Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, көтерілетін мәселені болжай алады, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

Қазақ тілі 5-сабақ

1-бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Орфография

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, көтерілетін мәселені болжай алады, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Құндылықтарға баулу


Тәуелсіздік және Отаншылдық

Бірлік және Ынтымақ

Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

4 минут







5 минут











Сабақтың ортасы

6 минут












5 минут




























8 минут




























5 минут








7 минут





Сабақтың аяқталуы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Жүректі тазарту»

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ой шақыру

1-тапсырма.

Берілген сұрақтарға жауап бер.

1. Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалымдар дың еңбегі туралы не білесің?

2. Орхон ескерткіштері қай жерден табылған?

3. Көне түркі ескерткіштерінің құндылығы неде?

4. Жазбаша әдебиеттің дамуы туралы не білесің?


2-тапсырма. Сызба бойынша қазақ жазуы туралы мәліметтер жина.





Овал 7

Руна

жазуы




Овал 8

Көне ұйғыр жазуы



жазуы







Овал 9

Қазақ

жазуы



Овал 10

Кирилл

жазуы






Овал 11

Латын

графикасы




Овал 12

Араб

жазуы










Тілдік бағдар

Кез келген сөз қысқартыла бермейді, тек күрделі атаулар қысқарады. Шартты түрде қысқарту арқылы жасалған күрделі

атауларды қысқарған сөздеп атаймыз.

Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады: АҚШ– Америка Құрама Штаттары, БҰҰ– Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚХР–

Қытай Халық Республикасы. Бұған тек өлшем атаулары бағын-байды: м– метр, кг– килограмм, мм– милиметр, г– грамм т.б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады: ҚазҰПУ– Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, ҚазҰУ– Қазақ Ұлттық университеті.

3. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің алғашқы буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педколледж, мединститут.

4. Қысқарған сөздердің бұл айтылғандардан басқа ТУ-114,АН-24, см, км, мм, дмт.б. сияқты түрлері бар. Қысқарған сөздердің құрамындағы әріптердің, буындардың, буын мен сөздердің араларына ешқандай белгі қойылмайды.

3-тапсырма.

1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз.

(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі)

ХХ ғасырдың 10-жылдарына дейін қазақтың өз жазуы болмаған еді. Өзге көршілес түркі халықтары сияқты қазақтар да араб таңбаларын қолданып келді. Араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай келмейтіндігін, бұл таңбалармен қазақ сөздерін дұрыс, сауатты жазуға мүмкіндіктің аздығын, оқыту ісінде келтіретін қиындығын анық байқаған қазақ зиялылары ана тілі міздің өз жазуын жасау керектігін сөз ете бастайды. Әлеуметтік пікірге «Айқап» журналымен «Қазақ» газеті де үн қосып, мақалалар жариялайды.

Мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?

2.Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мектептерін ашып, оқуды қазақ тілінде жүргізу үшін, ең алдымен, ұлттық жазуы – әліпбиі болуы қажет деп білді. Ғалым өз жобасын ұсынып, оған «қазақ жазуы» деген айдар тақты. Бұл әліпбидің негізі араб таңбалары болғанымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріліп, жаңаша түзілген. Қазақ тілінде жоқ дыбыстардың таңбалары шығарылып тас талған, араб әліпбиінде жоқ кейбір таңбалар қосылған мүлде жаңа әліпби болды. 1912 жылдардан бастап қолданыла бастаған әліпбиді қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы еш талассыз, бірден қабылдап, іс жүзінде қолданды.

Өз жауабыңызбен салыстырыңыз.

Шын мәнінде, мәтінде қандай мәселе көтерілді?

3. Сіздіңше, мәселенің шешімі қандай болды?

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

«Қазақ жазуы» Қазақстанда 17–18 жылдай жақсы қолданылып, енді тұрақтай бас тағанда, күшпен тарих сахнасынан түскенімен, мүлде құрдымға кеткен жоқ, бұл жазумен қалдырылған мол мұра қазіргі мәдениетімізге де орасан зор қызмет етіп отыр. Қытайдағы, Иран мен Ауғанстандағы қандастарымыз күні бүгінге дейін Байтұрсынұлы жазуын қолданып отыр.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • ХХ ғасырдың басына дейін қандай жазу қолданып келді?

  • Қазақ зиялылары неліктен өз қазақ жазуы болуы керектігі жайында мәселе көтере бастады?

  • Жаңа әліпбидің қандай ерекшеліктері болды?

4-тапсырма

Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікірлеріңді жазыңдар.

Бас әріппен жазылатын күрделі атауларды жазыңдар

Үлгі:

Тарихи тұлғалар, кісі аттары

Ахмет Байтұрсынұлы

Жер-су, мемлекет аттары

Қазақстанда, Иран мен Ауғанстандағы


3-тапсырма. (оқулықтан)

Жеке жұмыс

Берілген суреттер бойынша «Тарихи жәдігерлер» тақырыбына күрделі сөздерді қатыстырып, мәтін құрап жаз.


ЕББҚ оқушыға тапсырма

5-тапсырма(оқулықтан)

Жалғастырып жаз.
1. Қазақ тілі – ең бай тіл.
2. Қазақ тілі – ...

Рефлексия

  «Сөйлемді аяқта»

Мен мынаны білдім


Маған қызық болғаны


Маған қиын болғаны


Мен мынаны жасай алдым


Мен мынаған таңғалдым




Психологиялық ахуал

Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.





Ой қозғау мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сызба бойынша қазақ жазуы туралы мәліметтер жинайды.












Қысқарған сөздер

туралы тілдік бағдар алады.































Мәтін үзіндісін мұқият тыңдайды.


Мәтінде әр қарай не айтылуы және қандай мәселе көтерілуі мүмкін екендігі жөнінде болжам жасайды.

Мәтіннің жалғасын тыңдап, өз жауабымен салыстырады.

Мәселенің шешімін анықтайды. Сұрақтарға жауап береді.





































Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікірлерін жазады.



Берілген суреттер бойынша «Тарихи жәдігерлер» тақырыбына күрделі сөздерді қатыстырып, мәтін құрап жазады.



Берілген нақыл сөздерді жалғастырып жазады. Бүгінгі тақырыппен байланыстырып, өз пікірлерін айтады.


Рефлексия арқылы сабақтың қызықты тұстарын айта отырып, нені меңгергенін сараптайды.

Қиналған түстарын, меңгере алмаған тұстарын жеткізеді.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!











Дескриптор

Білім алушы

- мазмұны бойынша өз болжамын айтады;

- мәтін тыңдау барысында өз болжамын қатыстырып, пікір жазады;

- өз көзқарасын жеткізеді;

-сұрақтарға жауап береді;

-сыни тұрғыдан өз ойларын тұжырымдап,баға береді.







Дескриптор

Білім алушы

-бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды анықтайды-2 балл

- бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфография

лық нормаға сай жазады-2 балл

-көтерілген мәселені анықтайды-1 балл

- көтерілген мәселе негізінде өз пікірлерін 4-5 сөйлеммен жеткізеді-5 балл





Оқушылар өз сыныптастары-

ның мәтін құрауына қатысты айтқан ойларына «шапалақ» әдісі арқылы қолдау білдіреді.


















Дескриптор

Білім алушы

-мәтінге қатысты өз пікірін білдіреді,




- бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстырады.




Дескриптор

Білім алушы

-тақырып бойынша мәтін құрайды,

-күрделі сөздерді қатыстырады.


Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл



Қалыптастырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

8-сынып



















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл




https://qamshy.kz/article/21266-rabigha-syzdyq-akhmet-baytursynuly
















































https://www.google.com/search?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12