Рымбек Жұлдыз Рымбекқызы
( қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мүғалімі)
Қарағанды қаласы № 13 ҚББОМ , Қазақстан
Қазақ және орыс (Шетел) тілдеріндегі етістіктің кейбір мәселері
Мақалада қазақ және орыс (шетел) тілдеріндегі күрделі болып табылатын сөз табы – етістіктің кейбір мәселері құрастырылады . Автор қазақ және орыс , сондай – ақ ағылшын және неміс тілдерінің материалында етістік санаттарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді .
Көне Римдегі тіл зерттеушілер етістікті латын тілінің verbum деген сөзімен атаған . Ол «сөз» деген мағынаны білдіртеді . Бұдан латын грамматикасында етістікке ерекше мән берілгенін байқаймыз .
Қазақ тілінде сияқты орыс тілінде де сөз таптары жүйесінде етістік ерекше орын алады . Семантикалық сипаты жағынан ол процессуалды ұғымды атай отырып , сөйлемдегі айтылатын ойдың «түп қазығы» сияқты болып тұрады . Етістік сөйлемдегі қимыл-әрекетті жай ғана емес , белгілі бір шақпен (уақытпен) байланыстыра атайды .
Етістіктің синтаксистік қызметі де өте көп әрі жан-жақты : ол баяндауыш ретінде қолданылады да , сөйлемнің басқа мүшелерін өз айналасына топтастырып , сөйлемнің грамматикалық ұйтқысы болып тұрады . Етістік –
Заттың қимылын , іс-әрекетін , күй-жайын білдіретін сөз табы . Сөйлемде етістік баяндауыш қызметін атқарып , екі тілде де мынадай категорияларға ие болады : рай – наклонение , шақ – категория времени , жақ – категория лица , түр – категория вида , етіс – категория залог [1,10].
Етістік құрамына қарай екі тілде де негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып бөлінеді . Сөздің негізгі түбірі етістік болса , ол негізгі етістік деп аталады .
Орыс тілінде префикстер жалғану арқылы мағыналары әр түрлі етістіктер жасалынады , мысалы : писать – вписать , выписать , надписать , списать , приписать , пописать , подписать , переписать , исписать , дописать , записать , описать , прописать ,расписать .
Қазақ тілде де адам – ел –жұрт – халық – халайық , әдемі – көрікті –көркем – кескінді дегендер әр түрлі сөздер . Солай бола тұра , бұлар мағыналары жақын , мағыналас сөздер , бірақ дәлел дәл бірдей мағынада емес . Сондай ерекшелікті білдіріп тұрған супплетивизм құбылысы болып табылады .
Супплетивтік формалар ағылшын тілінде өте сирек кездеседі . Ағылшын тілінде супплетивизмге мына формалар жатқызылады : be – am – is – was , орыс тіліне аударсақ : быть – я – он есть – был ; go – went – идти – пошел ; I – me – я – мне т.б .
Неміс тілінде sein етістігінің осы шақтық варианты bin ( ist , sind ) , өткен шақтық варианты – war – суплетивтік формалар .
Ағылшын тілінде етістіктің шаққа бөлінуі синтаксистік жолмен беріледі . Етістіктің шақ категориясы көмекші етістіктер мен негізгі етістіктің есімше формасы арқылы жасалады .
Көмекші етістіктердің саны да әр тілде әртүрлі . Мысалы , қазақ тілінде
30-ға тарта болса , орыс тілінде 1 , неміс тілінде 3 көмекші етістік бар , ағылшын тілінде 2 көмекші етістік бар : to be , to do .
Орыс және қазақ тілінде етістіктер мағынасына қарай сабақты және салт етістіктер болып екіге бөлінеді . Табыс септіктегі сөзді , демек , тура толықтауышты керек ететін осындай етістіктер сабақты етістіктер деп аталады . Екі тілдегі салт етістіктер мағынасы жағынан тура объектіні , табыс септіктегі сөзбен емес , барыс , жатыс , шығыс , көмектес септіктегі сөздермен тіркеседі . Яғни қимылдың иесіне ғана қатысты етістіктер салт етістік болады : сал , айт , таны , бе т.б .
Етістіктің салт пен сабақтылық қасиеті – оның семантикалық ерекшелігі , яғни сөз түрлендіру жүйесі арқылы емес , түбірдің жалпы грамматикалық мағынасы арқылы тура объектіні талап ету – етпеуімен тікелей байланысты болып келеді . [2,56] .
Қазақ және орыс тілінде етістіктің ерекше түрі бар . Ол тұйық рай . Семантикалық жағынан қимыл , іс – әрекетті білдірмейді , соның аты , атауы ретінде қолданылады да , грамматикалық сипаты жағынан етістік тұлғаларына тән модальдық (рай) мағынаны да , шақтық мағынаны да , шақтық мағынаны да білдірмейді .
Тұйық етістіктің құрамындағы – у жұрнағы шығу тегі жағынан форма тудырушы , атап айтқанда , тұйық етістіктер формасын тудырушы жұрнақ болғанымен , синхрониялық тұрғыдан алғанда , аталған сөздердің (жабу , көсеу , егеу , бөгеу ,бояу т.б) құрамында сөз тудырушы ( бұл жерде сын есім тудырушы ) жұрнақ ретінде танылады .
Орыс тілінде –ть , -ти суффикстері бойынша тұйық етістіктерді ажыратуға болады : считать , белить , читать т.б . Сонымен қатар орыс тілінде чь – мен аяқталатын тұйық етістіктер де бар : помочь , стереть , мочь ,лечь ,печь ,стричь т.б . [3,98] .
Ағылшын тілінде тұйық етістіктің (infinitive) негізгі белгісі « to » - демеулік шылауы . Мысалы : to read – оқу , to play – ойнау , to write –жазу .
Қазақ тілінде – у жалғауы жалғанған біраз етістіктер тұйық етістік формасынан зат есімге айналған . Мысалы : жабу ,егеу , көсеу , қашау , бояу т.б . Бұлардың құрамындағы – у морфемасы о баста форма тудырушы тұйық етістік формасы қосымша болған . Қазір ол форма тудырушы емес , сөз тудырушы жұрнақ ретінде танылып жүр . Ол тұйық етістіктің жалғауы бола тұрып , кейінгі ғасырларда зат есім , сын есім тудыратын жұрнақтарға айналған . Сондықтан қазіргі кезде оны қазақ тілі оқулықтарында « тұйық етістіктің жұрнағы » деп атайды . Ал ағылшын тілінде infinitive – тің көрсеткіші болып табылатын to – ді түсіргенде , read – оқу ( учеба ) , play – ойын ( игра ) , write – жазу (письмо) деген сияқты зат есім сөздерге айналады.
Тілдердің бір – бірімен қарым –қатынасы , өзара әсері табиғи құбылыс . Тілдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады . Бұл бір жолы – тоғысу түрінде . Екінші жолы – тілдік элементтердің енуі түрінде .
Тілдердің тоғысуы процесінде субстрат , суперстрат, атстрат деп аталатын құбылыстар пайда болды .
Субстраттың нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды , кейбір морфемаларды қабылдайды . Яғни , субстрат дегеніміз – жеңілген тілдің жеңген тілдегі элементтері . Мысалы , қазіргі Франция жерінде ертеде келт (галль) деген халық тұрған . Оларды римдіктер жаулап алды да , ол халықтың тілі жойылды . Бірақ қазіргі француз , испан тілдерінде сол жойылған келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған . Келт субстраты дегеніміз – француз , испан тілдеріндегі сол қалдық элементтер . Суперстрат дегеніміз – керісінше : жеңген халықтың жеңілген халық тіліне қалдырған ізі , әсері . Ал адстрат дегеніміз – екі халықта да жарыса қатар өмір сүретін тілдік элементтер . Тілдердің өзара әсері нәтижесінде тілдік элементтер бір тілден екінші тілге ауыса береді .
Қорыта келгенде , тілдер бір – біріне әсер етіп отырады . Бірақ олардың әсер ету жолдары әр түрлі . Сондықтан әр тілдің өзіндік заңдылықтары мен басқа тілдерден ерекшеленетін тұстарына назар аударған жөн .
Әдебиеттер тізімі :
1. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі . – Алматы :Ана тілі . 1991. – 384б .
2.Қазақ грамматикасы . – Астана : Елорда , 2002.-784б.
3.Русская грамматика . –М : Наука , 1980.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз