еңбек қадірін білуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: деректер, плакат, маркер.

Сабақтыңәдісі: дәріс, әңгімелесу, ашық ой


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.


IІІ.Жаңа сабақ



Өтебай Қанахин 1923 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған. 1990 жылы дүниеден озды.


Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Әдебиетке елуінші жылдары келді. 1953—1960 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1963—1966 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966 — 1969 жылдары Қазақстан КП ОК-нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969 — 1970 жылдары «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1975—1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды.


Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958), «Көл жағасында» (1960), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жас дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі» (1962), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б. кітаптарды авторы

ІV. Сөздікпен жұмыс

Қаталау – шөлдек

Жер идіру – жердің адамзатқа мол өнім беру

Етене – өте жақын


V. Қорытынды

а) – Шығанақ ата ауылы қай өзен бойында орналасқан?

- Құриан ауылының кәсібі не?

- Жазушы тарыны қалай суреттеген?

- Шығанақ ата портретін тауып оқы.

- Тары қандай өсімдік?


Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу, дәнді дақылдар туралы жұмбақ жазу.






































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


11 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Мен бақытты баламын»

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.

ә) Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

б) Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;

Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

ІІ Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі

Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.

  • Біз бақытты баламыз. Неге?

  • Өйткені біз егеменді өркендеген елде, қонақжайлығы таусылмаған халқымыздың арасында, салт-дәстүрі жалғасқан елімізде өмір сүреміз. Жарқын болашақтың аясында саналы тәрбие мен сапалы білім алудамыз.

ІІІ. Қорытындылау.

  • Жазба жұмыстарын жинап алып, мәтіннің мазмұнын талқылау.











Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


14 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Н.Айтов «Ана тілім»

Сабақтың мақсаты:

1.Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мін беріп, өмірмен байланыстыру

2.Өлеңді тіл ерекшелігіне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3.Өзін-өзі тану, сыйлау, ұғымдарының терең мағынасының бірі- ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қ.Р. Конституциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.


ІІI.Қызығушылықты ояту.

-Біздің ана тіліміз қай тіл?

-Өз тіліңді қалай дәріптер едің? Тақтаға балалар пікірлерін жазу Мысалы: ана тілі - білім тілі, ойды жеткізу тілі, жазу тілі, отбасы тілі т.б.

-Ана тілін отбасында қалай қолданатындары туралы эссе жазып, көршімен дәптер алмасу.

- енді ақын ағаларың Н.Айтов анатілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен


  1. Жаңа сабақ

ойды жеткізу тілі

отбасы тілі

тұрмыс тілі



DrawObject13


жазу тілі

білім тілі



өлең айтамын




«Ана тілім» өлеңін оқып,мазмұнын түсіну

  • Ана тілін қалай сипаттаған?

  • Ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген

  • Ана тілі арқылы адам қалай өседі

  • Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген

  • Бақ тілі, дана тілі, пәк тіл,бесіктегі ән, алтын ұя

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 7- бабында былай деп жазылған:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі»

Ендеше, барлығымыз өз ана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз


  1. Мағынаны тану

- Ақын Н.Айтовтың «Ана тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіну.

Сұрақтар:

- 1-шумақта ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген?

- 2-шумақта ана тілін қалай сипаттаған?

- Ана тілі арқылы адам қалай өседі?

- Топтау кестесін папйдаланып, жұмысты қорытындылау.

- Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтеріледі.

- Балалар, ҚР Конституциясының 7-бабында былай деп жазылған.

1. ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

- Ендеше, барлығымыз өз ана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз. Өз тілін білмейтін адамдар туралы әңгіме де сабақтың бірінші кезеңінде айтылуы мүмкін. Себебі онда отбасында тілді қолдану туралы жазылғандықтан, бұл мәселені мұғалім қорытындылап кетеді.


VІ. Қорытынды

-Бүгінгі сабақта өз сезімдеріңді, ойларыңды, шығармаларыңды ана тілі арқылы жеткіздіңдер

Олай болса ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен

Тілге, Отан туралы мақал-мәтелдер айтып, талдау


VІІ. Үйге тапсырма.

  • Өлеңді жаттау және «Ана тілім» тақырыбында өлең мазмұнын пайдаланып шығарма жаздыру.





























Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


15 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: К. Кенжетаев «Өнердің сайыпқыраны»

Сабақтың мақсаты:

1.Белгілі өнер адамдарының балалық шағы туралы әңгіменің идеясын ашу.

2.Мәтінді өз бетімен оқып, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейін арттыру.

  1. Ата-ана, ел,жер, ана тілі арқылы дарыған ұлттық тәрбиенің әсерін сезінуге мүмкіндік беру. Сөз өнеріне,әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: ертегі үзіндісі, Қазақстан картасы


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

«Сыбырлақ» ойыны

«Балалар, самұрық ұйқысын әбден қандырды.Қарны ашқан соң, ұшып кетті.Қалғанын ертең айтамын» Балаға бір рет айтып, жалғастырып айту және соңғы оқушы, ортадағы оқушы не естігенін сұрау.

Ауыз әдебиетінің үлгісі қандай екенін сұрау.

IV. Мағынаны тану

1-абзацты оқып, мазмұнын түсіну.

Оқиға қалай басталған. (пейзаж)

  • Бұл Қазақстанның Қай жері картадан іздеп табу.

  • Осы үзіндіде кім кейіпкердің аты аталған.

  • Әңгімелеушінің аты-Кенжетай.Оның әкесі- Айман. Енді осы бөлімді қалай атауға болады.

  • Мәтіндегі үш баланың қайсысы қнердің сайыпқыраны?

  • «Шәкенді өнер қысып, жылап отыр» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Шәкен әртіс өнер мектебін оқыған ба?

  • Ол қалай өнер адамы болды?

  1. Жаңа сабақ


Айманов Шәкен Кенжетайұлы (1914—1970) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.1964ж КСРО-ның халық артісі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен.

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.



Кәукен Кенжетаев 1916 жылы 25 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1936-1941 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында білім алған. 1942-1946 жылдары Хабаровск қаласындағы шекарашылар ансамблінде еңбек етті. 1950 жылы Алматы консерваториясын бітіреді. 1946 жылдан бері Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Опера және Балет театрының әншісі.

Кәукен Кенжетаев «Алпамыс», «Алдар Көсенің айласы», «Баян жүрек», «Кемпір мен шал, «Қалқаман-Мамыр», «Құсни-Қорлан», «Сапар» т.б. опера либреттоларының авторы. «Сильва», «Фигароның үйленуі», «Тыныш шаңырақ» опера либреттоларын қазақ тіліне аударған. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», «Высогий дар призвания» атты кітаптары жарық көрген.

1959 жылы Қазақ ССР халық әртісі атағын иеленген. Еңбек Қызыл Ту ордені мен медальдармен марапатталған.

Кәукен Кенжетаев 1979 жылдан бері Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәріс оқыған. Академияда музыка-комедия мамандығын ашып, аталған кафедраның меңгерушісі болған. 1985 жылы Кәукен Кенжетавқа профессор атағы берілген.

Актер 2008 жылы 15 наурызда 92 жасында дүниеден өтті.

VІ. Қорытынды

Өнер адамы болу оңай ма?

Сөздік пен жұмыс жасау.

«Алдаркөсе» көркем фильмінен үзінді қарау


Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

Әңгімені оқып, түсінік айту және эссе жазу









Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


16 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нұрхан Жанаев «Мұғалім»

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.

  2. Өлеңді өз бетімен талдауға үйрету.Прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығын аңғаруға алғашқы әрекеттер жасау

  3. Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамуына ой еркіндігіне мүмкіндік беру.

Осы арқылы оқушылардың барлығын белсенді әрекетке ұмтылдыру.

Сабақ көрнекілігі: портрет,шығарма, арнау тілектер


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

I.Қызығушылықты ояту.

Сабақ, Мұғалім,Қоңырау,Оқушы

Осы сөздерді мәтін шығатындай етіп қалай қояр едіңдер? Қоңырау,Оқушы,Мұғалім,Сабақ

Осы сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру.

  • Осы мәтіндегі басты кейіпкер кім? (Мұғалім)

Қоңырау соғылса да, мұғалімсіз сабақ басталмайды.Мұғалімсіз мектеп болмайды.


ІІІ. Жаңа сабақ

Кім?


DrawObject14

Не істейді?




Кімге?

Қандай?




Ақын Н.Жанаевтың «Мұғалім» өлеңінің басты кейіпкерімен танысайық.

Іштей оқу.

Өлеңдегі шәкірт ойын ашып айту. Оқушы ұстазына қандай серт берді, оқу.

Өлең шумақтарына ат қою.

  1. Мұғалімге тағзым.

  2. Қамқоршы

  3. Өміріме үлгі

  4. Орындалар арман

  • Әр бөлімге неліктен таңдалған ат қойылды?


Нұрхан Жанаев - 1933 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария), С.Сейфуллин атындағы кеңшарда туған. 1955 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. Аз уақыт мұғалімдік қызмет атқарғаннан кейін журналистік салаға ауысып, облыстық радиода, Тереңөзек аудандық «Еңбек майдандық» газеттерінде қызмет істейді. 1958 жылдан бастап Алматыға қызметке ауысып, республикалық газеттерде, баспа, телевидение, радио салаларында көп жылдар бойы белсенді қызмет атқарды. Қазір зейнеткер.


IV. Қорытынды

«Ұстазым» әнін айту

  • Осы мұғалім сөзін тағы қандай сөзбен ауыстыруға болады.

Дәптерге жазу.

  • Ұстаз, оқытушы, ағай, апай немесе аты-жөнімен

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

V.Үйге тапсырма.

- Өлеңді түсініп оқып, өзіңнің ұстазың туралы эссе жазу.









































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


17 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі

Сабақтың мақсаты:

  1. Әке тәлімі өмірлік тәжірибесімен теорияны ұштастыра білуге,қолайсыз жағдайдың,қателіктердің алдын алуға,болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірден-бір көзі екнін ұғына отырып, әғгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

  2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу

  3. Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқарас пен қарауға,үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуге мүмкіндік беру

Сабақ көрнекілігі: Автор суреті, нақыл сөздер, кемпірқосақтың суреті,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІІI.Қызығушылықты ояту

Бүгін өмірімізде кездесетін әртүрлі қиын жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз.

Белгілі бір жағдайда баға беріп,дұрыс шешім тауып,көмек беру үшін,оны сырттай бақылап,ол жағдайды жан-жақты әртүрлі бағытта бақылау керек. Қазір біз осы оқиғаны қарастырамыз. Дұрыс шешім қабылдау үшін кемпірқосақты қарайық.

  • Ал,сендер кемпірқосақ қай кезде шығатынын білесіңдер ме?

Қажет дерек

Кемпірқосақ ұдайы жаңбыр жауған жақтан көрінеді. Жаңбыр жауған кезде ауаны мың сан су түйіршіктері кернеп алады. Ал, әрбір су түйіршігі бір-бір кішкене призмаға ұқсас. Мұндай призмалар шексіз көп болғандықтан, кемпірқосақтар аспанның жартысын орай көрінеді.

- Ал, кемпірқосақтың қанша түсі бар екенін және сол түстердің қандай ретпен келетінін білесің бе?

- 7 түрлі түсі бар. «Ал түстердің ретін ұмытпас үшін мына сөзді жаттап ал. «Қасқырдың құлағы сақ, жапалақтың көзі көргіш келеді» Осы сөйлемдегі әрбір сөздің бас әрпі кемпірқосақтағы бояу түсінің бас әрпімен бірдей»


ІV. Жаңа сабақ



Алтай Сәрсенұлы Аманжолов 2 маусым 1934 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол – түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Қоғамдық ғылым академиясының толық мүшесі.

Мәскеу мемлекеттік университетті жанындағы Шығыс тілдері институтын бітірген.

Аманжолов зерттеулерінің басты бағыты – көне түркі жазу ескерткіштерінің тілі, көне түркі жазуының тарихы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркі руникалық графикасы мәселелері. Осы салада бірнеше монографиясы, оқулықтары, ғылыми мақалалары жарық көрді.

Мәтінді тізбектеп оқу.


  1. Сөздік жұмысы

Өзім құралпы – өзіммен асты

Жамбасы жерге тимеу – күрескенде ешкімнен жеңілмеген

Міз бақпау – қозғалмау

Ізім – қайым – із – түссіз жоқ болу

Өгей бала – тумаған бала


- Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл.

Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген, осы түс арқылы оқиғадағы әке мен баланың ішкі жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар. Әкесі мен баласы сезімдерін әңгімеде көрсете білді ме?

  • Келесі түс қызғылт сары.

Жаңа туған көктемнің ,жаңа тіршілік нәрінің белгісі, ендеше әңгімедегі келеңсіз жай неге орын алды

  • Сары түс бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарастырады, болған жайттың қандай пайдасы болғанын анықтайды.

- Жасыл түс – шығармашылық адамдары.

- Көгілдір түс - бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын көрсету керек.

- Көк түс бала үш жағымды, және ол үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек

- Күлгін түс автор ретінде нені жеткізгісі келгенін,нені негізге ала отырып бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады.


VІ. Қорытынды

Зат есім ретінде кемпірқосақ сөзін алып, етістік ретінде бүгінгі сабақпен байланыстыру.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.


VІІ. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу және әңгіме мазмұнына жоспар құру.








Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


18 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ересек оқушы

Сабақтың мақсаты:

  1. Ә.Бөрив туралы мағлұмат бере отырып, өнерді сүйе білудің қажеттілігін ұғындыру.

  2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу

  3. Еңбексүйгіштікке, өнерді сүйе білуге, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқарас пен қарауға,үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуге мүмкіндік беру

Сабақ көрнекілігі: Автор суреті, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Әміртай Бөриев 16 қарашада 1946 жыл Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қызтоған ауылында дүниеге келген жазушы.

1968 жылы ҚазҰУ-ды бітірген . 1968 - 1970, 1972 - 1975 жылдары «Қазақстан пионері» (казіргі "Ұлан") газетінде әдеби кызметкер,бөлім меңгерушісі, 1970 - 1972 жылдары "Лениншіл жас" (Қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби кызметкер, 1975 - 1976 жылдары Қазақ телерадио комитетінде редактор, 1976 жылдан "Қазакфильм" киностудиясында редактор болып кызмет аткарған.

2)Оқулыкпен жұмыс.

  1. Оқушыларға әңгімені бөлім бойынша оқыту. Келесі топтан түсінгенін сұрау.

  2. Өлеңнің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.

  3. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, әңгіменің құрылу желісін толықтыру.


IY. Сөздікпен жұмыс

Сыртынан тон пішу – сыртынан жобалау

Әбзи – ұйғырша аға деген сөз

Тілмаш – аудармашы

Шымбайына бату – намыстану

Н.Г.Хлудов – белгілі қазақстандық суретші


Тапсырма .

  1. Әңгімеде не туралы айтылады?

  2. Әбілханның өмірінде қандай өзгеріс болды?

  3. Ол мүсін, сурет өнерін қалай үйренген?


Y. Қорытындылау.

Өнерлі өрге жүзер.

Жігітке жетпіс өнер де аз.


YI. Бағалап мадақтау


YII.Үйге тапсырма беру

Мәтін мазмұны бойынша жоспар құру, түсінік айту.


Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


19 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Құмыра

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуына жағдай туғызу.

  2. Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы негізгі ойды түсінуге, тарихты құраушы, жазушы, зерттеуші өзі екенін ұғына отырып, автормен бірге толғану арқылы сыни ойлауға және көркем сөйлеуге дағдыландыру

  3. Өз елінің тарихын қадірлеуге, қастерлеп, бағалауға үйрету

Сабақ көрнекілігі: Автор суреті, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Қызығушылықты ояту

  • Балалар, біз бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ата-бабамыздан қалған көне жәдігер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, мұра болып келе жатқан құмыраның қаншама жылдар бойы сақтап келген сырларына үңілеміз.

Топтарға тапсырма:

  • Құмыра сөзін естігенде көз алдарыңа қандай түс елестейді, сол түс пен осы сөзді алдарыңдағы қағазға жазыңдар.

  • Неліктен осы түсті алдыңдар?



Құмыра– қыштан, шыныдан жасалған ыдыс. Қыш Құмыраларлар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап белгілі. Бертін келе шыны Құмыралар пайда болған.Әсіресе, археологиялық қазба кезінде табылған көне мұралар ішінен қалыпқа құйып, күйдіріп жасалған әшекейлі қыш Құмыралар көптеп кездеседі. Ескерткіштердің хронологиялық мерзімін, археологиялық мәдениеттерді анықтауда олардың маңызы өте зор. Ортағасырлық Ақтөбе қалашығында қыш ыдыстар жасайтын үлкен пештер болған. Отырар қаласының орнын қазғанда сынбай сақталған әдемі Құмыра күйдіру пешінің ішінен табылған. Құмыраның көлемі әр түрлі, кейбір үлкен Құмыраға 50 — 60 кг ұн сиятын болған. Күйдіру кезінде Құмыраның пішінін бұзбай қатыру үшін пеш ішінде бірқалыпты жоғары температурада сақталған. Бертін келе шыны Құмыралар пайда болды. Құмыра көбіне бүйірлі, ернеулі, ұзын мойынды, кейбірі тұтқалы болып келеді.



  • Мылтықбай Ерімбетов 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Өзбекстандағы Мырзашөл аудандық «Достық» қазақ газетінде бастап, тілшіден редакторлыққа дейін істеді. 1982 жылдан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің кітап насихаты бөлімінде аға редактор, 1985— 1995 жылдары «Парасат» («Мәдениет және тұрмыс») журналында бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың тамыз айынан шығармашылық жұмыста.

Мағынаны тану

  1. Өлеңнің бірінші шумағын оқу

  • Бала тапқан олжасын неліктен мектепке апарды?

  • Арнаған сан сапарды деген жолдарды қалай түсінесіңдер?

  1. Өлеңнің екінші шумағын оқу

  • Ғалымдардың балаға хат жазуының себебі неде деп ойлайсың?

  1. Хатты оқу

  • Құмырада қандай құпия бар деп ойлайсыңдар?

  • Қазба жұмыстарың көріп пе едің?

  • Енді бұл құмыраны қайда сақтайды деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Ой толғау

Біз бәріміз тарихшы – археологпыз. Қазір әр топтың алдында анықтайтын мәселе:

  • Құмыраның шығу тарихын, шыққан жерін;

  • Кім жасады?

  • Неден жасады?

  • Қай қалада, қай елде жасады?

  • Кімдерге немесе не үшін жасады?

  • Осы сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеу жұмысын жасап, сипаттау мәтінін жазу.

  • Құмыраның қандай тарихы бар?

  • Сен автор болсаң, қандай ат қояр едің?

  • Балаға сипаттама бере алар ма едің?

IV. Сабақты қорытындылау

Өлеңнің мазмұнын айту.

Өлеңнің сюжетті екенін дәлелдеу.

  • Құмыраға байланысты тағы қандай әңгіме, өлең, ертегі білеміз?

V. Үйге тапсырма

  • «Құпияға толы көне құмыра» тақырыбында әңгіме жазып келу















Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


20 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ахмет мерген

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай жасау

  2. Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту

  3. Туған жерге,оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті, адамгершілік, ақыл-парасат тұрғысынан шешуді үлгі ету. Білмегенді үйрету,өзара көмекке дайын болу дағдысын дамыту

Сабақ көрнекілігі: плакат,сызба,маркер, көздеу дөңгелегі т.б.Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

IІІ.Қызығушылықты ояту.

DrawObject15

DrawObject16

DrawObject19 DrawObject17 DrawObject18


DrawObject20 DrawObject21 DrawObject22 DrawObject23





  • Мерген деген сөзді қалай түсінесің?

  • Мерген-атқанда дәл тигізеді,мүлт етпейді,спортшы,құралайды көзінен атады.

Оқушылар айтқан сөздерін топтау сызбасына түсіру

  • Мергендік не үшін керек

  • Адам қалай мерген болады

  • Қандай мерген адамдарды білесіңдер?мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

Сұрақтарға берілген жауаптар бойынша қорытындылау

  • Балалар бүгін сабақта біз мерген де көреген де болайық

  • Тақтаға «Нысана дөңгелегін» ілу

  • Нысана сызу

  • Біздің алдымызда тақтада нысана дөңгелегі тұр

  • Сендерге бір мәселе айтайын . аю ормандағы омарташының балын күнде жеп кетеді екен. Ол күнде келеді. Омарташы не істерін білмейді. Омарташыға қалай көмектесер едіңдер? Ескерту:Егер сұрақтағы мәселе оң шешімін тапса ,жауаптарын нысана дөңгелегіндегі 9,10 түседі егер мәселе теріс шешілсе 2,3 түседі.

Балалар жауаптарын тақтадағы кестеге түсіреді.

Балалар шешімі

Мәтіндегі шешім






IV. Жаңа сабақ

  • « Ахмет мерген» мәтінін оқу

«Жарайды ...» деп басталған сөйлемге дейін оқу

Сұрақтар:

  • Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүреді екен?

  • Ахмет қарттың туған жерін қалай білетіні туралы не айтуға болады?

  • Дәлелдеу

  • Қарттың жан- жануарларға жанашырлығы қалай байқалады?

  • Осы бөлімде оқиға бірден басталып кете ме?

  • Ахметтің мына сөзіне сақтық үшін көңіл бөлу керек «Атпағаның дұрыс болған. Өлтіре алмасаң,өзіңді мерт қылады»


V. Сөздікпен жұмыс

Абыржу – мазасыздану

Кендір – жіп түрі

Құланиектеніп – таң ата бастауы


VІ. Сабақты бекіту.

Сабақтан алған әсерің

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.


VІІ. Үйге тапсырма.

  • Мәтіннің мазмұнын түсініп оқу





























Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


21 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақан сері

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай жасау

  2. Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту

  3. Туған жерге,оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті, адамгершілік, ақыл-парасат тұрғысынан шешуді үлгі ету. Білмегенді үйрету,өзара көмекке дайын болу дағдысын дамыту

Сабақ көрнекілігі: плакат,сызба,маркер, т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

IІІ.Жаңа сабақ

  1. Кіріспе

сері DrawObject25 DrawObject24 DrawObject26 әнші



композитор

  • Композитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының жанұясында дүниеге келген. Ақынның шын аты- Ақжігіт. Қарындастарының ортасында жалғыз ерке ұл болып өскен. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер – білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап – ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән — өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын — әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын – Ақан» деген атқа өте ертеден – ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал – серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал – серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды.



2)Оқулыкпен жұмыс.

    1. Оқушыларға әңгімені оқыту. Келесі топтан түсінгенін сұрау.

    2. Әңгіменің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.

    3. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып,әңгіменің құрылу желісін толықтыру.


IY. Сөздікпен жұмыс

Шілдехана – нәрестенің дүниеге келу тойы

Жарату – баптау, дайындау

Күндеуші – қызғаншақ, көре алмаушы адам

Поэма – өлеңмен жазылған оқиғалы шығарма


Тапсырма .

    1. Әңгімеде не туралы айтылады?

    2. Ақан сері туралы 3-сыныпта оқығаныңды есіңе түсір.

    3. Сері адамның басқалардан қандай ерекшелігі болады?

Y. Қорытындылау.

Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.


Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды.


Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады.


Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады.


YI. Бағалап мадақтау

YII.Үйге

  • Әңгімені оқып, түсінігін айту.

Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


22 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Өнер жолында

Сабақтың мақсаты:

  1. Тақырып мазмұнын меңгерте отырып, өз бетімен жұмыс жасауға, өздігінен қорытынды шығаруға, үлгі тұту, құрметтеу, еңбекке деген талпыныс сияқты әдептілік үлгі қасиеттерінің мәтіндегі ашылуын тануға машықтандыру

  2. Сөздік қорларын молайту арқылы оөрістерін, көркем сөйлеу тілдерін дамыту.

  3. Адами жақсы қасиеттерді тани білуге және мейірімді, адал, шыншыл болып, қатыгездікпен бойларын аулақ ұстауға баулу

Сабақ көрнекілігі: плакат,сызба,маркер, т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

IІІ.Жаңа сабақ

  • Басты кейіпкер өз қателігін қалай түсінді?

  • Анда-санда бұрышқа тұрып, іштей өзімізге баға беріп, қателіктерімізді таразыға салып, дұрыс шешім тапқанымыз артық болмайды екен.

  • Отбасында осындай жаза болғанда қандай жаза аласыңдар?

  • «Топтастыру» арқылы тақтада орындау.

  • Осы жазаның ішіндегі ең ауыр тиетіні не?

  • Таяқ еттен өтеді,

Сөз сүйектен өтеді.

  • Осы жаза әділ болды деп ойлайсыңдар ма?

  • «Өнер жолында» тақырыбына болжау жасау.

  • Мәтін не туралы болуы мүмкін?

  • Не себептен?

Айтов Несіпбек Түрысбекұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы Шынжаң өлкесі Шәуешек ауданы Теректі-Қақпатас елді мекенінде дүниеге келеген ақын. ҚазҰУ-ды бітірген Семей облысы, Шұбартау ауданы, "Жаңа өмір" газетінде әдеби қызметкер. 1974 - 84 ж. "Балдырған" журналында бөлім меңгерушісі, 1984 85 ж. "Жалын" баспасында редактор.

Елебеков Жүсіпбек 28 тамызда 1904 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылында дүниеге келген әнші, Қазақстанның халық артисіҚазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған.

IV. Сөздікпен жұмыс

Шаршы топқа түсіп – жұрттың алдына шығып

Тәптіштеу – әбден түсіндіру

Кәрлену - ашулану

V. Ой толғау

Мәтіндегі ең соңғы сөйлемнің мағынасын түсіну

  • Әнші ұстаз ескертуінен қандай сабақ алды?

  • Мәтіннің негізгі идеясы неде?

  • Ата-анамыздың ескерту жасағанын қалай түсінуіміз керек?

  • Бүгінгі сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?



VІ. Сабақты қорытындылау, бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

  • Мәтінді оқып, түсінік айту және «Өнерлі болғым келеді» деген тақырыпта эссе жазу.













Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


23 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Кішіпейілділік

Сабақтың мақсаты:

1.Адам бойындағы жағымды,жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін тануға қарым-қатынас жасаудағы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға көмек беру.

2.Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту арқылы, тіл байлығын арттыру

3.Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір-бірімен табыса білуге,бірін-бірі сыйлауға үйрету

Сабақ көрнекілігі: басты кейіпкерлердің суреттері,кітаптары


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

  • Өлеңді оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау.

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

- Кішіпейілділік көзге көрініп, құлаққа естіліп тұратын я болмаса ерекше түр-тұлғасы бар мінез-құлық па?

- Кішіпейілді адамды қалай танисың?

- Сен өзіңді кішіпейілмін деп санайсың ба?


IV. Жаңа сабақ



Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5 қыркүйекте Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.

Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.


Мәтінмен танысу.

Мәтінді тізбектей оқып, сөздік жұмыс жүргізу

Мәтіндегі басты кейіпкелерді атау. Әрқайсысына сипаттама беру.

  • «Кішіпейіл болмай,кемеңгерлік жоқ»дегенді қалай түсінесің?

  • Бұл сөзді басқаша қалай айтар едің?

  • М.Әуезовтің кішіпейілділігі неден байқалады?

  • Мәтінге қандай нақыл сөз сай келеді деп ойлайсыңдар?

  • Мәтін тақырыбын қалай өзгертуге болады?

  • М.Әуезовтың бойындағы қандай жақсы қасиетті өзіңе алар едің?


V. Сөздікпен жұмыс

Мәлік Ғабдуллин – Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым

Игі іс – жақсы бастама, жақсы іс

Кемеңгерлік – даналық, білімділік


V І. Қорытынды, бағалау

  • Атақ пен мансапқорлықтың кішіпейілділікке қандай қатысы бар?

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

V ІІ. Үйге тапсырма.

  • Мәтінді түсініп оқу және парталас жолдасыңның қысқаша портретін жазып шық.
































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


24 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. «Екі қолдың қайсысы кем?»

Сабақтың мақсаты:

а) Жазба жұмысты жаза отырып, шешендік сөздің мазмұнын, ерекшелігін, тәрбиелік мәнін жалпылау, қорытынды жасай алуға баулу:

ә) Оқушыларды алған білімдерін пайдаланып, өз көзқарасын, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдыларға төселдіру

б) Тазалыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

ІІ. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мазмұндаманы екі рет дауыстап оқып, оқушыларды мәтінмен таныстырамын. Бір-екі оқушыдан мәтіннің мазмұнын сұрап, түсініктерін жалпылау.

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Жоспары:

  1. Байдың жігіттерді жалдауы

  2. Шағым

  3. Төле бидің шешімі


Тақтаға жазылатын сөздер:

Төле би, шағым, ешқайсысы, қоныстанған


ІІІ. Қорытындылау.

  • Жазба жұмыстарын жинап алып, мәтіннің мазмұнын талқылау.



Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


25 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) Өткен материалдарды пысықтап, «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы бойынша білімдерін тиянақтау;

ә) Есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін тест, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер арқылы дамыту.

б) Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:тест, жұмбақ, жаңылтпаш.

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабақ барысына зейіндерін аудару.

Психологиялық дайындық.

8-де сабаққа келеміз.

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Жақсы оқып бәріміз,

Жеңістерде жеңеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Бөлімді қайталау.

  1. Батырлардың серік болған пырақтарының аттары

Қобыланды батыр – Бурыл, Ер Тарғын – Тарлан

  1. Қабанбай заманындағы батырлардың есімдерін жаз

Ерасыл, ойрат батыры Долан Дашы

  1. Қайсысы ауыз әдебиетіне жатады?

Қобыланды батыр

  1. «Тез атты әкел!» - деген кейіпкер кім? Ол неге асықты?

Б.Баймахановтың «Атша көкек» әңгімесіндегі жас жігіттің қарындасына айтқан сөзі. Атойлаған ауылдастарының дауысын естіп, ауыл шетіне жетіп қалған жаудан елін құтқару үшін асықты.

5. «Шапалақ» арқылы кім шеберлігін шыңдай түсті?

Әміренің бір ауыз сөзі Жүсіпбек өнерінің шыңдалуына әсер етті.

6. Төмендегілердің қайсысы ақын?

Хамит Ерғалиев

  1. Тараудағы тақырыптарды түзетіп жаз.

«Болар бала жасынан»

«Ахмет мерген»

  1. «Шағыну – әлсіздің әрекеті» деген сөз қандай оқиғаға байланысты айтылады?

А.Аманжолов «Әке тәлімі» әңгімесіндегі әкесінің баласына айтқан сөзі.

9. Атақты батыр – Бауыржан Момышұлы

Атақты кино әртісі – Шәкен Айманов

Атақты суретші – Әбілхан Қастеев

Атқұмар бала – Ақан сері Қорамсаұлы

Атақты әнші – Жүсіпбек Елебеков

Бір ғасыр өмір сүрген кім? – Жамбыл Жабаев

Атақты тары өсіруші – Шығанақ Берсиев

11. Тараудағы қай өлеңде оқиға бар?

«Құмыра» М.Ерімбетов

а) Сұрақ – жауап арқылы тарауға шалу.

ә) Өз бетімен жұмыс.

Бөлімді қайталауға арналған тестпен жұмыс.

VI. Қорытындылау.

Жұмбақтар шешу.

VII. Бағалап, мадақтау.



























Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


26 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз (Сырым шешен, Балаби мен Сырым)

Сабақтың мақсаты:

1. Тарау тақырыбының мағынасын ашуға, шешендік сөзді ауыз әдебиетінің түрі ретінде еске түсіре отырып, асыл сөздерге мән беруге, маңызын, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

  1. Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктерінің кеңеюіне, сөздің құбылмалы ішкі мазмұндағы ерекшеліктерді байқауға жағдай туғызу. Тосын мәселе тапсырмасы арқылы балаларды кез келген қиындықтан шыға білуге баулу

  2. Сөз және оның мағынасын жете түсініп,қолдана білуге, әділеттілік пен жақсы қасиеттерді оқушының таңдау таразысына салу,салыстыру,бағалау мүмкіндігін беру.


Сабақ көрнекілігі: топтау сызбасы, шығармашылықжұмысқа арналған проблемалы тапсырмалар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.


ІІI.Қызығушылықты ояту.

  • Біз бүгін «Арналы бұлақ – асыл сөз» деген тарауды бастаймыз.

«Дастан мен Асан өзен жағасында кітап оқып отыр еді.Дастан кітапты жағадағы тас үстіне қоя бергенде,кітап суға түсіп кетті де, жоқ болды.

  • Кітапты сен түсірдің, сен кінәлісің,-деп ашуланды Асан.

  • «Кітапты алмай-ақ қояйық» дегенімде сен болмап едің, ендеше сен кінәлісің ,-деп ренжіді Дастан.

  • Осы дауды қалай шешер едіңдер?


IV. Жаңа сабақ

Сырым Датұлы (1712-1802 жж.) - XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асына 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және орталық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі – патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болады. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.

1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылады.

1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда – Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдық жерлерін казактар алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті.

Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшындарымен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 3 шілдеде Екатерина ІІ Нұралы ханды қызметінен босатты.

1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер одан бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңес құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мәжбүр болды.


  • Ал он үш жастағы Балаби шешеннің осындай даулы мәселені қалай шешкені қызықтыра ма?

  • Мәтінді түсініп оқу.

  • Балабидің алдына келген дау оңай болды ма?

  • Бала бидің шешіміне сенің көзқарасың қандай? Мүмкін,сен осы даудың шешуін басқаша айтатын шығарсың?

  • Ертеде шешен,ақылды адамдар көп болған. Тағы бір оқиға «Бала би мен Сырым»


V. Сөздікпен жұмыс

Қалысыңды – бөтен адамдарды


VІ. Қорытынды

- Бала би мен Сырымның шешендік сөздерінен кейін сабақ басындағы кітаптың ағып кетуіне үшінші біреу кінәлі шығар?

- Үшінші біреу-жел немесе тас кінәлі болса,екі бала ренжіспей қайтар ма еді.

- Қазақ халқы осындай асыл сөздерге құлақ түріп,жаттап алып,ауызша таратқандықтан, бұл сөздер ауыз әдебиетіне жатады.


VІІ. Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.


VІІІ. Үйге тапсырма

  • Мағынасын түсініп оқу






Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


27 – сабақ



Сабақтың тақырыбы: Талассаң, бағаң кетеді

Сабақтың мақсаты:

  1. Шешендік сөздердің мазмұны, ерекшелігі жайлы түсініктерін молайту. Шешендік сөздердің, данышпан билердің халық арасында алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Ой – өрістерін, сөздік қорларын молайту

  3. Тапқырлыққа, ұтымды сөз тауып сөйлей білуге, сөзге тоқтай білуге үйрету.


Сабақ көрнекілігі: топтау сызбасы, шығармашылықжұмысқа арналған проблемалы тапсырмалар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.


ІІI.Қызығушылықты ояту.

Жақсы сөз көңіл – ойды идіреді,

Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.

Әділ сөз пайдасы көп тебірентер,

Бәрі де қисық сөздің кері кетер, - деген Ж.Баласағұн бабамыздың даналық сөзіне көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрелікші.

  • Сөз тақырыбына тіркестер жазу. Аталған тіркестер арқылы топтарға бөлу.

І топ

Қазақ халқы шешенді неліктен дана санаған деп ойлайсыңдар?

ІІ топ

«Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалдың мағынасын түсіндіріп көріңдерші

ІІІ топ

Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің жеткізер түбі не?



  • Схема бойынша сөздің құдіретін түсіндіріп өту.


IV. Мағынаны тану

Мәтінді оқып шығу

  • Басты кейіпкерлер кімдер?

  • Өлеңдегі негізгі ой айтылған шумақты оқып бер.

  • Ел басшылары неліктен Күдеріге жүгінді?

  • Күдерінің шешендігі неде болып тұр?


V. Сөздікпен жұмыс

Шабындық – мал азығын шауып алатын шөбі қалың жер

Жүгіну – әділ шешім айтуын күту

Лақап ат – қосымша есім

Дау – талас - тартысҚалысыңды – бөтен адамдарды


VІ. Қорытынды

- «Көп тыңдап, көп сөйлеме, көріп отыр

Сөзіңді білімменен өріп отыр», - деген Ж.Баласағұн шешен сөзі бойынша өзіндік пікірлерін қоыту.

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Сабақты қорытындылау мақсатында «Бес жолды өлең» стратегиясын пайдалану

  1. Зат есім – 1 сөз

  2. Сын есім – 2 сөз

  3. Етістік – 3 сөз

  4. Мағыналас сөз – 1 сөз

  5. Мәндес сөз – 1 сөз


VІІ. Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.


VІІІ. Үйге тапсырма

  • Шешендік сөзді түсініп оқу және бірлік, ұйымшылдық тақырыбында мақал – мәтелдер жинау























Бекітемін:


ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


28 – сабақ



Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақ отбасындағы тәрбиеніңерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата.жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.

  2. Оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу тілін дамыту,сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылығын дамыту

  3. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру,үлкенді сыйлау,құрметтеу,ата тегінің тарихына құрметпен қарау керегін ұғындыру.

Сабақ көрнекілігі: «Ұлттық ұғымдар» плакаты


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

- Қазақтың киелі сандарынан хабарың бар ма?

Үш байлық

1. Бірінші байлық – денсаулық

2. Екінші байлық –ақжаулық

3. Үшінші байлық- қорадағы бес саулық

Үш би

  1. Үйсін Төле би

  2. Арғын Қаздауысты Қазыбек би

  3. Алшын Әйтеке би

Үш жұрт

  1. Ағайын жұрт

  2. Нағашы жұрт

  3. Қайын жұрт

Үш қуат

  1. Ақыл қуат

  2. Жүрек қуат

  3. Тіл қуат

Төрт тұлға:

От, Су, Жел, Жер

Төрт қылыш

Хәмхам, Омар, Оспан, Әли

Бес жаратылыс

Күн, Ай, Жұлдыз, Күндіз, Түн

Бес қатер

От, Жау, Борыш, Ауру, Сөз


ІV. Жаңа сабақ

  • 7 санын естігенде алдымен ойларыңа не келеді?

  • Өлеңді оқу

  • Сергіту сәті Саққұлақ бидің сөзі

Жеті жетекші

1 Адамның басшысы –Ақыл.

2 Жетекшісі –Талап.

3.Жолаушысы –Ой.

4.Жолдасы –Кәсіп.

5 Қорғаны –Сабыр

6.Қорғаушысы – Мінез

.7. Сынаушысы –Халық

«Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқу.

  • Жеті атаңды білесің бе? Отбасылық шежірең бар ма?

  • Жеті жұт: Құрғақшылық,Жұт,Өрт,Оба,Соғыс,Топан су,Зілзала


V. Қорытынды

- Бүгінгі даналық ұғымдар сабағынан не алдым? деген сауалға екі сөйлеммен өз ойларың жазу.

Көршіңмен дәптеріңді алмастыр.

Көршіңнің жұмысынан саған не ұнады?


VІ. Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.


VІІ . Үйге тапсырма.

Өлеңнен ұнаған шумағын жаттау және «Бақытты адам – бай адам» деген тақырыпта шығарма жазу.

























Бекітемін:


ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


29 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қ.Құмарұлы «Ата айтады»

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны мен идеясы арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүр ,әдет-ғұрыпын өмірмен байланыстыра білуге мүмкіндік беру

  2. Өлеңді талдау арқылы оқулықпен өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыру. Іздену, талпыну арқылы шығармашылық дағдысының дамуына жағдай жасау

  3. Өлеңнің негізгі ойын өмірмен салыстыра талдау арқылы ұлттықсалт-сана, дәстүр тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі плакат, маркер


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.


ІІI.Қызығушылықты ояту.

Үлкендер сендерге қандай тәрбиелейді: сыйластыққа, мәдениеттілік- ке,қамқорлыққа,адамгершілікке.


Біз білеміз

Қазіргі жаңа заман баласы

Бұрынғы заман баласы


Кестеге оқушылар өз түсінігі бойынша бала бейнесінің ерекшеліктерін жазады.

ІV. Жаңа сабақ




Кәп Құмарұлы - 1933 жылы 8 наурызда ҚХР-дың Алтай аймағының Көктоғай деген жерінде туған. 1955 жылы Монғолияда мүғалімдер даярлайтын мектепті бітірген. Содан бастап мектептерде ұстаздық етуде.

1992 — 1994 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданындағы Қайнар ауылдық С.Бегалин атындағы мектепте, 1994 — 2005 жылдары Ұржар ауданының Көкөзек орта мектебінде мұғалім болған. Қазір зейнеткерлік демалыста.

Жасыңда айтыс ақыны болған. 1959 жылдан бері өлең жазады. «Қызыл ту», «Кәрібоз», «Таудай болғым келеді», «Қос қанат», «Қос ішек», «Арпа кер» деген кітаптары жарық көрген. «Халықтық педагогика-ұлттық қазына» атты оқу құралының авторы.


1992 жылы Баян-Өлгей аймағының «Маңдай алды озат ұстазы» атағына ие болған. Облыстық Білім департаментінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған. Аймақтық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.


1 Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушылар бір рет іштей оқиды.

Сұрақтар:

  • Ақын қай заман адамдары туралы жазған?

  • Ауылдың ең үлкені кім?

  • Ауыл ақсақалдары туралы не айтылған?

  • Бұрынғы дәстүрлер туралы ақын не жазған?

Кестедегі Бұрынғы заман баласы бөлігін толтыру

  • Бұрынғы заман жастары қандай болған?

  • Жастар ойнап, күлмеген дегенді қалай түсінесіңдер?


V. Қорытынды

Сабақты бекіту.

«Сабақтан алған әсерің». Ауызша немесе жазбаша орындау.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

Түсініп оқу және өлеңде айтылған ойларға сай мақал – мәтелдер жинастыру
























Бекітемін:


ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


30 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Атымтай жомарт

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтіндердің мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру. Өмірдегі шындыққа көзқарастарының қалыптасуына негіз дайындау.

  2. Өмір туралы түсініктерін кейіпкер әрекеті арқылы талдап, дамыту. Өз бетімен жұмыстар арқылы шығармашылық деңгейін дамыту.

  3. Адам бойындағы ел есінде қаларлық құнды қасиеттерге тәрбиелеу, үлгі ету.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы мәтінге қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

Тақтада:

  1. жомарт – сараң

  2. бай – кедей

  3. еңбекқор – жалқау

Осы сөздер ішінен бір – бірімен байланысты жақсы сөздерді таңдау.

Егер кедейді таңдаса, аты жаман болғанмен, «кедейлік – кемдік емес»

Жомарт, бай, кедей, еңбекқор сөздерін пайдаланып, қысқаша мәтін құрастыру.

Оқушылардың жазғандары оқылып талданады.

Ертеде бай мен кедей көрші болыпты. Бай көрші тұратын кедейге көмектесіп, оны адам болуға үйретіпті. Ол өзінің бай болу себебін түсіндіреді. Кедей көрші байға алғысын айтты.

Мағынаны тану


ІV. Жаңа сабақ

  • Балалар, Атымтай жомарт мәтіні не туралы болуы мүмкін?

  • Оқығыларың келе ме?

  • Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам. 6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді

1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.

2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.

3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі.


V. Сөздікпен жұмыс

Ғабедет ету – әдетке айналдыру, машық қылу

Көңілге жел кіру – мастану, дандайсу


VІ. Қорытынды, бағалау

  • Атымтай жомарт қандай адам болған?

  • Оның есіміне жомарт сөзі неге тіркелді деп ойлайсыңдар?

  • Оның бай бола тұрып, еңбек етуден жалықпайтыны неліктен?

  • Атымтай жомарт кейінгілерге не ғибрат етеді?

  • Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.


Ыбырай Алтынсарин

.

  • Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

  • Мәтінді түсініп оқу, «Менің күнделікті еңбегім» тақырыбында шығарма жазу.




































Бекітемін:


ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


31 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Болат Үсенбаев «Сөз мәйегі»

Сабақтың мақсаты:

  1. Арналы бұлақ бөлімінен мағлұмат беру. Өлеңмен таныстыра отырып, мағынасын ашуға мүмкіндік беру.

  2. Мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра білу және жақсы сөздің адам өміріне тигізер пайдасын ұғына білу қабілеттерін дамыта түсу.

  3. Өлеңді әсерлі, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, оқулықтағы мәтінге қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.


Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.


Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.


Көз жеткізер,

Көз жеткізбегенді

Сөз жеткізер.


Шешеннің сөзі – мерген,

Шебердің көзі – мерген.

Ойды қорытындылау

  • Сөзде қандай құдіретті күш бар?

  • Сөзді не арқылы жеткіземіз?

  • Сөз мәйегі дегенді қалай түсінесіңдер?

Мағынаны тану

ІV. Жаңа сабақ


1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1977 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1980 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1980 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1981–1982 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1982 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің аға тілшісі, 1983–1986 жж. Шелек аудандық «Еңбек туы» газетінде, 1987 жылы «Лениншіл жас» газетінде тілші, 1988–1990 жылы «Аманат – Избиратель» газетінде бөлім меңгерушісі, 1990–1996 жж. «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы болып қызмет еткен. 1996 жылдан «Ақ желкен» журналының, қазір «Балдырған» журналы бас редактордың орынбасары.

Өлеңнің әр шумағын, мәнерлеп оқи отырып, әр шумақтағы сөздің негізгі тұғырын тауып, дәптерге жазып отыру.

Мысалы,

Сөз ..............- жаманнан жиреткен;

.............. - жайлы сыр шерткен.

............... – мақал-мәтелдердің даналығына ой жүгірткен;

............. – т.с.с

Оқушылардың тізбектей оқуы, түсініп оқуы.

  • Өзің қандай сөз түрлерін білесің?

сиқыр

қатты

жұмсақ


DrawObject27

Сөз

DrawObject29 DrawObject28

үлгілі

DrawObject31 DrawObject30

жұмбақ

DrawObject34 DrawObject32 DrawObject33

ауыр


батыл




тәтті




  • Енді әрбір тіркеске мысал келтіріп көрелік.



V. Сөздікпен жұмыс

Көркеуде – оқымаған, надан адам

VІ. Қорытынды, бағалау

  • Өлең сөздеріне мән бере оқы.

  • Мақал – м әтел бізді неге үйретеді?

  • Мақал – мәтелді неліктен «аталы сөз» деп атайды?

  • Ол туралы ақын не айтады?.

  • Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

  • Өлеңді түсініп оқу, «Мен білетін мақал-мәтел» атты жинақ жаса.







Бекітемін:


ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


32 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр әңгімелерінен

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды аңызға айналған Қожанасырдың басынан өткен қызықты жайттармен таныстыру,аңызбен шын өмірдегі Қожанасырдай адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол салу

  2. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын, қиялын ұштау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.

  3. Адам бойындағы алаңғасырлық,қиялға берілу, шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау керектігін ұғындыру

Сабақ көрнекілігі: Қожанасыр туралы аңыз әңгіме кітаптары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІI.Қызығушылықты ояту.

Арман қуып жасынан

Көктен көзін алмаған.

Байды алдап,мақтанған,

Кедейлерге жақболған.

Сараң емес бай да емес,

Ақшақұмар жан да емес

Табыңдаршы жанды осы

Сыйлығым бар тапқанға

  • Бұл өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар? Неліктен?

  • Аты аңызға айналған кімді білесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Әңгімені оқу.

Қожанасыр келбетін сомдау.



Қожанасыр – түркі халықтары арасына Орта ғасырда (13-ші н-се 14-ші ғасырларда) кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.

Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.

Қожанасыр туралы қазақтың күлдіргі әңгімелері

Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін байқап, соған саусағын тығып айналдыра береді. Жыртық ұлғая түседі. Әңгіме желісімен Темірлан:


- Қожеке, осы адам баласының ақылы кемігені қай уақытта білінеді? – деп сұрайды.


- Бәлкім, жанында отырған адамның шапанын саусағымен тескен заманда болса керек, - жеген екен Қожа.

*******


Есегім көрінбей ме?


Бірде Қожанасыр өзінің мініп жүрген есегін жоғалтып алады. Онысын өзі жаяулатып іздеп жүреді. Бір кезде ашық тұрған қораны көреді де, солай қарай тарта жөнеледі. Қораға кіріп, ішін аралап жүргенде, бір қыз бен жігіттің сүйісіп тұрғанын байқап қалады. Жігіт өзінің қызына:


- Мөлдіреген көздеріңнен дүние көрінеді! – деп айтады. Сол уақытта Қожа атып шығып:


- Менің есегім көрінбей ме? – десе керек.

******


оқырман Саяттың қосқан әңгімесі


Бір күні Қожанасырдың сағаты аяқ астынан бұзылып, жүрмей қалыпты. Қожекең сағатты әрі сілкілеп көреді, бері сілкілеп көреді. Сағат жүрмейді. Міз бақпай бір орнында тұрып алады. Содан ол: "бұған не болды екен?" деп сағатты ашып көреді. Сөйтсе ішінде бір шыбын өліп жатыр екен. Сонда Қожанасыр басын шайқап; "Неге жүрмейді десем, бұл пәтшағардың шопыры өліп қалған екен ғой!" депті.

*********


V. Қорытынды, сабақты бекіту

  • Қожанасыр жұмыртқасын неліктен жарып алды?

  • Қожанасыр қандай кейіпкер?

  • Қожанасыр қиялының орындалмауына не себеп болды?

  • Ал, өзің қиялдай аласың ба? Нені ?

  • Орындалмайтын армандарың бар ма?

  • Бұл аңыздардан қандай сабақ алуға болады?

  • «Биопоэма» стратегиясы арқылы

  1. Аты

  2. Үш-төрт етістік

  3. Басқалармен қарым-қатынасы

  4. Үш-төрт ұнататын заты

  5. Екі-үш басынан өткізген сезімдері

  6. Екі-үш жеткен дәрежесі

7. Ол қорықпайтын екі-үш зат

8. Мекен-жайы

9. Фамилиясы

VІ..Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу

Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


35 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Баланың тапқырлығы»

Сабақтың мақсаты:

а) Жазба жұмысты жаза отырып, ертегінің мазмұнын, ерекшелігін, тәрбиелік мәнін жалпылау, қорытынды жасай алуға баулу:

ә) Оқушыларды алған білімдерін пайдаланып, өз көзқарасын, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдыларға төселдіру

б) Тазалыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

ІІ. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мазмұндаманы екі рет дауыстап оқып, оқушыларды мәтінмен таныстырамын. Бір-екі оқушыдан мәтіннің мазмұнын сұрап, түсініктерін жалпылау.



Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен аса түрлері мекен етеді. Алайда осылардың ішінде тек 10-15 түрі ғана астық пен техникалық дақылдардың, көк­­­­өніс, бау-бақша егістерінің, мал жайылымдарының және ша­бын­дық жерлердің аса қауіпті зиянкестері болып табылады.

Шегірткелер үйірлі және саяқ тектестерге бөлінеді. Соның ішінде үйірлі шегірткелер аса қауіпті зиянкес ретінде бағаланады.

Тапсырма

  • Неліктен шегірткелер жерді жаулап алды?

  • Баланың тапқырлығын тауып айт

  • Сен қандай ақыл айтар едің?



Жоспары:

  1. Шегірткелердің жерді жаулап алуы

  2. Уәзірлердің ақылы

  3. Тапқыр бала

  4. Халықтың ризашылығы


Тақтаға жазылатын сөздер:

Уәзірлерін, «Ақыл жастан, асыл тастан»

ІІІ. Қорытындылау.

  • Жазба жұмыстарын жинап алып, мәтіннің мазмұнын талқылау.











































Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


33 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алдар көсенің алдауы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Алдаркөсе туралы мәлемет бере отырып, ол туралы оқыған аңыз әңгімелер талқылау.

ә) тәрбиелігі: елін қорғауға, жерін қорғауға, өз елінің данышпан адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылығы: оқушылардың қызығушылық қабілеттерін арттыру, әдеби оқулықтарды оқуға үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, ертегілер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  • Өткенді пысықтау өз беттерінше дайындалып келген тапсырмаларын сұрау

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Дайындық

Алдар көсе туралы мәлімет беру арқылы ертегі, аңыз кейіпкерінің басты мақсатымен таныстыру.

Мақсат: халықтың қалауы ел тыныштығы, елдегі озбырлықты жою. Өздерінің әлдері келмеген соң, сондай байларды қулығымен алдап арбайтын адам дүниеге келсе деп армандаған. Сол арманнан туындаған Алдаркөсе.

Алдаркөсе туралы естіген білгендерін сұрау, еске түсіру.

Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан.

2011 жылы Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Azia animation» компаниясы «Алдар көсе туралы ертегілер» атты анимациялық топтаманы жарыққа шығарды. Онда 85 мультфильм, 50 ертегі, «Бізді қоршаған әлем атты» суретті аудио-cөздік қамтылған. Жоба продюсері – Игорь Краус пен авторы – Артур Краус.

IV. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқыту. Тізбектей оқыту

Мәтінге талдау жүргізу

Мәтіндегі Шығайбай мен отбасының сараңдылығы туралы айтылатын тұстарын тауып оқу, әңгімелеу.

Мәтіннен Шығайбайды суреттейтін жолдарды тауып оқыту.

Алдаркөсе мен Шығайбайдың қылықтарына өз көзқарастарын білдірту

V. Дәптермен жұмыс

Мінездеме жазғызу.

Рөлге бөліп оқыту.

VІ. Сабақты бекіту

VІІ. Үйге тапсырма.

Оқу, өзге де ағыз оқып келу.

Оқушыларды мадақтау, бағалау.









Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


34 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру

2. Өтірік өлеңді тіл ерекшелігіне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3. Өзін-өзі тану, сыйлау, ұғымдарының терең мағынасының бірі- ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Мысал өлеңдер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Өтірік Өлең– қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым” деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде әсірелеумен қатар бейнелеу, теңеу тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалады, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логик. жүйенің қисыны сарапқа түседі. Өлеңді оқып, мағынасына мән бер

  • Өлеңдегі күлдіргі, таңданарлық, тапқыр,ақылға сыймайтын шумақтарды ажырат.

  • Бұл өтіріктің басқа өтірік пен өтірікшіліктен төмендегідей айырмашылығы барына келісесің бе?

  • Нағыз өтірікші ешқашан «бұл – өтірік» деп ескертпейді.

  • Өзінің сөзін өтірік дегендіктен, оған күліп қан қараймыз

  • Ешкімге зияны жоқ өтірік

  • Өте қызық,күлдіргі өтірік.

Өтiрiктi айтқан жақсы қостаушысы табылса

Екi өтiрiкшi бiрi бастап, бiрi қоштап ел аралап, өтiрiк айтпақшы болыпты. Бiреуi бiр күн iлгерi жүрiл, ел аралап қонған, түстенген жерiне, жолыққан адамына өтiрiк айта бермекшi болыпты. Екiншiсi бiр күн кейiн жүрiп, сол жөнмен алдыңғы өтiрiкшiнiң айтқанын растамақшы болыпты.

Өтiрiк бастаушы бiр ауылға келiп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тiл бар?», – десе, өтiрiкшi: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көктi көбелей, аспанды аралай кешiп бара жатқан елдi көрдiм», – дептi. Ел нанбапты.

Ендi келесi кешке сол ауылға қостаушы өтiрiкшi келiп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тiл бар, кеше бiр қонақ, көктi көбелей, аспанды аралай ел көшiп бара жатыр екен дейдi. Онан не бiлесiң?», – дейдi. Қостаушы: «Болса-болар, өйткенi аспаннан анда-санда керегенiң сағанағы түсiп бара жатқанын көрдiм», – дептi. Бұл өтiрiк содан кейiн лақап алып елге тарап кетiптi.

Келесi күнi өтiрiктi бастаушы ендi бiр елге келгенде, тағы да естiген-бiлгендi сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бiр үлкен көл өртенiп жатыр екен», – дептi. Ел нанбапты.

Ендi келесi күнге алдыңғы уәдемен қостаушы өтiрiк-шi келiп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тiл бар. Кеше бiр қонақ келiп, жолда бiр көл өртенiп жатыр екен деп кеттi. Онан не бiлесiң?», – дейдi. Сонда қостаушы: «Пәлi, жолда бiр кеберген көлдiң табанынан пiскен балық жеп, қайран болған едiм. Мынауыңыз сол жер болар», – деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтiрiктi айтқан жақсы, қостаушысы табылса», – деп мәтел етiп кетiптi.

ІV. Қорытынды

Өтірік өлеңдегі оқииғаларбойынша мысал,әңгіме немесе ертегі құрастыр

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

V.Үйге тапсырма. Өлеңді түсініп оқу.







Бекітемін:

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ әдебиеті

Өткізілген мерзімі:


36 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Абай «Күз»

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру

2. Өлеңді тіл ерекшелігіне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3. Өзін-өзі тану, сыйлау, ұғымдарының терең мағынасының бірі- ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІI.Қызығушылықты ояту.

- Абай Құнанбаев туралы не білесіңдір?

- Оның қандай өлеңдерін жатқа айта аласыңдар

- «Абай ата» эссе жазып, көршімен дәптер алмасу.

ІV. Жаңа сабақ

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

«Күз» өлеңін оқып,мазмұнын түсіну

Табиғатты қалай сипаттаған?

Ақын табиғатқа деген өз сезімін қалай суреттеген?

Ана тілі арқылы адам қалай өседі

V. Қорытынды

-Бүгінгі сабақта өз сезімдеріңді, ойларыңды, шығармаларыңды ана тілі арқылы жеткіздіңдер

Олай болса ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен

Тілге, Отан туралы мақал-мәтелдер айтып, талдау

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

VІ.Үйге тапсырма.

  • Өлеңді жаттау.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
913
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12