Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Қазақ хандығының құрылуы" (ашық сабақ)
Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ хандығының құрылуы" (ашық сабақ)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
03 Маусым 2018
866
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуыСабақтың мақсатыБілімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеуСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуКөрнекілік құралдар: оқулық, карта, сызба, электронды оқулық, видео материалдар, интерактивті тақта, слайд, карта, тірек схемалары, қазақ хандарының портреттері.Күтілетін нәтиже:• Қазақ елінің тарихын терең білу;• Тарихи тұлғаларды үлгі тұту;• Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.• Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.• Сыни тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады.• Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай аладыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіII. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Жаңа сабақпен танысуІҮ. Қорытынды кезеңҮ. Үй тапсырмасыҮй тапсырмасын тексеру. §35. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттарыІ тапсырма «Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары»ІІ тапсырма “Кім тапқыр?”1. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?2. Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?3. Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?4. Қазақстандағы ру - тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?5. Сауда - саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?6. Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?Жаңа сабақ: § 36 Қазақ хандығының құрылуыТүріктің бір бұтағы қазақ еді,Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.Жәнібек, Керей хандар басын қосып,Өмірге келген еді қазақ елі.Алтай мен Атыраудың арасындаЖетісу, жеті өзеннің сағасында.Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,Хандық құрды қазақ өз даласында.Жаңа сабақ жоспары:1. Хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібек.2. Хандықтың аумағы.3. Халқының этникалық құрамы.4. Көрші елдермен қарым - қатынасы.Қазақ мемлекеттігін қалыптастырған басты себептер:1. Қазақ халқының құрылуы2. Қазақ халқының жүдері айқындалуы3. Әлеуметтік қатынастардың нығаюыІ. Қазақ хандығының негізін қалаушылар• Жәнібек хан (Әбусайд) Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.• Керей хан - Орыс ханның немересі, Болат ханның ұлы Қазақ хандығының алғашқы ханыҚазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған себептер XVғ. орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған ішкі феодалдық қырқыстар үдей түсті. Әбілқайыр ханның 1457 жылы ойраттардан жеңілуі оның беделін түсірді. Осы жеңілістен кейін хан өзің қолдамаған сұлтандарды қуғын - сүргінге ұшырата бастады. Бұл жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандарға да әсерін тигізді. Керей мен Жәнібектің соңынан ерген қазақ тайпалары батыс Жетісуға көш бастады. Сұлтандардың Жетісуға бағытталу мақсаты: Орталық және Оңтүстік Қазақстан қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіріп, Қазақ хандығын құру еді. Керей мен Жәнібек сұлтандарға Моғолстан ханы Есен – бұға Шу бойынан Қозыбасы жерінен құтты мекен берді. 1465 - 1466жж. Қазақ хандығы құрылды.Моғол ханы Есен - Бұғаның қазақ сұлтандарына жер беру себептері: Есен - Бұға өз бауыры Жүністентен қауіптенді; Есен - Бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды Батыс шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құшақ жая қарсы алды. “Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465 - 1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды” – деп халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати жазған. 1458 жылы көктемде Керей сұлтан хан сайланып, қазақ хандығы құрылған.ІІ. Қазақ хандығының аумағы. Үшқоңыр жайлауы – Керейдің қыстауы Хантау жайлауы – Жәнібектің қыстауы Хандықтың құрылған жері – Батыс Жетісу, Шу бойы, ҚозыбасыІІІ. Этникалық құрамы.• Қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау аралығы• Арғындар Ертістен батысқа, Орталық Қазақстанда• Керейлер - Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь, Тобыл өзендері маңы• Дулаттар - Іле, Шу, Талас бойы, Ыстықкөл маңы Оңтүстүстік Қазақстан• Жалайыр – Қаратау, Жетісу, Сырдария• Қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария, Жетісу• Наймандар – Ұлытаудан Есілге дейінІҮ. Көрші елдермен қарым - қатынасы.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: «Ерлік – ел есінде» (қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны (ескерткіштер)Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды?Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов¬. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – ҚР алғашқы президенті Н. Назарбаевтың мұражайының алаңында. М. Х. Дулатидің ескерткіші қай қалада ашылды?Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м.Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М. Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.І тапсырма Кластерді толтыр (кесте)ІІ тапсырма «Қашан? Қайда? Не болды?» (кесте)ІІІ тапсырма «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)Жәнібек хан –...........................................Керей хан –...............................................ІҮ тапсырма«Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады»1. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: (Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)2. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды? (XV ғасырдың ортасы)3. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан бөлініп кетті? (Әбілхайыр хандығынан)4. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайда көшті? (Моғолстанның батыс аймағына)5. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру - тайпалардың алғашқы атауы. («өзбек - қазақтар»)6. XV ғ. 50 - 70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны. (200мың)7. Моғолстан билеушісі Есен Бұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып, олардың көмегімен неге үміттенді? (өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге)8. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы. (Есен Бұға)9. Қазақ жеріндегі ру - тайпалардың XV ғ. басында басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары. (ру - тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін)10. XV ғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет. (Қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын біріктіру)11. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасырдың ортасы)12. Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы. (М. Х. Дулати)13. М. Х. Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465 - 1466жж.)14. Қазақ хандығының негізін салушылар. (Жәнібек пен Керей)15. Жәнібек ханның шын есімі. (Әбусаид, халық Әз - Жәнібек деп атаған)16. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы. (Шу мен Талас өзендері маңы)17. Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер. (Жетісу)18. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер. (Қозыбасы)19. Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? (Жәнібек пен Керейге)20. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар. (Созақ, Сығанақ)21. Қазақ хандығы қай жылдары құрылды? (1465 - 1466жж.)Ү тапсырма “ Т а р и х и м о з а й к а ”1. Керей2. ұлы3. қазақ4. екі негізін5. хан -6. хандығының7. тарихи8. қалаушы9. Тұлғаның10. алғашқы11. ханы12. бірі,13. қазақ14. болатын.Жауап: Керей хан – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.ҮІ тапсырма “ С а н д а р с ө й л е й д і ” 728 х 2 + 9 = 1465 Қазақ хандығының құрылған жылы 458 х 2 + 540 = 1456 Дайырқожа би Әбілқайыр ханның қолбасшысы Қобыланды батырдың қолынан қаза табады 112 х 7 + 673 = 1457 Керей мен Жәнібек сұлтандар Қозыбасы мен Шуға қоныстанады 382 Х 2 + 694 = 1458 Керей сұлтан хан сайланып, қазақ хандығы құрылған.ҮІІ тапсырмаРефлексияҚазақ хандығының 550 жылдық мерей тойы халықты отанына деген сүйіспеншілікке, бірлікке, табысқа және гүлденуге нығайта түсті. Қазақ хандығының құрылуы біздің халқымыздың тәуелсіздікті алуға деген табанды ұмтылысының және шынайы патриотизмнің көрінісі болды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелік тойының нәтижесін айтар болсақ. Азаматтардың өз тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыра түсті, қоғамның рухани - мәдени жағынан біріге түсуіне, қазақстандықтардың бойында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарының нығаюына. Олардың жасампаздыққа және жаңа биіктерге ұмтылуына ықпал етті.Қорытынды“Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы” деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу, өткенге көз салу, оны келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз.Ү й т а п с ы р м а с ы1. §36 Қазақ хандығының құрылуы2. Кескін картаға Қазақ хандығын түсіру3. «Егер мен хан болсам…..» тақырыбында эссе жазып келу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)