15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ халқының ұлттық ойындары- оқушылар тәрбиесінің негізгі құралы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ –
ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
К.И.Аяшев
Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлттық ойындар. Халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйренудің, тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ұлт ойындары- интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз, ұлт ойындары арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар. Қазіргі күндері адамдар арасындағы қарым-қатынаста ізгілік, сыйласымдылық, жанашырлық, бір-біріне деген көмек сияқты адамгершілік асыл қасиеттерді тамшылығы жайлы көп айтылып жүр. Сол адамгершілік тәрбиенің аталмыш қасиеттерін бала бойына дарыту әдістерінің бірі - қимыл-қозғалысты ойындар деп қарастырып, осы мәселеге тоқталғанды жөн көріп отырмын.
Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалық шағында өте қауырт болады. Күннен күнге өсіп келе жатқан жас тәннің ең негізгі қажет ететіні - қимыл-қозғалыстар, ойындар болып табылады. Бала тәрбиесіне ықпал ететін осы жол, менің ойымша, тиімді де дұрыс әдістердің бірі сияқты. Өйткені, ойын арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Ал оның тиімділігі тәрбиешілердің балаларға жаңа қимыл-қозғалыстар, ойындар үйрету кезінде олардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, лайықты ойындар тағайындауына тікелей байланысты болады. Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, әдет-ғұрпымызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.
Бұл ретте әсіресе ұлттық ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн сияқты. Себебі осы пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл-қозғалыстар, жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту минуттарын ұйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау сапасы да артады. Балалардың ойын барысында еркін тапқырлық әрекетін байытады, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас, ерік және т.б. түрлі психикалық түйсік пен сезімділікке тәрбиеленеді.
Бұл ойындарды үйрету, өткізу кезінде көңіл бөлетін негізгі жайлар -ойын
тәртібінің қатаң саңталуын талап ету болып табылады. Ойын тәртібін бұлжытпай орындау баланы әділдікке, бір-біріне деген көмекке, өз тобындағы балалармен бірлесіп қимыл жасауға, уайымшылдыңқа тәрбиелейді.
Қазақ халқынын, жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.
Әрбір оқушы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл- қозғалыста болуы тиіс. Дене шынықтыру сабағынан басқа бос уақытында қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалану арқылы да өзінің денесін шынықтыруға барлық мүмкіндік жасауға болады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық ойындар ойнату барысында да іске асырылады Сабақтан тыс уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол - сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өміргө әзірлеу қажетігін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек денені ғана емес, ойды жатгықтырушы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын баласы табиғатпен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, Сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, олардың қөңілдерін басқа жаққа аударады да, соның негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі материалдарға аударады. Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне оқушылар негізі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 мин қалғанда біртіндеп ұлттық ойынға көшкен жөн. Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына нұқсан келмеу жағын да ескеру орынды. Халық ойындарын пайдалану жасөспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан-жақты дамуына, сана, сезімінің өсіп, жетілуіне, оқу үлгіріміне де айтарлықтай әсер тигізеді. Оқушылардың сабақ үстінде алған білімін, тәрбиесін жалғастыратын кезең- сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері болып табылады. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойындарға әр уақытта мұғалімдер тарапынан қадағалаулар, басшылық болып отырулары қажет. Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгірген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында, сыныптар тыс, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді, қабілетті оқушылардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Мүғалімдер ұжымы белсеңділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды.
Ұлттық ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол - балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алқашқы машығы.
Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойындарының ежелден қалыптасқан түрлерінде ойынның мазмұндық сипаты мен түріне қарай ажыратуға боларлық із - соқпақтар, белгілі жүйе сайрап жатады. Халықтың ұлттық ойындарына тән ерекшелік бала ойыны деп жалпы аталғанымен, жеткіншектің жасына қарай ішінара топтастыруға боларлық сипаттар баршылық.
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын негізгі мақсаты-тәрбиені ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады. "Айгөлек", "Арқан тарту", "Белбеу тастау", "Соқыр теке", "Қойыңа қасқыр шапты", "Жаяу көкпар", "Омпы", "Жалау алу", "Алшы", "Күзетшілер", Ұшты-ұшты", "Көрші-көрші", "Сақина салу" «Аударыспақ», «Әтештер қақтығысы», «Тоғызқұмалақ», т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен, әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді.
Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық:
1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады.
3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.
4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген