Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт дәстүрі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт дәстүр туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт дәстүрі


Салт-дәстүр  – халықтың жөн-жоралғыларының, өмірлік ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүр – халықтың тұрмысынан, шаруашылығынан, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс.

Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді.

Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдық атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату және қайтыс болған адамды жөнелту жатады.

Қауымдық-қоғамдық ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Олар: наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру және т.б.

Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық-қоғамдық салт-сана өзара астасып, араласып жатады.

Халқымыздың шаруашылығының басым түрі жартылай көшпелі малшаруашылығы болды. Өзінің өсіріп отырған мал басының аман болуын тілегендіктен оларға байланысты әртүрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүр дүниеге келеді. Сондай әдет-ғұрыптардың бірі – отпен тазарту. Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген. Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді.

Ел жайлауға көшкенде әрбір ауыл өз көшінің салтанатты, сәнді безендірілуіне ерекше көңіл бөлген. Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілемдермен жабулап, қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көшті «қарқаралы көш» деп атаған. Қарқаралы түйені ауылдағы құрметті әйел немесе жас келін жетекке алған. Халық түсінігі бойынша қырғауылдың қауырсыны көшті көз тиюден немесе жол-жөнекей болатын қолайсыз жағдайлардан сақтайды.

Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла түседі. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішіседі. Олар бір-біріне мәңгі достықтың белгісі болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынады.

Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар. Дүниеге келген жас нәрестенің құлағына азан шақырып ат қойылады. Жасы үлкен туыстың бірі құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайды. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады. Ер бала 3, 5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізіледі. Баланың әке-шешесі сүндет тойға қонақ шақырып, ат шаптырып, той жасайды.

Наурыз – Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, бұл парсы тілінің, ноу – жаңа, руз – күн деген сөздерінен шыққан. Қазақ халқы бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді, өйткені бұл күн бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланған.

Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, ешкім ешкімді ренжітпейді, ренжімейді. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, таза киімдерін киіп, өздері де қонақ күтеді. Әр адам кем дегенде жеті үйге кіріп, дәм татып шығуы керек. Бұл көнеден келе жатқан мейрамның мерекелік тағамы – наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, май, ұн, тары (күріш, бидай, жүгері) және сүт. Наурыз көже барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Бұл күні дәстүр бойынша мерекелік қойылымдар, ұлттық ойындар, ақындар айтысы, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бәйге және т.б. ойындар өткізіледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі