400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 8 сынып оқушыларына арналған шығармашылық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" шығармасы бойынша 8 сынып оқушыларына арналған шығармашылық тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шығармашылық тапсырмалар

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША

Білу:


1- тапсырма: Роман мазмұны бойынша білу кезеңін тексеруге арналған сұрақтарға толық жауап жаз

1. Сәрсенбайға молда қай кезде ескерту жасады?

2. Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?

3. Романдағы қысқа мерзімде ғана көрінетін жағымсыз жандар кімдер?

4. Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуға тиісті емес пе еді?

5. Жамал Жұманға неге тиді?



2- тапсырма: Роман кейіпкерлеріне мінездеме бер.

Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез-құлық, әрекеттер мен салт-дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын жазбаша білдір

Бағалау дискрипторлары

  • Сұрақтарға дәл әрі нақты жауап жазуы

  • Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі

  • Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез-құлық, әрекеттер мен салт-дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын жазбаша сауатты түрде білдіруі

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы






















Шығармашылық тапсырмалар

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША

Түсінуі:


1- тапсырма: Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы сюжетті оқиғаларды жекелей баяндау арқылы әр жағдайға сипаттама жаз.

2- тапсырма: Сұрақтарға нақ әрі толық жауап жаз.

  1. Роман қандай көңіл күймен басталды?

  2. Ұлықтың келуі мен ауылнайдың әңгімесі Сәрсенбайдың қуанышымен қалай байланыстырылған?

  3. Сәрсенбайдың Шолпанға үйленуі туралы не білесің? Жамалдың оқуы, Ғазиз мұғалімнің ісі Сәрсенбайдың әкелігіне қалай ықпал етті?

  4. Сәрсенбайдың болыс сайлауына түсуі романда қаншалықты орын алады? Жамал қай кездері бақытты секілді еді?

  5. Жамалдың бақытсыздығына, ажалына алдымен кім кінәлы, жағдайды өзгертуге болатын ба еді?

  6. Жамалға көмектескендер болды ма?

Бағалау дискрипторлары

  • Роман мазмұны бойынша 2 түрлі сюжетті оқиғаны баяндау арқылы сипаттап жазады

  • Сұрақтарға нақты жауап жазады

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы




























Шығармашылық тапсырмалар

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША

Қолдануы:


1- тапсырма: Жазушы тілінің көркемдігі неде?

Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру: А. Көктемгі ауыл суреті мен сәбидің дүниеге келу қуанышы;

Ә. Жамалдың Жұманнан қашқан күні мен қысқы боранның үдеуі.

Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу.

Бағалау дискрипторлары

  • Екі жақты қатар суреттеу арқылы психологиялық параллелизмді анықтайды

  • Әр кейіпкер туралы кесте бойынша топтастыру жасайды

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы



































Талдауы:


1- тапсырма: Романның бөлімдеріне тақырып қою, неліктен осылай атағанын түсіндіру. Бөлімдердің бір бірімен байланыстырылу шеберлігін түсіндіру.

Сол арқылы роман көтерген тақырып пен автор идеясын табу.

Бағалау дискрипторлары

  • Романның әр бөліміне ат қояды, аталу себебін түсіндіріп жазады

  • Бөлімдердің бір бірімен байланысын анықтайды

  • Романның негізгі тақырыбы мен автор идеясын тауып жазады

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы







































Жинақтауы:


1- тапсырма: Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдап жаз

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі немесе аяқталуы.

Бағалау дискрипторлары

  • Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы







































Бағалауы:

1- тапсырма: Аяқталмаған сөйлемдерді толықтыр.

А. Маған романдағы ...............кейіпкерлердің .......... әрекеттері ұнады:

Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мен ............ түсіндім:

Б. «Бақытсыз Жамал» романы қазақ романының басы екеніне дәлел көп. Себебі ........

2- тапсырма: «Егер Жамал ....»,- деп басталатын шағын эссе жаз.

Бағалау дискрипторлары

  • Аяқталмаған сөйлемдерді толықтырады

  • Эссе талаптарын сақтай отырып жазады

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы





































Талдауы:

1- тапсырма: Шығармада кездескен лексикалық аспектілерді анықтап жаз

Бағалау дискрипторлары

  • Романда кездескен лексикалық аспектілерді анықтайды

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы











































Талдауы:

1- тапсырма: Шығармада кездескен морфологиялық аспектілерді анықтап жаз

Бағалау дискрипторлары

  • Романда кездескен морфологиялық аспектілерді анықтайды

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы










































Талдауы:

1- тапсырма: Шығармада кездескен синтаксистік аспектілерді анықтап жаз

Бағалау дискрипторлары

  • Романда кездескен синтаксистік аспектілерді анықтайды

Қорытынды бағалау бойынша мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
2285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі