Қазақ әдебиеті пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру

Қазақ әдебиеті пәнін қалай оқыту керек? Бұл сұрақ қазіргі кездегі ең жоғары проблема, себебі, қазақ әдебиетін қазақ тілінде жүргізу үшін оны тереңірек беріп, жүйелі түрде оқушыларға жеткізу жолдарын табу жөн. Ол үшін мына жолдарды қолдану керек.

  • Біріншіден, қазақ әдебиеті пән ретінде анықталуы керек.

  • Екіншіден, әдебиетті оқытуда мақсаты мен міндетін қоя білу керек.

  • Үшіншіден, орыс мектебіндегі оқушыларға қазақ әдебиетін оқытуда жаңа методика кұру керек.

Әдебиет сабағы – тірі әлеуметтік ағза. Ол қоғамдағы өзгерістерге байланысты болады. Бірақ мындаған жылдардағы ұлттық мағынасы сақталып отырылғаны дұрыс.

Әдебиет пәнін жүргізуде мұғалімнің кәсіптік білім деігейінің жоғары болуы қажет. Көркемдік – педагогикалық – шығармашылық әдебиетті оқытудағы ең негізгі сапа. Мұғалім сабақта оқушылардын психологиясына, білім деңгейіне көніл аударып отыруы керек.

Мұғалім оқушыға жазушының көркемдік әлемін, рухани дамуын, сөз және сөйлемдердің дұрыс құрылуын көрсете біліп, әр оқушының рухани дамуына көмектесуі керек.

Қазақ әдебиеті сабағында ең негізгісі көркемдік мәтін. Оқушының мәтінді оқып, оны талдау арқылы ғана әдебиеттен білім алып, көркем әдебиетті оқуға қызығушылығы артады.

Кітап оқуға қызығушылық – бұл негізгі проблемалардың бірі. Ол үшін оқушылардың әдебиетті қабылдаудағы сана-сезіміне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз ойларын, армандарын айтқызу, әр түрлі ойын- викториналар өткізу және ғажайып әдеби әлеміне саяхат жасауды қызықты беруге байланыстыру болады.

Қазақ әдебиеті сабағында әдеби мәтін қазақ тілінде берілген. Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін оқушылар мәтінде оқып, аударып, оны түсінуі керек.

Оқу-әлеуметтік жағдайда тілді дамытудағы негізгі қызмет ететін құрал.

Оқу адамның көру және сөйлеу дағдыларын дамытады.

Оқу арқылы оқушыда түрлі қабілеттер дамиды.

Оқу процесінде мынадай жағдайларға көніл бөлу керек:

  1. Берілген сөздерді қабылдауы;

  2. Осы сөздер арқылы мазмұнын түсіну;

  3. Мәтіннің мазмұнын жақсы түсіну үшін, міндетті түрде көрнекіліктерді қолдану;

  4. Бағалау.

Әдебиет сабағы - ол ерекше әлем, онда оқушылар тек қана жазушының шығармаларымен танысып қана қоймайды, әр оқиғаның ішінде жүргендей сезініп, сонымен қатар бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасайды.

Бұл қарым-қатынас адамдардың бір-біріне баға беруін, өз ойын дұрыс жеткізуін, қазақ тілінде сауатты сөйлеуін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуін және әдеби кітаптарды бос уақыттарында оқуына қызықтырады.

Қазіргі кездегі оқушылар кітапты аз оқиды. Кейбір оқушылар тек қана теледидар көріп, компьютермен ойнайды. Сондықтан оқушылардың кітап оқуына қызығушылығын арттыратын пән - әдебиет пәні.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі