400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті, ғылыми жоба- қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбы- Сейдахмет Бердіқұлов

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда қазақ әдебиетінде спорт тақырыбы саласындағы өзіндік орны бар Сейдахмет Бердіқұлов Жайлы айтылады. Спорт пен журналистка саласындағы еңбектері жайлы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы

Панфилов ауданы



«Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Оқушының аты- жөні: Дарубай Мерейлі



Сыныбы: 10 «А»





Тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбы- Сейдахмет Бердіқұлов







Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті

Жетекшісі: Раева Айгерім Джумагазықызы



















Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбының негізін салушы -Сейдахмет Бердіқұлов.

Жоба көлемі: 11бет

Жобада пайдаланған әдебиеттер саны: 4

Жобаның өзектілігі. Қазақ әдебиетінің журналистика саласына ең алғаш болып спорт тақырыбын енгізген жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы. Қазақ әдебиетінің қыр- сырын басқа да жақтан зерттеп, зерделеп, болашақ жас ұрпақ бойына рухани құндылық енгізсек, әдебиет саласы даму, жаңару үстінде болады.

Жобаның мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиетінде спорт тақырыбының орны, қалыптасу мен даму жолдарын айқындап, жазушы шығармаларына талдау жасау.

Ғылыми жоба жаңалығы: Қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбының маңызы, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың ең алғаш болып әдебиет саласына спорт тақырыбын енгізіп, екеуін егіз қозыдай қатар алып жүріп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырғандығы жайлы кеңінен айтылады. Қазақ журналистикасының дамуына талдау жасау.

























1



Мазмұны

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------4

Негізгі бөлім

І тарау. Қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбы жайлы шолу жасау.

ІІ тарау. Соқпағы соны Сейдахмет Бердіқұлов.

ІІІ тарау. Сейдахмет Бердқіқұловтың қазақ әдебиетінің журналистика саласына қосқан үлесі.------------------------------------------------------------------5-9

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------10

Пайдаланған әдебиеттер------------------------------------------------------------------11

































3



Кіріспе

Спорт! Сен өміріміздің сенімді серігісің! Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың! Спорт! Сен- арманда, қол жеткіз, биікке қол соз дейсің! Сен адамдарды белгілі тәртіппен күш сынасуға, өзін- өзі жеңуге шақырасың! Спорт ол- мәңгілік қозғалыс.

Спорт- адам баласының қажеттілігін өтей алатын құдіретті күш. Спортта шекара болған жоқ, болғанда емес. Ол текбір ұлттың, мемлекеттің үлесіне тиген рухани азық, бүкіл адамзат бір халықтың немесе қоғамының шығармашылық қабілетінің нәтижесі.

Спорт- әрбір халықтың мақтанышы, мемлекеттің мәртебесі, мәдениеттің, қарым- қатынастың тиімді құралы. Спорт- достық, бейбітшілік өзара түсінушіліктің елшісі. Ал журналистика- бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы озық үлгі болғандықтан, оның спорттық хабарларды таратудағы рөлі зор екендігі айтпаса да түсінікті.

Қазіргі уақытта қазақ әдебиетінде спорт тақырыбының жазылуы мен жазушының мақсаты, бейнелеу тәсілдері біршама зерттеліп келеді. Бірақ бұл тақырып төңірегінде зерттеушілер саусақпен санарлық.

«Дүние үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпен өлінер, баяғыдай көрінер», бұл – Абай сөзі екен дегенді жастайымыздан естіп келеміз. Осы алмасып жатқан дүние әдебиетті де еске алады. Артқы толқынға да қараймыз. Әдебиетте мәңгі қозғалыс, өрлеу бар. Сол асу толқында бағытынан ажырамай, көздеген мәресінен жаңылмай келе жатқан қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі- Сейдахмет Бердіқұлов.

Қазақ әдебиеттану ғылымында спорт тақырыбына байланысты жазылған прозалық шығармалар көп те емес. Сол аз да болса жазылған шығармалардың ішінде Сейдахмет Бердіқұловтың туындыларының алар орны ерекше. Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылы 9 мамырда, Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракесек қыстағында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Спорт – әлемдік дамудың көрінісі. Әлеуметтік. Экономикалық, мәдени, рухани жағынан мешеу қалған қоғамның қай- қайсысында да спорт ешқашан той тойлаған емес. Ендеше оның әдебиеттің үлкен арнасына айналуы да заңды құбылыс. Спорт тақырыбына шекесінен қарайтын, әлемдік мәдениеттің дамуын бойға сіңіре қоймаған өрісі тар өзімшілдіктің уақыты өткен. Жұмыр жерді дүрліктірген спорттық мерекелердің әдебиетке де жаңалық әкелгенін, оның сыртқы сұлулығы мен ішкі драмасы бай жаңа кейіпкерлерді ала келгенін көкірегі ояу, көзі ашық әр әдебиетші біледі, құрметтейді.

4

Негізгі бөлім

Сейдахмет Бердіқұловтың әлемдік спорт ойындарының ішкі- сыртқы сырымен, сан қырымен, бар бояуымен көлегейсіз көрсететін спорт тақырыбын биік мәдениетке көтерген жазушылардың бірі.

Жоқтаушысы, жақтаушысы футболдың,

Білініп тұр бұл шақтары күнде орның.

Сезімі аз семіздікті қаламай,

Сергектікпен серке боп сен күн көрдің...», - деп Тұманбай Молдағалиев «Футбол келді» өлеңінде Сейдахмет Бердіқұловтың ерен еңбегін айтып кеткен.

Сейдахмет Бердіқұлов жайында өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды.

Танымал жазушы Сейдахмет Берді­­­құлов спорт тарихының көр­некті білгірі болатын. Мерзімді басылым беттерінде оның спорт туралы репортаждары, әртүрлі очерк­тері, мақалалары жиі жарияланып тұрды. Содан да болар, қалың оқырман ол кісіні спорт шежірешісі деп қабылдайтын.

Сейдахмет Бердіқұлов бастапқы кезеңде, «Қазақ­стан пионері» газетінің бас редакторы болғанда да, одан кейін 1970 жылдан 80-жылдардың ортасына дейін кешегі «Лениншіл жас», бүгінгі «Жас Алаш» газетін басқарған тұс­та да қазақ жастарының өсуіне, болашағына спорттың ықпалы зор екенін насихаттаумен болды. Сол «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітапты кезінде бүкіл қазақ қоғамы оқып шықты-ау десем қателесе қоймаспын. Өйткені, ол спорт туралы, спорттың ішінде футбол туралы болатын. Қазақ сол кезде де футболға жари алмай жүретін. 60-шы жылдардың басында құрылған «Қайрат» Одақ көлемінде футбол жарысына қатысатын жалғыз команда еді. Ол жылдары Алматының Орталық стадионына «Қайрат» командасы ойнаған сайын билет алу да қиын болатын. Қаладағы, қала маңындағы елді мекендерден футбол жанкүйерлері иін тіресе футболға келетін. Алматыға сырттан келген адам егер жолы болып бір билет сатып алса, соған мәз болып қуанып, «Қайраттың» ойынын көрдім деп мақтанып, марқайып жүретін.

5



Бірақ, «Қайраттың» ойы­ны бірде қуантады, бірде күйін­те­ді. Сөйтіп жүрген заманда Сей­дах­­­­­мет Бердіқұловтың бүкіл дү­ние жүзінің сол кездегі атақты

фут­болшыларының есімдері бар, футбол туралы керемет мағ­лұматтар келтірілген, футбол чем­пионаттары туралы, жалпы футболдың, спорттың қоғамдағы орны туралы керемет ой-пікірлер айтылған «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарыққа шықты.

Сейдахмет Бердіқұлов жастайы­нан жаңалыққа құмартып, ерекше сезімталдықпен, қызығушылықпен өс­кен азамат еді. Ол кезде қазіргідей еркін­шілік заман емес, шетелге Қазақстан журналистерінің шығуы сирек оқиға болатын. Өйткені, ол мәселе тек Мәскеу арқылы ше­шіле­тін. Міне, сондай жағдайда әлемнің, Еуропаның футбол чемпионаттары сияқты ең жоғары мәртебелі бү­кіл дүниежүзілік жарыстарға, халықаралық сайыстарға барып, озық әңгімелер айтып жүрген бір­ден-бір жазушымыз да, жур­на­лисіміз де осы Сейдахмет Бер­діқұлов болды. Әңгіме Секеңнің сол халықаралық спорт жарыстарына баруында емес, жай барып қана қоймай, сол көргендерін, көңілге түйгендерін еліне жеткізуінде, қалың оқырманмен бөлісуінде, ортаға ой салуында, спорттың ұлт намысының көрнекті туы екендігін ұрпақтың санасына жеткізуге талпынуында. Жазушы шығармаларын қазір де алып оқысаңыз, өзіңіз бірден сол оқиғаның ортасында жүргендей, сол футбол додасын тура қазір көріп отырғандай әсер аласыз. Ол, әрине, жазушының шығармашылық шеберлігі. Жазушы шеберлігі ол кісінің азаматтық ұстанымымен, азаматтық дү­ниетанымымен байланысты болып, отансүйгіштік рухқа, патриоттыққа тәр­биелейді.

Жазушы Сейдахмет Бердіқұлов шығармаларындағы кейіпкерлер тек қара дауыл екпінінің, ересен ептіліктің иесі, намыс оты маздаған, жүрегіне ел мен жерді сыйғызып, сымбаты мен сыры жарасқан жігерлі адамдар бейнелейді. Сейдахмет Бердіқұлов республика журналистикасының дамуына зор үлесін қосты. Оның басқаруымен шығып тұрған жастар газеті рухани-имандылық бағыттағы ізденумен, салт- дәстүрді сақтаумен, өзіміздің туған тіліміз, ана тілін аялаумен, тарихи шындықты жаңғыртумен, экологиялық зардапты жоюмен байланысты өткір тақырыптарды жүйелі түрде көтеріп отырды. Оның қаламынан өзіне тән қайсарлықпен проблемаларды ашық айтқан көсем сөздік очергтер сериалары шықты. Сейдахмет Бердіқұлов көптеген көркем және көсемсөз шығармаларының авторы екені белгілі. Республикада алғашқылардың бірі болып әдебиетте спорт тақырыбын терең зерттеді. Спорт адамдарының қазақ сахнасында мәңгі есте қаларлық бейнесін жасады. Сейдахмет Бердіқұлов өзінің керемет жазушылық қабілетінің арқасында қазақ әдебиетінде бұрын соңды болмаған соны тақырыпқа өзіндік жаңалық ала келді. Қаламгер өмірінің ең бір нәрлі, жақсы тұстарын сол кездегі әйгілі

6

«Лениншіл жасқа» арнады. Қазіргі қазақ журналистикасының ардақты ардагері атағына ие болды.

Жазушының «Пердесіз көңіл» атты шығармасы да халық көңілінен шығатын нағыз көркемсөзбен нақышталып жазылған. Бұл туындысында да жазушы спорт тақырыбын сан қырынан аша білген. Балалық шақтың естелігі, ұмытылмас сәттер осы шығармадан көрініс табады.

... «Терезеден қараймын. Аяңдап кетіп барады. Дала болса көздің жауын алады. Аспанда бұйра- бұйра ақ жібек.Ал жердегі жаңа шешек атқан алма, өрік, сол жібектен тоқылған ақ шәйі орамал. Әр үйдің бас- басына көкпеңбек аспаны, бу желең бұлты бар. Рақаң ұзыннан ұзақ көшеге кетіп барады. Оқта- текте сәлем алады. Кідіреді. Көз жазып қалғым жоқ. Қимаймын. » [1,2]

Жазушы шығармалары: «Сол орамал жоғалмайды» 1965 жылы, «Жүрек ұйықтауды білмейді» 1966 жылы,  «Жұмыр жерде теңбіл доп» 1968 жылы, «Егеулі найза» 1969 жылы, «Аспаннан шұға жауған күн» 1975 жылы, «Мұңайып оянған қала» 1979 жылы, «Үшінші подъезд» 1980 жылы, «Пердесіз көңіл» 1983 жылы, «Арбаған мәні бір сиқыр» 1987 жылы, Немістің Гельмут деген миллионерінің арнайы келіп, Әуезовті көре алмағанына қапа болғанын суреттеген «Миллионер өкінген түн» атты туындысын жазды. «Таңдамалы» екі томдық 1991 жылы жарыққа шыққан.  «Ғажайып дәптер» әңгімесінде ұлы жазушының Семейде оқып жүрген кезінен сыр шертеді. Әуезовтің ұқыптылығы мен білімділігін жас жеткіншектерге үлгі етіп ұсынады.

Автордың есте қалатын бір ерекшелігі – жазушының мәдениеті. Кейіпкер характерін суреттеуде образды теңеулерді, бейнелі сөздерді сәтті таңдайды. Көркемсөз- Сейдахмет Бердіқұлов үшін ой- қиялының қанаты.

Сейдахмет Бердіқұлов творчествосы – сан салалы, мәуелі творчестово. Оның шығармаларындағы өмір оқиғасы сирек кездесетін жайттар емес, қарапайым екінің бірінің басында болатын өмір. Өмір қандай алуан қырлы болса да оның қыры мен сыры да Сейдахмет Бердіқұлов шығармаларында түрлі кейіпте қайталанып отырады.

Жазушының «Тұйғын» атты шығармасында, Тұйғынның бойындағы лапылдаған жалын жай жарқыл емес, кемеріңе келген құштарлықтың, асыл- тасыған, жігердің өшпес алауы. Тұйғындар тұрғанда еліміздің, ерлігіміздің туы мәңгі асқақтай түсетіні кәміл. Сейдахмет Бердіқұлов өз шығармаларында футболдың дүниелік көлемде өткен қызу додаларында ондағы барлық халықтарды тамсандырған Пеле, Факетти, Эйсебио, Мюллер, Круиффтер және олардың командалары жайлы толық тоқталып кеткен. Бұлар жайында қаламгер кітабындағы қызықты әңгімелер көл- көсір.

7

Сейдахмет Бердіқұлов республика журналистикасының дамуына зор үлес қосты. Оның басқаруымен шығып тұрған жастар газеті рухани- имандылық бағыттағы ізденумен, салт-дәстүрді сақтаумен, өзіміздің туған тіліміз ана тілін аялаумен, тарихи шындықты дамытумен айналысты.

Қазақ әдебиетінде шығармашылық жүрегі тақырыбы болса, сол жүректің үлкені Сейдахмет Бердіқұлов болушы еді. Оның кітаптарын «ауыз ашпай», «көз жұмбай» айтып шығуы мүмкін болмайтын: «Жұмыр жерде теңбіл доп», «Егеулі найза», «Жүрек ұйықтауды білмейді», «Ол орамал жоғалмайды», «Аспаннан шұға жауған күн», «Үшінші подьезд», «Пердесіз көңіл», «Мұңайып оянған қала»т.с.с

Сейдахмет Бердіқұлов журналистика мен әдебиетті қатар алып жүру арқылы халқымыздың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрлерін сақтау идеясын насихаттады; ана тілімізді қастерлеу, оны орнықтыру және тілді қорлауға бермеу майданын ашты; қазақ халқының рухани адамгершілік, жастар тәрбиесі саласындағы ортақ ой бағдарламаларын орнықтырды.

«Сейдахмет Бердіқұлов – спорт тақырыбының жан берушісі, көшбасшысы» деген сөздің ешбір қатесі жоқ. Жазушы қаламының желісі арқылы спортшы және сол спорттағы ұлттық белгілерінің бояуын беру арқылы бүкіл қазақ халқын жанкүйерге, яғни сол ұлттық тақырыптың жоқтаушысына айналдырды.

Спорт секілді арудай сұлу, семсердей сертті тақырыпты таңдап қана қоймай, сол тақырып арқылы қазақ халқының атын әлемге әйгілі еткен қазақтың қайсар ұлдарының бірі.

Сейдахмет Бердіқұлов – күрделі тұлға болатын журналист, басшы, қайраткер ретінде мақтау- марапатқа ие бола алады. Жазушының спорттық шиеленістер арқылы адам жан- дүниесінің иірімдерінің әлемдік дәрежеге жеткізуге жалпыланған қаламгерлігі оның өзінің туған елі, халқына деген сүйіспеншілігін айғақтайтын қажымас патриоттығын көрсетуші еді. Қаламгер сол мінезі арқылы халқына адал қызмет етті. [2,132]

«Спорт – намыстың қайрақтысы», - дейді жазушы Сейдахмет Бердіқұлов. Оның шығармаларының тілі тамаша болған. Қандай оқиғаны әңгімелеп отырса да мәнімен, мағынасымен жаза білген. Барлық шығармасы ұстаның шегесіндей- ұшы өткір, түбі мол, рахат дүниеге кенелесің де отырасың. Шығармаларының кей тұстарында еріксіз күлкіге де бөленесің. Кейбір әдеби шығармаларында жоқтан күлкі іздеп тауып, орынсыз жерге жапсырмалап қойғаны біртүрлі болып тұрады.



8

Ал жазушыды ол жоқ. Ол өзінің бүкіл шығармаларында жазушының тілі, өз баяндауымен әңгімелеуі мәнерімен құрылған.

Сейдахмет Бердіқұловтың «Мұңайып оянған қала» повесінде ел мен жер танудың, көргенді көңілге тоқумен оқырмандарына лайықтап бере білудің, түйсінуге өте қиын велосипед спортының биік шыңындай жазылған бұл повесть қазақ оқырмандарына көз қуанышы бола білді.

Журналистика мен жазушылықты құстың қос қанатындай тең алып келе жатқан Сейдахмет – өз оқырманын әрдайым қуантып жүрген қалам иесі. Ол – жиырмадан астам деректі публицистикалық, танымдық әрі көркем әдеби кітаптардың авторы. Үлкен өмірдің, толғақты тіршіліктің проблемалары мен көкейкесті мәселелерін қозғаған шығармалары, ой-тебіреністері келер ұрпаққа мұра болып қалды. Сейдахмет Бердіқұловтың өр тұлғасы, сырты қатал көрінгенімен, жібектей жұмсақ жан дүниесі жаныңды қайта тербеп, сол бір арайлы күндерді көз алдыңа әкелгендей болады.

Сейдахмет Бердіқұлов шығармаларын оқы да көз алдыңа елестет. Тура бір сол оқиғаның ішінде жүргендей боласың. «Елеңдеп қалған адам бір бүйірі қызған бәйге аты секілді деңіз де қойыңыз. Байыз тауып не отырып, не жата алмайды. Аз- кем аяқ суытқаннан соң, көшеге шықтым. Қолымда Грузин журналисі Отар Нададзе футболға байланысты дүниені сыпырып- сиырып сатып ала береді» [4;8].

Жазушының батырлық та, ақындық та мінезі бар. Қарасай батыр басқан топырақты ол да басты. Бабасы жұтқан ауаны ол да жұтып, өзінің туған ауылы Қарақыстақтың қасиетті суын ішті. Есімі елге таныс, зиялы азамат Сейдахмет Бердіқұлов төл әдебиетіміздің топтан озған нағыз тарланы десек артық айтпаған болар едік. Жазушы – ХІІ ғасырдан бері өз көшін түзеп келе жатқан қазақ халқының намысын жыртар бір ұлы.

Спорт- қазақ жазушыларының да, журналистерінің де құрығына ұсталмаған пәле. Спорттың қай саласына болмасын, ат жарасының желікпесімен, бәйгенің сынымен қарайтынбыз. Бүгінде содан асып кеткеніміз шамалы. Спорт тақырыбын ең әуелі журналистикаға, одан кейін үлкен әдебиетке тақырып етіп әкелген Сейдахмет Бердіқұлов. Осындай сәтте әрі жанкүйер, әрі жазушы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұндай жағдайда адамдардың басым көпшілігі екі оттың біріне күюге шыдағанмен, екіншісіне шыдай алмасы анық. Ал осынау екі оттың алауына өзегін жандырту, содан соң өрт сезімін жанкүйерге- оқырманға жеткізе білу қаламгерлік сирек бағыт.



9

Қорытынды

«Сейдахмет Бердіқұлов – спорт тақырыбының жан берушісі, көшбасшысы» деген сөздің ешбір қатесі жоқ. Жазушы қаламының желісі арқылы спортшы және сол спорттағы ұлттық белгілерінің бояуын беру арқылы бүкіл қазақ халқын жанкүйерге, яғни сол ұлттық тақырыптың жоқтаушысына айналдырды. «Журналист – қоғамдық пікірдің жазушы күші. Журналист өзінен гөрі, өзгенің тағдырына арашашы, өзінің емес, өзгенің жоқтаушысы. Осы орайда, С.Бердіқұлов – ең алдымен талантты журналист, білікті тәлімгер әрі ұстаздарының сенімін ақтай білген, артынан өз мектебін қалыптастырып, шәкірттерін тәрбиелей алған қазақ спорт журналистикасының маңдай алды өкілі». Жазушының тағы бір ерекшелігі – спортқа жан бітіруінде. «Тұйғын» атты кітабында алғашқы қазақ спортшыларының жетістіктерін баяндаса, «3 подъезд» өзге ұлттардың да таңдай қақтырар спортшыларымен қазақ оқырманын таныстырды. Мұндағы басты мақсат – спортқа деген сүйіспеншілікті ояту. Жас оқырмандарды спортқа тарту. Әрбір жазбасы бәйге іспеттес.
Спорт секілді арудай сұлу, семсердей сертті тақырыпты таңдап қана қоймай, сол тақырып арқылы қазақ халқының атын әлемге әйгілі еткен қазақтың қайсар ұлдарының бірі.

Сейдахмет Бердіқұлов – күрделі тұлға болатын журналист, басшы, қайраткер ретінде мақтау- марапатқа ие бола алады. Жазушының спорттық шиеленістер арқылы адам жан- дүниесінің иірімдерінің әлемдік дәрежеге жеткізуге жалпыланған қаламгерлігі оның өзінің туған елі, халқына деген сүйіспеншілігін айғақтайтын қажымас патриоттығын көрсетуші еді. Қаламгер сол мінезі арқылы халқына адал қызмет етті. [2,132]

Сейдахмет Бердіқұлов қазақ елін, даласын шексіз сүйетіндігі, халық жадында сақталған әңгімелерді, халық қазынасын жақсы білетіндігі, біліммен авторлық мәдениеті әр туындысында айқын көрініп тұр. Қандай оқырманды болса да өзінің алтындай қымбат шығармаларымен тәнті ететін жазушы өзінің қарапайымдылығымен, қадір- қасиетімен, парасаттылығымен, қазақ елінің спорт жанашыры ретінде халық жадында мәңгі сақталып қалмақ.











10































10

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі