Материалдар / «Қазақ жазушысы Спандияр Көбеевтің туғанына–140 жыл»

«Қазақ жазушысы Спандияр Көбеевтің туғанына–140 жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев Сабақтың мақсаты: Білімділігі:автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру; Дамытушылығы: әр оқушы осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру. Тәрбиелілігі: ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жамбыл орта мектебі» ММ










«Қазақ жазушысы Спандияр Көбеевтің туғанына–140 жыл»

/Сынып сағаты/











Сынып жетекшісі: Изгалиева Г. Ж.

4 «А» сынып












2018-2019 ж.


Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев

Сабақтың мақсаты: Білімділігі:автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру;

Дамытушылығы: әр оқушы осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелілігі: ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабақтың белсенді өтуіне ынталандыру.

ІІ. Жаңа сабақ

1) Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2) Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Спандияр Көбеевтің өмірі туралы не айта аласыздар?

Оқушыларға «Топтастыру» стратегиясы арқылы С.Көбеев кім деген сұраққа жауап аламын.

аудармашы


Спандияр Көбеев




жазушы педагог




ақын

Мұғалім сөзі:Тақтадан С.Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы мәлімет беріледі.

Жылдар сөйлейді

Жылдар

Болған оқиға

1878 жыл қазанның 1-і

Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

1887 ж. желтоқсан айында

Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке барады.

1892-1897ж.ж.

Болыстық мектепте оқиды.

1899 жылы

Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық курсқа түседі.

1901 жылы

Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

1910 жылы

Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында жарық көреді.

1912 жылы

«Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді.

1913 жылы

«Қалың мал» романы басылып шығады.

1951 жылы

«Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы жарық көреді.

1956 жылы

Өмірден өтеді.



Спандияр Көбеевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.

Спандияр Көбеев (1878 – 1956)

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би-болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандағанды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді.

Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.

Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.
1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған.

Жылдар сөйлейді.

Тақтадан жылдар көрсетіліп, оқушылардан жауап алынады.

1887,1899, 1901,1951.

Шығармашылық жұмыс

Әр топқа Спандияр Көбеевтің мысалдарын және әңгімелерін кеспеге жазылған түрінде таратылып беріледі. Мысал бойынша сурет салып көрсету арқылы қорғайды. Әңгіменің мағынасын ашып, көрініс дайындалады.

І топ: «Аю және бөрене»

ІІ топ: «Аққу, шортан һәм шаян»,

І топ.

Аю және бөрене (әңгіме)

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болады. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келеді. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалады. Күшіне сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап басы айналады. Бұған ызаланған аю бар күшімен үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіріпті.


ІІ топ. Аққу, шортан һәм шаян (мысал)

Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,

Көп малдыңкерегі не болса бақсыз

Таудайын талаптан да бақыт артық

Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.

Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ,

Кем жұртқа әрбір түрлі болды мазақ

Зияны толып жатқан бастан артық,

Кемітіп ғазиз басын көріп ғазап.

Мысалы, бірліксіздің ғибыраты,

Пайдалы салыстырсаң бар лұғаты.

Кеңесінен аққу, шортан, шаянменен,

Тыңдаңыз тәржіме етіп жазған хатты:

Бір аққу, шортан, шаян бұрынырақ

Кеңесін еттім бәйіт, салсаң құлақ,

Тартуға жүкті арбаны міндеттенген,

Оңаша көл басында тұрған жырақ.

Үшеуі кәдімгідей жегілісіп,

Қайтсе де тартамыз деп ерегісіп,

Тырмысып бейшаралар азаптанды,

Пайдасыз михнаттанып терге түсіп.

Жөнелді аққу көкке таман,

Сұңқылдап үсті-үстіне достан жаман,

Жайда да кесел шіркін жөнге жүрмес,

Тырмысып кейін қарай жатыр шаян.

Тартады демалысып кезек-кезек,

Арбаны қозғалта алмай күдер үзіп,

Тыпырлап суға қарай бетіменен

Шамасы келмей жатыр шортан кезіп.

Кіріскен ынтымақсыз ол басында

Ерлердің болмай бірлік жолдасында.

Бетімен әр тарапқа тартқаннан соң,

Қозғалмай арба қалды көл басында.

Сұрақ: Аққу, шортан һәм шаян мысалы тағы қай ақында кездеседі? (А.Байтұрсынов)

Ой толғаныс: Оқыған әңгімелері бойынша шағын эссе жазу.

Қорытындылау: Рефлексия


ЖИ арқылы жасау
20 Мамыр 2019
7921
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі