400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 27.01.2021

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: «Интернатта оқып жүр» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуын ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

II. Жаңа сабақ. Конспект жазу.

«Интернатта оқып жүр...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 77 жол.

Негізгі тақырыбы – қазақ балаларының азаматтық білім беретін мектептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет ету жайлы. 19 ғасырдың 80 жылдарында оқу-ағарту ісін жүйелі түрде жүргізу мақсатымен әкімш. орталықтарында әр түрлі дәрежеде орыс-қазақ мектептері ашылып, олардың жанынан интернаттар құрылғаны белгілі. Ақынның ағартушы-демократтық көзқарастарының басты-басты принциптері бұл өлеңде барынша толық білдірілген. Өлеңнің алғашқы жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкелі жақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Мысалы ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына ырза. Ал шәкірттердің кейбіреулері орысша арыз жазып, сонымен күн көруді, әрі кеткенде не тілмаш, не адвокат болып, ел ішіндегі алауыздық арасынан жалған беделге ие болуды ғана арман етеді.

Сол себептен де ақын: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой» деп, жас ұрпақтың үлкен адамгершілік мұраттарынан, рухани қазынадан қағыс қалатынына қынжылады. Өлеңнің 2-шумағында автор өзінің ағартушылық бағдарламасының негізгі тұғырларын өз тарапынан жастарға тікелей арнаған үндеу сөздерімен жеткізеді: Бас пайдаңды ойлама, ар-абройды ойла; талмай талаптанып, ғылым ізде. Әскери қызмет қылып, шен алуды мақсат етпе, әкімшілік орындарына да қызмет істеп жағынба. Алыс та болса, асыл мақсаттарды көздеп, өмірден іргелі орын алуға ұмтыл. Соның барлығында да тура жолдан тайма, адалдықтан айныма. Ақынның жас ұрпақты оқыту женіндегі талаптары осындай. Кейбір деректерге қарағанда,

Абай бұл өлеңді өз балалары – Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды Семейге апарып, оқуға бергеннен кейін жазса керек. Демек, жаңағы ойлардың бәрі ақынның өмір керіністерінен алған тікелей әсерінен туған.

Өлең 7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Өлең белорус, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және талдау.


Интернатта оқып жүр

Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы —

Жаңа өспірім, көкөрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы,

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы —

Білсем деген таласы.

Прошение1 жазуға,

Тырысар келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек

Істің ақ пен қарасы?

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

Иждиһатсыз2, михнатсыз

Табылмас ғылым сарасы.

Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы?

Орыс теріс айтпайды,

Жаман бол деп оларды.

Қаны бұзық өзі ойлар

Қу менен сұм боларды,

Орыста қалар жаласы.

Бұл іске кім виноват3 —

Я Семейдің қаласы?

Я қазақтың аласы?

Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой,

Көңілінде жоқ санасы.

Ақылы кімнің бар болса,

Демес мүны тілі ащы.

Айтыңызшы, болсаңыз

Здравомыслящий⁴,

Ақыл айтпай ма ағасы?

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный⁵ қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың,

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы —

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге.

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып,

Жол таба алмай жүруге.

Алыс та болса іздеп тап,

Кореннойға⁶кіруге,

"Талапты ерге нұр жауар",

Жүріп өмір сүруге.

Я байларға қызмет қыл,

Ерінбей шауып желуге.

Адал жуүріп, адал тұр,

Счетың⁷ тура келуге.

Жаныңа жақса, соңынан

Жалқауланба еруге.

Қисық болса, закон бар

Судьяға беруге.

Ол да оязной емес қой,

Алуға теңдік сенуге.

Я өз бетіңмен тәуекел,

Занимайся прямотой⁸.

Жеңіл көрме, бек керек

Оған да ғылым, оған да ой,

Қалайынша қайда енуге?


Сабақты қорыту. Сұрақтарға жауап жазу.


  • Өлеңнің «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен үндестігін мәтіннен нақты мысалдар келтіріп дәлелде.

  • Өлеңнің патшалық оқыту, ел билеу жүйесін сынауына нақты мысал келтір.

  • Өлеңде Абай Салтыков-Щедринді еске алып, онымен не айтпақшы, соған ой жүгірт.

  • Өлеңдегі ақыл-нақыл сөздерді жинақтап, оның тәрбиелік мәніне тоқтал (мысалы, «пайда ойлама, ар ойла»).


Үйге тапсырма: «Интернатта оқып жүр» өлеңін жаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1239
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі