Қазақ халық ертегілері – мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халық ертегілері – мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде қазақ халық ертегілерін, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, салт-дәстүрді қолдану арқылы олардың адамгершілік қасиеттерін, ойлау қабілетін, тілін дамытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халық ертегілері – мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі

Дауталиева Зәуре Әлімқызы,

Алматы қаласы Білім басқармасының

«№ 100 бөбекжай-балабақшасы» КММ-ң

қазақ тілі мұғалімі


Андатпа. Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде қазақ халық ертегілерін, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, салт-дәстүрді қолдану арқылы олардың адамгершілік қасиеттерін, ойлау қабілетін, тілін дамытуға бағытталған.

Кілт сөздер: қазақ халық ертегілері, ауыз әдебиеті, адамгершілік тәрбие, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, жан-жануарлар туралы ертегілер, балалардың ойлау қабілеті, тіл дамыту, сөздік қор, театрландырылған ойындар.

Аннотация. Статья посвящена использованию казахских народных сказок, пословиц и поговорок, загадок и народных традиций в воспитании дошкольников, что направлено на формирование у них нравственных качеств, развитие мышления и речи.
Ключевые слова: казахские народные сказки, устное народное творчество, нравственное воспитание, волшебные сказки, бытовые сказки, сказки о животных, развитие мышления детей, развитие речи, словарный запас, театрализованные игры.

Abstract. The article focuses on the use of Kazakh folk tales, proverbs, riddles, and traditions in the upbringing of preschool children, aiming at fostering moral qualities, developing their thinking skills, and enhancing language abilities.

Keywords: Kazakh folk tales, oral folklore, moral education, fairy tales, everyday life tales, animal tales, development of children’s thinking, speech development, vocabulary, dramatized games.


Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер». Балаға бесік жыры қандай маңызды болса, ертегі де дәл солай маңызды. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді, естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие.

Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.

Халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Ертегі мектеп жасына дейінгі балалардың  сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының   жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Бала жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды кеңпейіл болғысы келеді.

Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл – ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана – сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді

Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты  қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер болып бөлінеді.

  1. Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттер мен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орыналады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі. Қиял-ғажайып ертегілерінің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жез тырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял-ғажайып ертегілері: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыстатас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».

  2. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады.

  3. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан».

  4. Шыншыл ертегілер – қазақ ертегісінің ең мол түрі, мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял-ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес, күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы: «Аяз би», «Тазша бала», «Ұр тоқпақ», «Атымтай Жомарт» т.б ертегілер жатады.
    Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп, оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып, оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.

Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертедегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі – ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды.

Ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсы мен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаман мен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кезкелген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақтақыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көпқиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді

Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады:

  1. Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру

  2. Суретпен жұмыс. Бір ертегідегі барлық кейіпкерлер бейнеленген суреттер арқылы көрсету.

Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз. Ертегі қойылымдарын сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін тәжірибеден көріп отырмыз. Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады

Қорыта келгенде, менің тәрбиеленушілерім ертегіні тамашалай отырып және жұмыс жасай отырып, мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады:

  • кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айыра білу  қабілеті дамиды;

  • бір текті  ұғымдарды  салыстырып, ұқсастықтары мен даралық қасиеттерін өз жастарына сай  ажырата  білуді үйренеді;

  • ойлау тәсілдері, оның ішінде жұптасып, топтасып ойлау қасиеттері дамиды;

  • кейіпкерлерді сипаттау арқылы бұрын таныс емес сөздерді үйренді.

Сондықтан да  өз тәжірибемде  ертегілерді көптеп қолдануым қажет деп есептеймін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы., 2011

  2. Әбілова З. «Этнопедагогика».-Алматы, 1997

  3. Сагиев Г.Ч. Мектепкедейінгі  балалардың тілін дамыту // Мектепке  дейінгі  білім. – 2014

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2025
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі