Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Қазақ халқының тұрмыстық заттармен танысу 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Бапаев Канат Ужетович

Түркістан облысы Жетісай ауданы № 25 жалпы орта мектебі КММ технология пәні мұғалімі


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету.


Сабақтың мақсаттары.

Барлық оқушылар:

Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының шығу тарихын және бұйымдардың атауларын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының түрлерін біледі, атқаратын қызметін анықтап жіктейді.

Кейбір оқушылар:

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының нобайын орындап эскизін әзірлейді .

Бағалау критерилері

1. Қазақ халқының тұрмыстық заттарының ерекшіліктерін анықтайды.

2. Қазақ халқының ұлттық тұрмыстық бұйымдарын анықтап сипаттайды.

3. Қазақ халқының ұлттық тұрмыстық бұйымдарының нобайын, эскизін орындайды .

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Көнек. Саба. Саптыаяқ.Торсық.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақ сәндік – қолданбалы өнерінің ерекшелігі неде?

Шеберлер қазақтың тұрмыстық бұйымдарын дайындау барысында қандай заттар пайдаланған? Не себепті?

Ер адамдар қолөнердің қай түрімен айналысты?

Құндылықтарға баулу

АКТ – ны қолдана отырып шығармашылықтарын дамытуға,алған білімдерін өмірде қолдануға және бір – бірін құрметтеуге, ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, математика,бейнелеу өнері

Алдыңғы білім

Сәндік қолданбалы өнер .Мозайка панносы,көркемдеп безендіру, құмыра жасау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң Шаттык шеңберін құру.

Сабаққа коллаборативті орта қалыптастыру үшін «Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcін қолдану.

(Бұл әдіcтің мaқcaты - бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу).

Оқушылар  сынып ішінде үлкен бір шеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы :  Ceн   бүгін өтe әдіміcің…

Ceн  мeйірімдіcің…

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілеп, ынтымақтастық атмосферасын орнатады.


Ұлттық бұйымдардың, яғни сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.

1-топ: 2-топ:

Топ басшыны , топ атауын өздері бірлесе таңдайды.

Үй тапсырмасын оқушылардан Сұхбат (Интервью) әдісі арқылы сұрау. Әр топтан бір оқушыдан шығады. Кезегімен қарсы топқа «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімі бойынша сұрақ қояды, яғни сұхбат алады.

1. Сәндік – қолданбалы өнер ретінде мозайканың қандай ерекшелігі бар?

2. Мозайкалық панноға арналған негіз дайындауда нені басшылыққа алу қажет?

3. Мозайка өнері қалай дамыды?

4. Мозайка құрудың қай жолы ұнады?

5. Мозайка құрудың барысында қандай қиындық кезікті?

6. Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын өз жұмыстарды қорғауға дайынсың ба?

ҚБ «Мадақтау»














Сұхбат (Интервью) әдісі


ҚБ «Мадақтау»


Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Миға шабуыл әдісі

«Тұрмыс» сөзін естігенде сіздердің ойларыңызға не келеді?

Оқушылармен бірге қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі туралы (қолөнер, баспана және т.б.) әңгімелесу.

Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық заттарымен танысатын боламыз.

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру.

Презентация: «Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу»

Өткеннен бүгінгіге оралсақ

Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттары да ағаш түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Алайда осынау қолөнерімізді жоғалтып алғанымыз рас. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бүгінгі күнге қайта жетті. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының атауларын ұсынамыз:

Бүйен, жанторсық, жуаз, зерен, күбі, кеспек, керсен, кесекқап, көзе, көнек, қазан, қарын, қасық құты, құмыра, құман, құманша, ожау, мес, саба, самаурын, табақ, таба, торсық, тостаған, тегеш, тегене, топатай, түйемойнақ, піспек, шөген, шелек, бие, шәугім, шара, шәйнек, шөміш, шанаш, шылапшын, қауға, жуаз, табақ, керсен, зағыма, сарқым, ожау, тегене, тостаған, самар, күбі, сүйретпе, бөрдек, бұлқыншақ, меске, шанақ, көнек, шанаш.

Қыштан жасалынған ыдыстар:

құмыра, көзе, кереңке.

Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің тарихына аздаған саяхат жасасақ.

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру мақсатында «Кинолента» әдісі арқылы бейнематериалды көрсетіп, тарихи және шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерешеліктері туралы айтып беру.


https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcw

Тапсырма №1. Топтық жұмыс:

Ғаламтор ресурстарын (фотосуреттер немесе бейнебаян) пайдаланып, қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтарын зерделеу.

«Фишбoyн» («Бaлық сүйегi») әдiсi


Өзекті мәселелер

Shape1






Шешу жолдары мен дәлелдемелері

Зерделеу барысында мына сұрақтарды қамти алады:

• Өздері білетін қазақ халқының тұрмыстық заттарының атын атау және не себепті қолданады?

• Оларды не себепті халықтың тұрмыстық затына жатқызамыз?

• Қазақ халқының шеберлері асхана аспаптарын, тұрмыстық заттар, жиһаздар дайындауда қандай материалдарды қолданған?

• Қазіргі таңда қандай заманауи тұрмыстық заттар қолданылады?

Дескриптор:

Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер туралы айтып береді.

Топты бағалау: Бағдаршам әдісі арқылы бағалау.


Тапсырма №2. Топтық жұмыс. «Постер» қорғау

«Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары заманауи интерьерде» деген тақырыпта каталог не таныстырылым дайындау.

(Кез- келген тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, жиһаз, сандық, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру).

Дискрипторлар:

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының шығу тарихын біледі;

  • Бұйымның орындалу технологияларын түсінеді;

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

ҚБ «Шапалақ» әдісі


Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Презентация:….











«Кинолента» әдісі


Этнодизайн














ҚБ «Мадақтау»

















ҚБ


















ҚБ


Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақты қортындылау.

1. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарына сипаттама беру.

2. Ер адамдар қолөнердің қай түрімен айналысты?

3. Үйлеріңде халық шеберлерінің қолынан шыққан қандай заттар бар?

Рефлексия: Оқушыларға «Шебер» атты кері байланыс парағы тарату.

Үш бағанға оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып береді.

Бүгінгі сабақты қорыту үшін практикалық кезеңде өте жақсы, бағалау критерийіне сай орындалған оқушыларға стикерлер таратамын.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау.


Үйге тапсырма: Қазақ халқының тұрмыстық заттарына реферат дайындап келу.





Қ Б

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
1880
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12