400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақ әдебиеті сабақтарында сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ әдебиеті сабақтарында сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақтау көлік колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Маркабаева Газиза Аманжоловна

Білім беру – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол студенттердің қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Ушинскийдін педагогикалық теориясында: «Оқыту  және оқу – тәрбиенің құдіретті құралы » - деп айтылған. Педагогика жаңалықтарының бірі -  оқытудың іс – тәжірбиесіне жаңа – тәсілді енгізу. Сындарлы («конструктивті») оқытуда басты басымдылық студенттерге беріледі. Оқытушылар өз сабақтарын студенттің идеясын, білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер студенттердің оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір – көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым – түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Студенттер бір – бірімен тығыз қарым – қатынас жасауына, ынтымағы жарасуына, пікір алыса білуге , бір –бірінің сөзіне құрметпен қарай білуге үйренеді.

Тақырыпты таңдаудағы мақсатым: осы талап тұрғысынан алғанда оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдалану, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту. Студенттерді тапқырлыққа, білгірлікке, қиялдауға баулу.

Күтілетін нәтиже: Білім беру мазмұнын  жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы, жеке тұлғаның өздігінен ізденіп, ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады.

Қазақ әдебиеті сабағы – студенттердің ой-пікірін еркін жеткізіп,  сөйлеу мәдениетін дамытып, өзіндік  көзқарасын, азаматтық ұстанымын қалыптастырып, жан-жақты ойлауға мүмкіндік беретін пән. Сондықтан әр сабақтың мақсатына орай, студенттердің  оқуын тиімді ұйымдастырып, олардың  бойындағы білім, білік, дағдысын  артыру үшін, сындарлы оқыту теориясының әдістерін қолданудың маңызы зор. Дегенмен мен өз тәжірибемдегі әдебиет сабағында  ең көп  қолданатын модульдер – білім беру мен білім алудағы  жаңа тәсілдер және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.   Диалогті  әдебиет пәнінде қолданудың мақсаты оқушының білім алу, өз пікірін дәлелді жеткізу, сөйлеу дағдысын арттыруды көздейді.

Сабақтың тұсаукесер бөлімінде түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы студенттердің жаңа сабаққа ынтасын  арттыру бағытын ұстанамын.

Сұрақ-жауап студентті ойлануға, ойын жүйелі жеткізе отырып, жаңа тақырыпқа байланысты тұтас көзқарасын қалыптастыруға, салыстыра талдауға, өзіндік ішкі тұжырымын жасауға,  студенттің деңгейін саралап, тақырыпты меңгеруі  үшін қажет.


Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің 3 түрін (1.Әңгіме дебат 2.Топтық әңгіме 3.Зерттеушілік әңгіме)  жаңа сабақты меңгертудің негізгі бөлімінде қолданған тиімді.


Тақырып

Әңгіме-дебат

Топтық әңгіме

Зерттеушілік әңгіме

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

«Баянның інісі Ноянды өлтіруі дұрыс па?»

Баян мен інісі Ноянға салыстырмалы мінездеме (постермен жұмыс)

Баянның прототипі туралы мәлімет (Екі жақты күнделік арқылы сараптау)

Т.Ахтанов «Күй аңызы»

Жаңылдың таңдауы дұрыс па?

Шығармаға   композициялық талдау (оқулықпен жұмыстана отырып, презентация жасау)

Қандай күйлердің шығу тарихын білесіздер? (Қосымша ақпаратпен жұмыс)

М.Әуезов «Қараш-Қараш-Қараш оқиғасы»

«Бақтығұлдың Жарасбайды мерт қылуына келісесің бе?»

Сәт, Сәлмен, Жарасбай образдарына мінездеме (Интерактивтік тақтаға орындау)

 

Шығарманың негізгі идеясын, жазушының айтқысы келген түйінін шығару. (постермен жұмыс)

Осы тапсырмаларды орындау арқылы студенттер жаңа тақырыпты меңгерумен қоса, пікір алмасып, зерттеуге ынталанады.

Зерттеушілік әңгімені  жүзеге асыру үшін үшінші сабағымда топтарға  «Дискуссиялық карта» әдісін қолдандым. Студенттерді неғұрлым кеңірек мәлімет ұсынуға, ойларын дәлелдеудету үшін  сұрақтар беру  арқылы пікіралысуға ұмтылдырдым.

Сондай-ақ, талқылаудың «Радиоға қоңырау шалу», «ТВ-шоу», «Кезбе тілші», «Еркін талқылау», «Ыстық орындық»,  «Мозаика» тәсілдерін қолдану жаңа тақырыпты игертуде балалардың  шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, сыни ойлауға, кейіпкер образына ене отырып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады, жауапкершілік сезімі артады,  басқа студенттердің идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.

Сабақтың қорытынды  бөлімінде  сыни ойлауды талқылаудың әдістерін қолдану  арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіруге, қайталауға, ой-қиялын шарықтатып, жаңа тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, зерделеуге баулимыз.

Осы  тұрғыда блум таксономиясын пайдалану тақырыпты терең меңгеруге ұтымды тәсіл болып табылады. Мысалы, «Жеңілден күрделіге» тапсырмасында студенттер Блум өлшемдері бойынша сұрақтарға жауап  берді.

Блум таксономиясы

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

І.Жансүгіров

«Әнші»

М.Жұмабаев «Батыр Баян»

Білу

«Қаздар қайтып барады» шығарамасының авторы кім?

«Әнші»  өлеңі кімге арналған?

Поэмадағы тарихи кейіпкерлерді ата?

Түсіну

Шығармадағы тау ішін  суретте?

Әсеттің әншілік  құдіреті қандай сөздер арқылы көрінген?

Поэмадағы табиғат пейзажын тауып, әңгімеле?

Қолдану

Байтас қарттың жігерлілігіне  мысал келтір?

Өлеңнің бөлімдеріне тақырып қой?

Поэмадағы бейнелі оралымды тіркестер, мақал-мәтелдерді тап?

Талдау

Байтас қарттың өмірдегі басты өкініші неде ?

Өлеңдегі   көркемдегіш әдіс-тәсілдерді тап?

Баянның образына мінездеме жаса?

Жинақтау

Шығармаға композициялық жоспар құрыңдар

Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның әншілік құдіреті мен Әсеттің әншілігі туралы салыстыр

Поэмаға компазициялық талдау жаса?

Бағалау

Егер сен жазушы болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?

Бүгінгі дәстүрлі әншілік өнер туралы көзқарасың?

«Поэмадағы ең бақытсыз жан» эссе жазу

 

Студенттердің жаңа тақырыпты жан-жақты түсініп, көзқарасы мен өзіндік ұстанымын қалыптастыру үшін, «Де Бононың ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы қорытындылаудың тиімділігі студент сыни ойлауға мүмкіндік береді. Мысалы: М.Жұмабаевтың  «Қазақ тілі» өлеңін қорытындылау барысында  үш топтан екі оқушыдан шығарып, өз ойларын айтқыздым. 2. Қазақ тілі» өлеңі бойынша «Алты қалпақ» әдісімен сұрақтарға жауап бер?


Сұрақтары

Жауабы

 

Ақ қалпақ

Өлең мазмұндық желісі бойынша не туралы?

 

Қызыл қалпақ

Өлең саған қалай әсер етті? Ақынның ішкі жан даусы қай жолдардан көрініс тапқан?

 

 

Қара қалпақ

Өзіңнің ортаңдағы, айналаңдағы тілдің көлеңкелі жақтарын ата?

 

 

Сары қалпақ

Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көр?

 

Жасыл қалпақ

Қазақ тілінің қолданыс  аясын кеңейту үшін сен қандай ой тастар едің?

 

 

Көк қалпақ

Ақынды толғандырған тіл тағдырына бүгінгі күн тұрғысынан өз үніңді қосып көр?

 

 

Сабақта топ ішінде, жұппен жұмыс, жеке жұмыс барысында студенттердің бір-бірімен ой бөлісуі, оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерін,  диалогтік оқытуды жүзеге асыра отырып, өзіндік ойы, көзқарасы, пікірі бар, ұстанымы қалыптасқан жеке тұлға дамытамыз. Диалогтік оқыту арқылы студенттердің тілдік қарым-қатынас жасауы, сөйлеу шеберлігі, ойлау қабілеті, қиял  ұшқырлығы дамиды.

Осы сабақтарда деңгейлі бағдарламалардың әдіс-тәсілдерін қолдану  арқылы мен және менің студенттерім үшін не тиімді болды.


Оқытушы үшін:

– Сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану арқылы тақырыптарды жан-жақты меңгерту;

– Диалогке негізделген тапсырмалар арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру;


Студент үшін:

– Ақын-жазушылардың шығармаларын терең меңгереді

– Шығармалардан  үлгі- өнеге алады

– Эстетикалық талғамы қалыптасады

– Шығармаларды  талдау арқылы азаматтық ұстанымдарын, өзіндік пікір-көзқарастарын арттырады.

  • Шығармашылық құзыреттілігі дамиды

Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп есептеймін. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Әр оқытушы өзінің алдында отырған студенттердің мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына - педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді .



 

Пайдаланылған әдебиетер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық   (ІІІ негізгі деңгейге арналған) www.cpm.kz

  2. Қазақ әдебиеті оқулығы 11-сынып Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым, Ж.Дәдебаев, Қ.Мәдібай

  3. Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары Қазақстан мектебі журналы, №9 2011ж,24-бет

  4. «Өзгеріс. Тәжірибе. Ойтолғау» облыстық деңгейдегі идеялар жәрмеңкесі Жинақ   ,2014 ж 21-ақпан




Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы











СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ



мектепішілік әдістемелік семинарға әзірленген БАЯНДАМА









Әзірлеген: Мұңайтбас Ө.О.

директордың

ғылыми-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі

орынбасары











Қордай ауылы, 2015 жыл



Сындарлы оқытудың негізгі қағидаттары



Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. Бағдарламаның жетекші мақсаты – әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден, жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды (3-деңгей бағдарламасының нұсқаулығы, 4-бет).

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Бұл жағдайда оқушының мәселені (проблеманы, жағдайды, құбылысты т.б.) түсіну деңгейін анықтап, аның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесі мұғалімнің міндеті болып табылады.

Осы бағдарлама оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жүргізу үшін қажетті білімнің болуын көздейтін, мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл тәсіл негізгі төрт қағидатқа негізделген, олардың ішіндегі негізгісі «Балалар қалай оқиды?» қағидаты болып табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді білдіреді:

  • Нені оқыту керек?

  • Оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек?

  • Сіздің табыстылық деңгейіңізді қалай бағалауға болады?

Оқу дегеніміз не?

Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе мәнмәтінінде қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік берді:

  1. Оқу – білімнің сандық ұлғаюы. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»).

  2. Оқу – есте сақтау негізінде. Нәтиже – қайта өңдеуге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.

  3. Оқу – ақпарат жинақтаушы ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.

  4. Оқу – мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.

  5. Оқу – шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі – әлемді басқа қырынан қарастыру арқылы танып-білу.

«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп тұлғаның қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  • Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларды бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды (3-деңгей бағдарламасының нұсқаулығынан).

Осы айтылғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?

Дәстүрлі оқытудан конструктивті, яғни, сындарлы оқытуға көшуіміз керек. Ол үшін нені оқыту керек, қалай оқыту керек деген сұрақтар төңірегінде ойлануымыз қажет. «Метатану» оқуға үйретудің ең қозғаушы күші екенін білеміз. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауға оқушыларымызды үйрете отырып, өзіміз де сыни тұрғыдан ойлап үйренуіміз керек. Ол үшін сындарлы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп, әр оқушының шынай бағалануына қол жеткізуге тиіспіз. Міне, бүгінгі әдістемелік семинарымыздың негізгі мақсаты мен өзекті мәселесі осы сұрақтар төңірегінде.









Сабақты талдау, кәсіби сұхбат

(Блум таксономиясы бойынша)



р/с

Іс-әрекет

Сұрақтар

1

Білу. Тақырыпты оқу, анықтаманы жаттау

Проблеманы айқындау кезеңінде неге осы тәсілді таңдадыңыз? Сіз үшін тиімді болды ма?

2

Түсіну. Қысқаша баяндау

Оқушының баяндап айтып беруге сөздік қоры жетпей қалды. Неліктен? Деңгейі төмен оқушыға қандай тәсілді қолданса болар еді? Сіздің әрекетіңіз?

3

Қолдану. Жаттығу орындау

Жаттығу орындауға барлық бала толық қамтылды ма? Оны қалай байқадыңыз?

4

Талдау. Венн диаграммасы

Топтық жұмыс барысында оқушылар қандай қиындыққа тап болды? Себебі?

5

Синтез. Сын есімді қолданысқа енгізе отырып, шағын әңгіме жазу. Үш деңгейдегі оқушының жұмысын талдау

Әңгіме жаздыру арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін біле алдыңыз ба? Қалай?

6

Бағалау. Ыстық орындық. Не істер едің? Сен қалай ойлайсың?

Ыстық орындыққа қанша бала отыра алады? Бұл тәсіл тиімді ме? Қолдану жиілігі қандай? Оқушылар рефлексия жүргізе алады ма?







__________________________________________________________________________





Сабақты талдау, кәсіби сұхбат

(Блум таксономиясы бойынша)



р/с

Іс-әрекет

Сұрақтар

1

Білу. Тақырыпты оқу, анықтаманы жаттау

Проблеманы айқындау кезеңінде неге осы тәсілді таңдадыңыз? Сіз үшін тиімді болды ма?

2

Түсіну. Қысқаша баяндау

Оқушының баяндап айтып беруге сөздік қоры жетпей қалды. Неліктен? Деңгейі төмен оқушыға қандай тәсілді қолданса болар еді? Сіздің әрекетіңіз?

3

Қолдану. Жаттығу орындау

Жаттығу орындауға барлық бала толық қамтылды ма? Оны қалай байқадыңыз?

4

Талдау. Венн диаграммасы

Топтық жұмыс барысында оқушылар қандай қиындыққа тап болды? Себебі?

5

Синтез. Сын есімді қолданысқа енгізе отырып, шағын әңгіме жазу. Үш деңгейдегі оқушының жұмысын талдау

Әңгіме жаздыру арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін біле алдыңыз ба? Қалай?

6

Бағалау. Ыстық орындық. Не істер едің? Сен қалай ойлайсың?

Ыстық орындыққа қанша бала отыра алады? Бұл тәсіл тиімді ме? Қолдану жиілігі қандай? Оқушылар рефлексия жүргізе алады ма?



*


Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Ю.Гагарин атындағы орта мектебі







Аудандық семинар

Сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін

қолдану арқылы қазақ тілі мен әдебиеті

сабақтарында оқушылардың коммуникативтік

құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту












Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзахметова Р.С.







Сарыкемер ауылы

2014 жыл

Білім беруді дамытуды - жалпы ұлт үшін аса маңызды міндет болып табылады. Қоғамның қалыпты дамуының шарты - білім беру саласының оза дамуы. Барлық өркениетті әлемде мемлекет пен экономикалық өрлеу әлеуметтік саяси тұрақтылыққа ұмтыла отырып, білім беруді дамытуға қызығушылық танытады. Жаңа өркениеттік талаптар заңды түрде көптеген елдерді жаңа «білім беру дүмпуіне», білім беру жүйесінің терең реформалар толқынына әкелді.

Оқушылардың білім мен білігін бағалауда қазіргі таңда зерттеулер көп, маңыздылары PISA,TIMSS,PIRLS болып табылады.

Trends in International Mathematich and Science Study (TIMSS)—Халықаралық зерттеуі 4 және 8- сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен (1995,1999,2003,2007,2011,2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық қауымдастығы үйлестіреді. Trends in International Mathematich and Science Study (TIMISS) зерттеуінің негізгі мақсаты, 4 және 8-сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау мен басты мектепішілік және мектептен тыс білім детерминанттарын анықтау болып табылады.

Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуы білім саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп құрылып жатқан 12-жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді. Зерттеу нәтижесінде алған мәліметтер еліміздің білім сапасы мен әлемдік беру жүйесіндегі орны жөнінде ой өрбітуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, Қазақстанның зерттеуге қатысуы әлем елдеріндегі оқушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар жайлы және оқулықтар, бағдарламалар бойынша күрделі аналитикалық мәліметтер алуда маңызы зор.

2007 жылы зерттеуге еліміздің 141 мектебі қатысты. Оның ішінде 89 - қала, 52 - ауыл мектептері. Жалпы зерттеуге 3990 бастауыш сынып оқушылары қатысты, соның ішінде 2394 – қазақ тілінде, 1596 – орыс тілінде білім алушылар.

Зерттеуге қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Қазақстандық оқушылардың математикадан орташа көрсеткіші – 549 ұпай, бұл көрсеткіш 36 ел ішінде 5 орынға лайық болса,ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші – 533 ұпай, аталмыш көрсеткіш 36 қатысушы – елдер ішінде 11 орынды көрсетеді.

 

Қазақстан. TIMSS - 2011

Зерттеуге еліміздің 154 білім беру ұйымы қатысты. Соның ішінде 78 – қала, 76 – ауыл мектептері, қазақ тілінде білім беретін - 68, орыс тілінде – 30, аралас - 56 мектеп болды. Жалпы жобаға 4 және 8- сынып оқушыларынан 8775 білім алушы қатысты, соның ішінде қазақ тілінде білім алушылар – 5367, орыс тілінде білім алушылар – 3408. Сонымен қоса, 4385 төртінші сынып оқушылары (қазақ тілінде - 2660, орыс тілінде білім алушылар - 1725) және 4390 сегізінші сынып оқушылары (қазақ тілінде - 2707, орыс тілінде білім алушылар - 1683) қатысты.

Қазақстан оқушыларының жобаға қатысу нәтижесі халықаралық орта көрсеткіштен төмен екені анықталды. Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының 50 әлем елдері ішінде математикадан орташа көрсеткіші 501 ұпай, аталмыш көрсеткіш 27 орынға сәйкес және жаратылыстанудан - 495 ұпай, 32-орын. Сегізінші сынып оқушыларының  42 қатысушы-мемлекеттер ішінде математикадан орташа көрсеткіші 487 ұпайды құрайды, бұл көрсеткіш 17 орынға сәйкес және жаратылыстану пәндері бойынша - 490 ұпаймен  20 орынды иеленді. 



Балдарым қолыңа ал қаламыңды,
Хат үйрен, ойынға қой алаңыңды.
Хатқа ұста, қатарыңнан бола қойсаң,
Білерсің жолдас жора жараныңды,
 – деген ақын

Тұрмағанбет ел білімінің жоғары болуын аңсап, атақты «Көкалташ» медіресесін бітіргеннен кейін ілімді одан әрі шыңдауға кетіп бара жатқан достарынан қол үзіп, туған жерге білім нұрын себу үшін оралған еді. Сондағы мақсат «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық» деген ағартушы Ы. Алтынсариннің ізімен халықтың жалпы білімін көтеру болатын. Елге келісімен жер жерден медіресе аштырып, балаларды тартқан ақын «біліммен қамтылмаған бала қалмасын» деген ұранмен Сыр өңірінде ұстаздық етті. Міне, сол арманы бүгінде орындалып, білім көрсеткішіміз әлем бойынша алғашқы төрттіктің ішінде тұр. Яғни, «Қазақстан білімді дамыту индексі бойынша әлемнің 129 елінің алғашқы «төрттігіне» енді» деген болатын ЮНЕСКО-ның «Баршаға арналған білім» дүниежүзілік баяндамасында. (Беларусь-26, Тәжікстан-31, Қырғызстан-42, Армения-43, Өзбекстан-48, Молдова-59).


  Ал, дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексінде балаларды орта біліммен қамту бойынша 18-ші орында келеді. Демек, елімізде балаларды біліммен қамту да, білім саласын дамыту да өте жоғары деген сөз.

Білім беру жүйесін дамыту нәтижесі ретінде оқып үйренушілердің білім және қабілет сапасының білім беру деңгейін ұлттық емтихандар ғана емес, сонымен қатар еліне тәуелсіз халықаралық мониторингтік зерттеулер анықтайды. Оқып үйренушілердің білім беру жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпарат білім беру мазмұнын жетілдірудің шынайы құралдарының бірі болып табылады.

Мектепте балаларды оқытудың табыстылығы –ауқымды жұмыс нәтижесі және білім беру жүйесіне қатысты барлық адамдарың тығыз өзара әрекеттестігі:мұғалім – ата-ана – жоо оқытушысы – стандарттар мен оқулықтарды жасаушы және т.б.

Ұлттық есептің ақпараттық аналитикалық материалы қазақстандық оқушылардың TIMSS – 2011 қатысу нәтижелерін тарату стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. Қатысушы елдердің мектеп бағдарламаларына салыстыру жүргізілді, оқушылардың білім беру жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері көрсетілген, зерттеудің құрамдас бір бөлігі ретінде қатысушылар сауалнамаларын өндеу нәтижелері ұсынылған.

TIMSS халықаралық зерттеуінің концептуалды моделі. TIMSS - Trends in International Mathematics and Science Study мектептегі білім беру сапасын халықаралық зерттеуі әлемнің 60-тан астам елінің жаратылыстану- математика бағытындағы даму тенденциясы туралы ақпаратты ұсынушы жетекші

мониторингтік жоба болып табылады. TIMSS халықаралық зерттеуінің әдістемелік негізі К.Трэверс және А. Вестбэримен құрастырылған оқушылардың білім берудегі жетістіктерін бағалаудың концептуалды моделі болып табылады. Ұсынылған модельде білім беру үш деңгей позициясында қарастырылады. Білім беру саласындағы сарапшылардың сауалнамасы. Мектеп әкімшілігінің сауалнамасы. Оқушылардың сауалнамасы.

Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететін жүлдегер елдер – Финляндия, Гонгонг, Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия және Шанхай.

Мысалға Финляндия дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір бұл мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары оқу орындарында қабылдау (тұрғындардың 1000 адамына 103) бойынша әлемде жетекші орында.

Финдердің 40,5% орта тоғызжылдық, 36,1% лицейлік, 23,3% жоғары білімі бар. Жас финдер тек жалпы сауаттылық бойынша ғана емес, сонымен қатар математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың бірі болды. ЭЫДҰ 2003 жылдың шілде айында дүниежүзі өнеркәсібі дамыған 43 елдің арасында өткізген «Әлем ертең» атты жаңа зерттеуі бұл үрдісті дәлелдеді.

Фин балалары мектепке дейінгі мекемелер жүйесінде білімге бейімделеді. Ол негізінен балалар бірінші сыныпқа қабылдар алдындағы бір жыл бойы балалар тәрбиеленетін мектептер мен балабақшаларда жүргізіледі. Кішкентай финдердің 75 мектепке дейінгі оқумен қамтылған. Оларды жаңа білім мен білікке ойын әдістерінің көмегі арқылы оқытады. Ал Америкалық мектепте функционалдық сауаттылыққа оқытуда оқушы ерте балалық шақтан бастап сөйлемнің ғана емес, тұтас шығарманың құрылымын меңгереді. Кез-келген пән бойынша орта мектептегі шығарма тек кіріспе, талқылау және қорытындыдан ғана тұрмайды. Ондағы әр сөйлемнің орны арналуы және көлемі бірнеше рет практикалық қайталаудан соң айқындалады және бекітіледі. Жоғары мектепте шығармашылық жазу сабағында (осындай таңдай пәні бар) балалар күніне бір реттен еркін мәтіндер немесе апта сайын әңгіме жазады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасынның зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзіреттілік» болып отыр.

Құзіреттілік дегеніміз тұлғаның бойында білім, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзіреттілік-оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.

Өз іс-тәжірибемде оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Заманауи сабақтарда мынадай құзіреттілік тапсырмаларды қолданып жүрмін:

- жазбаша қатынас;

- мәтіннің желісі бойынша өз пікірін білдіру;

- диалог құру;

- топтық қатынас;

- мәтіндердің мазмұнын өз өмірімен байланыстырып айту.

Мысалы, әдебиет сабағында диалогтік оқытуды зерттеуші Мерсердің пікіріне сәйкес, әңгімелесудің 3 түрін (әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме) жаңа сабақты меңгертудің негізгі бөлімінде қолданған тиімді.


Тақырып

Әңгіме-дебат

Топтық әңгіме

Зерттеушілік әңгіме

Д.Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?»

«Отаршылық саясат қазақ халқы мәдениеті дамуының бастауы ма?»

Риторикалық сұрау арқылы құрылған өлең желісіндегі халықтың хал-жағдайын бейнелеу (постермен жұмыс)

Отаршылық саясаттың күнгейі мен көлеңкесі

А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

«Аңшылық кәсіп пе, әлде...»

Қазақ халқының аңшылық, құсбегілік дәстүрі туралы қосымша мәлімет беру (Ғаламтор желісінен іздеп,презентация жасау)

Абайдың ақындық шеберлігі. Өлеңдегі көркемдегіш әдіс-тәсілдерді табу (интерактивті тақтада орындау)

М.Әуезов «Көксерек»

«Құрмаштың ажал құшуына кім кінәлі?»

Шығармаға композициялық талдау

Шығарманың негізгі идеясын, жазушының айтқысы келген түйінін шығару(Постермен жұмыс)

Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жаңа тақырыпты меңгерумен қоса, пікір алмасып, зерттеуге ынталанады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде сыни ойлауды талқылаудың әдістерін қолдану арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіруге, қайталауға, ой-қиялын шарықтатып,жаңа тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, зерделеуге баулимыз.

Осы тұрғыда Блум таксономиясын пайдалану тақырыпты терең меңгеруге ұтымды тәсіл болып табылады. Мысалы, «жеңілден күрделіге» тапсырмасында оқушылар Блум өлшемдері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Блум таксономиясы

С.Мұратбеков «Жусан иісі»

І.Жансүгіров «Әнші»

М.Жұмабаев «Батыр Баян»


Білу

«Жусан иісі» шығармасының авторы кім?»

«Әнші» өлеңі кімге арналған?

Поэмадағы тарихи кейіпкерлерді ата.

Түсіну

Шығармадағы ауыл тіршілігін суретте

Әсеттің әншілік құдіреті қандай сөздер арқылы көрінген?

Поэмадағы табиғат пейзажын тауып, әңгімеле.

Қолдану

Аянның зеректігіне мысал келтір

Өлеңнің бөлімдеріне тақырып қой.

Поэмадағы бейнелі оралымды тіркестерді, мақал-мәтелдерді тап.

Талдау

Әжесі қайтыс болғанда Аян неліктен жыламады?

Өлеңдегі көркемдегіш әдіс-тәсілдерді тап.

Баянның образына мінездеме жаса.

Жинақтау

Аянның ертегісі неліктен баяғыда бір жетім болыпты деп басталады?

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның әншілік құдіреті мен Әсеттің әншілігін салыстыр.

Поэмаға композициялық талдау жаса.

Бағалау

Егер сен жазушы болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?

Бүгінгі дәстүрлі әншілік өнер туралы көзқарасың?

«Поэмадағы ең бақытсыз жан» тақырыбына эссе жазу.

Оқушылардың жаңа тақырыпты жан-жақты түсініп, көзқарасы мен өзіндік ұстанымын қалыптастыру үшін британдық психолог «Де Бононың ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы қорытындылаудың тиімділігі оқушыны сыни ойлауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қ.Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңін қорытындылау барысында үш топтан екі оқушыдан шығарып, өз ойларын айтқыздым. Оқушылардың жауаптары төмендегідей болды.


Ақ қалпақ —ақпарат айтады

Қыран құстар туралы мәлімет береді

Ақ қалпақты оқушы: Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан төрт-төрттен 16-ға бөлінеді екен. Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан, шөгел. Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи. Ителгі тобы: сұңқар,ителгі, пәрім, күйкентай. Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай.

Ал өлеңдегі қыран бейнесі кәрі, шау тартқан, көзі қарауытып, бойы құрыстанған.

Қызыл қалпақ-түйсік

Өлең қалай әсер етті? Сезімге әсер еткен тұсы.

Қызыл қалпақты оқушы: Өлеңдегі қарт қыранның бейнесі және оның мерт болуы көңілге аяныш ұялатады. Оның бұл шешімге ақ қарлы тау да күрсінген еді. Жас бүркіт те шіміркеніп, жүрегі дер етеді.

Сары қалпақ-позитивті ойлау, оптимист

Өлеңнің болашаққа үлгі алатын тұстары қандай?

Сары қалпақты оқушы.

Қыранша өмір сүргенін-

Қандай бақыт!

Қандай бақыт

Қыранша өле білгенін!- дегендей қыран бейнесінен қайсарлықты, намысшылдықты үлгі етіп алуға болады. Намысшылдық адамдарды тек жігерлендіретін, жеңіске жеткізетін қасиет дер едім.

Қара қалпақ—негативті ойлау

Өлеңнің жағымсыз тұстары бар ма?

Қара қалпақты оқушы:

Мен керісінше бүркіттің бұл шешімімен келіспеймін. Бүркіттің өз-өзін намысшылдық жолында құрбан етуінен өзіне өзі қол салатын адамдардың бейнесін көруге болады. Ол табиғаттың заңына бағынып, кәрілікті де өрлігімен өткізу керек еді.

Жасыл қалпақ-креативті ойлау

Егер сен ақын болсаң, өлеңге сен қандай идея қосар едің?

Жасыл қалпақты оқушы: Егер мен ақын болсам, қыранның өзін-өзі құрбан етпей, қиядан қарап тұрған жас бүркітке үлгі көрсетіп, соңғы рет қасқыр алу үстінде, яғни шайқас үстінде батырларша мерт болуы жөнінде ой қосар едім.

Көк қалпақ

Қорытынды сұрыптау

Көк қалпақты оқушы: Бұл тақырыптан өзіме көп үлгі алдым. Ақынның ерекше тақырыпқа ой қозғауы, ақындық қиялының шексіздігі, табиғаттың қырағы перзенті әрі қазақтың ежелгі дәстүрінің куәсі—қыран бейнесін шебер суреттеуі таң қалдырды.

Сыныпта топ ішінде жұппен жұмыс, жеке жұмыс барысында оқушылардың бір-бірімен ой бөлісуі, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерін, диалогтік оқытуды жүзеге асыра отырып, өзіндік ойы, көзқарасы, пікірі бар, ұстанымы қалыптасқан жеке тұлға дамытамыз.

Осы сабақтардағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі неде?

Мұғалім үшін:

- сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану арқылы тақырыптарды жан-жақты меңгерту;

- диалогқа негізделген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Оқушы үшін:

- шығармаларды терең меңгереді;

- шығармалардан үлгі-өнеге алады;

- эстетикалық талғамы қалыптасады;

- коммуникативтік құзіреттілігі дамиды.

Біз бәсекеге сай ел болғымыз келсе, жоғарыда аталған шетелдердің тәжірибесіне арқа сүйеуіміз қажет. Біз олардың стратегияны қалай жасағанын, қалай дамығанын, кадрларды қалай дайындағанынан ақпарат алып отырмыз. Мектебіміздің оқушыларының білім сапасын көтеру үшін Сингапурдағы білім жүйесі сияқты әр адамды өмір бойы оқуға жаңа білім мен бағдар алуға технологияларды меңгеруге, инновациялық және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құруға көшбасшы ретінде ықпал ете білу менің де міндетім деп санаймын. Жоғарыда атап көрсеткендей мемлекетіміз баланың қабілеттерін, дарынын дамытуға жағдай жасауда. Соның іргетасын мектепке дейінгі тәрбиелер және мектепте қалауымыз керек. Тіл маманы ретінде Америкалық мектептің функционалдық сауаттылыққа оқушының ерте бастан меңгеруге үйретуі үлкен ой тастап отыр. Қазіргі шығарма жазуы (оның ішінде еркін жазуға) біздің оқушыларымыз дағдыланбаған. Сын тұрғысынан ойлай отырып 25 минут аралығында 5 параграфқа шығарма жазуы, ұқсас тақырыптарды салыстыра отырып шығарма жазуы біздің тәжірибемізде толыққанды көрініс таппаған еді. Оқушылардың газетке мақала жазуын қайта қолға алып үй тапсырмаларынан берілген әдеби шығармалары мен суреттерін мектепшілік газетке баса отырып, олардың дарынын, қабілеттерін дамыта бастадым.

Қорыта келгенде, оқушылардың бойында коммуникативтік құзіреттілікті Қоршаған орта жылдам өзгеруде. Керісінше білім алу мен оны зерделеу тәсілдері әлі де баяу күйінде қалып отыр. Шындығында да білімнің қажеттілігіне, көлеміне баса көңіл бөлеміз де, қалай оқыту қажеттігі назардан тыс қалып жатады. Шетелдік технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды сондай-ақ түрлі жағдайларда нақты шешім қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді.

қалыптастыру—заман талабы. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМДІ, ЖАН-ЖАҚТЫ, ӨЗ ОЙ-ТОЛҒАМЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН, кез-келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, өмірге икемді тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзіреттілікті дамыту - біздің міндетіміз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. Әлем еліндегі білім беру реформалары. Интернет желісі

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 28 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
925
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі