Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ әдебиеті пәні бойынша тест сұрақтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары.
1 нұсқа
1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.
18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Абылай хан.
B) Жәңгір хан.
C) Қасым хан.
D) Тәуке хан.
E) Есім хан.
19. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
A) Махамбет.
B) Мұрат.
C) Шернияз.
D) Жанкісі.
E) Шортанбай.
20. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.
A) Байғазы.
B) Құрымбай.
C) Итбай.
D) Тұрлығұл.
E) Амантай.
21. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
A) Естіген хикаясы себеп болған.
B) Жазушы қиялынан туған.
C) Өз басынан өткен.
D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.
22. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу.
23. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір
құбылыстарының түйіні.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін
ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.
24. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат…» шығармасы прозаның қай түріне жататынын табыңыз.
A) Эпопея.
B) Әңгіме.
C) Повесть.
D) Эссе.
E) Роман.
25. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз.
A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
B) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
C) Түркі қағанаты дәуіріне.
D) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
E) Кеңес дәуіріндегі әдебиет.
26. Ай астына аспанға
Құрды бақан қақтырып,
Алтын теңге аттырып,
Теңгені атып түсірген ... – батыр қай сұлуды алады, табыңыз.
A) Құртқаны сұлу сол алар
B) Назымды сұлу сол алар
C) Гүлбаршынды сұлу сол алар
D) Баянды сұлу сол алар
E) Ақжүністі сұлу сол алар
27. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.
A) Қалмақтар тобы.
B) Базарбай тобы.
C) Қарабай тобы.
D) Сарыбай тобы.
E) Қодар тобы.
28. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.
A) Дулат.
B) Шортанбай.
C) Бұқар.
D) Асан қайғы.
E) Шернияз.
29. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз.
A) Абай дәстүрін жалғастырушылар.
B) Ондайлар болған емес.
C) Зар заман ақындары.
D) Демократтық бағыттағы ақындар.
E) Романтик ақындар.
30. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жерді атаңыз.
A) Жаңа өзен.
B) Сарыөзек.
C) Жерұйық.
D) Ош.
E) Тарбағатай.
2 нұсқа
1. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.
B) Ел үмітін ер ақтар.
C) Айласыз батыр алдырар.
D) Ел – ырыстың кілті.
E) Батыр елдің сәулеті.
2. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.
A) Зұлқарнайын.
B) Жәңгір.
C) Өтеміс.
D) Исатай.
E) Бекмағамбет.
3. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналѓандыѓын табыңыз.
A) Ақындарѓа.
B) Балаларѓа.
C) Билерге.
D) Тіл мамандарына.
E) ¦стаздарына.
4. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.
A) «Шолпан».
B) «Маса».
C) «Асау тұлпар».
D) «Өткен күндер».
E) «Домбыра».
5. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) М.Жұмабаев.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) Б.Майлин.
6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
A) X ғ.
B) VІІІ ғ.
C) ІX ғ.
D) XІІ ғ.
E) XІ ғ.
7. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене».
B) «Күн астындағы Күнікей қыз».
C) «Қырық өтірік».
D) «Аяз би».
E) «Толағай».
8. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
A) Жай қоя салған.
B) Мұңды адам.
C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
D) Айналасына наразылықтан.
E) Өз басында қайғысы бар адам.
9. ’’Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Шалкиіз жырау.
B) Ақтамберді жырау.
C) Жиембет жырау.
D) Бұқар жырау.
E) Доспамбет жырау.
10. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:
A) “Қалың елім, қазағым”.
B) “Өнер-білім бар жұрттар”.
C) “Өзен”.
D) “Ғылым таппай мақтанба”.
E) “Жазғытұрым”.
11. Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күткенін анықтаңыз.
A) Сый дәметті.
B) Рұқсат күтті.
C) Көрімдік сұратты.
D) Алғыс күтті.
E) Бата тілетті.
12. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.
A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын
сипаттау.
B) Оқиғаның болған жерін көрсету.
C) Табиғат көркін суреттеу.
D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.
E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.
13. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз.
A) Өзбек.
B) Ұйғыр.
C) Қазақ.
D) Қырғыз.
E) Түрік.
14. Д.Исабековтің пьесасын табыңыз.
A) «Құдағи келіпті».
B) «Неке қияр».
C) «Әпке».
D) «Мансапқорлар».
E) «Көктөбедегі кездесу».
15. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.
A) Жыраулық.
B) Шешендік өнер.
C) Күйшілік.
D) Термелік.
E) Айтыс.
16. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
A) Бауыржан Момышұлы.
B) Рахымжан Қошқарбаев.
C) Қасым Қайсенов.
D) Мәлік Ғабдуллин.
E) Талғат Бигелдинов.
17. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Шернияз.
B) Шалкиіз.
C) Ақтамберді.
D) Жиембет.
E) Қазтуған.
18. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.
A) Шернияз.
B) Бекболат.
C) Мұрат.
D) Шәңгерей.
E) Алмажан.
19. Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын қай жылы бітіргенін көрсетіңіз.
A) 1918 ж.
B) 1916 ж.
C) 1914 ж.
D) 1915 ж.
E) 1912 ж.
20. Еркебұлан қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
A) "Азамат Азаматыч".
B) "Шұғаның белгісі".
C) "Кездеспей кеткен бір бейне".
D) "Әсия".
E) "Ақбөпенің сыры".
21. ...Бұрынғы өткен күніңді,
Берейін жырлап елге, анам.
Көргеніңді бүгінгі
Жаз, жаз, қалам, тер қалам...
Үзінді қай поэмадан алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Альбатрос’’.
B) ’’Күй’’.
C) ’’Күйші’’.
D) ’’Дала’’.
E) ’’Гималай’’.
22. «Ш.Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз.
A) М.Әуезов.
B) С.Мұқанов.
C) Ғ.Мұстафин.
D) Ж.Аймауытов.
E) С.Сейфуллин.
23. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.
A) «Кездеспей кеткен бір бейне».
B) «Боранда».
C) «Ананың анасы».
D) «Этнографиялық әңгіме.»
E) «Боранды түнде».
24. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Эпилог.
B) Шешім.
C) Экспозиция.
D) Кульминация.
E) Пролог.
25. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.
A) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
B) Хандық дәуіріндегі әдебиет.
C) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
D) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
26. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.
A) «Толағай»
B) «Арқалық аясында»
C) «Тарланым»
D) «Жетісу суреттері»
E) «Аягөз , қайда барасың?!»
27. Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
A) «Насихат».
B) «Замана».
C) «Алдаушы жалған».
D) «Бала зары».
E) «Зар заман».
28. Шоқан Уәлиханов Құлжа қаласында немен шұғылданғанын табыңыз.
A) Жоңғария тарихымен шұғылданады.
B) Қызметке ауысады.
C) Орыс ғалымдарымен танысады.
D) Халық ауыз әдебиетін жинайды.
E) Оқуын жалғастырады.
29. Шәкәрімнің қай жылы толық ақталғанын белгілеңіз.
A) 1988 ж.
B) 1953 ж.
C) 1989 ж.
D) 1985 ж.
E) 1960 ж.
30. Әлділер әулеті мен Қияқ, Тұяқ батырлар тұқымдарының арасындағы араздық І.Есенберлиннің қай шығармасында баяндалғандығын анықтаңыз.
A) «Айша».
B) «Алтын құс».
C) «Қатерлі өткел».
D) «Сұлтан».
E) «Көшпенділер».
3 нұсқа
1. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
A) Еңбек тақырыбы.
B) Батырлық, ерлік тақырыбы.
C) Өнер - білім тақырыбы.
D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.
E) Достық тақырыбы.
2. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан
B) Тәуке хан
C) Жәңгір хан
D) Әбілқайыр хан
E) Жолбарыс хан
3. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Талаптың пайдасы».
B) «Қыпшақ Сейітқұл».
C) «Атымтай Жомарт».
D) «Бай баласы мен кедей баласы»
E) «Әке мен бала»
4. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.
A) Ғ.Тоғжанов.
B) М.Әуезов.
C) М.Дулатов.
D) А.Байтұрсынұлы.
E) С.Сейфуллин.
5. С. Мұқановтың әйгілі романын табыңыз.
A) «Майға сәлем».
B) «Есею жылдары».
C) «Сұлушаш».
D) «Ботагөз».
E) «Сырдария».
6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
A) А.Яссауи.
B) М.Қашқари.
C) Қорқыт.
D) С.Сараи.
E) Ж.Баласағұн.
7. ’’Алтын сақа’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.
-Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жатқандықтан, енді құлауға таяу тұр.
A) Төбет.