Қазағымны үнісің сен, домбыра

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазағымны үнісің сен, домбыра

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра туралы ашық сабақ оқушылар бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Мектеп миссиясы: Әлемді жақсартуға үлес қосатын адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.

Бекітемін _____________

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Уақыт ұзақтығы: 40 минут

Мерзімі: 29.05.2024 ж.


Сынып: 7,8, 9, 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Бабамның үні, бабамның тілі- домбыра»


Сабақ мақсаты

Қазақ халқының ұлттық құндылығы, музыкалық мұрасы домбыраның шығу тарихы, құрылысы жөнінде мағұлмат бере отырып, ұлттық өнерге құштарлығын арттырып, күй арқылы оқушыларды мейірімділікке, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақ соңына күтілетін нәтиже:

Оқушылар ұлттық құндылығымыз домбыра құрылысымен танысады, домбыраның және күйдің шығу тарихын біледі, ой-өрістері дамиды.

Тілдік мақсаттар

топтық жұмыстың нәтижесінде ауызша талдау, пікір бөлісу (тыңдалым, айтылым).

Сабаққа қатысты лексика мен терминология:

Домбыра, күй, жыршы, домбыра бөліктері, күй атаулары.

Құндылықтарды дарыту

Қазақ халқының ұлттық құндылығы, домбыраның құрылысы, күйдің шығу тарихы жөнінде мағлұмат бере отырып, оқушылардың ұлттық өнерге деген құштарлығын арттыру. НЗМ-ің тәрбие жұмысының «100 күй» жобасын дәріптеу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

домбыраның шығу тарихы бейнеролик, күйшілердің портреттері.

Бастапқы білім

Домбыра, күй, сазсырнай үні, жыршы т.б. білімдерін қолданады.



САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту сәті


7 минут

(Б). Ұйымдастыру сәті. Амандасу.

«Музыка терапия»

Атақты ұлы күйші- композитор, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі- Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896), «Адай» күйі ел батырларының намысын шыңдап,жігерін қайрайтын ұран болған. (оқушының орындауында немесе бейнеролик қосып күй тыңдау)

https://www.youtube.com/watch?v=EoRbSLtPN4k


Сабақтың тақырыбы таныстырылып, мақсаты мен күтілетін нәтижелерді айқындалады.

Атақты Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін еске түсіріп, оқушылармен музыка терапия, күй тыңдау (оқушының орындауында немесе видеоролик),

Күй аттары домбыра артына жасырылады. (Күй атаулары арқылы 4 топқа бөлінеді.)

  1. «Нәр ағашы» күйі

  2. «Ақсақ киік» күйі

  3. «Келіншек» күйі


Презентация

Бейнеролик





домбыра

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі







5 минут (талдау).





3 минут (бейне дерек).






5 минут













10 минут














Олай болса домбыра туралы қандай біліміміз бар екендігін жылдам сұрақтар арқылы байқап көрейік.


  1. Домбыра сөзі қайдан шыққан? (Кей деректерде «домбыра» сөзі көне шумерден аударғанда «кішкене садақ» мағынасында екені айтылады. Ахмет Жұбановтың айтуы бойынша «домбыра» сөзінің шығу тарихы «қозы құйрық» сөзімен байланысты «дунбаһ» және «бурра» деген қос араб сөздерінен дүниеге келген. Расымен де, бұл музыкалық аспаптың пішіні конус секілді, яки қозының құйрығы сияқты аяқталады)

2. Домбыра қандай ағаштан жасалады? (Ақ үйеңкі, шырша)

3. Домбыра тартуда қағыстарының түрлерін атаңыз («сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау»)

4. Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын қай күні аталып өтеді? (2018 жылдың 13 маусымында, 1 шілде)

Бейнеролик: Домбыраның шығу тарихы


Бейнероликтен кейінгі сұрақтар:

  1. Домбыра аспабын қай халық бірінші қолданды? (Көшпенді түріктер)

Домбыраның шығу тарихы туралы зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? (Марко Поло, Әбу Насыр әл-Фараби, Әл-Хусейни, Хайролла Жүзбасов, Сартқожа Қаржаубайұлы )

Мұстафа Шоқай қай қаладағы мұражайда күй орындаған? (Париж қаласындағы мұражай)

  1. Мұстафа Шоқай домбыра аспабын не себепті қастерлеген?


Домбыра жайлы білетініміз тиісті деңгейде екен. Олай болса келесі кезекті домбырамен орындалатын атақты күйшілер мен күйлерді тану ойынына көшейік.


1-топ: «Адай» күйі

2-топ: «Әлқисса» күйі

3-топ: «Көне Тараз» күйі

4-топ: «Тепең көк» күйі

5-топ: «Көңіл ашар» күйі



Әр топқа берілетін жалпылама сұрақ

  • Күйдің авторы кім?

  • Күйдің шығу тарихын білеміз бе?

  • Сіз жас ұрпаққа күйді тек тартып ғана қоймай, оның тарихын таныстыра отырып тартудың қаншалықты маңызы бар екенін қалай түсіндірер едіңіз?


Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі


Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын екпінді ұран түрінде беруге құрылған. Сондай күйдің бірі Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі. Тарихы тым тереңде қалыптасқан бұл шы-ғарманы өткен ғасырдың 1934 жылы домбырашы Қали Жантілеуов орындады. 1935 жылы Лұхпан Мұхитовтың орындауында күйтабаққа жазылып, композитор Ахмет Жұбанов оркестрге түсіреді. Бүгінгі дейін өзгеріссіз орындалып келеді.

«Адай» күйінің екінші бір түрін өзінің домбырашылық орындау ерекшелігіне қарай кезінде Дина Нұрпейісова тартқан. «Адай» күйі бұрынғы ел батырларының намысын шыңдап, жігерін қайрайтын ұран болған. Ел аузында оның шығу тарихы былайша сипатталады.

Құрманғазы бірде келе жатып, қазақтың адай руының 300 жауынгеріне кездеседі. Сол жерде ол қазақтардың алда тұрған 2 мыңдай түрікменнің жауынгерлерімен соғысайын деп тұрғанын естіп, бұлар өздерінен бірнеше есе көп жауға қалай шабайын деп тұр? Қалай болар екен деп биікке, тауға шығып ұрыстың бағытын қарап тұрған. Бұл кезде қазақтың адамнан құрылған 300 жауынгер бір қатарға қатар тұрып, сосын аттарының құйрығына қойдың терісін (тулақ) байлап, қатар тұрған күйінде қаптап тұрған түрікмендерге қарсы шапқан. Түрікмендерге қатар шауып келе жатқан 300 адай аттардың сүйреген тулағынан үлкен шаң көтеріліп, оларға өте көп болып көрінген. Түрікмендер сасып, қорқып адайлар жақындағанда кейін қарай бытырай қашқан. Адайлар артынан қуып, жеткендерін құлатып, қырған. Бұны көріп тұрған Құрманғазы адайлардың тапқырлығына, батырлығына таң қалып, сол жерде «Адай» күйін шығарған екен. Адай күйін тыңдасаң жауға шапқан ержүрек батырлардың айқайы мен аттардың шапқан дүбірі естіледі.
















https://www.youtube.com/watch?v=nhElFzEb2fw


Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі

5 минут

РЕФЛЕКСИЯ. Сабақтың мақсатына қол жеткізу нәтижесі

Қорытынды

Балалар жарайсыңдар, бүгін «Киелі домбыра» жайында көп білдік.

  1. Балалар, бүгін біз қандай күйлердің тарихымен таныстық?

Біздің мектебіміздегі «100 күйдің тарихы» атты жобаны тиімді жүргізу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?



Рефлексия

5 минут

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

  • Мен.... бүгін білдім

  • Маған... қызықты болды

  • Маған... қиын болды

  • Мен келесі тапсырмаларды орындау арқылы... үйрендім


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2024
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі