Қазақ жазуының алғашқы реформаторы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ жазуының алғашқы реформаторы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ тілінің құрметі жайлы жеткізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ жазуының алғашқы реформаторы

Тар жол тайғақ кешу дәуірі… Отаршыл орыс империясының азапты тауқіметін кешкен қазақ. Қара танымаған халық. Елдің келешегі үшін жарық күнге ұмтылған Алашорда зиялылары. Ахмет үні көлеңкелі заманның жалғыз сәулесі!

Иә, азапты әрі ауыр күндер… Ахмет қазақ балаларын оқытуға үлкен күш салды. Қазақ тілінің грамматикалық ережелерін қалыптастырып, төл әріптерімізді ойлап тапты. Егер Ахмет сол заманда қазақ тілінің ережелін қалыптастырмағанда біздің өз сөйлеу тіліміз болмас еді. Сондықтан, Ахметті қазақ жазуының алғашқы реформаторы деп танимыз. Ахмет “Әдебиет танытқыш”, “Тіл қүралы”, “Оқу құралы” атты төл еңбектерімен тіл тұтастығын сақтады, бірізді жүйе қалыптастырды.

Бала бастауыш мектепте тек өз ана тілінде оқуы керек”,- деген Ахаңның ғибратты ойынан ұлтқа, тілге деген құрметті анық байқауға болады. Алайда, қазіргі білім жүйесі үш тілді талап етеді. Өз ана тілін толық үйрене алмаған бала, өз тіліне кесапат жасайды. Мүмкін, бұрынғылар айтатын шала қазақтар осылай көбейген болар. Мектепке жаңа қадам басқан жас бүлдіршін өз тілін толық үйреніп, өз тілінде сауатты жазып содан соң өзге тілді де үйренсе болады. Біз үш тілді бағдарламамен бала санасын уламау керекпіз.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте,- деп Қадыр ақын айтпақшы

құрмет пен сыйластық ең алдымен ана тілімізге басталу керек. Сонда ғана ұлт көктейді, тіл тапталмайды, абырой төгілмейді.

Ахаң өз дәуіріне реалистік сипат алып келген ақын. Ол ұлт тағдырын ойлады. Отаршыл орыс империясы Ахметтің бала оқытқаныны қарсы болып, түрмеге қамады, айдауға жіберді. Алайда, ақын әрі қарай халық көзің ашуға ниеттеніп газет шығарды. Бұл газет арқылы халықты оқуға, қара тануға, еңбек етуге шақырды. Сол замандағы “Қазақ” газеті халыққа жаңа көзқарас қалыптастыруға қызмет етті. Ал, төл дыбыстарымызды жасағанда оның оңай және тиімді болуына аса мән берді. Бұл төл дыбыстарымыз біздің тілімізді бізге ұқсас қырғыз, өзбек тілдерінен ерекшелеп, айшықтап тұрады. А.Байтұрсынұлы жазуы дамымаған ұлттың артта қалатынын, оның қоғамдағы қажеттілігін және адам өміріндегі маңызын өзінің шығарған оқулықтарында үнемі ескертіп отырады. Жазу дегеніміз – шын мәнінде, кез келген халықтың рухани деңгейі мен мәдени дамуын көрсететін негізгі құрал. Ғалым осы құралды ұлттық деңгейге көтеру жолында жан аямай еңбек етіп, тер төкті. Реформатор мұнымен қатар “Әдебиет танытқыш” атты еңбегі арқылы қазақ әдебиетіне тән терминдерге жүйелі анықтама берді, әрі айқын мысалдар арқылы дәлел келтірді. Ахмет еңбегі біз үшін бағалы болмақ. Ахаңның қай еңбегі болса да ауыз толтырып мақтауға лайықты. Себебі, ол жалған мақтау іздемеді, абыройдың артынан қумады. Ұлтарақтай ұлттағы ұрпақ келешегін бүгінгі дәуірден жүз елу жыл бүрын ойлай алды.

Ахмет Байтұрсынұлы бізді сауатты жазуға шақырды. Алайда, қынжыла мойындауға тиіспіз. Қазір сауатсыз жарнамалар мен орыс тілінен тікелей аударылған мән-мағынасыз жазбаларға жанарымыз жиі түсетін болды. Қазақ тілінде тікелей аудармасы жоқ сөздер орыс аудармасының құрбаны болып жүр. Біз өз тілімізді құрметтей алу керекпіз. Сауаттылық деңгейімізді көтермесек, тіл деңгейін түсіреріміз анық.

Арзан абыроймен емес, ар- ожданымен «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған біртуар тұлға кеңестік Қызыл империяның «солақай саясатының» кесірінен адам қолынан құрбан болғандығы бүгінгі ұрпаққа белгілі. Ахаңның есімі мен еңбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, «тұмшалап» келгенімен, айтулы тұлға еңбегі халқы үшін мәңгілік өшпейтіндігін мойындатты. 1988 жылы 4 қарашада Ахмет ресми түрде ақталды. Содан бастап, тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының «көсемі» болған Ахаңмен халық қайта қауышып, оның ұлты үшін еткен ерен еңбектері жас ұрпаққа ашық түрде насихаттала бастады, оның еңбектері мен зерттеулерінің тарихилығы мен маңыздылығы ғалымдар тарапынан нақты дәлелденді.мойындауға тиіспіз. “Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты”,- деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Ахмет қай заманда да халқы үшін тау тұлға!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2025
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі