Материалдар / «Қазақ халқының бесікке салу дәстүрі- баланың психологиялық және физиологиялық дамуының басты кепілі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ халқының бесікке салу дәстүрі- баланың психологиялық және физиологиялық дамуының басты кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылығымызды тану, жалпы оқырман қауымға арналған,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2020
485
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Мақтаарал ауданы

Атакент кенті

«Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Зерттеу жұмысы



Бағыты: білім-ғылым

Секциясы: 1. қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырыбы: «Қазақ халқының бесікке салу дәстүрі- баланың психологиялық және физиологиялық дамуының басты кепілі»

Орындаған: Кенжебек Аруназ Аянқызы 7 «Д» сынып оқушысы

Жетекшісі: Смадиярова Мадина Арипбаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





2020 оқу жылы





Мазмұны



АБСТРАКТ____________________________________________

КІРІСПЕ _______________________________________________

  1. Қазақ халқының бесікке салу дәстүрі___________________

    1. Бесікке салу дәстүрінің шығуына негіз болған халықтық тұрмыстық жағдайлар

    2. Бесік жырының айтылуы мен міндеті

  2. Бесік тәрбиесінің бала тәрбиесіне тигізер әсері _____________________________________

    1. Бесік жырының бала психологиясына оң әсері__________

    2. Бесікке салудың бала физиологиясына оң әсері_________



  1. Бесік жиһазының жасалуы_____________________________

    1. Бесік ағашының құрамы_____________________________

ҚОРЫТЫНДЫ__________________________________________

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ________________

























АБСТРАКТ

Осы зерттеу жұмысында қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі- «Бесік жырының» тәрбиелік маңызы мен оның құндылығына қазіргі таңдағы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңірту болып табылады. Бұл жұмыс барысында ұлттығымызды дәріптеу ең негізгі екенін ұғындыру керектігіне жан-жақты тоқталу.

В этом исследовании одна из традиций казахского народа - прививать подрастающему поколению образовательную ценность и ценность «Колыбельной». В этой работе необходимо подчеркнуть, что продвижение нашей нации - самое главное.

In this study, one of the traditions of the Kazakh people is to instill in the younger generation the educational value and value of the "Lullaby". In this work, it must be emphasized that the advancement of our nation is the most important thing.



Зерттеудің өзектілігі - танымдық әрекеттің белсенділігін арттыру. Ұлттық руханияттың белгісі – мәдени мұраға иек арту жаhандануға жақындау мен ұлттардың өзіндік болмысын сақтауы болып табылады. Осынау өркениетке ұмтылып отырған уақытта ұлттық тәрбиеміз бастау алған бесік жырының бүгінде ұрпақ сабақтастығында маңызын жоймайтын мәңгілік тақырып. Ұлттық болмысымызды насихаттайтын ауыз әдебиетіміздің негізін жинап зерттеу, оны халыққа  таныту мол ізденіс пен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Көшпенді қазақ халқының бала тәрбиесінен еш қалыс қалмағаны бесік жырынан жұртшылыққа белгілі.   Қазақ ауыз әдебиетінде өзіндік әуенімен танылған «Бесік жырының» тәрбиелік мәні жас аналарға әлі санасына зерделенбеген. Ауыз әдебиетіміздің  «Бесік жыры» атты туындысы бүгінде көпшілік қазақ отбасына танымал болғанымен, арнайы ғылыми зерттеу еңбектері  жоқ  деуге болады. Мәңгілік бала тәрбиесіндегі «Бесік жыры» өз зерттеулерін күтіп тұрған мәселе. Сондықтан осы мәселе жұмыстың өзектілігін айқындайды

Зерттеудің мақсаты:

Бесік жиһазы мен бесік жырының бала денсаулығына пайдасын дәріптеу;

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұмытпауға шақыру;

Зерттеудің алдына қояр негізгі міндеті- қазіргі өмірде жас нәрестелердің «Бесік жырын» естіп, тәрбиеленуі керектігін аналар есіне түсіріп, зерттеу жүргізу, ата-аналарға таныстыру. Осы орайда жұмыстың алдына мынандай нақты міндеттер қойылды:

-Бесікке бөлеу мен қазіргі заманауи тәрбие негізіндегі айырмашылықтарды айқындау;

- «Бесік жырының» тәрбиелік маңызын анықтау;

Қазақ халқының бесікке байланысты мақал-мәтелдер мен ырым-тыйымдар негізіндегі көзқарастарын жас ұрпаққа насихаттау;

Зерттеу болжамдары:

1.Егер  аналар әжелер сөзіне сенсек,бесіктің баланың өсуіне еш кедергісі жоқ, ол дәрігерлердің пайымдауынша болған кері әрекет.

2.Егер  бесік туралы  деректерге үңілсек, үлкендердің айтуынша, тәрбие басы бесіктен басталатыны  анық.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Халық мұрасының «Бесік жырының» бала тәрбиесіне тигізер әсері мен пайдасы ғылыми түрде сараланды.

–  «Бесік жыры» өлеңдері мен жырлары бала тәрбиесінің басты құралы екені дәлелденді;

–  «Бесік жырын» естіп өскен баланың ән айтуға құмарлығы дәлелденді;

–     Бала тәрбиесіне жырдың берер пайдасы бар екені дәлелденді.

Күтілетін нәтиже:

1. «Бесік жыры» жайлы ақпараттар мен тәрбиелік маңызы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, мәліметтер тізілді.

2. «Бесік жыры» халық арасында айтылатыны анықталып, сипаттама берілді.

3. Әр дәуірдің ағымына қарай «Бесік жыры» өзгеріп отыратындығы анықталды.

 Зерттеудің  жаңашылдығы:

Ұлтымызға таныс бесік жырының тәрбиелік мәні ғылыми тұрғыдан зерттеліп, қажетті мәліметтер жиналып тізілді.

Бесік жырының бала тәрбиесіне әсері бар екені зерттеліп, сипаттама берілді.

Халық ауыз әдебиетінің аса құнды қазынасы бесік жырының бала өміріне әсері.

 



Жұмыстың зерттеу әдістері:

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері- баяндау, салыстыру, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау. Бесікке байланысты алдағы уақытта:  бесік жырлары, мақал-мәтелдер, ырым –тыйымдар, нақыл сөздер, жұмбақтар жинақталған кітапша құрастыралады.

Пі к і р

 Бұл зерттеу жұмысты  жазуды  7 сынып оқушысы Кенжебек Аруназ бастаған болатын. Аруназ өзі сондай салмақты, сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқушылардың бірі. Аруназдың бұл жобаны жазу барысында   қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ерекше қызығушылығы одан сайын арта түсті.  Таңдау себебі,  Аруназ орыс сыныбында оқитынына қарамастан ол қазақтың халық әндерін сүйіп тыңдап қана қоймай, өзінің тамаша дауысымен шырқай алатыны бар еді. Оған осы ерекше тұрмыс-салт жырларының ішіндегі ең ерекше қазақтың бесікке салу дәстүрі арқылы көп нәрселерді ұғуға болатыны өте қызықты болды. Аруназ өзінің осындай ынтасымен өз қабілетінің арқасында қызығушылықпен зерттеу жобасын жазып шықты. Аруназдың бұл жұмысты жазу барысында  ерінбестен көптеген ізденістер жасап, мектепішілік кітапханаларға барып, бірнеше мәліметтер әкеліп, одан түйінді ой жинақтай білді. Кенжебек Аруназдың осы аталған жұмысын  мен пән мұғалімі ретінде  өте жақсы деп бағалаймын және бұл ұсынысын қостадым. Алдағы уақытта да Аруназ бұл жұмысын әрі қарай жалғастыра алатынына толық сенімді түрде айта аламын.



















Тақырыбы:

«Қазақ халқының бесікке салу дәстүрі- баланың психологиялық және физиологиялық дамуының басты кепілі»

КІРІСПЕ

Қазақ халқының тарихы бай, ұлан-байтақ дала тұрғындары сан ғасырлық тарихында жас ұрпақты тәрбиелеудің мол тәжірибесін жинақтады. Халықтың шығармашылық тәжірибесі адам мінез-құлқының ережелері мен жөн-жобаларының басын біріктіретін салт-дәстүрлерді дүниеге әкелді. Өзіне тән әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, табиғи климаттық жағдайларына сәйкес көшпелі қазақтардың балаларды, жастарды тәрбиелеуге деген өз талаптары қалыптасты. Оның ішінде жеке тұлғаның белгілі бір моральдық-психологиялық құрамы сомдалды, мұның мәні- нағыз адам қалыптастыру, тәрбиелеу болып табылады.

Ерте заманнан-ақ қазақ халқының тыныс-тіршілігіне байланысты, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты ойлап тапқан салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары көп болды. Солардың бірі – бала туылғаннан кейін белгілі бір мерзімде баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік- адам сатысы. Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. 

Бесікке салу дәстүрі бірден орындалмайды. Бұл дәстүр алдында орындалар ерекше ғұрып «кіндік кесер» деп аталады. Бұдан ұрпақтар сабақтастығы айқын көрінеді: дүниеге жаңа келген жас бала үлкеннен қымбат қазынаны - халық өмірінің тәжірибесін алады. Сондай-ақ, бұл баланың адамдар әлеміне енуін де білдіреді. Кіндік кесуді ру ішіндегі мейірімді, көп балалы, құрметке лайық «кіндік шеше» атқарған. Бала дүниеге келген кезде қайын ене отқа май құйған. Қазақтың «Шілдехана» тойы, яғни, баланың өмірге келу құрметіне жасалатын той үшінші күні өткен: баланы алғаш рет тұзды суға шомылдырып, содан соң «сылап-сипау» ғұрпын жасаған. Бесінші-жетінші күндері, кіндігі түскеннен кейін баланы бесікке бөлеген. «Бесікке салу» ғұрпы деген сол. Бесікке салу баланың болашақ тағдырын бағдарлаудың маңызды ғұрпы саналады: «Мешел болғың келмесе, тағылымың мен бесігіңді түзе», «Тәрбие-тал бесіктен», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» деген секілді мақал-мәтелдер соның айғағы.

Әлемде «Бесік жырын» айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының

мәйегіне айналған бесікке салу дәстүрі мен бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп есептейді.




Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке салуға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Оның мәнісі- баласының асқазаны дұрыс жұмыс істеп, үлкен-кіші дәреті өз мезгілінде орындалсын деген ниеттен туған. Осыдан кейін бесікті адыраспанмен аластайды. Себебі, адыраспан- қазақ халқының сенімі бойынша жын-шайтанды жолатпайтын қасиетке ие киелі шөп. Оның үстіне, адыраспан жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін, медицинада дәлелденген дәрілік өсімдік. Осы шөптің пайдасын ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ болжаған.


Бесікке салу дәстүрін орындап жатқан үй иесі баланы бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тарту етеді. Үлкендер батасын беріп, баланың ержетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және ең негізгі бөлім –«Бесік жыры» айтылады.

Бесікке салу дәстүрінің пайда болуына негіз болған жағдайлар- біздің ата-бабамыздың, яғни, қазақ халқының көшпенділік өмірі болатын. Алтай мен Атырау арасында жаз жайлауы мен қыс қыстауын көшіп-қону арқылы мекен еткен халқымыз көшу барысында алдымен сәби жағдайын ойлаған. Баланың жол үстінде тазалығын, тыныш ұйқысын, қауіпсіздігін ойлағандықтан да бесік жиһазы өмірге келген деп ойлаймын. Себебі бесіктегі бала шүмекпен бөленсе төсегі құрғақ жатады. Ал құрғақ төсек тыныш ұйқының кепілі. Оның үстіне бесік түйенің үстіне артып байлауға ыңғайлы. Қара халықта күйме аз болатындықтан көпшілігі баланы бесігімен мал үстіне артуға немесе арбаға байлап қоюға мәжбүр болған. Бұл мәжбүрліктің бала өміріне келіп-кетер зияны жоқ. Өйткені бесік артатын малға түліктің ең жуасын, жайлы жүрістісін таңдаған.



Бесік жырының айтылуы мен міндеті

«Ел болу үшін, бесігіңді түзе» – деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің санасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден алған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.

Ал енді, бесік атауының шығуына байланысты тілші-ғалым   Ә.Нұрмағамбетов былай дейді: «Нәресте жататын төсекті ана тілімізде «бесік» деп атайтынын білесіңдер. Қазақ сөзінде без, безек, безілдеу, безу, безеу, безгілдек, безбен т.б. толып жатқан төл сөздер бар. Осы аталған сөздердің барлығының түбірі – без. Бұл сөздердің барлығы қозғалу, ырғалу, шайғалу, тербелу деген ұғымға сыйып тұрғандықтан «бесік» әу бастан «безек» немесе «безік» болып, беретін «з» дыбысы қатаң «с» дыбысына ауысып, «бесік» болып қалыптасса керек. Бұл біздің бірінші жорамалымыз. Екінші ойымыз: бесіктің жасалу жолына қарай, оны құрайтын негізгі бес ағашқа байланысты «бес уық» сөзінің туындауы мүмкін деген тұжырым жасауға болады. Олай дейтініміз, қазақ халқы негізінде екі түрін тұтынған. Оның ертерек пайда болған түрі «аспалы бесік» деп аталады. Аспалы бесіктің жасалу жолдары өте қарапайым. Оны әзірлеу үшін бес тал, жуандығы біркелкі, жұмыр талдар болса болғаны. Ондай бесікті көшіп – қону кезінде уықтап жасай салу әбден мүмкін жай. Кейін келе бес уық – бесық – бесік болып қалыптасып кеткен тәрізді. Жалпы «бесік» атауының әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз.                                                                                                                                     Қазақ  халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым- тыйымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбағандығының өзінен бесікке деген наным-сенімдер ерекше. Бесік әкелудің өзі керемет бір сән- салтанат десе де болады. Келіннің төркіні «іздеушісі, сұраушысы бар екен» дегізіп бір топ болып келетін болған және де жай келмей баланың бесік жабдығымен түгелімен, түбек-шүмегіне дейін жасап әкелген. Бесік жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған.Түбегі мен шүмегінен басқа, қолтық жастық, тізе жастық дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігілген. Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезінен бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік – баланың жылы ұясы. Баланың нағашы жұрты бесікпен бірге, немерелі болып жатқан құда-құдағиға да сый-сияпатын ала келеді.  Әрине, мұның бәрін әркім қалдерінше жасалады.  Сәбилі болып жатқан қызының  нәрестесіне бесік әкелу – қыз төркінінің, әсіресе, анасының парызы.

Бесік жырының бала тәрбиесіне  әсері.   Өз заманында Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, «бесік жырын айтатын аналардың азайып бара жатқанына қорқамын» дегені бізді ойлантуы тиіс. Қазіргі жас аналар оның не екенін де білмес. Алайда, осы дәстүрді халық арасында кеңінен насихаттап жүрген «Сырдария аудандық әйелдер» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлмекен Жаналиева біршама жұмыс жасап жүр. Жазғы демалыс айларында үш аудан бойынша бесік жырын айтатындар үшін байқау ұйымдастырды.  Осындай маңызды шараларды ел ішінде ғана емес, қала аумағында өткізсе, құба-құп болар еді.Себебі, қаладағы көп жас аналар мұндай игі дәстүрімізден бейхабар екені жасырын емес.

Зейнеп Ахметова бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие. «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады.  Бесікке қатысты, яғни ана мен баланың арасындағы тағы бір байланыс – бесік жыры деуге болады. Бесіктегі баласына ана әлдиін, бесік жырын айтпаған қазақ әйелі жоқ шығар. Жалпы бесік жыры жайлы не білеміз?Баласына не себепті бесік жырын айтқан, оның маңызы неде?

Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие.Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баласының құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырының тұрақты нұсқасы жоқ.

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің ?!

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің ?!

Бұл – бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын таңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар.Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген  сағынышын да бөлісіп айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп , ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен..

Бүгінде  үлкен сахналарда да бесік жырлары заманауи әуенмен естіліп қалғанда қуанып қалатынымыз анық.

Бөпем менің қайда екен?

Қыздарменен тауда екен,

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен,

Қызыл алма қолында

Қыздар оның соңында,

Жүгіріп-жүгіріп жүр екен, – деген сияқты есте сақталатындай халық әніне салып айтылады.. Бала бесік жырын тыңдап жатып маужырап ұйықтағанды жақсы көреді. Әуен, саз деген – құдірет. Алла тағала жеті дыбысты жаратқан, ал қазақ халқының тумысынан әнші халық екені әмбеге аян. Олай дейтініміз, қазақ баласының тілінің ерте шығып, өнерге үйір болуының бір ұшы осы бесік жырында жатыр.

Бесік жыры. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 3 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Әубәкір Ахметжанұлы.Диваев хатқа түсіріп, 1905 жылы жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қой

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!