400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ батырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Елің , халқын қорғаған ерлігі мәңгі есте қазақ батырлары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ батырлары

«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек». Қазақ тарихында есімі еліне ұран болған батырлар көп. Ал ер жігіттің жеті қазынасының біріне баланған жүйрік ат – батырлардың сенімді серігі болған тұяғымен жер тарпып, ауыздығымен алысып, батырға найза кезеген жауын ат үстінен жұлып алып, шайнап тастаған, тұяғымен мыжығын, соғыстың әдіс-тәсілдерін меңгергені соншалық, жау жебесінен жалтарудың, иесін аман сақтап бұра қашудың нешеме әдісін меңгерген, тіпті қазақ аңыздарында батырдың жаны қысылған шақтарда, иесіне ақыл-кеңес айтатындай тіл біткен қасиетіңнен айналайын қазақ сәйгүліктері туралы аңызға бергісіз хикаялар да, тарихи оқиғалар да көп.Сонымен, қазақ тарихындағы Махамбетшілеп айтсақ, «…құлағың сенің серек деп» сақталған арғымақ аттар туралы деректер оқырман назарына ұсынылады.Батырлардың серігі болған сәйгүліктерді білесіздер ме?! Жануардың патшасы – ат туралы аңыздар қазақ эпостарында, аңыз-әңгімелерінде, тарихи оқиғалық романдарда да жырланады. Бәйге аттарына деген құрметтің ерекшелігі бүгінгі күні де сақталып келеді.

Қазақ халқы аттың қазанатын ешуақытта сойысқа салмаған, ер қанаты болған батырлардың атақты сәйгүліктері мен бәйге аттарының етін ешқашан жемеген. Керісінше, мұндай аттарды өз ажалынан өлген болса, лайықты құрметін көрсетіп, қадірлеп жерлеген.

Мәселен, Алпамыстың Байшұбары, Бөгенбайдың Қызылаты, Қобыландының Тайбурылы, сол сияқты Тілеу батырдың Кезқұлағы, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Қамбар батырдың Қарқасқасы, Сегізсерінің Бозжорғасы, Ерқосайдың Торысы, Қарабектің Қарасы секілді қазақ халқы ұмытпайтын, тарихта есімдері батырмен қатар аталып, ердің қазынасына баланған аттар иесіне адалдығымен, киелілігімен, тектілігімен құнды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.05.2023
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі