Материалдар / Қазақ халқының музыкалық аспаптары. Тұйық етістік. Деңгейлік тапсырмалар. Қазақ тілі. 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқының музыкалық аспаптары. Тұйық етістік. Деңгейлік тапсырмалар. Қазақ тілі. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныптың Қазақ тілі пәні бойынша "Музыкалық аспаптар" тақырыбы мен Тұйық етістік тілдік бағдар бойынша деңгейліа тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2023
443
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сыныбы:

7

Пәні:

Қазақ тілі

Сағат саны:

1

Тақырыбы:

Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар

Мақсаты:

а) білімділік:



ә) дамытушылық:


б) тәрбиелік:



Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:


Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру,кубизм

Пәнаралақ байланыс:


Қазақ тілі, ән-күй

Көрнекілігі:

Слайд, топшама, домбыра

Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушыларды түгендеймін;

  • Сабаққа дайындығын тексеремін.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан 116-беттегі 3-тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар қоямын.

Өткен тақырыпты бекіту:

Өткен тақырыпты сөзжұмбақ арқылы бекітіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сұрақ-жауап.

  1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?

  2. Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер?

  3. Күй дегеніміз не?

  4. Қандай күйлерді білесіздер?

Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.


Аспаптар

Анықтамасы


Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.


Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.


Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертердің көлемі домбырадан кіші, бірақ пішіні қобызға ұқсайды.


Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап.


Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған.


Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған.

Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр.

Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшылары:

Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Кенен Әзірбаев, «Ұлытау» тобы, Асылбек Енсепов, Ақерке Тәжібаева т.б.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындатамын.

Тапсырма №1 (125-бет, ауызша)

Мәтінді оқып, мазмұнын айту, мәтінеге байланысты сұрақтарға жауап беру.

Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.

Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.

Сұрақтар:

  1. Қалықтың музыкалық аспаптары қандай болады.

  2. Ертеде аспаптарды неден жасаған?

  3. Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

  4. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынды?

Тапсырма №2

Мәтін ішіндегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.


Қобызшылар тобы

Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпаақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.

Қазақтың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім

музыкалық – дара, туынды, қатыстық сын есім

аспаптары – дара, негізгі, жалпы, -тар – көптік жалғау, -ы – т.ж.ІІІ жағы

ғасырлар – дара, негізгі, жалпы, -лар – көптік жалғаулы зат есім

бойы – дара, негізгі, жалпы, -ы – т.ж.ІІІ жағы, зат есім

ұрпақтан – дара, негізгі, жалпы, шығыс септік тұлғалы зат есім

ұрпаққа – дара, негізгі, жалпы, барыс септік тұлғалы зат есім

ауысып – болымды, салт, -ып – көсемше тұлғалы етістік

келе – болымды, салт, -е – көсемше тұлғалы етістік

жатқан – болымды, салт, -қан – есімше тұлғалы етістік

мәдени - дара, негізгі, сапалық сын есім

мұра – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім


Күйшілер тобы

Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.

Қазақтың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім

халық – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

аспаптар – дара, негізгі, жалпы, -тар – көптік жалғаулы зат есім

оркестріне – дара, негізгі, жалпы, -і – т.ж.ІІІ жағы, -не – барыс септігі

домбыра – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

мен – жалғаулық шылау

қобыздың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім

алғашқы – мезгіл үстеу

үлгілерін – дара, негізгі, жалпы, -лар – көптік жалғау, -ін – табыс септігі

ұсынған – болымды, салт, -ған – есімше тұлғалы етістік

профессор – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

А.Жұбанов – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім

болды – болымды, -ды – жедел өткен шақ


Сергіту сәті. Оқушыларға Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын.

Тапсырма №3

Берілген сызбаны дұрыс орналастырыңыз.


ЖDrawObject2 DrawObject1 етіген - ... өте нәзік, құлаққа жағымды.


АDrawObject3 спап ағаштан қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан, жеті

ішекті шертпелі музыкалы аспабы.

DrawObject5 DrawObject4


Аспаптың үні көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен

DrawObject6 насихатталып келеді.


Жетіген аспабы құрастырылып жасалады.


Тапсырма №4

Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңыз.

Дина Нұрпейісова (1861 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді) –

домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.

8-9 жасында домбыраны тартуды үйренген.

1870 жылы Құрманғазымен кездескен.

Динаның күйлері – «Байжұма», «Бұлбұл» т.б.

1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған.

Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

31.01.1955 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.

DrawObject7

Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа сабақты кубизм әдісі арқылы бекітемін.

  1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.

(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )

  1. ҚDrawObject8 азақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Махамбет, Кенен)

  2. Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет Жұбанов)

  3. Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)

  4. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: үрмелі, ішекті, ұрмалы)

  5. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз).


ҮDrawObject9 йге тапсырма:

Деңгейлік тапсырма

ІІІ деңгей

Сызба бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына сөйлем құраңыздар.

ІІ деңгей

Тірек сызбалар негізінде әңгіме құрыңыздар.

І деңгей

  1. Ұнататын музыкалық аспаптарын жөнінде әңгімелеңдер.

  2. Лицейдегі өнер мектебі (мәтін құру).

БDrawObject10 ағалау:

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!