Қазақ хандығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақ хандығының XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ хандығы


Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны.

Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс болатын.Сондай - ақ, Қазақ жеріндегі ру – тайпалардың тілі, ділі, діні, әдеп – ғұрпы, салт – саналары, жағынан ұқсас келуі қажет. Хандықтар арасындағы бітіспес талас – тартысқа ру – тайпалар қарсы болып, елде наразылық туа бастайды.Олар өзара бірігіп, бір ел болуды көздеген ұмтылыстар көрініп отырады.Осындай толқулардың негізінде Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру – тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып көшуге уағдаласады. Ол кездегі қазақ жерін мекендеген ру – тайпалардың негізгі этникалық құрамын айқындаған қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суандар басты үш аймаққа щоғырланады. Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты. Қазақтың шалқар даласындағы бұл өзгерістер біртіндеп Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығын әлсіретіп, күйрету дәрежесіне жеткізеді. Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара келіспеушіліктер толастамай, олардың басын біріктіріп, мемлекет етіп біріктіру міндеті туындайды. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, біртұтас мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиеді. Еркіндік аңсаған елін азаттық ұранымен жігерлендірген батыр бабаларымыз Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялап, жаңғырған қазақ этносының атауын алған тарихта тұңғыш тәуелсіз Қазақ хандығын құрды. Бұл екі тұлғаны бір – бірінен ажырата бағалау артықтау болар. Екеуі де – елі үшін басын бәйгеге тігіп, ұлтының ұлылығын асыруда аянбаған парасат иелері, халық сүйген перзенттері. Қазақ хандығы құрылғанда жасы үлкен Керей хандық тізгінді ұстаса, одан кейін Жәнібек билік жүргізді. Мұхамед – Хайдар Дулатидің деректерінде Қазақ хандығының құрылған кезі 1465 жылы деп белгіленген. Сонымен 1465 жылы ата-мекенімізде тұңғыш рет мемлекет дүниеге келіп, бүгінгі біртұтас қазақ халқының негізі қаланды. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған. Мемлекет іргесін нығайтып туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Бірақ олардың бәріне ортақ қасиет – өз замандарының жағдайларына байланысты хандық туын жықпауға тырысты.

Қазақ Ордасының іргеленуі Жәнібек хан тұсында болған. Жаңа хандықтың мемлекеттік құрылымы мен заң жүйесі де Жәнібек заманында жүйеленіп, келер ұрпаққа мұра етілген. Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға  өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын. Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек - қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады. 16-17 ғ.ғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.

 Қасым ханның  тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады.

16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар  өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады.

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал.

Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы: 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинағы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады.Дегенмен, бұдан кейін де Қазақ хандығының тарихында ер етікпен қан кешкен күйзелген кезеңдер де, ел еңсесін көтеріп,бірлік туын асқақтатқан Абылай мен Кенесары хандар тұсы кезеңдер де өтті.

Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды. Біріншіден, сан жылдар бойы әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру – тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы, этникалық аумағының біріктіруі аяқталды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сыртқы жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің алғаш ту тіккен жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті.Төртіншіден, өзін қоршап жатқан мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең дәреже орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағынан өзіндік түсінік орнатқан елге айналды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі