Материалдар / қазақ халқының ұлттық киім үлгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақ халқының ұлттық киім үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2023
667
10 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Зерттеудің мақсаты. Ұлттық киімдердің түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны көбейтуге үлес қосу.

Міндеттері:

  • Қазақ ұлттық киім өнерінің тарихымен терең танысу;

  • Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің атауларына, жасалуына аса мән беру;

  • Оларды қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен салыстыра зерттеу;

  • Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.







Негізгі бөлім


2. 1 Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері


ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойында өмір сүрген қазақтардың киім-кешегін палеэтнологиялық деректермен салыстырғанда С.И.Руденко күпінің қазақтардың ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Бұл қазақтың ұлттық киімдерінің тарихының көшпелілер тарихымен тығыз байланысты екендігін білдіреді.

Тарихы мен ерекшеліктері киім адамды қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен қорғап, денесіне сән береді. Қазақтың ұлттық киімдері оның бай тарихы-мәдени мұрасы өзге халықтардың киімдерінен басқаша және ерекше қасиетке, сән-салтанатқа ие. Қазақтар киімді солға қарай қаусырады. Бұл сақ тайпаларының киімдеріне, орта ғасырлардағы түріктерде кездесетін ерекшелік.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарасақ, ҮІ ғасырда Қазақстан территориясында көптеген түркі тайпаларын біріктірген қуатты мемлекет –Түркі қағанаты өмір сүрді. Ол Иран, Византия мемлекеттерінен сауда-саттық жасап, Ежелгі Русьтен қымбат бағалы  аң терілерін, қымбат барқыт, алтындап тоқыған парша маталар сатып алып, көркем киім-кешектер тігіп дайындады.

Сол кезде қағанат жерінде адамдар жібектен тігілген киімдер киді. Қаған ордасында болған Қытай монахы Сюань Цзянь бұл жөнінде былай деп жазды: «Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, ал оның жанында жүрген нөкерлері қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс». Орта ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сыртқы киімдерінің үлгілері Орхон-Енесей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған. ХІ  ғасырда Түркі қағанатының жері ұлы даланың ұлы перзенттері қыпшақтардың қолына көшіп, көшпенділердің киім үлгілері әрі қарай баи түсті.

Қазақтың бірнеше ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы үл жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылды. Олар қыпшақ тымақ, адай, бөрі, және т.б.

Біздің ұлттық киімдеріміз географиялық аймағына қарай да ерекше үлгілер жасалған. Олардың кейбірін Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу тәсілдерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі-сыртқы киімдері көшіп-қонуға еркін, жүріп-тұруға, ауа-райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді үйреткен – Қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді, ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған.

Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазды: «Адамға ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалған. Әсіресе, тері сырт киім үшін пайдаланылады.

Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп тіккен.

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйелзаты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.


Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Әр ұлтты өзге ұлттан айыратын оның сыртқы сыйпатын  анықтайтын белгілерінің бірі ұлттық киімі. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің бір бөлігі болп саналады. Ұлттық санамыз  қайта жаңғырып түрлі мерекелерде қазақы киім киюді қайта салтқа айналдыруға тырысып жатқанмен ұлттық киім әлде болса қазіргі өмірге толық сіңісе қоған жоқ. Ұлттық киім бар да оны кию мәдениеті де бар. Біз сол мәдени дәстүрлі жоғалтып алмауымыз керек. Ал адамдар киіммен өзінің басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуаныш пен басқа түскен қайғысын да бідіре білген. Қазақтың ұлттық киімінің, жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну, ер адам киімінен гөрі, әйел адам киіміне тән. Ұлттық киімдерді дәстүрлі әдіспен әшекейлеп әзірлеу қолданбалы ою-өрнекті қолдану ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Ондағы оюлардың өзі сонау ата-бабаларымыздың тарихымен астасып жатса керек және осы жылдарға жеткен ою-өрнек түрлерін 4-топқа бөліп қараймыз.

Олар:

1-ші: Зооморфты (аң пішіндес)

2-ші Өсімдік пішіндес

3-ші Геометриялық денелер пішіндес

4-ші Космогониялық пішіндес түр (көк әлеміне байланысты)

Әсіресе осы оюлардың ішінде өсімдік пішіндес ою-өрнекті көбіне қыз балалардың камзолына, сәукелесіне сәйкестендіріп салып отырған. Ал қазақ халқының жолға шығарда киетін киімдерінің өзіне салынатын оюларды да ерекше болған. Оларға аң пішіндес ою-өрнектер салып отырған.

Себебі: «Жортқанда жолың болсын» - деп құстың, аңның бейнесіндегі оюларды келтірген. Сонымен қатар геометриялық оюларды да ер адамдардың киімдеріне салған.

Қазақтар ұлттық киім кигені дұрыс. Ұлттық киімнің тәрбиелік мәні зор. Рухты тәрбиелейді. Маңғыстау елінде ұлттық киімдердің қазіргі заманға сай үлгіде тігілген керемет киімдерін көруге болады. Менде осы ұлттық киімдеріміздің жандануына, ары қарай үлес қоссам деген ойдамын.

Киім үлгілерінің ұлттық көрінісінің нақыштары, өрнектері,  айшықты, ырғақты, стильдерді өз ерекшеліктерімен құнды Ұлттық киімді әшекейлеп әзірлеу, қолданбалы ою-өрнекті қолдану, ол ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады.

 




2. 2 Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері


Қазақ халқының ұлттық киімдері  этнологиялық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады. Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе, Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.

Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған.

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.

Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мыс., 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді.

Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекшеленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.

Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады:

1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік);

2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады.

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған.

Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.

Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орталық алқалары түрлі-түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі-түсті асыл тастармен безендірілді.

Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бойтұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана-шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды. Мұндай сәндік бұйымдар қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.

Киізден жасалатын киімдер
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.
Жүннен жасалатын киімдер
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күй-рек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.



2. 3 Қазақтың ұлттық киімдердің сипаттамасы


XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қалпақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл
адимир Плотников 1859-1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы
-лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді.

Қысқы баскиім.
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, барқыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшыраспайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.
Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкідей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан тәрізді.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, моншақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім.
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үшкілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.
Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігілген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды «ақ жаулықты аналар» деп ардақтайды.
Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды.
Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе».
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.
Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жасалған түрі –шәлі.
Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.
Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.
Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Күрең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді.
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі.
Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукелемен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған.
Баскиім әшекейлері
Жыға – түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы.
Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада:
1. Құс қауырсыны.

2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі.

3. Бас киімнің өзі.
Жырға – 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасалған әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ әйелдерінің баскиім әшекейі.
Көз отаға – ер адамның бас киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.
Қолазы – сал-серілердің бөркіне қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.
Маңдай

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!