Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қазақ елі менің - Отаным" № 8-САБАҚ «Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты |
Қазақ елі менің - Отаным |
||||
Күні |
21.10.2024ж |
||||
Сынып жетекшісі: |
М.Қанатқызы |
||||
Сынып: 5 «Ж» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Қазақ елі менің - Отаным» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 8-САБАҚ «Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері» |
||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу |
||||
Қауіпсіздік мақсаты |
Ашық ойын алаңдарда сақталу керек ережелермен таныстыру; |
||||
Қауіпсіздік міндеті |
1.Өз өміріне және өзгелерге құрметпен қарауды үйрену, Ашық ойын алаңында және аулады ойнағанда сақ болу. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу. |
||||
Апта дәйек сөзі |
Отаным – алтын бесігім! |
||||
Сабақтың барысы: |
|||||
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі Ұйымдастыру кезеңі Мұғалім: Балалар, бүгін біз «Қазақ елі менің - Отаным» тақырыбында тәрбие сағатын өткіземіз. Қазақстан – біздің туған жеріміз, біздің ортақ үйіміз. Біз осы жерде өмір сүріп, білім алып, елімізді көркейтуге үлес қосып жүрміз. Бұл сабақта біз Отан туралы сөйлесеміз, оның байлығы мен ерекшеліктері туралы ой бөлісеміз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін! Қазақстанның рәміздерін таныстыру Қазақстанның Туы туралы мәлімет: Мұғалім: Қазақстан Республикасының Туы – көгілдір түсті, ортасында күн, астында қыран бейнеленген. Бұл рәміз еліміздің бейбітшілігі мен кең байтақ даласын көрсетеді. Тапсырма: Оқушылар Ту туралы өз ойларын айтып, оны суреттейді. Елтаңба туралы мәлімет: Мұғалім: Елтаңба – мемлекеттің айқын белгісі. Ол киіз үйдің шаңырағы, қанатты пырақтар мен бес жұлдыздан тұрады. Бұл қазақ халқының ежелгі мәдениетін бейнелейді. Тапсырма: Оқушылар Елтаңбадағы бейнелерді талқылайды, олардың мағынасы туралы ой қозғайды. Қазақстан Әнұраны: Мұғалім: Әнұран – еліміздің рухани күші. Ол бізді біріктіріп, бірлікке шақырады. Барлығымыз Әнұранды орнымыздан тұрып, бірге орындайық. Тапсырма: Барлық оқушылар Қазақстанның Әнұранын бірге орындайды. III. Отан туралы өлеңдер мен тақпақтар Оқушылардың орындауындағы өлеңдер: Оқушы 1: «Менің Отаным – Қазақстан» атты өлең оқиды. Оқушы 2: Қазақ жерінің әсемдігі туралы өлең орындайды. Оқушы 3: Туған жерге деген сүйіспеншілікті білдіретін өлең жолдарын айтады. IV. Туған жердің табиғаты мен байлығы Мұғалім: Қазақстан – өте бай, табиғаты әсем, кең байтақ ел. Біздің жерімізде таулар, өзендер, ормандар, далалар бар. Осы жерлерді көріп, біз туған жерімізге деген мақтаныш сезімін сезінеміз. Тапсырма: Оқушылар Қазақстанның әдемі табиғаты туралы қысқаша әңгімелер айтады, табиғат суреттерін көрсетеді және оларды сипаттайды. V. Шығармашылық жұмыс Тапсырма: Оқушыларды топтарға бөліп, келесі шығармашылық тапсырмаларды орындауды ұсынады: Қазақстан туралы плакат жасау. «Менің Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу.
Ашық ойын алаңында қауіпсіздік ережелері: (10 мин)
Ойын алаңындағы негізгі қауіптер - қандай ойын жабдықтары қауіпті болуы мүмкін? Әрине, әр ата-ананың және мектептің міндеті - балаға қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Бірақ ойын барысында бір жастан 10 жасқа дейінгі балалар, өкінішке орай, өзін-өзі сақтау және жағдайды бақылау инстинктін «жоғалтады». Егер анам немесе әкем уақытында алаңдап, сақтандырмаса, іс жарақатпен аяқталуы мүмкін. Кішкентай бүлдіршіндер үшін қандай ойын жабдықтары аса қауіпті?
Қорытынды Сабақ аяқталған соң, оқушылар туған жер туралы ойларын ортаға салады. Мұғалім әрбір баланың пікірі мен тапсырмаларын бағалайды. Тәрбие сағаты Қазақстан туралы терең білім беріп, патриоттық сезімдерді күшейтуге көмектеседі.
|
Оқушылар шеңбер болып тұрады Қазақстанның рәміздерін таныстырады Қазақстанның Туы туралы мәлімет алады Қазақстан Республикасының Туы – көгілдір түсті, ортасында күн, астында қыран бейнеленген. Бұл рәміз еліміздің бейбітшілігі мен кең байтақ даласын көрсетеді.Оқушылар суретін салады Елтаңбадағы бейнелерді талқылайды, олардың мағынасы туралы ой қозғайды. Оқушылар Қазақстанның Әнұранын бірге орындайды. Отаным, туған жерім – Қазақстан, Ауыр күндер артта қалды азап құшқан. Бүгінде ұландарың еркін күліп, Көгіңде қырандарың азат ұшқан. Бір кезде
артта қалған Қазақстан, Туған жер О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең, Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен. Сағынышымды қанат қып саған қарай Балапандай талпынып ұшамын мен. «Менің Қазақстаным» тақырыбында эссе жазады.
|
Тақырыптық безендірулер, додекаэрд, тақырыпқа сай ойынға арналған көрнекіліктер.
Қауіпсіздік сабағына арналған түсіндірме қағаздар.
Түрлі- түсті қарандаштар
|