Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақаша тәрбиешілеріне арналған баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жоспары:

  • Кіріспе

Тәрбие-жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі түрде қалыптастыру

  • Негізгі бөлім

1. Ұлттық тәрбие ұтымды

2. Халық педагогикасының рухани-адамгершілік тәрбие

берудегі маңызы

3. Рухани құндылық-адам жанының алтын арқауы

  • Қорытынды

Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы

































«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта

тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың

қажеті мен мүддесін жоқтайтын азамат шықпайды»

Мұстафа Шоқай


«Тәрбие-жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі түрде қалыптастыру»

Әр халықтың тек өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты,мәдениет мұрасы болатыны сияқты, бала тәрбиесі жөнінде қазақ халқының да белгілі қағидасы халықтық педагогикасы, мәдениеті болған. Азамат тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек нәрсе жоқ, күн сайын, сағат сайын, минут сайын баланың өмірге қатысты белгілі бір тәжірибесі қалыптасады. Балалық шақта із қалдырмайтын нәрсе жоқ. К.Д:Ушинский өз кезінде үлкендердің назарын мынадай бір фактіге аударды: Егер жас ағаштың жіп-жіңішке бұтағына торғай отырса бұтақ өзінің өсу бағытын өзгертеді; бала да сол сияқты, ол да өзінің жан дүниесінің даму бағытын өзгерте салу үшін онша көп нәрсе керек емес. Бала бойындағы мәдениеттілік, адалдық пен адамгершілік дәні келе-келе игі жемісін береді. Бала алғашқы рухани-мәдени адамгершілік құндылықтар үлгісін отбасынан алады.

Тәрбиені ұйымдастыру формасы-ортасы деген көп жағдайды қамтитын кең мағыналы ұғым. Баланың тек талабына, қажетіне ғана емес, сонымен қатар оның парыз туралы түсінігіне де көңіл бөлінуі керек. Шалқар арналы өзендер бастауын шағын жылғалардан алатыны сияқты, отан алдындағы парызды сезіну де ата-ана алдындағы борышты алғаш сезінуден басталады. Бірте-бірте баланың әлеуметтік қарым-қатынас өрісі кеңейіп, борыштарлық сезімін тәрбиелеу процесі барған сайын тереңдей түседі. Бірақ оның барлығының бастауы – баланың өз міндеттері жөніндегі «былай істеуге болады, былай істеуге болмайды» деген қарапайым түсінікті алғашқы ұғымды игеруі болып табылады. Бала өзінің қылығы үлкендерге жағуы үшін нені болса да солардың қалауынша жасауға тырысады. Мектеп жасына дейінгі бала үшін ата-анасының көңілінен шығудан асқан қуаныш жоқ, сол үшін ол тіпті өзі қаламайтын нәрсені жасауға да барады. Ата-ананың, тәрбиешінің қолдап, қоштап отыруы- бала мінезіндегі оң құбылысты жандандырып, адамгершілігін дамытуға септігін тигізеді. Үлкендердің жарату, жаратпауына қарап бала қандай қылығының жақсы, қайсысының жаман екенін, не істеуге болатынын, не істеуге болмайтынын біледі. Ата-аналар баланың үй ішінде өзі құлшынып, мұны атқару өзімнің міндетім деп санайтын өз қабілетіне лайықты бір жұмыс тауып алуына ықпал жасауы керек.

Мектеп жасына дейінгі сәбиге гүлге су құю, өз ойыншықтарын орнына жинау тәрізді қарапайым бір іс-тапсырма, бала, тіпті, оны жаратпағанның өзінде де- ол оның атқаруға міндетті жұмысы болып табылады. Мұндай жағдай баланың ерік-күшін шыңдайды. Балаға өзі қалаған жұмыстарды ғана істетпей, қиын да болса аса қажетті жұмыстарды істетіп үйрету керек. Ең бастысы балаға сену керек.

«Халық педагогикасының рухани – адамгершілік тәрбие берудеггі маңызы»

Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарының дамуы үшін-халық педагогикасының алар орны ерекше. Халық педагогикасы ғасырлар бойы қалыптасып, қордалана байып келе жатқан ғылым.

Біздің дана халқымыз қай кезеңде де ұрпақ тәрбиесіне ұлт болашағы деп қарап үлкен көңіл бөлген. Жаһандану үрдісіне еркін енген осы заманда тек ұлттық тәрбие алған ұрпақ ғана дені сау, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, мәдениетті болып өсетінін түсінуіміз керек. Сондықтан ұлттық тәрбие- ел болашағы деп қарауымыз керек. Біздің балабақшаның алға қойған мақсаттарының бірі де бірегейі-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту. Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін салт –дәстүрін, рухани –мәдени мұраларды қастерлеу: «Әр балаға жарық жұлдыз» деген ұстанымды бетке алған тәрбиешілер қауымының, әр баланы ұлттық тәрбие негізінде тұлға ретінде қалыптастырып, дамытуға бағытталған жұмыстарын атап өтуге болады. Рухани –адамгершілік білімнің түп тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер, әдеби музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп келеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2003жылдың 28 қарашасында Астана қаласында өткізілген Ұлттық кеңесте: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен алған заңды құбылыс. Мұның ар жағында сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен міндеттер жатыр»- деген еді.

«Ұлттық тәрбие ұтымды»

Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың ерте заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар. Тәрбие ұлттық табиғи тамырынан кіндік үзсе, тәрбиелік қасиетін жоғалтады. Сондықтан оны рухани тұрғыда ұлт тағдырымен байланыстыра отырып, бүгінгі қоғам келбетімен санаса отырып, алға бастыру қажет.

Бойында ұлттық сана қалыптасқан халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру үшін балабақшаларда халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тарихи дәстүрін зерттеп, оның қажеттісін оқу-тәрбие үрдісіне ұтымды пайдалану бүгінгі өмір талабынан туындап отыр. Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп-балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік қасиеттерге баулиды. «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты». Ата-ананың адамдық парызын бұл мақал өте әдемі бейнелеген! «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар» көңілге нұр құятын, өміріңе сән сыйлайтындай, өршілдікке үндейтіндей алмас даналық емес пе бұл?!

Отбасы біздің қоғамымыздың алтын ұясы.Егер ол шын мәнінде тату- тәтті болса, одан адамгершілік пен мәдениеттің, әділеттіліктің көрінісі таңғы шықтай мөлдіреп тұрады.

Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәл3м-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес. Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды. Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң -шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген рухани-мәдени мұрасының тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр. Әрбір халық «өз тарихын, философиясын мейлінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес». Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады.

«Рухани құндылық-адам жанының алтын арқауы»

Рухани-адамгершілік құндылық отбасынан бастау алады.Оған ата-ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» рхани тәрбиенің отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежеі оның мінез –құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін жаңа қадам болып табылады. Рухани құндылық –адам жанының алтын арқауы.

Баяндама барысында айтып өткенімдей біздің балабақша «ұлттық нақышта» жұмыс жасап жатыр. Ұлттық мәдени мұраны жаңғырту мақсатында балабақшада «ұлттық бөлме» жасақталған. Мұнда өзіміздің құнды қазахи жәдігерлеріміз орналасқан. Балабақшада өткізіліп жатқан әр түрлі іс-шаралар, ертеңгіліктер, ашық тәрбие сағаттарын айтып өтуге де болады. Мәдени мұраны жаңғырту мақсатында 1993жылы ауылымызға «Жалаңтөс Баһадүр Баба» есімі берілді. Сол уақытта ауылымыздан шағын делегация құрылып баба денесі жатқан Самарқанд қаласына барып қайтты.Ондағы мақсат бабамыздың топырағын елге жеткізу және ерлік істері жайлы құнды мәліметтер жинап қайту болатын. Делегация құрамы ауыл адамдарынан тұрды. Сол топтың бір мүшесі балабақшамыздың меңгерушісі Зағипа Құрманай еді. Ол қісі сол сапары жайлы үлкен бір тебіреніспен әңгімелеп берген еді. Биыл Жалаңтөс бабамыздың 440 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Баба құрметіне орай жаңадан бой көтерген «Алла үйіне» есімі беріліп, баба рухына тағзым жасау үшін ескерткіш қойылып, серуенжай халық игілігіне жарап тұр. Ұлттық мәдени мұраны жаңғырту мақсатында біздің байланыс орталықтарымыз құрылған, олар ауыл кітапханасы, мектеп, мешіт. Кітапханашы Шұғыла Гелмуддинқызы даналық әліппесімен балаларды таныстырды. Ауыл мектебі де ауылымыздың бір туар азаматы, елге еңбегі сіңген ер Қашақбай Пірімовтің есімімен аталады. Мектептегі сол кісінің атындағы мұражаймен танысып, көптеген қызықты мәліметтермен, ол кісінің еңбек жолы, алған наградалары жайлы біліп, танысып қайттық. Осындай ұлы тұлғалардың ұрпақтары екенін сезінген балалардың бойында халқына, еліне деген құрметтері арта түсетініне сенімдімін.

Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлап, көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте баланың жақсы қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады.

Менің өз тәжірибемде бесік жырымен бөбегімізді тербетіп, ертегілер айтып естелікке үйретіп, аңыз-әңгімелер айтып, ата-бабалардың тарихымен таныстыру-баланы ұлттық рухта тәрбиелеудің басты қағидасы деп білемін. Бала бойына халқымыздың мәдени-рухани, адамгершілік құндылықтарын сіңіруде-халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Күнделікті оқу қызметтері кезінде , оқу қызметінен тыс уақытта да жаңылтпаш, жұмбақтар, аңыз әңгімелерді үнемі қолданып отырамын.Соның ішінде ертегілердің алар орны ерекше.

Көркем шығармаларды да шығармашылық қойылымдарға айналдырып, балаларды кейіпкер ретінде қатыстырамын. Сахнада кейіпкер ретінде ойнаған баланың бойында әдебиетке, мәдениетке деген құштарлық оянады.

Халық педагогикасы- халық ауыз әдебиетіне негізделген. Ұрпақ тәрбиесінде кешігу деген мертігумен бірдей. Осы халық ауыз әдебиеті арқылы кейбір кешігулердің алдын алуға болады.

Кейбір ата-аналар өз балаларымен оның тілі әбден шыққанша сөйлеспейді. «Онымен несіне сөйлесесің, оның тілі әлі шыққан жоқ қой»-деген пікірді естіп қаламыз. Бұл мейілінше қате пікір. Психологтардың пікірінше баламен дүниеге келген сәттен бастап сөйлесе беру керек. Мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын. Осы ойын арқылы баланың тілі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Баланың іс-әрекеті дұрыс ұйымдастырылып отырса, ол баланың психологиясы да дұрыс дамиды. Ойын неғұрлым мақсаткерлік пен жүйелі ұйымдастырылып отырса, ол баланың дүниетанымы соғұрлым арта түседі. Бала ойын үстінде білім алады, мінезі қалыптасады. Ертегі де, яғни сахналау да ойынның бір түрі.

Халық даналығынан туындаған баланың жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп алынған нақыл, әңгіме, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар баланың ой-өрісін, тілін дамытып, дүниетанымын жетілдіруге жақсы ықпал етері сөзсіз.

Атақты педагог Сухомлинский «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік маңызы зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп-жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық,»-деп атап көрсеткен.

Мен өз балаларымды бесік жырымен әлдилеп, ертегілер айтып өсірдім. Қазір оныншы сынып оқитын қызым кешеге дейін ертегі тыңдап ұйықтайтын. Қазір немерем бар, оны да бесік жырымен әлдилеп өсіріп келемін. Балабақшада екібастан, ертегісіз балалар түскі ұйқыға жатпайды. Ертегі қызығына қиялымен сапар шеккен балалар жылы жымиып, тәтті ұйқыға кетеді. Ертегілерді, аңыз әңгімелерді сахналауға өте құмар. Сахналау кезінде баланың тілі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Ең маңыздысы сол ертегіні немесе әңгімені сахналай отырып, бойларына сыйластықты, ұқыптылықты, әдептілікті, достық қарым-өатынасты жияды. Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала», «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Құмырсқа, өрмекші, қарлығаш», «Бір уыс мақта» әңгімелерін балалар қызыға сахналады.

«Атымтай Жомарт», «Байлық пен ақыл» әсіресе балаларға үлкен ой салған «Ең қымбат байлық», «Самарқанның көк тасы», «Еңбек пен безгек» ертегілері ғибраты мол дүние еді.

Менің халық ауыз әдебиетін, соның ішінде ертегіні алғандағы алға қойған мақсатым:

  • балалардың жеке тұлғалық ерекшелігін зерттеу, қарым –қатынас

мәдениетін қалыптастыру;

  • Әр баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке баламен жұмыс жүргізу;

  • Өз сезімдерін ым- ишарамен, мимикамен, тағы басқа жолдармен көрсете отырып, қарым-қатынасқа қабілетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеу;

  • Көркем тіл мен сөйлеуін, қиялын дамыту, шағын әңгіме, ертегі құрастыруға үйрете білу. Осындай мақсаттар қоя отырып қол жеткізген нәтижем;

  • Еркін таңдау, шешім қабылдай алады;

  • Балалардың арасындағы өзара қарым-қатынас жақсарады, бір-біріне көмектесуге үйренеді.

  • Алдарына қойған мәселені шешуге талпынады;

  • Берілген оқиғаның себеп-салдарын түсінеді;

  • Ертегі түрлерін ажыратады, рөлге еніп, кейіпкерді сомдай алады.

Халқымызда «баланы жастан» деген даналық сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ рухани-адамгершілік тәрбиемен сусындаған бүлдіршін тәрбиелесек, бұл еңбегіміздің жанғаны!

«Рухани жаңғыру- өскелең ұрпақтың дара жолы»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында: «Жаңа заманға сай ұлттық сананы жаңғырту үрдісін бастадық; жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция бастауында тұрған біртұтас ел болуымыз керек»- деп атап көрсетті. Қазіргі жас бүлдіршіндердің санасына еліміздің тарихы мен салт-дәстүрін сіңіре отырып, ұлттық кодымызды жоғалтпай, қазақи болмыстағы болашақ патриоттарды тәрбиелеудеміз. «Мәдени мұра-рухани тірегіміз»- дей келе, адамгершілік пен ұлттық болмысымызды ертегілер мен аңыз әңгімелер тыңдау арқылы, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді көрсете отырып, баланың ой-қиялын, сана-сезімін ұлттық құндылықтарға деген құрмет, қызығушылық сезімдеріне тәрбиелеудемін.


Рухани жаңғыру –адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана –сезімі жаңа өзгерісті қабылдай білуі дей келе- ел ертеңі бүгінгі бүлдіршіндер бойына ұлттық мәдениетімізді сіңіре отырып, ұлттық санасын оятып, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеуге жұмыла атсалысайық! Осы жерде Ұлы Абайдың отыз сегізінші сөзін айтып өткім келіп тұр. Дана Абай өзінің сөзінде: «Ей, жүрегімнің аты перзенттерім, сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып қалдырайын. Ықыласыңмен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың толады»- деп бастайды. Талап-ұғым махаббаттан шығады дейді. Сонымен бала бойында қазақ халқының мәдени мұрасына деген маххаббатты ояту керек. Содан соң барып бала бойына мәдени-ұлттық құндылықтарды сіңіре беруімізге болады.

Сөзімді қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыздың мына бір өлең жолдарымен қорытындылағым келіп тұр:

Сен қазақсың, себебі әкең қазақ,

Ақ сүт берген ақ жаулықты анаң қазақ.

Ата-дәстүр салтымен ағып жатқан,

Денеңдегі қасиетті қаның қазақ!

Ықылас қойыптыңдағандарыңызға рахмет!







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 7том

  2. Азаматтық неден басталады. Л.В.Кузнецова

  3. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы

  4. Отбасы және балабақша журналы,№1, 2014ж

  5. Тәрбиелік іс-шаралар, №5, 2014ж

  6. «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» Елбасы жолдауы

.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
980
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12