Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ әдебиетінен 2-тоқсан бойынша Тоқсандық жиынтық бағалау,8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінен 2-тоқсан бойынша Тоқсандық жиынтық бағалау,8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиет пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау

ІІ тоқсан 8-cынып

1-БӨЛІМ

1. «Кебектің аңға шығуы, Еңлікпен кездесуі» бұл....

А) Экспозиция

В) Оқиғаның басталуы

С) Оқиғаның шиеленісуі

Д) Оқиғаның шешімі [1]


2. Шығармадағы прологты анықтаңыз

А) Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

В) Кебектің аңға шығуы

С) Еңлікпен кездесуі

Д) Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы [1]

3. Берілген үзіндінің мазмұнына жақын мақалды анықтаңыз

Бір күн біреу жалғанмен жүр құтылып,

Біреу жүр айламенен үзіп-жұлып.

Ертең көрсең,екеуі қолға түсіп,

Кескектеген түлкідей тұр тұтылып.

(Сілтеме:қазақ әдебиеті оқулығы, 8-сынып 67 бет)

А)Біреуге ор қазба,өзің түсесің

В)Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

С)Айран ішкен құтылады,шелек жалаған тұтылады.

Д) Заманың түлкі болса,тазы боп шал. [1]


4. Берілген үзінді қай ақынның шығармасынан алынған?


Қайырсыз неге десеңіз,

Асанқайғы, Қазтуған,

Орақ, Мамай, Телағыс –

Қалған екен солардан.

Біз де бір сондай болармыз,

Артық па едік олардан?! (Сілтеме:қазақ әдебиеті оқулығы, 8-сынып 46 бет)


А) Доспамбет жырау, «Қоғалы көлдер қом сулар»;

В) Ақтамберді жырау, «Балаларыма өсиет»;

С) Шәкәрім, «Жастарға»;

Д) Мұрат Мөңкеұлы, «Үш қиян»; [1]


5.Бұл кімнің бейнесі екенін анықтаңыз.


Нышаны жоқ бет-аузында сақал,мұрттан,

Бұрын да естуші едім жайын сырттан

Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,

Күндіз асық іздейді ескі жұрттан....................................................................................... [ 1]



2-БӨЛІМ

6. Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтап, сәйкестендіріңіз. [5]


р/с

Мысалдар

Шығарма атауы

1

Көзі өткір,қара торы жігіт екен,

Орта бойлы тапалдау кең иықты.

а) «Сарыарқа»толғауы

2

Жүз айтқанмен,өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға,жүр,баралық!

ә) «Үш қиян»толғауы

3

Қазтуған,Асанқайғы,Орақ,Мамай,

Біз түгіл солардан да қалған қоныс

б) «Жастарға»өлеңі

4

Жеті жұрт көшіп кеткен соң,

Атамыз қазақ баласы,

Қонып,мекен еткен жер

В) «Балаларыма өсиет»толғауы

5

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет

г) «Еңлік-Кебек»дастаны


7. «Еңлік-кебек»дастанынан берілген мына үзіндіні негізге ала отырып,автор бейнесін талдаңыз. .

[5]

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім,

Қас қайсы,қаза қайсы,таза қайсы?

Аларсың көп ғибрат,байқағаның.

А,Құдай,күнәмдә кешір,сауапқа жаз,

Таусылмайды рахматың,не болмайды аз.

Жан кетіп,ағайын,мал қалған кезде,

Өлмес,өшпес дәулетім-осы қағаз.

8. Үзіндідегі идеяны қолдана отырып,үзіндіні қайта өңдеп,креативті жазыңыз. [5]

Еділді тартып алғаны-

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны-

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны-

Ойдағысы болғаны.

Маңғыстаудың үш түбек

Оны-дағы алғаны.

Үргеніш пен Бұхарға

Арбасын сүйреп барғаны,

Қоныстың бар ма қалғаны?!

Мал менен басты есептеп,

Баланың санын алғаны-

Аңғарсаңыз,жігіттер,

Замананы тағы да

Бір қырсықтың шалғаны.







3-БӨЛІМ

9. Берілген әдеби сын-пікірге сүйене отырып,өзіндік сыни пікір жазыңыз. [10]

. «Бұл жыр бізден кейін де жырлана береді.Әркездің жаңа ақыны өзінше өрнектейді,бірақ осы Еңлік-Кебек махаббатының алғашқы жыршысы боп Шәкәрім тұрдаы,келер ұрпақтың жадында........» Т.Молдағалиев

Балл қою кестесі

р/с

Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1


1

5

2


1

3


1

4


1

5


1

6

. Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтап, сәйкестендіреді.

5

5

7

Автор бейнесін анықтайды;

Автор бейнесін талдайды;

Үзіндідегі мысалмен байланыстырады.


2

5

2

1


8

Үзіндіні қайта өңдеп жазады;

2

5

Үзіндідегі идеяны қолданады;

2

Креактивті жазады.

1

9

Берілген сын-пікірді негізге алады;

2

10


Сыни пікір жазады;

2


Өзіндік көзқарасын, сыни пікірін танытады;

2


Логикалық қорытынды жасайды;

2


Сыни-пікірдің стилін сақтайды.



2


Барлығы


30 ұпай































































Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым № Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру



















































«Тарихи шындық және көркемдік шешім»бөлімі бойынша жиынтық бағалау

9-сынып 2-тоқсан

Оқылатын шығарма «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға

айтқаны»поэмасы, «Мен,мен,мен едім»,

«Бағаналы терек жарылса»өлеңдері

1-тапсырма. Көркемдегіш құралдарды тауып жазыңыз.

р/с

Көремдегіш құралдар

Өлеңнен үзінділер(мысалдар)

Қолданылу ерекшелігі

1

эпитет



2

теңеу



3

метафора



4

Риторикалық сұрау



5

аллитерация



6

ассонанс



7

эпифора



8

анафора



2-тапсырма.Берілген дерек сөздердің қажеттісін көп нүктенің орнына қойып, үзіндімен сәйкестендіріңіз, мағынасын ашып талдаңыз.

Берілген дерек сөздер

Мәтіннен мысал

Мағынасы

Шамырқансам

Еділ үшін егестік,

........үшін тебістік.

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық.


тептер

Хан сарқыты-сары бал,

Сұраусыз ішсем деп едім,

Ханның киген............

Үстіме кисем деп едім.


туырлық

Мен ақсұңқа құстың сойы едім,

............,тақсыр,кетермін.

Кетпей де нешік етермін?


кіреуке

Кересгесін кескілеп,

Отын етсем деп едім.

.................тескілеп,

Тоқым етсем деп едім.




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып,автор стиліне баға береді.

1

Теңеу мен эпитетті табады.

1

Анафора мен эпифораны табады.

1

Ассонанс пен аллитерацияны табады.

1

Метафора мен риторикалық сұрауды табады.

1

Автор стиліне баға береді.

1

Көркем шығармалардан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

2

Көркем шығармалардан алынған үзінділерді сәйкестендіреді.

1

Берілген дерек сөздердің мағынасын ашып талдайды.

4

Барлығы



10





















































8-cыныптарға қазақ тілінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары

2-тоқсан

Оқылым

Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.

Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

1.Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ой қандай? [1]

A) Мәдениет – жеке адамдардың өмірі

B) Мәдениет – келешекке қалатын мирас

C) Мәдениет – тек қоршаған ортаның әсері

D) Мәдениет – технологияның даму өрісі


2. Ортаның өркендеуі де мәдениеттің өсуіне байланысты екендігі қай бөлімде айтылады? [1]

A) І B) ІІ C) ІІІ D) ІV


3. Мәтін қай түрде берілген? [1] A) әңгіме B) жарнама C) мақала D) эссе


4. Мәтін қай стильде берілген? [1] A) ғылыми B) көркем-әдебиет C) публицистикалық D) ресми

10


5. Мәтіннің тақырыбы қандай? [1] _____________________________________________________________________________ 6. Мәтіннің түрі қандай? [1] ____________________________________________________________________________ 7. Мәтін қалай рәсімделген? [1] _____________________________________________________________________________8. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз.

[3] __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай орындаңыз. [10] 1. Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.

2. Сіз тәрбие сағатында «Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не?» тақырыбында баяндама оқығалы отырсыз. Баяндамаңыздың жалпы мазмұны бойынша жазба жұмысын жазыңыз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

























































Қазақ тілі пәнінен «Ғарышты игеру жетістіктері»бөлімі бойынша жиынтық бағалау

8-сынып 2-тоқсан




Оқу мақсаты: 8.2.2.1-публицистикалық және ғылыми стиль

ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар

арқылы тану;

8.4.4.1- Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен

түрлерін,есімді,етістікті сөз тіркестерін ажырату.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Публицистикалық және ғылыми стиль

ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар

арқылы ажыратады;

  • Есімді және етістікті сөз тіркестерін ажыратады;

  • Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қарай ажыратады.


1-тапсырма Екі мәтінді мұқият оқып,салыстырыңыз.

1-мәтін

- Тоқтар аға, сіз соғыс бітіп, ел енді есін жия бастаған жылдары дүниеге келіпсіз. Әкеңіз Оңғарбайдың оныншы баласы екенсіз. Бірақ тағдыр ол кісілерге қазақтың тұңғыш ғарышкерінің ата-анасы болып жүруді жазбапты. Ата-анаңыздан ерте айырылып, қаршадайыңыздан қара жұмысқа араласыпсыз. 15 жасыңызда Теміртау құйма-механика зауытында токарь болдыңыз. Балалық кезіңіздің кедір-бұдыры көп болғанға ұқсайды. Әңгімемізді бала Тоқтардың тағдырынан бастасақ.

- Шешем 10 құрсақ көтеріпті. Мен – ең кенжесімін. Менің алдымда сегіз қыз, бір ұл болды. Сол сегіз қыздың бесеуінен айырылғанбыз. Менің алдымда бір ұл болыпты. Ол өмірге келгенде, туған-туыс, көрші-қолаң – бәрі қуанып, тойлап жатқаны сол екен, ағам аяқастынан шетінеп кетіпті. Анам әбден жылаған көрінеді. Алла тағаланың шеберлігінде шек жоқ қой,  біздің отбасымызға тағы бір ұл сыйлады. 1946 жылдың 27 шілдесінде Әубәкіровтердің әулетінде қап-қара (күледі) сәбидің шырылдаған дауысы шығады. Анамның айтуынша, мен туылғанда, бүкіл ауыл тойлапты. Бәрі қуанып, мәре-сәре болып жатқанда, менің кіндігім байлаған жіптен шығып кетеді. Әлгі қап-қара бала «аппақ» балаға айналған ғой. Төсегім қып-қызыл қанға боялған. «Ойбай-ау, тағы да бір баланы өлтіріп алдық қой», – деп жылапты жиналған жұрт. Адамның өмірі Алла тағаланың қолында ғой. Аман қалыппын. Бірақ әкем менің әлгі жағдайымнан кейін аурыңқырап, ауруханаға түсіп қалады. Көп ұзамай қайтыс болып кетеді. Жеті айлығымда әкемнің иісін де сезінбестен айырылып қалдым. Әкем қайтыс боларда қасына еңбектеп барып жылаппын. Мені қолына алып: «Менің өмірімнің жалғасы, міне, осы бала», – депті де, жүріп кетіпті.

- Тағдырдың тауқыметі, әкенің жоқтығы мақсатыңызға кедергі болды ма?

- Әрине, болды. Бірақ мен өз-өзімді тәрбиеледім. Қаймықпадым. Өзге балалардың әкесі, қамқоршысы болды.

- Ұшқыш болу үлкен тәуекелділікті талап етеді. Бізге өмір мен өлімнің арасындағы мамандық сияқты көрінеді. Сіз үрейге, қорқынышқа бой алдырған жоқсыз ба?

- Жаңадан ұшқыш болып жүрген кезім. 1977 жылы 13 ұшқышты жерледік. Тепсе темір үзетін мықты жігіттерімізден айырылдық. Менің өмірімде де біраз қиыншылықтар болды. Бойымды үрей билеген сәттер кездесті. Бірақ Алла тағаланың қалауымен оның бәрі артта қалды. Батыр болмасам, аспанға ұшар ма едім? Мен қазақтың абыройы үшін ұштым. Ал қазіргі ғарышкерлердің қандай мақсатпен ұшып жатқандарын бір Алла біледі.

- Қазақшаңыз тәп-тәуір екен. Біраз бұрын орысша сөйлеуші едіңіз...

- Қазақстанға келгенде,  бәрі мені ерекше ықылыспен қарсы алды ғой. Алақандарына салып аялады. Бірақ мен қазақ болып, орысша сөйлегеніме қатты ұялдым. Кеу­демді намыс кернеді. Қазақша үйренуге қатты кірістім. Қазақ радиосын тыңдап, қазақ газеттерін көп оқыдым. Білмейтін сөздерімнің әуелі орысшасын ұялмай сұрап алатынмын. Қиындығына мойымай үйреніп алдым. Бұған ниет керек, жігер керек.

- Дінге қалай қарайсыз?

- Атеис­тік идеология менің де санамды жаулаған екен. Бірақ мен ұшардың алдында ылғи Аллаға сиынатын едім. Сол сенім қазір жемісін беруде. Мешітке барып тұрамын. Садақамды беремін. Құранымды оқып тұрамын. «Бiсмiлләмді» айтып жүремін.

- Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан 
Ерболат АЙТБАЙҰЛЫ
www.muslim.kz

2-мәтін

Ғарыш қаншалықты үлкен екенін елестету өте қиын. Біз Әлемнің кішкене ғана бөлігін байқай аламыз, ал Жер – бұл үлкен кеңістіктегі кішігірім нүкте. Ғарышта еш дыбыс естілмейді, өйткені дыбыс толқындарын тарататын ауа жоқ. Жер – әрбір минут сайын, 19,3 мың шақырымға жылжиды. Қарапайым автокөлікпен Күнге жету үшін, 212 жылдан астам уақыт керек. Венерада бір тәулік уақыт 224 күнді құрайды. Біздің планетамызды ғарыштан өз көзімен, тек 24 адам ғана көрді. Плутон – күн жүйесіндегі ең суық планета. Онда температура -2000С-ге дейін төмендейді. Жыл сайын біздің Галактикамызда, қырық жаңа жұлдыз пайда болады. Ғарышқа бірінші болып ұшқан әйел – Валентина Терешкова. Біздің күн жүйемізде Жерге ұқсайтын дене бар. Ол Титан деп аталады және ол Сатурн планетасының серігі. Онда да өзендер, теңіздер, вулкандар және тығыз атмосфера бар. Әлемде 100 миллиардтан астам галактика бар, сондықтан ғарыш кеңістігінде адамдар жалғыз емес екендігіне сенімдіміз.

(http://faktiler.kz/garysh-turaly-kyzykty-malimetter/ сайтынан)

2. Сіз тәрбие сағатында «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» тақырыбында

Мәтіннің стилі

1-мәтін



2-мәтін

Мәтіннің тақырыбы ,түрін анықтаңыз.

1-мәтін


2-мәтін

Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін анықтаңыз.

1-мәтін 2-мәтін




2-тапсырма. Есімді және етістікті тіркестерді ажыратыңыз

Кішігірім нүкте, ғарышқа ұшқан,жаңа жұлдыз,Жерге ұқсайтын дене,қатты ұялу,намыс кернеді,өз-өзімді тәрбиеледім,өмірімнің жалғасы,әбден жылаған,бүкіл ауыл,қиыншылықтар болды,қазақша үйрену.


3-тапсырма. Семантикалық карта

р/с

Мысалдар

Жалғау арқылы

Шылау арқылы

Орын тәртібі арқылы

Интонация арқылы

1

Қазақтың абыройы





2

Өмір мен өлім





3

Атеистік идеология





4

Өмірімнің жалғасы





5

Сондықтан ғарыш кеңістігі





6

Жер-кішігірім нүкте





7

Кішкене ғана бөлік





8

Үрей билеген сәт







Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл

Мәтіннің стилін,түрін,құрылымын салыстыра талдайды.

1

Мәтіннің стилін ажыратады;

1

Мәтіннің тақырыбы мен түрін анықтайды;

1

Мәтіннің құрылымын салыстырады.

1

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді,етістікті сөз тіркестерін ажыратады.

2

Есімді тіркесті табады

1

Етістікті тіркесті табады

1

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді,етістікті сөз тіркестерін ажыратады

3

Жалғау арқылы байланысты табады;

1

Шылау арқыл байланысқан тіркесті табады;

1

Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркесті табады;

1

Интонация арқылы байланысқан тіркесті табады

1

Барлығы



9















10-тапсырма. Көнерген сөздерді мағынасына қарай орналаст ыр. Ережеге сүйеніп дәлелде. Хан, патша, дүрия, сауын айту, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, торқа, биқасап, садақ, жебе, найза, адырна, бесік құда, сауыт, айбалта, барымта, патсайы, лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже.

Тарихи сөздер

Архаизмдер













10-тапсырма. Көнерген сөздерді мағынасына қарай орналаст ыр. Ережеге сүйеніп дәлелде. Хан, патша, дүрия, сауын айту, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, торқа, биқасап, садақ, жебе, найза, адырна, бесік құда, сауыт, айбалта, барымта, патсайы, лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже.

Тарихи сөздер

Архаизмдер









10-тапсырма. Көнерген сөздерді мағынасына қарай орналаст ыр. Ережеге сүйеніп дәлелде. Хан, патша, дүрия, сауын айту, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, торқа, биқасап, садақ, жебе, найза, адырна, бесік құда, сауыт, айбалта, барымта, патсайы, лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже.

Тарихи сөздер

Архаизмдер



















































Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы «№1 жалпы білім беру орта мектебі»ММ-нде

7 «Б»сынып оқушыларының ата-аналар жиналысының хаттамасы

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Күн тәртібінде:

  1. Мұнайлы аудандық білім бөлімінің ағымдағы жылдың 19қарашасында ҚР Білім және Ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс режимінде өткен ақпараттық жиналысының хаттамасы негізімен білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  2. 05.09.2019 ж №311нқ бұйрығы негізінде мектептегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу,ақша жинау факторларын болдырмау туралы;

  3. І тоқсан қорытындысы,Жаңа жылдық шыршаға әзірлік;

Тыңдалды: 7 «б»сыныбының сынып жетекшісі Фазылбаева Р.С ата-аналарға І тоқсан қорытындысы бойынша мәлімет беріп,үздік және екпінді оқушылардың ата-аналарына ерекше алғыс білдірді.Сонымен қатар,физика,химия секілді қиын пәндер қосылғанын,күнділікті уақытында қадағалауын,оқушы үлгерімін,дәптер,кітаптарын тексеріп мұқият қадағалауды ата-аналарға тапсырды.Тәртіпке,тазалыққа,балаларының беймізгіл уақытта көшеде жүрмеуін,ұялы телефонды мүлдем қолданбау керектігін баса назарда ұстауды ата-аналарға ескертті.

Елімізде әртүрлі келеңсіз жағдайлардың орын алып жатқандығын,сондай-ақ Тараз қаласында болған оқиғаны еске түсіре отырып,оқушының тәртібіне біз болып,сіз болып қатаң қадағалау жүргізу керектігі айтылды.

05.09.2019 ж №311нқ бұйрығы негізіндегі бұйрықпен таныстырылып,мектеп қабырғасындағы әртүрлі шараларға ,мерекелік күндерде оқушылардан ақша жинамау,ата-аналар тарапынан сыйлық алмау жөнінде ескерту айтылды.

Жианлысты қорытындылай келе, ағымдағы мәселелерге де тоқталды.

Қаулы етеді:

  1. 05.09.2019 ж №311нқ бұйрығы негізінде ақша жинау факторларын болдырмау туралы ата-аналар қаперіне берілді.

  2. Оқушылардың сабақ үлгерімі,сабақтан шыққан соң және сабақтан тыс уақытта оқушылардың қауіпсіздігіне және жауапкершілікпен қарау ата-аналарға міндеттеледі.



Жиналыстың төрағасы: Фазылбаева.Р.С

Жиналыстың хатшысы. Маханова С









р/с

Оқушының аты-жөні

Ата-анасының аты-жөні

Қолы

1

Әділғали Бақберген

Дауэнова Зилимхан


2

Абуова Аяулым

Джайлауова Ақтолқын


3

Мұқаш Игілік

Толесинова Бейбітшілік


4

Айтуарова Нұргүл

Айтуарова Жұлдыз


5

Жумабаева Асылайым

Турекулова Гүлзира


6

Еламан Еркін

Караджанова Салтанат


7

Матенова Венера

Матенова Маржангүл


8

Төребек Аружан

Хасанова Гүлжаухар


9

Адилбаев Нұртаза

Кереева Роза


10

Акимов Жасұлан

Акимова Дариға


11

Сарсенбай Дархан

Смагулова Раушангүл


12

Тәуірбай Мэлс

Куванова Айгүл


13

Туғайбаев Мирас

Қыдырова Анжелла


14

Эмирхан Ерғали

Маханова Саида


15

Оңалбай Меруерт

Бейшова Шолпан


16

Демеу Әсет

Кенжина Арай


17

Тұрарбек Диас

Қонарбаева Камшат


18

Сапарбай Айдана

Матжанова Гүлшат


19

Ізтұрған Орынбай

Козыбаева Нұржамал


20

Қыдыргелді Милена

Муханова Алима


21

Ақын Ақбота

Уразбекова Айгүл




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2024
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12