«М.Шоқай атындағы №24
жалпы білім беретін мектеп» КММ
ЕББҚ бар балаларды
қолдау кабинеті
Ашық
сабақ
Педагог-ассистент:
Ағынбаева Г.С.
2023-2024 оқу
жылы
Тақырыбы: «Қазақ
есебі»
Сыныбы: 3 «г»
сыныбы
Күні:
25.01.2024ж
Өтілетін
орны: сынып
іші
Сабақтың
мақсаты: білім алушылардың креативті
және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету.
Сабақтың
міндеттері:
-
Білім алушылардың
математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын
ояту;
-
Білім алушылардың зияткерлік
қабілеттерін дамыту;
-
Математикалық білімнің өмірмен
байланысын көрсету.
Математикалық есептер шығару
білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға,
логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал
етеді.
Математикалық есептерді шешу
білім алушыларды ойлануға, модельдеуге, болжауға және нақты
мысалдарды дәлелдеуге негіз болады, бұл күнделікті өмірде ең
қарапайым және күрделі мәселелерде оң шешім қабылдауына әсер
етеді.
«Қазақ есебі» челленджі физика
математика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым
математик Жұмадилдаев Асқар Серікұлының авторлық есептерін шеуге
арналады.
-
Берілген есепті шығарып, топқа
бөлу. Шыққан санның қасиеті туралы айту. Топқа ат
беру.
-
Ширату (Логика.
сұрақтар)
-
Кім жылдам? (Есептер
шығару)
-
Құпия сан (логикалық
есептер)
-
Сергіту сәті
(нейрожаттығулар)
-
Сиқырлы
шаршы
-
Тапқыр болсаң, тауып көр
(теңдеу шешу)
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
Бүгінгі сабағымызды керемет көңіл күймен бастау үшін М.Мақатаевтың
«Үш бақытым» өлең шумағымен бастайықшы.
Үш
бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем
де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер
ем!
...
Оты сөнген
жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ
кел дағы от ал менен.
Жарайсыңдар!
Бүгінгі сабағымыз қазақтың
атақты математигі Асқар Жұмаділдаевтің есептерімен байланысты
болады.
Жұмаділдаев Асқар
Серқұлұлы (25 ақпан 1956 жылы туған, Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – ғалым, физика-математика ғылым докторы
(1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі
(1995). 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында
(қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер
болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының
меңгерушісі.
Ендеше ағамыздың
есептерін 3 топқа
бөлініп, жарысып
шығарайық.
Енді үш топқа ат беру үшін
топбасшылары бері шығып, берілген есептерті шығарып, шыққан шешімі
топ атауы болады. Және сол санның қазақта қандай қасиеті бар екенін
түсіндіріп жіберіңдер. Қазақ халқында қасиетті қандай сандар
бар?
Сол сандарға байланысты қандай
ырымдар бар?
-
3 би: Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би.
3 арсыз: ұйқы арсыз, күлкі
арсыз, тамақ арсыз.
3 байлық: денсаулық, ақ
жаулық, он саулық.
3 ортақ: ай ортақ, күн ортақ,
жақсы ортақ.
-
5 қару: айбалта, найза, қылыш,
шоқпар, садақ.
5 қатер: от, жау, борыш, ауру,
сөз.
Абай атамыздың өлең жолындағы
5 саны.
-
7 қазына:
ер жігіт, сұлу әйел, құмай
тазы, берен мылтық, жүйрік ат, ақыл-білім, қыран
бүркіт.
7 ата:
ата, әке, бала, немере,
шөбере, шөпшек, немене.
7 күн:
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі,
Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
Топтарыңның атауын біліп
алдық.
Ширату.
Тамаша жұмыс! Ендігі тапсырма
сендердің ойлау шапшаңдықтарыңды тексеру үшін Логикалық сұрақтар
қоямын. Тек қол көтерген оқушы ғана жауап береді. Қол көтермей
жауап берген жауап есептелмейді.
-
Аспанда бес үйрек ұшып бара
жатты. Аңшы бір үйректі атып алды. Неше үйрек қалды? Жауабы: 1
үйрек, қалғаны ұшып кетті.
-
Бір алма, екі алмұрт, үш банан
200тг тұрады. Үш алма, екә алмұрт, бір банан 200тг тұрады. Бір
алма, бір алмұрт, бір банан неше тг тұрады? Жауабы:
100тг
-
Көшеде екі әкесі, екі баласы,
және атасы немересімен қыдырып жүр.
Көшеде неше
адам жүр? Жауабы: үшеу
-
Үстел үстінде үш стакан шие
тұр. Марат бір
стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш
стакан
-
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың
әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі
сағат
-
Айдынның Асқардан бойы ұзын,
бірақ Жанаттан кіші.
Кім ұзын?
Шешімі: Жанат – ұзын
«Кім
жылдам?»
Келесі тапсырма барлықтарыңа
есеп берілді, шешімін сәйкес себетке
саламыз.
«Құпия
сан»
Келесі тапсырма берілген
есептегі суреттердің орнына жасырынған сандарды табу
керексіңдер.

Сергіту
сәті.
Ендеше кішкене
саусақтарымызды, миымызды демалдыру үшін нейрожаттығу жасап
жіберейік.
«Сиқырлы
шаршы»
1,2,3,4 сандарын бір
бағанға қайталанбайтындай етіп
орналастыр
«Тапқыр болсаң, тауып
көр»
Неше квадрат бар? Жауабы 14.
Тоғыз 1х1 квадрат, төрт 2х2 квадрат және бір 3х3 квадрат
бар. 9+4+1=14
Неше үшбұрыш бар? Жауабы
5

Неше үшбұрыш бар? Жауабы:
7
Қонақ апайларымызға берілген
тапсырманың шешімін көрсетсін.
Қолды алмай бір сызықпен бір
бірінің үстіне өтпей сыз.
Топтық
есептер.
1
топ.
790-499= 42:12= 18*2=
X*3=1000-340
564+299= 90:45= 33*3=
2
топ.
564-499= 50*3= 82:2=
х:40=36-34
247+390= 120:6= 51*3=
3
топ.
1000-730= 25*5= 36:6=
х*3=1000-730
535-490= 20*8= 36:18=