Қазақ боксшыларының әлемдік ареналардағы жеңістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ боксшыларының әлемдік ареналардағы жеңістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ боксшыларының әлемдік ареналардағы жеңістері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Білім және менеджмент институты




«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы»






ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тақырыбы:”Қазақ боксшыларының әлемдік ареналардағы жеңістері”









Орыңдаған: Кучербаев Олжас ФКС-311

Тексерген: PhD, қауымдастырылған профессор Меңдіғалиева Аягөз Сәрсенбайқызы







Орал 2024ж




























Жоспар




Кіріспе…………………………………………………3

1.Әлем чемпионы атанған қазақ боксшылары………..4

2.Бокстың физиологиялық сипаттамасы………………5

3.Олимпиядада женіске жеткен қазақ боксшылары….6

4.Қазақстандағы әйелдер боксы………………………..9

5.Кәсіпқой бокс…………………………………………10

Қорытынды……………………………………………13

Пайдаланылған дереккөздер тізімі…………………..14





















КІРІСПЕ

Бокс — арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (6 - 12 – 15 раунд) ережелері бар.Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.Ал жақында археолог ғалым,бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Римимператоры Калигула сонау Африкаданқайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен. Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекиядаұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген,кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпионкубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленеді.Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындарбоксты өздерiне телiп жүр.Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады.

3



1.Әлем чемпионы атанған қазақ боксшылары


51 кило – Болат Жұмаділов.Бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 1974 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін отандастарымыз Кеңес құрамасы сапында бақ сынап жүрді. Егемендік алғаннан кейін ел атынан шыға бастадық. Алғаш рет алтын алған отандасымыз – Болат Жұмаділов. 1999 жылы Хьюстонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында қазақ боксшысы Болат Жұмаділов 51 килоға дейінгі салмақта топ жарды. Ел спортында оған екі бірдей тарихи көрсеткіш тиесілі. Біріншісі, ол – қазақ боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы.Екіншісі – Жұмаділов екі Олимпиаданың финалында күш сынасқан Қазақстандағы тұңғыш және әзірге жалғыз былғары қолғап шебері. Ол Атланта мен Сиднейдегі жарыстың ақтық сынында өнер көрсетті. Болаттың бұдан да басқа толып жатқан жетістігі барын жанкүйерлер жақсы біледі.

57 кило – Галиф Джафаров.2003 жылы Бангкокта өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын алды. Оның бірін 57 килоға дейінгі салмақта Галиф Джафаров еншіледі. 2001 жылы Белфастта күміс алған еді.75 кило – Геннадий Головкин. Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асырып жүрген отандасымыз 2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы болған. Бангкокта Генаға тең келер қарсылас табылмаған. Финалда украиналық Олег Машкинді ұтқан еді.64 кило – Серік Сәпиев. 2005 жылы әлем чемпионаты Мяньянда (Қытай) өтті. Қазақ боксшылары тағы да 2 алтын еншілеп қайтты. Оның бірін 64 килоға дейінгі салмақта Серік Сәпиев еншіледі. Финалда өзбек боксшысы Дильшод Махмудовты қапы қалдырды81 кило – Ердос Жаңабергенов. Мяньянда екінші алтын медальды Ердос Жаңабергенов иеленді. Ол 81 килоға дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Жарқ етіп әлемнің көзіне түсті де, көп өтпей тасалана берді.  Жарақат жабыспағанда Жаңабергеновтің жуан жұдырығы 2008 жылы өткен Бейжің олимпиадасында, Лондондағы төртжылдық додада талайдың миын шайқайтын еді. Көптеген спортшының арман-тамырын қиып түсірген кесел Ердостың да етегінен тартты.64 кило – Серік Сәпиев. 2007 жылы әлем чемпионаты Чикагода өтті. Дәл осы бәсекеде Серік Сәпиев екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл жетістікті әзірге ешкім қайталаған жоқ.49 кило – Біржан Жақыпов. 2013 жылы әлем чемпионаты ат басын Алматыға бұрды. Алатау бөктерінде өткен бокс бәсекесінде қазақ спортшылары жанкүйерлерін жерге қаратпады. 4 алтын алып, айды аспанға шығарды. Оған дейін де, одан кейін де мұндай жүлде бұйыра қойған жоқ. Сол додада топ жарған боксшымыздың бірі – Біржан Жақыпов. Жеңіл салмақта бақ сынаған отандасымыз мансабындағы ең ірі жетістігіне қол жеткізді.64 кило – Мерей Ақшалов. Алматыда атой салған боксшымыздың бірі – Мерей Ақшалов. Ол 64 килоға дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда кубалық боксшы Ясниель Толедо Лопесті жеңді. Араға 1 жыл салар салмас мансабын аяқтады.69 кило – Данияр Елеусінов. Бүгінде кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген танымал отандасымыздың бірі – Данияр Елеусінов. Ол 2013 жылы әлем чемпионы және Азия чемпионы атанды. Алматыдағы жарыстың финалында Ариснуадт Деспаньені ұтты.

75 кило – Жәнібек Әлімханұлы. Алматыдағы әлем чемпионатында жарқ еткен талант Жәнібек Әлімханұлы еді. Ол 75 килоға дейінгі салмақта үздік шықты. Жаңа есім болып танылды. Ал бүгінде кәсіпқой бокста ел абыройын асырып жүрген оғландарымыздың бірі.56 кило – Қайрат Ералиев.2015 жылы Дохада қазақ елінің әнұраны шырқалмады. Араға 4 жыл салып барып чемпион шықты. Гамбургте 56 килоға дейінгі салмақта Қайрат Ералиев топ жарды. Финалда отандасымыз америкалық Дюк Роганды 3:2 есебімен жеңді. Биыл тамыз айында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, өзбек боксшысы Бахит Абдурахимовты жеңді.81 кило – Бекзат Нұрдәулетов. 2019 жылы әлем чемпионаты Екатеринбургте өтті. Көршілес елде өткен жарыста боксшыларымыздан үлкен үміт күттік. Сол үддеден шыққан


4

Бекзат Нұрдәулетов болды. Ол 81 килоға дейінгі салмақта кіл мықтыларды ұтып шықты. Жартылай финалда әйгілі кубалық Хулио ла Крустан айласын асырып, сенсация жасады. Финалда өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовты жеңді.[1]








2.Бокстың физиологиялық сипаттамасы.


Бокс - ықтималдығы жоғары контактілі спорт түрі

ауыр жарақат алады. Екінші жағынан, бокс ағзаға жақсы әсер етеді.Адамның негізсіздігі. Бокстың ағзаға тигізетін әсерін нақты анықтау үшін ғалымдардың зерттеулеріне жүгіну керек.Ең алдымен бокстың жағымды жақтарын сипаттаған жөн. Біріншіден,Бокс адамның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелеріне өте пайдалығасырлар бойы жүйелі жаттығулардың көмегімен оларды дамытуға және нығайтуға болады.Бокс қозғалыстарды үйлестіруге және соққылардың дәлдігіне оң әсер етеді.Сонымен қатар, бұлшықеттердің төзімділігі мен күшін арттыруға көмектеседі. Бокс тек жігіттерге ғана емес, қыздарға да өте қолайлы, өйткені бүгінде көптеген жаттықтырушылар спорттың осы түрінің қиындығын ескеріп, әрбір жаттығу әйел организмінің ерекшеліктеріне қарай құрылады. Бокс жаттығулары психоэмоционалдық аспектіні де қамтиды, олар жинақталған теріс эмоцияларды шығарып тастауға көмектеседі, сондай-ақ эмоцияларды бақылауға және өзіне деген сенімділікті дамытуға септігін тигізеді. Бокс бойынша үнемі жаттығулар көру анализаторына қосымша жүктеме түсіріп, көру аясын кеңейтіп, көз бұлшықеттерінің қызметін жақсартады.[2]






5


















3.Олимпиядада женіске жеткен қазақ боксшылары.



1-сурет.Васили Жиров


1.Василий Жиров.1996 жылы Василий Жиров Атлантадағы Олимпиада ойындарында 81 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Қазақстан үшін алғашқы алтын медальды жеңіп алды. Финалда ол оңтүстік кореялық боксшы Ли Сын Бэмен кездесті және 17:4 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл жетістік Жировқа алтын медальмен қатар Олимпиададағы ең техникалық боксшыға берілетін беделді Вэл Баркер Кубогын да алып келді.1996 жылғы Олимпиадада Василийге әлемге әйгілі Мохаммед Али де қол соқты. Жеңісінен кейін спортшы АҚШ-қа көшіп, кәсіпқой бокс карьерасын жалғастырды. Оның есебінде 42 кәсіпқой жекпе-жек бар: 38 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең ойын


2-сурет. Ермахан Ибраимов. Сидней олимпиадасындағы жеңісі.


2.Ермахан Ибраимов Ермахан Ибраимовтың карьерасындағы шыңы 2000 жылға сәйкес келді, сол жылы ол Сидней Олимпиадасында 71 кг салмақ дәрежесінде алтын медальды жеңіп алды.Төртінші айналымда Ибраимов бірнеше дүркін әлем чемпионы кубалық Хуан Эрнандесті жеңді, жартылай финалда америкалық Джермен Тейлорды сенімді түрде жеңіп, финалда румын Марьян Симьонды ешқандай мүмкіндік қалдырмай ұтты. Ибраимовтың Қазақстанға оралуы триумфальды болды — оны әуежайда шамамен 5 мың адам қарсы алды.2002 жылдан 2004 жылға дейін

Ибраимов ұлттық бокс құрамасын жаттықтырды. 2004 жылғы Афины Олимпиадасында оның жетекшілігімен еліміздің құрамасы барлық медальдар жиынтығын жеңіп алды.

6


3-сурет.Бекзат Саттарханов. Сидней олимпиадасындагы алтын медаль иегері.


Бекзат Саттарханов

Бекзат Саттарханов 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 57 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Жас кезіне байланысты оны фаворит деп есептемеді, бірақ ол чемпион атануға деген мақсатын орындап, төртінші айналымда түрік боксшысы Рамазан Палианиді 12:11 есебімен жеңді. Жартылай финалда Саттарханов мароккалық Тахар Тамсаманиді сенімді түрде ұтты, ал финалда әлем чемпионы Рикардо Хуарестен (АҚШ) басым түсті.Олимпиада жеңісінен кейін Саттархановқа жарқын болашақ болатыны болжанған еді, бірақ оның өмірі 2000 жылғы 31 желтоқсанда автокатастрофа нәтижесінде қайғылы жағдайда үзілді.



4-сурет.Бахтияр Артаев Вэл Баркер кубогының иегері.


4.Бахтияр Артаев

Бахтияр Артаевтың карьерасы жарқын және жылдам басталды. 2004 жылы ол Афинадағы Олимпиадада 69 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл үшін жартылай финалда екі дүркін Олимпиада чемпионы, ресейлік Олег Саитовты жеңіп, финалда әлем чемпионы, кубалық Лоренцо Арагону қарсы тұрды. Сонымен қатар, Артаев Вэл Баркер Кубогын ең техникалық боксшы ретінде алды.Олимпиададағы жеңіс Артаевты басын айналдырмады — ол карьерасынжалғастырып, 2005 және 2007 жылдары әлем чемпионаттарында қола медаль иеленді, сондай-ақ 2006 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

7


5-сурет.Бахыт Сарсекбаев Пекин олимпиадасынын алтын медаль жүлдегері.


5.Бахыт Сарсекбаев2008 жылы Пекин Олимпиадасында Бахыт Сарсекбаев 69 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, осы Олимпиадада Қазақстанның бокс құрамасындағы жалғыз Олимпиада чемпионы атанды.Карьерасын аяқтағаннан кейін Сарсекбаев бокс әлемінде функционер ретінде қалды және тіпті боксты мектептердің оқу бағдарламасына енгізуді ұсынд


6-сурет.Серік Сапиев. Лондон олимпиадасы чемпионы.


6.Серік Сапиев Лондон Олимпиадасында 69 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол ең техникалық боксшыға берілетін сыйлықты жеңіп алып, Қазақстанның осы марапатты алған үшінші боксшысы болды.


7-сурет. Данияр Елеусинов. Рио-де-Жанейро олимпиадасынын чемпионы.


7.2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Данияр Елеусинов 69 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан үшін осы салмақта төртінші рет

8

қатарынан алынған алтын медаль болды, және еліміз бұл жетістікке жеткен жалғыз ел болып қалды.Рио триумфынан кейін Данияр кәсіби бокс карьерасын бастап, тек 2,5 жыл ішінде барлығы 11 жекпе-жегінде жеңіске жетті[3].


4.Қазақстандағы әйелдер боксы.


Қазақстан әйелдер құрамасы ресми түрде 2005 жылдан бері жұмыс істейді.Ал Атырауда өткен бірінші республикалық турнирге небәрі 22 қатысушы келсе, араға бір жыл салып, 2006 жылы Шымкентте 46 әділ жыныс өкілі бокспен шұғылданған болатын. Ал 2007 жылы Көкшетауда медальдар үшін күрескен спортшылардың саны әлдеқайда көп – 83.2011 жыл қатысушылар саны бойынша рекордтық жыл болды.  Әйелдер арасындағы бокстан 7-ші Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық дерлік облыстарынан 205 спортшы қатысты. Жыл сайын жекпе-жек өнерінің бұл түрі танымал болып, әйелдер арасындағы культтік спорттың біріне айналуда.Қазақстандағы әйелдер боксының үдемелі дамуын келесі деректерден көруге болады:2006 жылғы әлем чемпионатында (Нинбо, Қытай) Назгүл Боранбаева 3-орын алды.2008 жылғы Азия чемпионатында Жұлдызай Иманбаева күміс жүлдегер атанды. Оксана Королева, Дариға Шәкімова және Саида Хасенова қола медаль алды.2008 жылғы әлем чемпионатында Елена Кольцова 3 орынды иеленді.2009 жылы өткен жабық кешендегі Азия ойындарында (Ханой, Вьетнам) Саида Хасенова алтын, Дариға Шәкімова қола жүлдегер атанды.2010 жылы Астанада өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық 1-орынға ие болды. Азия чемпиондары: Жайна Шекербекова (Шымкент), Саида Хасенова (Алматы), Дариға Шәкімова (Петропавл), Марина Вольнова (Астана).  Назгүл Боранбаева (Астана) күміс медальмен марапатталды,қола медальді Әйгерім Асқарова (Тараз), Елена Кольцова (Қостанай), Юлдуз Маматқұлова (Тараз) алды.2010 жылғы әлем чемпионатында (Бриджтаун, Барбадос) Марина Вольнова күміс медальмен марапатталса, Назгүл Боранбаева екінші рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.2010 жылғы Азия ойындарында (Гуанчжоу, Қытай) – Саида Хасенова (Алматы) қола жүлдегер атанды.2011 жылғы Азия кубогында (Хайку, Қытай), Жайна Шекербекова (Шымкент), Елена Кольцова (Қостанай), Марина Вольнова (Астана), Юлдуз Маматқұлова (Тараз) күміс, Саида Хасенова (Алматы) қола жүлдеге ие болды.2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы бірінші әлем чемпионатында (Анталия, Түркия) Айдана Арапбай алтын медаль жеңіп алды. Қола медальмен Айсәуле Тайыр, Валентина Хальзова және Тоғжан Сыздықова марапатталды.Дәл осы уақытта жастардың әйелдер құрамалары арасындағы тұңғыш әлем чемпионаты да осында өтті. Бұл турнирде бес қазақ қызы қола жүлдегер атанды, олар Назым Қызайбай, Назым Төлеуова, Жанел Іңкәрбекова, Ольга Титоренко және Оксана Ухарова.2012 жылы Циньхуандао қаласында (ҚХР) өткен әлем чемпионатында Юлдуз Маматқұлова күміс, Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды.Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы турнирге қазақстандық екі спортшы Саида Хасенова мен Марина Вольнова қатысты. Лондондық Берік Маржықпаевтың жетекшілігімен Қызылорда облысының тумасы еліне қола жүлдемен оралды.2012 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның боксшы қыздары төрт медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Юлдуз Маматқұлова мен Ләззат Күнгейбаеваға, қола медаль Гүлжан Әкімова мен Фируза Шариповаға бұйырды.2014 жылғы әлем чемпионаты біздің нәзік жандылар үшін сәтті өтті, дәл осы жылы боксшы қызымыз осы жарыстарда бірінші рет алтын медаль жеңіп алды.

9

әлем чемпионаты аясындағы турнирді тамаша өткізіп, барлық жекпе-жектерде жарқын әрі сенімді жеңістерге қол жеткізді.  Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.2016 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 1 командалық орынды жеңіп алды. Әлем чемпиондары: Назым Қызайбай (екінші рет), Дина Жоламан, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева. Қола жүлдені: Жайна Щекербекова (медальмен және Риодағы Олимпиадаға жолдамамен) және Айжан Хожабекова жеңіп алды.Рио-2016 Олимпиадасында бокстан Қазақстаннан екі спортшы бақ сынады: Дариға Шәкімова мен Жайна Щекербекова.  Бапкері Вадим Присяжнюктің жетекшілігімен Дариға Шәкімова қола медальмен марапатталды.[4]


5. Кәсіпқой бокс
.

8-сурет.Ринг.


Бокс әлемінде ең жоғары саналатын төрт тұжырым мен титул бар. Олар –  WBC, WBA, IBF және WBO. Бұл қатарға америкалық The Ring журналының титулын да қосуға болады. Ұғынықты тілмен айтар болсақ, жоғарыда аталған төрт титул – кәсіпқой бокстың олимптей биік шыңы. Бұл төрттік өз ішінде бірнеше аймақтық титулдарға бөлінеді. The Ring-тің атағы – әлем чемпионатындай. Олимпиададан бір саты төмен, бірақ дәрежесі жоғары. Бұл қатарға IBO мен IBA-ның титулдарын қосуға болады. Олардың да жергілікті белдіктері бар. Жоғарыда аталғандардан бөлек, тағы бірнеше ұйымдар бокс кештерін ұйымдастырып тұрады. Алайда, олардың атағы жоғары болып саналмайды. Біздегі облыстық турнирде жеңіске жеткенмен бірдей. Осы жерде титулдардың тарихы

аз-кем үңіле кетсек.




10


9-сурет. WBA бокс белбеуі.

Кәсіпқой бокстағы төрт белбеудің ішіндегі ең көнесі Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA). Ең алғаш 1921 жылы АҚШ-та Ұлттық бокс ұйымы болып құрылып, 1962 жылдан бүгінге дейін қазіргі атымен аталып келеді. Ұйым­ның белбеуі қара теріден керілген. Орта­сындағы медаль қалайыдан жасалып, ортабағалы тастармен көмкерілген. Сыртыалтынмен жасалған. Жан-жағында жылтыраған жезден жасалған медальдар орналасқан.


10-сурет. WBC титулы

WBC титулы 1963 жылы Мексикада құрылған. Президенті – Моурисио Сулей­ман. Халықаралық бокс федерация­сы (WBC) 1983 жылы АҚШ-та құрылған. Бүгінге дейін бұл тұжырым бойынша әлемнің 100-ден аса боксшысы әлем чемпионы атанған. Чемпиондық белбеу бүгінге дейін бес рет өзгертілді. Оның материалы – былғары, керамикамен қолдан безендірілген. Алтын жалатылған медаль Мексида жасалған.


11-сурет. IBF титулы

11

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 1983 жылы АҚШ-та негізін қалаған. Чемпиондық белбеудің дизайны он жылдан аса уақыттан бері өзгермеген. Белбеу қызыл теріден, ортасындағы медаль алтын жалатылған қалайыдан жасалып, онда бүркіт бейнесі орналасқан. Әр жеңімпаз белбеудің жақтауларына өздері қалаған сөзін жазып, бедерлей алады.




12-сурет.WBO титулы

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) 1988 жылы Пуэрто-Рикода басталды. Бұл ұйым 1990 жылы Еуропада қолдау тапса, 2000 жылдары ғана АҚШ-та екінші деңгейлі ұйым ретінде тіркелген. WBO чемпиондық белбеуі қоңыр теріден жасалған. Салмағы – 3,6 кило. Алтын жалатылған медальда жер шары бейнесі көрсетіліп, «World Champion» жазуымен қатар ринг бейнеленген. Геннадий Головкин. Орта салмақтағы кәсіпқой бокстың аңызы. Головкиннің рекордында көптеген беделді титулдар бар. Ол Олимпиада ойындарының Күміс чемпионы (2004), IBF, WBA және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы және т.б. Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан барлық уақыттағы ең үздік боксшылар рейтингінде 58-ші орында. Өзінің мансабының шыңында болған.Головкин Доминик Уэйд, Келл Брук, Дэниэл Джейкобс, Сауль Альварес және т.б. сияқты қарсыластармен жұдырықтасты. Головкин 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады.тт.

Серік Сәпиев. Екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Олимпиада чемпионы (2012), Вэл Баркер кубогының иегері (2012), ең техникалық жартылай орта салмақтағы боксшы атағын алған. Алматының тумасы боксты біршама кеш бастады (14 жасында), бірақ әлемдік даңққа қол жеткізді. Бүгінгі таңда Серік Сәпиев – қазақ боксшыларының ең табыстысы және бокстан ұлттық құрамадағы жаттықтырушы. Бекзат Сапарбаев. Алматының атақты тумасы жоғары дәрежелі боксшы ретінде өзінің беделін әлдеқашан танытты. Ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016) және жартылай және жеңіл салмақта үш дүркін Азия чемпионы. Қазіргі уақытта Сапарбаев кәсіпқой бокстағы мансабын жалғастыруда және Қазақстандағы келешегі зор боксшылардың бірі болып саналады. Данияр Елеусінов. Найзағай лақап аты бар қазақстандық кәсіпқой боксшы Риодағы (2016) Олимпиада ойындарының басты жаңалығы болды. Сондай-ақ әлем

12

чемпионы (2013), Азияның екі дүркін (2013, 2015) және Азия ойындарының (2010, 2014) чемпионы. Сонымен қатар, Елеусінов қазіргі IBF континентаралық чемпионы және IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы. Оның үстіне Данияр кәсіпқой бокста екі-ақ жылда екі титулды да жеңіп алды.Василий Жиров. Қазақтың әлемдік бокстағы үстемдігінің басын қосқан қазақ боксының ардагері. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен жылдары Жиров Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (1992-1995), Азия ойындарының қола чемпионы (1994), Олимпиада чемпионы (1996) атанды. Кәсіби мансабында Жиров рингте Джейсон Николсон, Рич Ламонтан, Джон Кайзер, Алекс Гонсалес сияқты титандармен кездесті.[5]


6. Қорытынды.


Бокс — тарихи тереңдігі мен көпқырлы әсері бар спорт түрі. Оның бастауын ежелгі Грекия мен Римнен алатын бұл спорт, ғасырлар бойы дамып, бүгінгі таңда әлемнің ең танымал және күрделі спорттарының бірі болып қалыптасты. Боксшылар тек күшті ғана емес, сонымен қатар рухани және психологиялық жағынан да мықты болуы керек, себебі бұл спорт физикалық ғана емес, адамды рухани тұрғыда шыңдайды.Қазақстанның бокстағы жетістіктері ерекше назар аударуға тұрарлық. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан боксшылары халықаралық аренада көптеген жеңістерге жетіп, еліміздің абыройын асырды. Болат Жұмаділов, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Жәнібек Әлімханұлы сияқты аттары әлемге танымал спортшылар қазақ боксын жаңа деңгейге көтерді. Әлем чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері отандық бокс мектебінің деңгейін көрсете отырып, елімізді бокстағы алдыңғы қатарлы елдермен теңестірді.Бокс тек жарыстар мен жеңістер ғана емес, ол дене шынықтырудың маңызды құралы болып табылады.Бұл спорт жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтып, буындардың қозғалғыштығын арттырады, сондай-ақ психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Боксшылар тек дене күшін ғана емес, жылдамдық пен ептілікті, сондай-ақ ұтқыр ойлау қабілетін дамытады. Бокс жаттығуларының нәтижесінде бұлшықеттер мен буындар күшейіп, адамның жалпы физикалық дайындығы айтарлықтай жақсарады.Осылайша, бокс — бұл физикалық және моральдық тұрғыдан зор шыдамдылықты талап ететін спорт түрі. Ол адамның денесін ғана емес, рухын да шыңдайды. Және, әрине, қазақстандық боксшылар өз еліміздің әлемдік аренада көрініс табуын жалғастырып, жаңа жеңістер мен жетістіктерге ұмтылуда.





13
















Пайдаланылған дереккөздер тізімі.


1.Н.Үсенова. Әлем чемпионы атанған қазақ боксшылары/ masaget.kz – 2021ж. 25 Қазан.

2.Карпман В.Л. Спортивная медицина: Учебник для институтов физической культуры/ В.Л.Карпман.- 1980 год.- 187 с.

3.Илья.В. Қазақ боксынан шыққан 7 олимпияда чемпиондары/ arena.kz. 2024ж. 29 Шілде.

4.Кулибаев,Т.А.«Энциклопедия женского бокса Қазахстана».2016ж.

(Астана қ. «Фолиант» баспасы. 320 бет.)

5.Egemen Qazaqstan. Кәсіпқой бокстын қыры мен сыры/2017ж. 11 Сәуір.




14

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі