400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті Эссе "Асыл әжем"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға эссе жазып үйрену үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе

Асыл әжем

Иә, мен әжем туралы айтар болсам, ол кісінің ғұмыры таусылмас қазына. Менің әжем қәзіргі кезде ауылда ортаншы ұлы Аят көкемнің қолында тұрады. Әжем жастайынан мектепте ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеп "Құрметті озат ұстаз" атанып зейнетке шыққан өте қадірлі ана. Мінезі өте жұмсақ, дегенмен кейде мазаласақ, ақыл айтып, тентектігімізді тыйып орнымызға қоя білетін қасиеті де бар. Менің әжем өте білімді, қандай сұрақ қойсаң да нақты жауап аласың. Жиын, тойларда ағайын арасында әнді керемет айтады, мың бұралып қазақша биді де билейді. Сонымен қатар өте шебер ісмерлігімен ауыл аймаққа кең танылған кісі. Әжем түрлі матадан құрақ құрап, көрпе, сырмақ тігеді, неше түрлі ою ойып, киіз басады. Ол кісінің қолынан шыққан бұйымдарды пайдаланбаған адам ауыл аймақта кемде-кем шығар. Әжем облыстық шеберлер ұйымының белді мүшесі. Облыстық, аудандық жарыстарда құрақ құрап, оюлап көрпе тігуден жоғары орындар алып, бағалы сыйлықтармен марапатталған. Сонымен қатар, өзі тұратын аудан газетінің тұрақты тілшісі, яғни газет, журналдарға әр түрлі қызықты мақала, әңгімелер және өзі шығаратын өлең жолдарын жариялап тұрады.

Менің әжем ұлдарын тәрбиелеп "Алтын алқа" иесі атанып, немере шөбере сүйіп отырған- батыр ана. Міне менің әжем осындай елге сыйлы сегіз қырлы, бір сырлы -аяулы ана. Мен әжемді өте жақсы көремін, өте құрметтеймін және мақтан тұтамын!


Мэлс Еларыс 5 б сынып оқушысы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.04.2021
3124
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі