Сабақтың
жоспары
Курс
топ: 05. 03.2020 ж
Сабақтың
тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының
өлеңдері.
Сабақ
мақсаттары:
Білімділік: Ақынның
биік тұлғасын, әдебиетке сіңірген
еңбегін танып білу, шығармашылығына
көңіл аудару
Дамытушылық: Өзіндік
ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану.
Тәрбиелік:
Шығармаларымен таныстыру, ақын туралы,
өз бейнесіне деген сүйіспеншілігін
үлгі ету.
Сабақтың
түрі: Жинақтау
Құралдар: Флипчарт,
маркерлер, тақта, стикерлер, қағаз.
Әдіс-тәсілдер:
пікірталас, СТО технологиялары «Миға
шабуыл», «Жигсо», «Жинақтау» (постермен
жұмыс), «Топтастыру», «Венн диаграммасы»,
«Бес жолды өлең», диалог.
Оқыту
нәтижесі: Сабақ соңында қол
жеткізілетін нәтиже
Оқушы
ой қиялының дамуына, пікір айтуына
еркіндік беріледі
Өзгенің
пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса
білуге үйренеді.
Шыншылдық,
еңбекқорлыққа дағдыланады.
Өзгенің
пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін
қорғай, дәлелдей алады
Топпен
жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі. 3 мин. Студенттерді
«Шаңырақ» әдісі арқылы шағын төрт топқа
бөлемін. Сабаққа қатысын тексеремін.
Топ ережесімен таныстырып өтемін.
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру. 15 мин.
Қызығушылықтарын
ояту. «Миға шабуыл» әдісі. Оқушылар
топ бойынша берілген сұрақтарға
жауаптарын дайындайды.
Өткен
сабақ бойынша сұрақтар:
1-топ.
Абайды ақындық қырынан қалай танимыз?
2-топ.
Абай – философ, жазушы. Оның қандай
еңбектері бар?
3-топ.
Абай – аудармашы. Ол кімдерден аударды?
4-топ.
Абай – сазгер. Оның қандай әндері бар?
ІІІ.
Жаңа сабақ. 10 мин.
Жаңа
сабақты Абайдың ізін жалғастырушы, туыс
інісі кім? Деген сұраққа жауап алып
бастаймын. Студенттер слаид арқылы
Ш.Құдайбердіұлы туралы мәлімет арқылы
білімін жаңартады.
Топпен
жұмыс. «ЖИГСО» әдісі. 20 мин. Бұл
әдісте студенттер 1,2,3,4-ке бөлініп әр
нөмір бойынша бөлінгендер бірыңғай
жиналып тапсырманы орындайды.
1-топ.
Өлеңдері
2-топ.Аудармасы
3-топ.
Әндері
4-топ.
Дастандары.
Бұл
әдіс бойынша оқушылар топқа берілген
сұрақ бойынша мәлімет жинайды. Соның
ішінде бір шығармасын талдап түсінік
береді. Содан кейін орындарына қайтып
келіп, топта талқылайды.
Сергіту
сәті. 2 мин.
«Жинақтау»
әдісі. 15 мин. «Жастарға» өлеңі
бойынша шағын әнгіме құрастырып, ойларын
жинақтау. Әр топқа өлең бойынша әнгіме
жазу тапсырылады, әр топ бүгінгі
тақырыптан не біліп не үйренгенін
жазады, тақырыпты жинақтайды.
Семантикалық
картамен жұмыс.10 мин. «Топтастыру»,
«Венн диаграммасы» әдісі.
Әр
топқа семантикалық карта таратылып
беріліп, жауаптары толтырылады.
Осыны
орындау барысында Ш.Құдайбердіұлының
шығармаларын қайталайды.
Сабақты
қорытындылау. 5 мин.«Бес жолды өлең»
әдісімен әр топ жауап дайындайды.
Шәкәрім
Қандай?
Не
іс тейді?
Сөйлем.
Синоним
сөз.
Бағалау.
3 мин. Өзін-өзі бағалау. Бағалау
парақшалары.
Рефлексия.5
мин.
Стикерлер
таратылады.
1.Бүгін
мен не үйрендім?
2.Сабақтан
алған әсерім?
3.Бүгінгі
көңіл-күйім?
Бүгінгі
сабақтың қалай өткендігін стикерге
жазып тақтаға жапсырады
Үйге
тапсырма.2 мин. Әр топ Ш.Құдайбердіұлының
жастарға арналған өлеңдерін
жаттайды.