Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы

І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия

Пәні

Қазақстан тарихы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет

Педагогтің аты-жөні:

Дүйсенбай А.С.

Күні:


Сынып: 10 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығының құрылуы – тарихи үдерістердің заңды нәтижесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі: Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтайды;

Кейбір оқушылар: Ортағасырлық мемлекеттердің Қазақ хандығын құрудағы рөлін талдайды.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

2 мин.




Үй жұмысын тексеру

5 мин.




Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру.

  2. Ынтымақтастық атмосферасын орнату


Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы алған білімдерін ортаға салу.


  1. Этногенез дегеніміз не?

  2. Моңғол империясы құрылды?

  3. Моңғолдардың басты заңы?

  4. Моңғолдар Қытайды жаулап алды?

  5. Отырар опаты жайлы не білесіздер?

  6. Орта Азияны бағындырған мерзімі?

  7. Моңғолдардың Батысқа жорығы?

  8. Ұлыс дегеніміз не?

  9. Моңғол империясы неше ұлысқа бөлінді?

  10. Қазақстан жері кімнің ұлысына кірді?








Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді








Мадақтау

(Жарайсың! Керемет!, Жақсы!)



1-2 слайд










Жаңа сабақ


«Миға шабуыл»

3 мин.












Топтық жұмыс

20 мин.











Жұптық жұмыс

5 мин.






Жеке жұмыс



Жаңа сабақ. Зерттеу және талдау. Жаңа білімге ізденіс

БЫМ/Б«Галереяға саяхат» әдісі арқылы оқушылар назарына Алтын Орданың ыдырау картасы көрсетіледі.

Сұрақтар

-Суреттен не көрдік?

Келесі сұрақтар төңірегінде ойлануды сұраймын:

- қандай мемлекеттің картасы?

-мемлекет қандай иеліктерге ыдырады?

-қазақстанның қазіргі территориясы қай мемлекеттің аумағында орналасқан?

М. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырылады.


«Сұраныс хат» әдісі бойынша оқушылар тақырыпты оқып берілген сұрақтарға топпен жазбаша жауап жазып, әр топтан бір оқушы хатқа жауап қайтарады.

1. топ «Ақ Орда» ұғымы.

2. топ Әбілхайыр хандығы.

3. топ Моғолстан.

4. топ Қазақ хандығының құрылу себептері.

5. топ Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі. Қазақ хандығының құрылуы.




Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін анықтау

1.

2.

3.


«ПТМС» талдау «Қазақ хандығының құрылуы – тарихи үдерістердің заңды нәтижесі»

П (позиция)

Т (түсіндіру)

М (2 мысал келтіру)

С (қорытынды ой)

Оқушылардың жауаптары арқылы бүгінгі сабақ тақырыбы ашылады.













Дескриптор.

1.тақырыпты оқиды

2. оқушылар берілген сұрақтарға топпен жазбаша жауап жазып

3. әр топтан бір оқушы хатқа ауызша жауап қайтарады





Дескриптор:

1. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдеріне 3 мысал келтіреді


Дескриптор:

1.Талдау жасайды


Мадақтау

(Жарайсың! Керемет!, Жақсы!)












«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.








Мадақтау

(Жарайсың! Керемет!, Жақсы!)



Мадақтау

(Жарайсың! Керемет!, Жақсы!)






4 слайд

5 слайд













6 слайд














Кері байланыс:

2 мин.








«Еркін микрофон» әдісі.

Дескриптор:Сабаққа кері байланыс береді



Қошеметтеу, құрмет көрсету!





Үй жұмысы

§ 35 Қазақ хандығының құрылуы-тарихи үдерістердің заңды нәтижесі. Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру


139 беттегі сұрақтарға жауап береді
















1 топ.

Жошы ұлысының шығысындағы Орда Ежен ұлысы аталды: Ақ Орда

Орда Ежен мен Бату ұлыстарының шекарасы: Жайық өзені

Батыс Қазақстанда Батудың інісі Шайбан негізін қалыптастырған ұлыс: Көк Орда

14 ғ. екінші жартысында Алтын Орда билігін басып алып, Көк Орда деп өз
ұлысының атын берген: шайбанилер

1370 ж. шайбанилердің Көк Ордасы қосылды: Орда Ежен ұрпағы Орыс ханның
Ақ Ордасына

Ақ Орда кімнің тұсында күшейіп, Жошы ұлысының сол қанатын біріктірді: Орыс
хан кезінде

Сырдария бойындағы қалалар мен Сығанақты, шайбанилар иелігіндегі Батыс
Қазақстанды Ақ Ордаға қосқан: Орыс хан

1375-1376 жж. Орыс хан басып алып, өз ақшасын шығара бастаған Алтын Орда
қалалары: Сарайшық, Қажы-Тархан, Сарай

Жетісуды қоспағанда Қазақтардың этникалық аумағы және болашақ Қазақ
хандығының мемлекеттік аумағы: Орыс хан біріктірген аумақтар

Орыс хан қайтыс болғасын Жошы ұлысын қайта біріктірді: Тоқтамыс

Алғашқы қазақ мемлекеті: Орыс ханның Ақ Ордасы

Шығыс Дешті Қыпшақты 5-6 жыл біріктірген Орыс хан ұрпағы: Барақ

Ақ Орда ыдырады:1428 ж. Барақ өлімінен кейін

Ақ Орда ыдыраған соң оның көпшілік бөлігіне билік жүргізді: шайбанилік
Әбілхайыр хандығы

17 жасында мемлекет құрған: Әбілхайыр

Әбілхайыр билік еткен жыл саны: 40 жыл

Әбілхайыр билік үшін күресті: басқа шайбани ұрпақтары, Жошы ұрпақтарымен

Ақ Орданың оңтүстігіне иелік еткен: Орыс ханның ұрпақтары Керей мен
Жәнібек

Әбілхайыр 20 жыл бойына жылжи алмады: Ақ Орданың оңтүстігіне

Керей мен Жәнібек Ақ Орданың оңтүстігін мұрагерлікпен алды: Барақтан

Керей мен Жіәнібек қол астындағы тайпалар көшіп қонып жүрді: Қаратауда

Әбілхайыр билік етті: Шығыс Дешті Қыпшақта

Әбілхайыр билігінің соңында иелік еткен аумақ: Батыс Сібірдің оңтүстігінен
Сырдарияның оң жағалауы мен Қаратаудың етегіне дейін

Әбілхайыр билігінің соңында иелік еткен қалалар: Сығанақ, үзкенд, Ақ қорған,
Созақ

Әбілхайырға қараған қазақ-өзбектердің этникалық аумағы: Жайықтан Ертіске
және Балқаштың солтүстік жағалауына дейін

Әбілхайыр хандығының басқаша атаулары: Өзбек ұлысы, Әбілхайыр ұлысы,
Көшпелі өзбектер мемлекеті

1456-1457 жж. Әбілхайырдың Дешті қыпшаққа кетуіне себеп: ойраттардан жеңілуі

Әбілхайыр хан қайтыс болды: 1468 ж.

Шығыс Дешті Қыпшақта шайбанилардың билік жүргізуі тоқтады: Қазақ
хандығының құрылуымен

Қазақ хандығы құрылуына қатысқан мемлекеттер: Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы

14 ғ. ортасында Шағатай ұлысының шығысында құрылған мемлекет: Моғолстан

Моғолстан аумағына кірген жерлер: Жетісу, Қырғызстан, Шығыс
Түркістан(Қашқария)

Мемлекеттің негізін құраған аумақ: Маңлай Сүбе

Маңлай Сүбе жеріне иелік еткен тайпа: дулат

1347 ж. жаңа әулеттің негізін қалаған шағатайлық Моғолстанның алғашқы ханы: Тоғылық Темір

Тоғылық Темірді 1347 ж. таққа отырғызған дулат әмірі: Поладшы

Моғолстан тайпалары кейін кірді: Ұлы жүзге, ұйғырлар мен қырғыздар арасына

1370-1380 жж. Моғолстанға шапқыншылық жасаған: Әмір Темір

Моғолстанның басты сыртқы жауы: батыс моңғолдық көшпелілер -
ойраттар(жоңғар)

Моғолстан солтүстігінде, Әбілхайыр хандығының шығысында орналасқан
мемлекет: ойрат

Ойраттар Моғолстан мен Сыр бойы қалаларына шапқыншылық жасады: Есен-Бұға
кезінде

Ойраттар Әбілхайырды жеңіліске ұшыратты: Сығанақ түбінде

1462 ж. Моғолстан бөлініп кетті: Батыс және Шығыс болып

15 ғ. ортасында болашақ Қазақ халқының этникалық бөліктері орналасты: Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстанда.

Қазақ тайпаларын бір мемлекетке біріктірген Орыс ханның ұрпақтары: Керей,
Жәнібек

«Мұралық иелік» үшін Керей мен Жәнібек күресті: шайбанилермен

1440-1450 жылдары қазақ рулары Керей мен Жәнібек маңына топтасты: Қазақстанның оңтүстігінде

Қазақстан оңтүстіктігінде билік еткен Жәнібектің әкесі: Барақ хан

Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі мен қазақ жерлерін біріктіру үшін күресінің
аса маңызды себептерінің бірі: Қазақ тайпаларының мемлекет құруға ұмтылысы

Қазақ хандығының құрылуының аса маңызды себептері:

1) тайпалардың біртұтас жайылымдық аумақты қажетсінуі,

2) аяқталып келе жатқан қазақ этносының
қалыптасу үдерісі

Қазақ хандығы құрылуының қосымша факторы: Жошы әулетінің билік үшін
таласы

. 1450 жылдар соңында Жәнібек пен Керей қоластындағы халықпен көшті: Моғолстан ханы иелігіндегі Жетісудың батысына

Керей мен Жәнібек қазақ халқының этникалық аумақтарын біріктірді: 1468 ж.
Әбілхайыр өлімінен кейін

Қазақтың алғашқы ханы: Керей

Жошы ұлысы құрамынан Шығыс Дешті қыпшақтың бөлінуі салдарынан
қалыптасты: Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы

Далалық тайпалардың көшіп-қону аймақтарының кеңеюі және көшу бағыттарының
өзгеруі алып келді: жүздердің құрылуына

Этникалық және саяси үдерістердің заңды нәтижесі: Қазақ хандығының құрылуы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі