Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ- жонғар соғыстары .Ақтабан шұбырында.Алакөл Сұлама заманы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: №18 негізгі мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетов Ж

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтақырыбы:Қазақ- жонғар соғыстары .Ақтабан шұбырында.Алакөл Сұлама заманы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

8.3.2.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жоңғар мемлекетінің құрылуын түсіндіре алады

Көптеген оқушылар

Екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайын салыстыруға үйренеді

Кейбір оқушылар

Жоңғар мемлекетінің шабуылдау себептерін айқындай алады

Бағалаукритерийлері

Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне қандай себеп болғандығын айта алады.

Жоңғар хандығының жеңуіне ықпал еткен сәтті факторларды айқындап, қонтайшы қызметіне баға береді

Осы параграфта көрсетілген тарихи-географиялық орындарды, шайқас болған жерлерді картадан табады.  Осы тақырып бойынша хронологиялық кесте құра алады.

 Қарақұмда өткен құрылтайдың, Бұланты, Аңырақай шайқастарының маңызын айтады, сонымен қатар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан қандай тарихи сабақ алуға болатындығын дәлелдейді.


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология:сұлтан, хандық билік, тақ мұрагері, жырау, орталық, әулет, феодализм, аристократия, уәзір, хан, би, батыр, жасақ;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

«Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рол атқарды?» деген тақырыпта 40-55 сөзден тұратын мақала жазады. (жазылым дағдысы)

Құндылықтарды дарыту



-патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- көшбасшылық

- ұлттық сана – сезім

- бостандық

Пәнаралықбайланыстар

Қазақ әдебиеті, дүние тарихы, құқық негіздері

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларындамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


Тәуке ханның билік еткен кезеңін және жеті жарғы заңдар жинағын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин



1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал қалыптыстыру.

2. Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларға бүгінгі сабақтағы терминдер бойынша (хан, би, батыр) деп бөлемін.


Презентация






Сабақтың ортасы


3-8 мин












8-13 мин













13- 18 мин










18-23 мин








23-28 мин








28-37 мин









37-38 мин




3.Ширату сәті:

Оқушыларға тақырыпқа сай видеоматериал көрсетіледі де, жаңа сабақты ары қарай өрбіту үшін сұрақтар қойылады:

  • Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?

  • Әрбір әлеуметтік топ өкілдері қандай қызмет атқарды?

  • Хандардың, би, батырлардың басшылық рөлі мен шешімдері қаншалықты маңызды болды?

Оқушыларға мәтін таратылады.

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен),Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқаниеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-руларҚызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақайдаласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

Терминдермен жұмыс clil бойынша

  • хан

  • би

  • батыр

  • уәзір

  • төлеңгіттер

  • қарапайым халық

Топтық жұмыс.Үш топқа кестені толтыруға тапсырма беріледі:


Әлеуметтік топтар

Айырма

шылығы

Маңызы

І Түркі кезеңі




ІІ Моңғол шапқыншылығы




ІІІ

Қазақ хандығы кезеңі




Әр топ берілген тапсырманы орындап, жауаптары тыңдалады. Қажет болса толықтырылып, кері байланыс беріледі.

Жеке жұмыс. Кілт сөздер беріледі:Хан, би, сұлтан, батыр, рубасы, уәзір, төлеңгіттер, қарапайым халық, құл.Оқушылар әрбір әлеуметтік топты қоғамдағы рөліне қарай жылқы бейнесіне орналастырып, не себепті екенін түсіндіруі тиіс.

Төрт шағын топтарға тапсырмалар  беремін.

І топтың тапсырмасы:  Қарақұмдағы құрылтайдың не себепті өткендігін анықтау және құрылтайда қаралған мәселелердің шешімін айту.

ІІ топтың тапсырмасы:«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  оқиғасының зардаптары туралы айту.

ІІІ топтың тапсырмасы: Бұланты бойындағы шайқастың  маңызын айту.

ІҮ топтың тапсырмасы:

Аңырақай шайқасының  маңыздылығын айту.

Тапсырма орындалған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын

«Сәйкестендіру» әдісі

«Шабуылдау себептері мен жеңілу себептерін анықтау»

Оқушыларға екі бағанаға парақшаларда берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыруды тапсыру

Оқушылар берілген сөйлемдерді қазақтардың жеңілу себептері немесе жоғарлардың шабуылдау себептері бағаналарына сәйкес салыстыра отырып орналастырады, жіктейді. Тапсырманы орындап болған соң, неліктен осылайша сұрыптағанын тұжырымдайды.Мұғалім сабақты қорытындылайды.


Үйге тапсырма:“Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рөл атқарды?”деген тақырыпта

40-55 сөзден тұратын мақала жазыңыздар



http://el.kz/m/articles/view/%D0%90%D2%9B%D1%81%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA-1





Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010.


Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос (XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). –Павлодар, 2004.


Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.






Қазақ тарихы ғылыми әдістемелік журнал. №5, №3, №4, №2, 2010.









Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Кітап баспасы, 2010. 336-б.


Сабақтыңсоңы

38-40 мин

Рефлексия
“Плюс – минус – қызығамын ” кестесін толтырыңыз:


Плюс (+)






Минус (-)


Қызығамын (?)




Стикер

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Тілді жетік меңгермеген оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру. Термин сөздермен жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндік беру. Ойын жеткізе алуына қолдау көрсету.

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2021
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12