Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.Ашық сабақ 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.Ашық сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пән мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

129 Ә Жәмішев атындағы орта мектебі Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы.

Тарих пәні мұғалімі: Жұмабекова Данагүл Зұлпұхарқызы


Тақырыбы:Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.


Мақсаты

Оқушыларды топтық белсенді жұмысқа тарту, сыни ойлауын дамыту.


Жалпы мақсат

Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

Күтілетін нәтиже

Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен  жан-жақты танысады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер


Футбол ойыны, Тарихи диктант, Венн диаграммасы, «математикалық лото»

Түйінді идеялар:

Визуальды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат қатысушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.

Сындарлы және топтық жұмысқа қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді, оқушы көшбасшыны анықтауға болады.

Белсенділігі артады, бақылау, талдау, қорытынды жасау және дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин



Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Топтастырамын.


Мұғаліммен сәлемдеседі.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Асықтар алып сол бойынша оқушылар 3 топқа топтасады
1. Ұлы жүз
2. Орта жүз
3. Кіші жүз


Ресурстар

Оқулық, Электронды оқулық,Маркер, плакаттар,


бағалау

Бағдаршам, Фишкалар, екі жұлдыз бір ұсыныс


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу



5 мин

« Футбол ойыны»

Сұрақтарға дұрыс жауап берсе доп қақпаға түседі

1.“Қазақ” атауы қандай мағына береді?

2. Жүз ұғымының мәні неде?

3. Қазақ халқы неліктен үш жүзге бөлінді?

4. М.С.Мұхановтың пайымдауынша Қазақ жүздерінің қандай белгілері бар

5. Қазақ жүздері туралы нақты деректер қай кезден басталады ?

6. Кіші Жүз тайпалары қай аймаққа таралды?

7. Жүзге бөліну туралы қандай ғалымдардың пікірін білесің?

8. Орта Жүз тайпалары қай аймаққа таралған?

9. Кіші Жүз тайпалары қай аймаққа таралған?

10.Қазақтың жүздері қалай пайда болды?


Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру,Слайда үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі.

Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін,білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді

Түсіну

4 мин

Электронды оқулықтан көрген көріністі талқылап, мұғаліммен біріге отырып сабақтың мақсатын айқындайды.


Құрметті оқушылар, назар аударыңыздар!«Қазақ хандығының құрылуы» электронды оқулық көрсеу
Олай болса,бүгінгі тақырыбымыз : Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы

Қазақ хандығы туралы бұрын білетіндерін естеріне түсіреді, талдайды.Қандай тақырып екенін айтады. Менде қандай сұрақтар туындады?
Мен нені байқай алдым? Сұрақтарына жауап береді.

Қолдану

15 мин

Топпен жұмыс Кітаппен жұмыс.

Ұлы жүз” тобына:

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Өзбек ұлысынан бөлінуі

Орта жүз” тобына:

Қазақ хандығының құрылуы

Кіші жүз” тобына:

Қазақ хандығының нығаюы


Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы Мәтінмен жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау, түсіндіру, постер қорғау.

Топ ішінде тапсырмаларды талқылайды, әр топтан оқушыортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі тақырып бойынша жеткізеді, талдайды және бағалау, тапсырмаларды орынату постер қорғайды.Келесі топтарға өз тақырыпшаларынан екі сұрақ қояды. Топтар бір бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау


4 мин

Жұптық жұмыс

Венн диаграммасы

1) Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады

2) Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады

Жұптарға венн диагаммасын орындауға беріледі. Ең бірінші болған жұптың жауабы тыңдалады. Басқа жұптар жауапты толықтырады.

Берілген тапсырмалар арқылы жұптасып, венн диаграммасын толтырады,алған білімдерін толықтырады.жұптар бір бірін бағдаршам арқылы бағалайды.


Сергіту сәті

3 мин

Математикалық лото


728х2+10=1466 жылы-

Қазақ хандығының құрылған жылы

4000/2-532---1468 жылы-

Әбілқайыр хан қайтыс болды

4000+220-2709= 1511 жылы-

Қасым хан Қазақ хандығының тағына отырды

3800/2+91= 1991 жылы-

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы



Интербелсеңді тақтадағы есептерді шығару

Оқушылар математикалық есептер шығарады.

Жинақтау

6 мин


Тарихи диктант Жеке жұмыс.

1.Қазақ хандығының негізін салушылар..................................................

2. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер ...................................................

3. XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны ..................

4. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі ............. хандығынан Моғолстанға көшті.

5.Қазақ халқының Жәнібек пен Керек бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі ............. ғасырда болды.

6.Жәнібек,Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы ................

7.Моғолстан билеушісі .................. Жәнібек пен Керей одағына ене отырып,олардың көмегімен ............................................................................. үміттенді

8.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғ. б. басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары-..................................................................................

9.XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет-..........................................

10.Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы-........................... жазуы бойынша Қазақ хандығы ........................ құрылды.

Топтарға жаңа білімді бекіту мақсатында тарихи диктант алынады


Алған білімдерін шешім қабылдай отырып, сөйлемдерді толықтырады.интерактивті тақтадан берілген жауаптар арқылы бір- бірін тексереді , бағалайды.

2-3 сұрақ

3

4-6 сұрақ

4

6-10 сұрақ

5




.


Бағалау3 мин


1 ) Керей мен Жәнібектің хандық құруының қандай маңызы болды?


Шығармашылық ізденіс.

Оқушылар Керей мен Жәнібектің іс-әрекетіне баға береді.

Рефлексия

2 мин

1..Маған бүгінгі сабақтан ұнаған жағдай...
2.Мені бүгінгі сабақта ойландырған жағдай...
3.Менің ұсынысым немесе сұрағым...



Оқушылар стикер толтырады

Кейінгі тапсырма

1 мин

Егер мен хан болсам.......

Егер мен президент болсам....

тақырыптарына эссе жазу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі