Қазақ халқының рухани байлығы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының рухани байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының рухани байлығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ

ТЕКСЕРІЛДІ

ПЦК төрағасы

_____________Алменова Ф.Б.
"____" ___________2023ж.


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №

(теориялық немесе өндірістік оқыту)


Модуль /пән атауы

БҚ 4. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану

ОН 4.1. Әлемдік өркениетттегі Қазақстан республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын түсіну

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының рухани байлығы.

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

2

2023-2024

ҚР-22-1к

ҚР-22-2к








Сабақ түрі

Теориялық сабақ

2. Мақсаты, міндеттері

1.


2.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтың туындыларын зерттеу

Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұрасының дені – поэзиялық шығармалармен таныстыру.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.


2.

Халқымыз қалдырған көркем сөз өнері баға жетпес мол қазынамыз ауыз әдебиетін саралай алады.

Қазақ ауыз әдебиетін насихаттауда өз үлесін қоса алады және өз пікірін білдіре алады

3. Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1.Сүйіншәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп -1989

2. Досанов С. Егемен Қазақстан. 27.10.2010 ж.

3.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна–

2005.

4.М.Мағауин.Қобыз сарыны.Монография. Алматы: Мектеп, 2008.

5. Нығмет Ж.Н.Қазақ халық поэзиясы.Қазақ тілі хрестоматиясы.

Алматы: Білім – 2012- С-392 (каз).

6.Бес ғасыр жырлайды. 1-том.Алматы: Жазушы, 1989-384 б.

Техникалық құралдар, материалдар


Мүмкін болған жағдайда ғаламтормен жұмыс жасау, интерактивті тақтаны қолдану. Таратпа материалдар.

4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңілкүйлерін сұрау.

Сабаққа дайындығын тексеру.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ күйшілерінің күйлерін тыңдап, зерттеу және презентация жасау.

30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес.Сан салалы өлең-жыр, философиялық терең негізгі ойға құрылған асыл сөз үлгілері – жыр-толғаулар, асқақ ән,сәнді де сазды төгілген күй- көркем өнер саласындағы халық мұрасының асыл куәсі.Дәуірлік мәні бар философиялық терең сырлы жыраулық поэзия туындылары , әдеби шығармалар – халқымыздың мәдени мол мұрасы, байлығы.

Әрбір халықтың рухани байлығы – ғасырлар бойы даму тарихында жасалған, ұрпақтан-ұрапаққа ауысып отыратын мирас.Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіне тән тарихи басынан кешкен кезеңдері, өрлеу сатылары, әрбір дәуірге лайық мәдени мұрасы, асыл өнері бар .Адамзат ақыл-ойы туғызған небір ғажайыптар ішіндегі уақыт сынына төтеп беріп, адамзатпен жасасып, келе жатқан ең көне, ең бір құдіретті өнер - ол сөз өнері. Дүниені билейтін – сөз, сөзді билейтін – атақты шешендер, би-көсемдер, ақын-жыраулар екені әлимсақтан белгілі жай .

Халқымыз қалдырған көркем сөз өнері баға жетпес мол қазына.Оның ішінде қамал бұзар қаһарлысы да, шебер қиылысқан қисындысы да, нөсердей құйылған төкпе туындысы да мол. Асылды жасықтан айыра білген халық шешендерінің аузынан шыққан философиялық тұспалдар мен нақылдар өмір ережесіндей ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамгершілік үшін қызмет етіп келеді.

Өшпес, өлмес мұрамыздың мол бір саласы – мақал-мәтел,шешендік сөздер, саналы да салмақты жыраулар қалдырған философиялық терең ойлы толғаулар мен арнаулар,ерлік эпикалық жырлар, жыраулар дәстүрін жаңарта, жақсарта жалғастырған төкпе ақындардың философиялық өнегеге толы поэзиясы.

Қазақтың шын мәніндегі авторлы әдебиеті осы аталған жырау – шешендер мен төкпе ақындар творчествосының өркендеуіне байланысты.Халқымыздың даналығы мен саналығының айқын көрінісі, оның бай ауыз әдебиеті десек, оның ең алғашқы туғызушысы да, жетілте жырлап, талай ғасырлардан аман алып шығып, кейінгі ұрпақтың қолына аман табыс етушісі де жезтаңдай жыраулар мен адуын ақпа ақындар.

Жыраулар – сөз өнерінің ілкі авторлары, ақындыққа жол ашқан асыл сөз шеберлері, халықтың шешендікпен ұштасқан ойлы – сырлы толғау, арнау, термелер мен эпостық жырлардың бастау бұлақтары.

Поэзия - өнердің көне түрі. Адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыны, қуанышы мен қайғысы, арманы мен мұраты - баршасы поэзияда барлық бояумен, сан-қилы философиялық терең де сырлы ою-өрнегімен көрініс табады. Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұрасының дені – поэзиялық шығармалар. Көне қазақ поэзиясы өлең, толғау, ғашықтық жырлар, айтыс, батырлар жыры, қисса, т.б. түрінде жеткен. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын-жыраулардың жарыққа шығарған философиялық өнегеге толы өлең-жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.

Ақын-жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл-нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады. Өлең-жырларында Отанды, халықты сүю, елдің береке-бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық-пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Ақын-жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.

Ақын-жыраулар халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.

Біз алдымен жыраулар шығармашылығы мен поэзиясына кіріспестен бұрын жыр , жырау, толғау деген сөздердің мағынасын ашып алайық. Жыр (көне түркі тілінде-иыр)- 1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.Көне түркі тіліндегі «иыр» сөзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ,қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт,татар, т.б. түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады; 2) тар мағынада-қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры.Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгел дерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған .

Жырау өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Махмұт Қашқари жырау сөзін «йырағу»- деген өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар қазақ халқының рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарады. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, кейде, батыр, қолбасы бола жүріп, ел қорғау азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған. Жыраулар қолданған көркемдік тәсілдер оның поэзиясының ішкі орайлас. Әйткенмен жырау бағзы замандардың өзінде,ең алдымен, сөз зергері ретінде танылды. Туындылары адам көңілін дөп басар әсерлігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және қуатты серпінділігімен ерекшеленеді.Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий(абыз- дар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған.Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін,оғыздардың ұлы озаны Қорқыт ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармалардағы үлкен бір кезеңді қамтиды.

1-тапсырма. Терминдермен жұмыс. Оқушыларға терминдердің анықтамасын беріп, оларды ықшамдауға тапсырма беріңіз. Алдымен бес сөзбен, сосын үш сөзбен, одан кейін бір сөзбен мағынасын ашуы тиіс.

жырау-

поэзия-

шешендік өнер-

мақал-мәтелдер

Мұғалімнің кері байланысы.

45 мин

5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта) 5 мин

Оқу мақсаттарына бағытталады

Білім алушыларды дұрыс бағытта екенін біледі

Білім алушыларды қателерді түзеп, өз жұмыстарын жақсартуға ынталандырады

Білім алушыларға өз бетінше ойлануына , жауап беруге мүмкіндік береді.

6. Үйге тапсырма 5 мин

Қазақ халқының рухани байлығы мақал-мәтелдердің түрлеріне қарай жеке жұмысын дайындау.

Дайындаған педагог


_Байболаева.А.Ж

Т.А.Ә.

__________

(қолы)



7.1.Қазақ халқының рухани байлығы

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес.Сан салалы өлең-жыр, философиялық терең негізгі ойға құрылған асыл сөз үлгілері – жыр-толғаулар, асқақ ән,сәнді де сазды төгілген күй- көркем өнер саласындағы халық мұрасының асыл куәсі.Дәуірлік мәні бар философиялық терең сырлы жыраулық поэзия туындылары , әдеби шығармалар – халқымыздың мәдени мол мұрасы, байлығы.

Әрбір халықтың рухани байлығы – ғасырлар бойы даму тарихында жасалған, ұрпақтан-ұрапаққа ауысып отыратын мирас.Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіне тән тарихи басынан кешкен кезеңдері, өрлеу сатылары, әрбір дәуірге лайық мәдени мұрасы, асыл өнері бар [1,14].Адамзат ақыл-ойы туғызған небір ғажайыптар ішіндегі уақыт сынына төтеп беріп, адамзатпен жасасып, келе жатқан ең көне, ең бір құдіретті өнер - ол сөз өнері. Дүниені билейтін – сөз, сөзді билейтін – атақты шешендер, би-көсемдер, ақын-жыраулар екені әлимсақтан белгілі жай [2].

Халқымыз қалдырған көркем сөз өнері баға жетпес мол қазына.Оның ішінде қамал бұзар қаһарлысы да, шебер қиылысқан қисындысы да, нөсердей құйылған төкпе туындысы да мол. Асылды жасықтан айыра білген халық шешендерінің аузынан шыққан философиялық тұспалдар мен нақылдар өмір ережесіндей ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамгершілік үшін қызмет етіп келеді.

Өшпес, өлмес мұрамыздың мол бір саласы – мақал-мәтел,шешендік сөздер, саналы да салмақты жыраулар қалдырған философиялық терең ойлы толғаулар мен арнаулар,ерлік эпикалық жырлар, жыраулар дәстүрін жаңарта, жақсарта жалғастырған төкпе ақындардың философиялық өнегеге толы поэзиясы.

Қазақтың шын мәніндегі авторлы әдебиеті осы аталған жырау – шешендер мен төкпе ақындар творчествосының өркендеуіне байланысты.Халқымыздың даналығы мен саналығының айқын көрінісі, оның бай ауыз әдебиеті десек, оның ең алғашқы туғызушысы да, жетілте жырлап, талай ғасырлардан аман алып шығып, кейінгі ұрпақтың қолына аман табыс етушісі де жезтаңдай жыраулар мен адуын ақпа ақындар.

Жыраулар – сөз өнерінің ілкі авторлары, ақындыққа жол ашқан асыл сөз шеберлері, халықтың шешендікпен ұштасқан ойлы – сырлы толғау, арнау, термелер мен эпостық жырлардың бастау бұлақтары [1,14].

Поэзия - өнердің көне түрі. Адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыны, қуанышы мен қайғысы, арманы мен мұраты - баршасы поэзияда барлық бояумен, сан-қилы философиялық терең де сырлы ою-өрнегімен көрініс табады. Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұрасының дені – поэзиялық шығармалар. Көне қазақ поэзиясы өлең, толғау, ғашықтық жырлар, айтыс, батырлар жыры, қисса, т.б. түрінде жеткен. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын-жыраулардың жарыққа шығарған философиялық өнегеге толы өлең-жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.

Ақын-жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл-нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады. Өлең-жырларында Отанды, халықты сүю, елдің береке-бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық-пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Ақын-жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.

Ақын-жыраулар халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.

Біз алдымен жыраулар шығармашылығы мен поэзиясына кіріспестен бұрын жыр , жырау, толғау деген сөздердің мағынасын ашып алайық. Жыр (көне түркі тілінде-иыр)- 1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.Көне түркі тіліндегі «иыр» сөзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ,қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт,татар, т.б. түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады; 2) тар мағынада-қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры.Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгел дерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған [3, 238].

Жырау өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Махмұт Қашқари жырау сөзін «йырағу»- деген өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді.Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар қазақ халқының рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарады.Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып,кейде, батыр, қолбасы бола жүріп, ел қорғау азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған. Жыраулар қолданған көркемдік тәсілдер оның поэзиясының ішкі орайлас. Әйткенмен жырау бағзы замандардың өзінде,ең алдымен, сөз зергері ретінде танылды. Туындылары адам көңілін дөп басар әсерлігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және қуатты серпінділігімен ерекшеленеді.Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий(абыз- дар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған.Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін,оғыздардың ұлы озаны Қорқыт ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармалардағы үлкен бір кезеңді қамтиды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2025
30
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі