400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру; жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: Қазақ халқының айтулы кемеңгер

билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би 

Мақсаты:  

    1.  Білімділігі:   Оқушыларға қазақтың аса айбынды  билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің  тарихтағы       орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру; жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
2. Дамытушылығы:   Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын қалыптастыру;
3. Тәрбиелігі:  Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би Сырдария жағалауында дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.

Казыбек би Казыбек Кеддибекулы (1667-1764) родился на берегах Сырдарьи, принадлежал к Среднему жузу, к роду каракесек племени аргын. Благодаря семейным традициям, казыбек уже в детские годы проявлял красноречие и острый ум, став с годами прославленным бием. О роли казыбек би в судьбе казахского народа можно сказать следующее: он один из инициаторов образования и укрепления единого централизованного казахского государства, остаивавших его независимость, территориальную целостность. Казыбек би умер в декабре 1764 г.

 

 Жүргізуші:

Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі сыйластық, татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Мысалы, «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа Қазыбек би аса тапқырлықпен былай жауап берген екен:

1 оқушы

 

Тату болса, ағайын жақын,

 

Ақылшы болса, апайың жақын.

 

Бауырмал болса, інің жақын,

 

Алдыңа тартқан адал асын –

 

Қимас жақын қарындасың.

 

2 оқушы


Алтын ұяң – Отан қымбат,

 

Құт-берекең – атаң қымбат.

 

Аймалайтын анаң қымбат,

 

Асқар тауың – әкең қымбат.

 

Мейірімді апаң қымбат,

 

Туып-өскен елің қымбат.

 


 Жүргізуші:


Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді. Мысалы,

 

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.

 

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.

 

Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер

 

басыңа.

 

Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!


Жүргізуші:


 

Қазыбек бидің сөздері мақал-мәтелге де айналып кеткен. Мысалы,


3 оқушы


«Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын»,


«Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос»,


«Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме»

 

Жүргізуші:

Кешімізді қорытындылай келе, үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың секілді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бола білген. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
09.11.2022
746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі