жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ биі "Киіз басу"
Ырғыз балалар өнер мектебі

Тақырыбы:
Қазақ биі «Киіз басу»
(хореография класы, ІІІ топ) 1-сынып

Мұғалім: Сәуірбай Г
2017-2018 оқу жылы
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Қазақ биі «Киіз басу»
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата-бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын киіз туралы мағұлмат беру.
Тәрбиелілігі: Халқымыздың қолөнерін сүйе білуге,құрметтеуге
меңгерту.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, қолдарындағы реквизит «сабау» арқылы жұмыс жасай білуге баулу; қолдың нәзік қимылдарын дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: музыкалық аспап, әуендер, проектор, проектор тақтасы.
Сабақтың барысы:
|
І. Ұйымдастыру
сәті. Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Сабағымызды бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуларын орындап алайық. Зал ортасындағы ширату сәті (бас, қол, бел, аяққа арналған жаттығулар) Қазақ қол қимылдарын қайталау.( айналма, қол сілтеу, сырға, алқа, толқын, құс қанаты, сәндену) ІІ.Өткенді қайталау Оқушылар осы уақытқа дейінгі үйренген билеріңді еске түсіріп, билеп беріңдер. «Айжан қыз», «Спорт», «Барбарики», «Чунга-чанга», «Тарантелла» Жарайсыңдар! Енді, орнымызға шахмат ретіне тұрайық. Ойын: «Ойлан тап!» Оқушылар менің қолымдағы киіз үйде жұмбақтар жасырылған. Ол зат немесе сурет болуы мүмкін . Бір-бірден келіп жасырылған жұмбақты шешеміз. Мысалға ол зат болса, сол затқа байланысты би қимылдарын табуымыз керек. III.Жаңа сабақ. «Киіз басу» биі. Оқушылар ата-бабамыз баққан
малының жүнінен күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарын жасаған.
Интерактивті тақтаға назар аударайық, киізді басу реті
көрсетілген. Ендеше осы киіз басу өнерін біз би арқылы суреттейік. Қолымызға мынадай сабау аламыз. Бұл не үшін керек? Қойдың жүнін сабау үшін . Біз бүгін бірінші бөлімде осы сабау мен жұмыс жасаймыз .
Жарайсыңдар, бүгінгі осы екінші бөлімді келесі сабақта үйренеміз. IV. Қорытынды бөлім. Сонымен оқушылар бүгін біз қандай би үйрендік ? Жүнді немен сабайды? Киізден қандай бұйымдар жасауға болады? Жарайсыңдар, оқушылар! Сергіту сәті. V.Оқушыларды бағалау. VI. Үйге тапсырма «Киіз басу» биі 1- бөлім қайталау. Қоштасу |
|
|

шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген