Материалдар / Қазақ әдебиетінің ақсұңқары (Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары (Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде ұсынамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
2747
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: С.Сейфуллиннің суреті, слайд, шарлар.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!

«Домбыра» биі

2-жүргізуші: Егер ақынға сезім мен сұлулықты,қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады.Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын.Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді.


1-жүргізуші: Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын.Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек .

«Өмір жолы»(Видео көрсету)


2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем.
Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар жолда, тайғақ кешіп болдың көсем»- деп Сәбит Мұқанұлы жырлағандай, С.Сейфуллин ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға аян.


1-оқушы: Сәкен Сейфуллин 1884 жылы қазан айының 15-інде Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Жезқазған облысы Ағадыр ауданы) қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, дарынды композитор, қоғам қайраткері.


2-оқушы: Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

3-оқушы: 1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин нақақ жаланың құрбаны болды.


4-оқушы: Дәл осы кезде де өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- осы Сәкен Сейфуллин еді. Сейфуллинді НКВД 1937 жылғы қыркүйектің 24-інде тұтқынға алып, 1938 жылғы ақпанның 25-інде атып тастады.

2-жүргізуші: «Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз,ел үшін еңіреген ер, қайтпас күрескер. Сәкен –өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырынигерген прозашы. Сәкен – тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлыда сазды әндер шығарған талантты композитор»-деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Сәкеннің сазгерлік өнеріне баға берген.

«Көкшетау» әні (слайд+аудио)

1-Жүргізуші:
Таудағы тасқындаған ағын судай,
Өлеңім басталады таудан ұдай,
Әсемін әңгіменің көп таратқан,
Айтылмай қалған екен тау мынадай:

2-жүргізуші:
Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас
Төгіліп көк жиекке саудыраған, - деп Сәкен жырлағандай, келесі кезекте табиғат, туған жер жайлы жазылған өлеңдерінен жыр шумақтарын тыңдайық.

«Қырда» (Мансұр)

«Орман» (Темірлан)

1-жүргізуші: Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.

2-жүргізуші: Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады. Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады.

«Көкшетау» өлеңі (Темірбек)

1-жүргізуші:С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30 жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.
«Ақсақ киік» (Альбина, Аружан), (слайд көрсету)


«Аққу» биі

2-жүргізуші: Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға,алтын сарайға балайды. Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.

«Сыр сандық» өлеңі (Сәкен, Жанерке, Мөлдір, Саламат)

1-жүргізуші: «Ананың хаты», «Анаға жауап» өлеңдерінде аналық-балалық махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік лирикалық сезім аса сәтті бейнеленеді.

Анаға арналған өлеңдері оқылады
«Ананың хаты» ( Айдидар)

«Анаға жауап» ( Мәлік)

1-жүргізуші:Сәкен Сейфуллин – айтулы ақын, қарымды қаламгерлігімен қатар, көрнекті қоғам қайраткері. Қызылдардың жыршысы болып жүріп-ақ Қазақ үкіметін басқарған тұста «қырғыз» атауын «қазақ» деп түзеуді именбей көтеріп, «Қазақты қазақ дейік» деп мақала жазып, атымызды қайтарып бергенінің өзі ұлының ұлы ісі деп білеміз. Сол секілді Қазақ тілі туралы декрет қабылдауға ұйытқы болғаны және бар.

2-жүргізуші: Сол аласапыранда: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын, іс-қағаз қазақ тілінде жүрсін, ол қазақ ауылдары мен болыстарында 1924 жылдың 1 қаңтарынан шілдеге дейін жүзеге ассын. Ал 1 шілдеден әрі қарай қазақ пен орыс аралас отырған жердің барлығында да іс-қағазы қазақ тілінде жүргізілсін» деп шешім шығарған еді.


1-жүргізуші: Міне, осының өзінен-ақ оның өз заманының ұлы болуымен қатар, үрей туғызып тұрған орталық биліктен жасқанбай ұлты үшін басын бәйгеге тіккенін көруге болады. Осыны сол кезде тереңнен аңғарған болу керек, өлең сөздің құлагері Ілияс Жансүгіров «Жырламасқа теңіздей, қуаныштың шегі жоқ. Ардақталған өзіңдей, қазақта ақын тегі жоқ», деп ақиқат сөзді тап басып айтыпты.

І.Жансүгіров «Тұлпарға» өлеңі (Елдана)

1-жүргізуші: Сәкен Сейфуллин теңдікті аңсады. Бай мен кедей арасындағы тартысты, әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырды.

2-жүргізуші: С. Сейфуллин 1920-1924 жылдары Қазақ Автономиясының өркендеп, нығаюы үшін зор үлес қосқан үкімет басшысы;

1-жүргізуші: Ол – Қазақстандағы ағарту ісін ұйымдастырып, дамытуға ерекше күш салған қайраткер;

2-жүргізуші: С. Сейфуллин – қазақ әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.С.Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады. 1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді. Мұражай жанында ақынның ескерткіші орналасқан.

1-жүргізуші.«Ақын жыры алыстарды жақындатты, биіктерге көзімізді жеткізді. Біздің сана-сезімімізге жырдан жаңа таныс, жаңа көз тапты. Бұл ұстаз болатын ағаға лайық қасиет еді. Мен бүгін де сол үшін ақын шабытының алдында бас иемін», -деген болатын Әбділда Тәжібаев

2-жүргізуші:  Абай атамыз «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз...» демекші мектебіміздің ақын оқушыларын ортаға шақырып, өз өлеңдерін оқуға кезек берейік.

«Тау ішінде» әні (видео көрсету)

1-жүргізуші:
Жалынды күрескер-патриот, сегіз қырлы, бір сырлы: ақын, жазушы, драматург, публицист, сыншы, әдебиеттанушы, композитор, педагог, қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин есімі халық есінде мәңгі сақталады.

2-жүргізуші:
Ақбоз атты құлатқан – жала-керме,
Магаданға мола іздеп бара берме.
Сәкен деген – халқымның рухы ғой,
Рухтарды көмбейді қара жерге! - деп Алаштың ақберен ақыны Ғалым Жайлыбай айтпақшы, Сәкен – қазақ халқының көгінде мәңгі жарқырап тұра беретін жарық жұлдыздарымыздың бірі. Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллин сынды ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлең дерін ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Осымен бүгінгі «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты кешіміз аяқталды. Көңіл қойып таңдағандарыңызға көп рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!