400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ әдебиеті пәнінен Тоқсандық жиынтық бағалау,10-сынып ,2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен Тоқсандық жиынтық бағалау,10-сынып ,2-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


      1. БӨЛІМ

1. «Ақбілек» романында көтерілген мәселені белгілеңіз.

A. ауыл-елдің тұрмыс–дәстүрлері, тіршілігі B. қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі

C. Ақбілектің жетістікке жетудегі өмір жолы D. қазақ халқының өткен өмірі мен тарихы [1]

2. «Ақбілек» романында Мамырбайдан алар өші бар, Ақбілекті орыстарға тауып берген, ауылға қасірет тигізген адам.

A. Іскендір B. Бекболат C. Балташ D. Мұқаш [1]

3. «...Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?! Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші! Ой, мейірімсіз шіркіндер-ау! Сендердің қас- қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой!». Ақбілек осы сөзді қашан айтты?

А. анасының өлімін естіген сәтте В. орыстардың қолына түскен кезде

С. орыстар соғысқа аттанған соң D. анасы апанға апарып тыққан кезде

4. «Аңыздың ақыры» шығармасындағы ұлттық құндылық қалай көрініс табады?

А. Кіші ханымның шеберге сый көрсетуі В. Кіші ханымның Әміршіге адалдығы

С. Жаппар шебердің мұнара соғуы D. Әміршінің жорықтан қайту салтанаты [1]

5. «Аңыздың ақыры» романында Кіші ханымның ой-толғанысы, психологиялық ахуалы, күмбезбен үнсіз сұхбаты, Әміршімен, шебермен қарым-қатынасы қай бөлімде кеңірек суреттелгенін көрсетіңіз.

А. Мұнара В. Қызыл алма С. Аңыздың ақыры D. Махаббат [1]

2-БӨЛІМ

6. «Ақбілек» романыны бойынша берілген үзінділердің қай кейіпкерге тән екендігін анықтап,сәйкестендіріңіз.[5]


Үзінділер

Қай кейіпкерге тән?

1.Қолы әлі жәрдем тілеуде,жарылқаушы періште келетіндей дәмелене күтсе де,тықыр алыстап,дүбірлетіп шауып кетті.Қолдары сылқ ете түсті,аяғы тайғанап кетті,сырғанап түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай көрінді.

А)Офицер

2.Жалғыз кемдігім қағаз танымайтыным ғой.Мендейлер толып жатыр ғой.Әттең,дүние!Қолым хат білсе,Күршім өзенін теріс ағызар ма едім,қайтер едім.......

Б)Ақбілек

3.Бәйбіше өлгеннен кейін осы үйдің шаруасына араласқан сол екен.Әлі де болса бас-көз болып жүр.Балалардың үсті-басын да сол қарастырып жүр......

В)Мұқаш

4.Енді одан именеді.Мынауың теріс деуге бата алмайды.Кешірім сұрасам қайтер еді деп бірауық ойланады.Бірақ кішіреюді лайық көрмейді.

С)Ұрқия жеңгесі

5.Ағайынды төртеуіміздің ішінде ажарсызы мен болсам да,ерлігіммен герман соғысында қол бастап,бір рет шен алдым.

Д)Мамырбай


  1. «...Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай». Үзіндіде кейіпкер бейнесін сиптаттаудағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз. [5]

Үзінділер

Көркемдегіш құралдардың қолданысы

1.Алтай мен Күршімнің қысы қыспақ,жазы самал,күн қылт етсе төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың ,Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып,тыраңдасып,мәйек боасып,мамырласып жатқаны


2.«...Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай».


3.Жылқы бақтым-күлкі бақтым.Алыс-жақын,қатер ойыншық болды.Жылқы бастым,кісі болдым.


4.Айналамыздағы қала-қызыл жау.Келешегіміз-аяз,аштық,соғыс,ажал.Бірінен болмаса бірінен өлуіміз хақ.


5.Ақбілектің көзінің жасы көл болды,жүрегі аузына тығылды.



8. Ақбілектің сағы сынбай ,білім алуға қалаға кетуі оның қандай қасиетін сипаттайды? Ақбілектің бұл әрекеті туралы не ойлайсың? [5]

3-БӨЛІМ

9. Төмендегі тақырыпқа 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын жазыңыз.

1. Мейірім мен қатыгезхдік,бақ пен тақ,махаббат пен зұлымдық секілді мәселелерді талқылай отырып,”Аңыздың ақыры”шығармасының адамгершілік-философиялық мәні “тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.

2. “Ақбілек бейнесі және қазақ қызының өсу жолы”тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. [10]

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі