Материалдар / Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге,оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2018
1058
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесіАманкелді атындағы орта мектебі10-сынып оқушысы Қабен ДианаЖетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумашева Салтанат МәлікқызыАманкелді атындағы орта мектебі 10-сынып оқушысы Қабен Диананың «Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі» атты тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына жетекшісі С.М.Жумашеваныңжазған  пікірі                                                              10 -сынып оқушысы Қабен Диананың жоба ұсыныстарын және өз жұмысы арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын жоғарлату үшін өзекті мәселе көтергенін қолдаймын. Оқушы осы маңызды мәселенің шешуін зерттеу жұмысы барысында мақсатына жетуін  айқын көрсетті. Талапкер алға қойған мақсатына жеткен. Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына  толық жетеді деп ойлаймын.Оқушының табиғатқа, құстар әлеміне деген қызығушылығы зерттеу жұмыста жақсы көрініс тапқан. Диана оқушылармен кездесіп, сұхбат ала білді. Ол кітапханаға жиі барып, ақын-жазушылардың өмірбаяны, еңбектері туралы және аққу құсы туралы біраз кітап беттерін ақтарды. Зерттеу жұмыс барысында оқушы көптеген әдеби шығармаларды оқып, шығармалардан үзінділер келтіре отыра, қазақ ақын-жазушылардың аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануын дәлелдеуге тырысады. Бұл да зерттеу барысындағы жетістік деп бағалаймын.Зерттелген жұмыстың нәтижелері оқушылардың қазақ әдебиеті пәнге деген танымдық қызығушылығын артып, аққу тақырыбына арналған  шығармаларды оқыту кезінде пайдалануы мүмкін. Диана жұмысын сыныптан тыс іс-шараларда, тәрбие сағаттарда, дүниетану, қазақ тілі  сабақтарында қызықты мәліметтер алу үшін және оқушылардың тіл байлығын арту үшін пайдалануды ұсынып отыр;Зерттеу тақырыбы: «Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі»Зерттеудің мақсаты: Аққу бейнесін қазақ ақын-жазушылардың шығармаларындағы аққу бейнесінің қолданылуын анықтау.  Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын жаңғырту, тәрбиенің бір құралы екенін дәлелдеу.  Зерттеудің ғылыми болжамы: Ақын-жазушылардың шығармаларындағы аққу бейнесімен танысу асыл қасиеттерді дамытуға зор мүмкіндік береді.Зерттеудің кезеңдері:1. Киелі құс түрлері туралы, ақын-жазушылардың шығармаларындағы аққу бейнесі туралы материал жинақтау, қосымша материалдар көзін іздеу;2. Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу;3. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдарды дайындап ұсыну;Қолданылған әдістер: салыстыру, талдау, бақылау, сауалнама, әңгімелесу  Зерттеудің жаңалығы:Қазақ әдебиетінде аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдаланылған ақын-жазушылардың шығармаларын жүйелеп көрсету;Зерттеу жұмыстың қорытындысы:Бұл жоба қазақ халқы ежелден қастерлеп, пәктіктің, жақсылықтың белгісі деп есептейтін киелі құс жайында білімдерін толықтыруға  бағытталған.Жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:- оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арту үшін қазақ әдебиеті, дүниетану сабақтарында қолдану;- қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, қазақ әдебиеті сабақтарында аққу туралы шығармалар оқыту кезінде пайдалану;- сыныптан тыс іс-шараларда, тәрбие сағаттарда пайдалану;МазмұныКіріспе   І тарау Негізгі бөлімі1.1. Аққудың ерекше қасиеттері     1.2. Ауыз әдебиетінде аққу бейнесі   1.3. Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылар шығармаларындағы аққу бейнесі   1.4. Аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы   ІІ тарау Зерттеу бөлімі  Пайдаланылған әдебиет   КіріспеҚазақ әдебиеті көне дәуірден аса бай ауыз әдебиеті мен сөз маржанын сақтап келеді. Әдебиет арқылы халық тарихы, ұлттық мәдениет пен өнер, дәстүр, дүниетаным, арман-мұңы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр. Адам - табиғаттың бір бөлігі, табиғат - адам өмірінің бөлігі. Адам табиғатты толық түсінгенде, оның ішкі жан дүниесі, рухы асқақтай бастайды.  Бұл жұмыс қазақ әдебиетінің ақын-жазушылар шығармаларындағы аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы туралы кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Таныс деректі затты ала отырып, көптеген қазақ ақын-жазушылардың шығармасына арқау болған  әдемі құс туралы және аққуды өз шығармаларында нышан ретінде пайдалану туралы тың материалдармен тақырыптың өзектілігін  аштым.   Қазақ әдебиетінде ғажайып табиғатты, аңдарды, құстарды жырлайтын көптеген шығармалар бар болса да, бірақ қазақ халқы ежелден аққу құсты ерекше бағалап, құс падишасы деп санаған. Әрқашанда кербез аққуларға қарап, адамның ішкі жан дүниесі толқып, бір тылсым сезімге толары анық.Тұла бойына сұлулық тұнған аққу  - кіршіксіз тазалықтың, қылаусыз да,кінәратсыз пәктіктің нышаны. Неліктен бұл бейне әлі күнге дейін ақын-жазушыларға соншама шабыт береді? Уақыт өте келе оның мәні өзгереді ме? Қазақ әдебиеті сабақтарында біз көптеген табиғат жайлы сыр шертетін өлең, поэма, романдармен таныстық. Менің ойымша, сол шығармалардың бәрінде аққу бейнесі ең жарқын бейне болып табылады.          Сондықтан өзімнің зерттеу жұмысыма «Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылар шығармаларындағы аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы» деген тақырыпты таңдадым.Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Рухы биік өскелен ұрпақтың қазақ ақын-жазушылардың шығармалары арқылы киелі құстың бейнесінен сезіліп тұрған тектілік, адалдық, сұлылыққа сүйсінуде тәрбиелік маңызы зор.Зерттеудің мақсаты:Аққу бейнесі қазақ ақын-жазушылардың шығармаларындағы белгілі нышан ретінде пайдалануын анықтау.  Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын жаңғырту, тәрбиенің бір құралы екенін дәлелдеу  Зерттеудің міндеттері:  Аққу, оның түрлері, тыныс тіршілігі туралы мағлұмат беру, шығармалардағы ортақ тақырыпты ашудағы көркемдік әдіс-тәсілдерін талдау.   Көркем шығармалар арқылы  табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын сезіне отырып, қиялды ұштау, сөйлеу мәдениетін дамыту.Адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, аса қамқорлықпен табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғай білуге, ізгілікке тәрбиелеу   Қойылған міндеттерді шешу әдістері :1)  «аққу» сөзіне түсінік беру, сөздің мағынасын ашу;2)  аққу бейнесін ауыз әдебиетінде қарастыру;  3)  қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында аққу бейнесі қалай көрсетілгенін қарастыру;4)  шығармаларда аққу бейнесі ненің нышаны екенін анықтау;5)  шығармалардағы аққу бейнесі білдіретін нышандарды салыстыру, талдау.І тарау Негізгі бөлімі1.1. Аққудың ерекше қасиеттеріАққулар -  өте сымбатты құстар. Қазақ халқы қыздарының сұлулығын осы киелі құспен салыстыра сөйлеген. Аққулар жұптасатын құстардың түрі, жұбынан айырылған кезде олар адамдар сияқты қайғырады, көз жасын тастайды және өлуге де баруы мүмкін. Жесір аққу биік аспанға ұшып, соңғы «әнін» айтып, жерге қарай зуылдап, тасқа соғылып өледі.   Аққулардың беріктігі туралы жырлайтын аңыздар көп. Аққудың көркі, мінезі әрдайым халықты таңғалдырады. Оның маңғаздығы, жүзуі, ұшқан кезде қанатын қағуы, табиғаттың ғажайып құбылысы емес пе! Сырттай қарасаңыз, айтса тіл жетпейтін, көрсе көз тоймайтын, асылдың асылына айналған құдіретті сұлулық! Аққуларға тек символ ретінде қарау дұрыс болмас. Олардың тіршілігіне назар аударып көрейік!Аққуларды ақылды құстар деп санауға болады, өйткені есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Олар ешқашан жасалған жамандықты ұмытпайды. Аққу жақсы адамға тез үйренеді, өзен-көлдерде, қаладағы саябақтарда осы құстарды жиі кездестіруге болады. Адамдар құстарды көріп, қуанып, олардың іс-әрекетінен өзіне эстетикалық әсер алады.  Аққуларды тату құстар да деп санауға болады, олар бір-бірімен тілдесіп, бірін-бірі шақыру үшін шу шығармайды. Басқа құстардай  төбелесіп, сабаласып қалмайды. Сұлулығы адамдарды ғана емес, басқа құстарды да танқалдыратын секілді. Егер қос аққу көлде жүзіп бара жатса, үйрек-қаздар оларға жол береді. Мұны қасиетке табыну немесе үлкен құстан қорқу деп ойлайсыз ба?Аққулардың мойындары ұзын болады, өйткені аққуда 23, ал қазда 18 мойын омыртқалары бар. Суда жүзген аққу өте әсем көрінеді, мұны көруге ерекше көз және нәзік сезім керек деп ойлаймын.Қазақстанда аққулардың сұңқылдақ аққу және сыбырлақ аққу деген түрлері кездеседі. Оларды ажыратып көрейік!Сұңқылдақ аққу ұзын мойынын тік ұстайды, ал сыбырлақ аққу мойынын «S» әріпі тәрізді ұстайды. Сұңқылдақ аққуда тұмсығының ұшы қара түсті. Сыбырлақ аққудың тұмсығы қызғылт сары. Сұңқылдақ аққудың денесі сыбырлақ аққуға қарағанда кішірек болып келеді. Сыбырлақ аққу сыңқылдайды, ал  сұңқылдақ аққу ащы дауыс шығарып ұшады.    «Шағала келмей шаң болмас, аққу келмей боз болмас», - деген қазақ халқы. Өйткені, шағала ұшып келгенде жаз келгенін, ал аққу ұшып келгенде шөп шығып, табиғатта тіршілік басталатынын деп болжаған. Аққулар наурыз – сәуір айларында жылы жақтан оралады. Аққулар ұяларын көлдегі қамыс арасына  салады.  Аналығы  ұяда болғанда, аталығы  жақын жерде ұшып, ұясын жаулардан қорғаштайды. Аққудың балапанын - көгілдір дейді, ол өте көрікті және сүйкімді болады. Төрт жасында аққуға айналып, жұп құрай алады. Аналық аққу өз «ұлына»  жұп табады, ал аталық аққу өз «қызына»  жұп тауып,  құда түскендей және қыз ұзатқандай болады екен. Бұған таңғалмау мүмкін емес!1.2. Ауыз әдебиетінде аққу бейнесіҚазақтың аңыз ертегілерінде көп кездесетін киелі кейіпкер аққу арулар, аққудың кебін киіп көк аспаннан ұшып келіп, айдын көлге шомылатын асқан сұлу қыздар. Аққу мен ақ қаз жайындағы ел санасында мифтік түсініктен туған аққу сұлулықтың символы, айырылмас адал жардың бейнесі, ел жұртқа тұлға болған ардақты ананың бейнесі есептелген.    Мифтік аңыздардың айтуы бойынша, қазақ халқы батырлардың пірі деп сыйынатын Баба Түкті шашты Әзіз бір күні өзеннің жағасына келіп, көктен аққу болып ұшып келіп, кебін шешіп қойып, өзен суына шомылып, шаштарын алтын тарақпен тарасып отырған үш ару қызды көреді де, ең кіші қыздың кебін тығып қояды. Екі үлкен қыз кебін киіп, аққу болып аспанға ұшып кетеді, ал кебінен айырылған кіші қыз кете алмай, Баба Түкті шашты Әзізге жар болып, қосылуға разылық білдіреді, бірақ оған үш шарт қояды « өкпемді көрме, өкшемді көрме, желкемді көрме» дейді. Ол мұның бәріне мақұл болып үйленеді, бірақ жүре келе бұл шарттарда қандай хикмет барлығын білгісі келеді. Байқап қараса, әйелдің желкесінен миы, қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп тұрады. Үш шарттың бұзылғанын білген ару, қайтадан аққу кейпіне келіп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Баба Түкті шашты Әзіз өмір бойы үйленбей әйелсіз өтеді.   «Қазақ халқының арғы тегі туралы шежірелік, мифтік аңыздардың бірінде айтылуына қарағанда, ерте кезде көп қолды бастаған Қалша Қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жолы сәтсіздікке тап болып, бастаған қалың қолы қырылып бітеді. Өзі жау қолынан жараланып, елсіз иен шөлде жығылып жалғыз қалады, шөлде әбден қаңғырығы түтеп өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір аққу–қыз ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарады, айдын көлдің жағасына апарып жарасын емдеп жазады. Кейін бұл ақ аққу-қыз  асқан сұлу аруға айналады. Қалша Қыдыр оған үйленеді. Бұлардың арасынан қазақ халқының арғы атасы Қазақ туады. Қазақтың үш ұлы: Ұлыбек арыс, Ақ арыс, Жан арыстан қазақ халқын құраған үш жүздің ұрпағы тарайды.» [1]  Қазақ халқының ауыз әдебиетінде аққу бейнесі – асқан сұлулықтың белгісі, сиқырлы күш иесі, даналық жаршысы.1.3. Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылар шығармаларындағы аққу бейнесіМахмұд Қашқаридың «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды», Асан Қайғының «Құладын құстың қоры еді» өлеңдері, Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары, Ілияс Есенберлиннің «Аққу құстың қуанышы» романы,  Марфуға Айтқожинаның  «Ақку жүрек» өлеңі, Ғарифолла Есімнің «Ақ өлең – аққулы мекен» роман-эссесі халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді.  Махмұд Қашқари - ХІ ғасырда өмір сүрген түркі ғалымы, өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы. Ол - түркі, араб, парсы тілдерін толық меңгерген, түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.Махмұд Қашқаридың «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды» өлеңінде  аққу құсты табиғат көркі ретінде көрсетілген.   «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды,Төске алып тау самалын салқындайды.Жаз шығып, күнін тастап , бір ашылды,Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.Құстар сайрап, сай-саладан су тасыды,Сұлулық қаймағы көзді тартты таңғажайып...»  [2]  Махмұд Қашқари бұл өлеңінде жаз мезгілінің әдемілігін таныту арқылы ұрпақты сұлулықтың мәнін түсінуге және табиғаттың ғажайып көріністерін тамашалауға шақырады.Асан Қайғы -  ХV ғасырда өмір сүрген қазақтың данышпаны. Жырау мағынасы терең, күрделі ойды  әрі дәл, әрі ұтымды етіп жеткізу үшін,  күнделікті өмірде жиі кездесетін танымал көрініс-құбылыстарды өзара салыстыру арқылы  жұмбақтап бейнелеген.  «Құладын құстың қоры еді»  өлеңінің үзіндісінен оны көруге болады.«Құладын құстың қоры еді,Аққу құс ару, төре еді,Құладынға ілдірдің,Ақ мамығын жұлдырдың.Құладынға аққуды жем қылдың,Сұлуды қормен тең қылдың…Асан Қайғы бұл өлең жолдары арқылы халыққа құладын құстың зұлымдығы мен  мен аққу құстың мейірімділігін айқындап көрсетті. Жырау «Құладын құстың қоры еді» өлеңінде құладынды жауларға, ал аққуды халыққа теңеген.Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасында махаббатты жырлаған, табиғаттың сұлулығын бейнелеген, жамандыққа қарсы тұру туралы жазған.Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын өлең өрнегін алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем суретін салады.  Лирикалық кейіпкер анда-санда бой жазып, демалуға осында келеді екен. Ол көл жағасында жатьш, оның көрінісін тамашалайды. Көл бетін мекендеген қызғыш, шағала, сұқсыр, қасқалдақ үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші!  Сөйтсе де ақын көңілі толмайды, өйткені "аққу әні — жүрегінің тілегі" — аққулар көл бетінде көрінбейді. Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала береді. Қос аққудың  бір-біріне еркелігі, назды шағы — махаббат салтанаты өмір қызығына айналады.  Ақын ыстық шабытпен осы көріністі жырлап, үздік шумақтарын тудырады.Екі сұлу әнін түзеп,Жуынды да таранды.Екі кербез қатар түзеп,Көлдің келді шетіне:Көлдегі аппақ шашақты үзіпИіскей басты бетіне.Иіскеп нәзік иісін жұтып,Көлбеңдеді айнала,Ақ шашақты талдап түтіп,Шашты мөлдір айнаға. Екі сұлу еркелесті,Бір-біріне жарасып;Тағы нәзік "не-не?" десті,Бір-біріне қарасып...Біз бұл шумақтарды оқи отырып, ондағы айтылғандардың бәрін лирикалық кейіпкерлермен бірге көріп, қызыға, сүйіне тамашалап тұрғандай әсер аламыз.Табиғат әлеміндегі жарастық: күміс айдын, оның жиегіндегі судырлаған торғын шымылдық, су бетінде назданып, ләззатқа бөленген кербез, сұлу аққулар — бәрі-бәрі  сондай әсерлі бейнеленген. Сол арада қамыс арасында жасырынған Сұр мерген қос аққудың бірін атып өлтіреді. Осылайша табан астында махаббат пен сұлулықтың, тазалықтың символы тас жүрек қатыгездіктің құрбаны болады. Жұбайынан айырылған сыңар аққудың жан азабы, шарасыз күйі  ақынмен  суреттелген. Серігінен мәңгі айырылған жалғыз аққу, сыңарының өлімі өзегін шоқтай қарып, жанын қоярға жер таппай, зар жылайды:Сыңсып аққу суды шашып,Шырқ айналды зәлімді.Сұр мергенге төсін ашьш:"Мені де ат!" — деп жалынды.Қып-қызыл қып қолын қандайАқ сұлудың қанына;Мерген кетті шыдай алмай,Күйіктінің зарына...Сұр мергенді шырқ айналып,Жылап аққу қалмады;Өзегі өрттей күйіп-жаньш,Қаққан қанат талмады...Біресе аққу шырқап биік,Көкке жылап зарлады;Біресе кеп жерге тиіп,Көзден жасы парлады,Біресе кеп жерді сабап,Жер бауырлап ыңқылдап;Біресе ұшып желді сабап,
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!