400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ТУҒАН АЙЫРЫҚША ФЕНОМЕН

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам және қоғам пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 323.1(574)

 

М.ШҮРШІТБАЙ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

 

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ТУҒАН АЙЫРЫҚША ФЕНОМЕН

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына, бағыт-бағдарына, жетістіктеріне, қоғамдағы роліне тоқтала отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жерінде туған айырықша феномен екені көрсетіледі.

Түйін сөздер: Достық, бейбітшілік, келісім, тұрақтылық, бірлік, Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жерінде туған айырықша феномен.

 

ОСОБЕННЫЙ ФЕНОМЕН, РОЖДЕННЫЙ В КАЗАХСТАНЕ

В статье дано описание деятельности, достижений и особенной роли такого общественного института как "Ассамблея народа Казахстана" - уникального феномена, родившегося в Казахстане.

Ключевые слова: Мир, дружба, согласие, стабильность, единство, особенный феномен родившийся в Казахстане

 

THE UNIQUE PHENOMENON WAS BORN IN KAZAKHSTAN

The article describes the activities, achievements and especial role of the public institution "Assembly of Kazakhstan people" - a unique phenomenon who was born in Kazakhstan.

Keywords: Peace, friendship, harmony, stability, unity, especial phenomenon who was born in Kazakhstan

 











БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ


Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы көшінде келе жатқан Қазақ елінде, қазақтың қасиетті жерінде дәулетін жинап, ұрпағын жайған 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың, этностардың басын бірлікке топтастырып, бүгінгі өзара түсіністік пен құрмет сезімінің, достық пен келісімнің, ұлтаралық татулықтың тұрақтылығын одан әрі жарастыра нығайтудағы Қазақстан халықы Ассамблеясының жұмысының демократиялық ұшқындары өзгелерге қарағанда анағұрлым артық екенін көрсетіп отыр

Елдің бірлігі мен татулығы тәуелсіздікті мызғымастай етіп нығайтудың ең құдыретті құралы екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаттықтың алғашқы күндерінен-ақ көре білді. Оның саяси ерік-жігері мен қажырлы еңбегі Қазақстанның тұрақты дамуының берік іргетасы ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналды. Себебі, ел өмірінде түбегейлі өзгерістер әкелген әлуметтік-экономикалық және саяси бетбұрыстарды халықтың жаппай қолдауына ие еткен негіз - бұл қоғамдық келісім. Сондықтан «Келісім-тұрақтылық-бірлік» үштағаны Қазақстан дамуының және мемлекет басшысы саясатының ең басты қағидасына айналды. Қазақстанға барша этностардың тілін, ділін сақтап, ұлтына нәсіліне қарамастан барша азаматтардың тең құқылы екенін әйгілей отырып, олардың барлығы ел иесі Қазақстан маңына ұйымдастырудың, сол арқылы күллі халықты ұлы істерге жұмылдарудың бірегей, әмбебап құрлымы – Қазақстан халқы Ассамблеясын дүниеге әкелді.

Барша азаматтардың тең құқылығы, мәдени алуантүрлілікті сақтай отырып, ұлттық бірлікті қалыптастыру, тағаттылық пен диалогты дәріптеу, үйлесімді тіл саясаты, этносаралық және конфессиялық келісімге зиян келтіруі мүмкін кез келген әрекетке заң жүзінде кедергі қою, Қазақстан халқы Ассамблеясының-осы моделдің негіз құрушы қағидаттары осылар. Бірақ ең бастысы – бұл көпұлтты халықтың Көшбасшысы факторы. 20 жылдығын атап өткізіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының саясатын жүргізудегі жетекші ұйым болып табылады. Ассамблеяны Қазақстандағы барша этностардың мәдени өзіндік болмысын сақтай отырып, жалпыазаматтық бірдейлікті, жалпыұлттық бірлікті құрудың күрделі жолындағы қажымас-қайтпас күрескер десек те болады. Қазіргі таңда институттық тұрғыдан алғанда Қазақстан халқы Ассамблеясы 820 этномәдени бірлестіктің басын біріктіріп отыр, бүкіл ел бойынша олардың қызметіне 3 миллионнан астам азаматтар қатысады. [1]

Осы уақытқа дейін барша ғалым дін, мәдениет, тіл және басқа да этностық айырмашылықтар қоғамдағы адамдар арасын аша түсетін, қайшылықтар туғызатын факторға айналдыра білді.

Халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналған Елбасы төрағалық ететін осынау конституциялық орган жөнінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза: «Ассамблеяның қағидаты мен бағыт-бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс қағидатына толық сәйкес келеді», - деп өзінің орайлы пікірін білдірген болатын.

Бүгінгі күні конституциялық мәртебе алған Ассамблея ел Парламентінде де өкілдік етеді. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясының тоғыз депутаты қабылданып жатқан заңдардың этносаралық келісім мен тағаттылық қағидаттарына сәйкес келуін қамтамасыз ете отырып, заң шығару ісіне нақты ықпал жасай алады. Нұрсұлтан Әбішұлы Ассамблеядан сайланған депудаттардың алғашқы құрамына ақ жол тілей отырып, «Сіздер достықтың елшілері болып табыласыздар», деген болатын. Ал, Ассамблеядан сайланған халық қалаулылары осы миссияны абыроймен атқарып келе жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғарғы органы Елбасының төрағалығымен жыл сайын өтетін оның сессиясы болып табылады. Сессияның барлық шешімдері мемлекеттік органдар мен қоғамның азаматтық институттары үшін міндетті болып есептеледі. Әрбір сессия ел бірлігін нығайту жолында өткен бір жылда атқарылған шаруалардың қорытындысын шығаратын және алдағы бағыт бағдарды белгілеп, жоба жоспарды пысықтап алатын белес іспетті. Кезекті бір сессияда Ассамблеяның қоғамдағы орны мен атқаратын миссиясын жаңа белеске көтерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «жаңа жағдайларда Қазақстан халқы Ассамблеясы ішкі саяси мүдделерден жоғары, жалпыазаматтық, жалпыхалықтық институт болуы тиіс» деген еді. Ассамблея қабырғасындағы іс-шараларға, маңызды оқиғаларға байланысты 40-тан астам медиа-жоспар жасалып, жүзеге асырылды. Әлемнің 47 мемлекетіне таратылатын «Достық-Дружба» журналы, төрт телеарна, бес телебағдарлама, сегіз радиобағдарлама, тоғыз респбликалық басылым, жүзден астам электронды ақпарат құралдары және басқалары жұмыс істейді. Ассамблея жанынан құрылған этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі кеңесте журналистер мен сарапшылар қызмет атқаруда. [2]

Ассамблеяның ең басым бағыттарының бірі-оның аймақтардағы жұмысы. Бүгінде аймақтық ассамблеяларды дамыту тұжырымдамасы қабылданып, ол әрбір өңірдің өзіндік ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жемісті жұмыс істеуде. 20 сессияда Мемлекет басшысы Достық үйлерін бейбітшілік пен келісімнің, азаматтық бастамалардың және азаматтық қоғам институттарының жан-жақты ресурстар орталығы ретінде дамыту жөнінде тапсырма берген еді. Бұл орталықтардың жұмысын неғұрлым жүйелі етіп, Президент жүктеген міндеттерге сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін республикалық Достық үйлері директорларының әдістемелік кеңестері де аймақтық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде айырықша орынға ие. Жаңа құрлым барлық азаматтық қоғам институттары мен әлеуметтік күштерді өңірлердегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістерді тиімді жүзеге асыруға жұмылдыруға жұмыс істейді.

Елбасы айтқан «Ассамблеяның ішкі саяси мүдделерден жоғары тұру» сипаты оның ел бірлігін нығайту жолында барлық саяси күштермен бірлесе жұмыс істеуінен айқын көрінеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі белді саяси партиялармен атап айтқанда «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Коммунистік партиямен», сондай-ақ, «Қазақстанның азаматтық альянсымен» ынтымақтастық туралы меморамдумдарға қол қойған. Бұл да еліміздің саяси дамуындағы тың белес деп айтуға толық негіз бар. Ассамблеяның депутаттық тобына парламенттік партиялар өкілдерінен тұратын 21 халық қалаулысы мүше атанды. Ол партияаралық әріптестіктің тиімді тетігіне айланып қана қойған жоқ, түрлі саяси көзқарастарды ортақ құндылық – ел бірлігі, татулық пен тұрақтылық идеяларына тоғыстырып, оларды елдік мүддеге бірге жұмыс істетіп отыр.

Бүгінгі таңда ұлтымызды ұлы мақсаттарға ұйытатын тағы бір тетік-Қазақстанның тіл саласындағы саясаты. Қазақ тілі –қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан, Қазақстанды мекен еткен барша халықты біріктіретін құдырет. Қазақ елін өзімнің Отаным деп танитын әрбір азамат мемлекеттік тілді білу қасиетті парызы екенін жан жүрегімен сезінуі қажеттігін ұғындыру жолында да Ассамблея тынымсыз еңбек етуде. Оған Ассамблеяның 21-сессиясында сөйлеген делагаттардың айтқандары дәлел. Орыс қызы, қазақтың келіні Ольга Сағындақова қазақша ән шырқап, Ресейдің алыс түпкірінде тұратын ата-анасы алдымен қыздарының домбырасын сағынатынын айтса, қазақ мектебінде ағылшын тілінен сабақ беретін неміс қызы Юлиана Отт ата-анасына ұрпағының туған елінің мемлекеттік тілін үйренуіне ертерек жол ашқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ал, ұлты украин оралдық азамат Станислав Качало 5 баласы қазақ мектебіне баратынын, бір ұлы домбырашылар сайысында жеңімпаз атанғанын мақтанышпен жеткізсе, армян жігіті Давид Сукиасян замандастарын барлық ортада қазақша сөйлеуге үндеді. Осының бәрі өзгелерге сабақ, тәлім-тәрбие, әрбір қазақстандықтың қазақ тілін білуіне зор ынталандыру.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсетілгендей, 2025 жылға қарай мемлекеттік тіл қоғам өмірінің барлық саласында үстемдікке ие болып, кез келген ортаның басты қатынас тіліне айналуы үшін Ассамблея жанындағы «Тілдарын» және «Лингва» тіл орталықтары мен этномәдени бірлестіктер жемісті жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда қазақ тілін жеделдетіп оқытудың тиімді әдістемесі – «Тілдарын» бойынша А1 және А2 деңгейіне арналған екі оқу-әдістемелік кешен әзірленіп, шығарылды. Бұл әдістемемен тек 2013 жылы 23 курс және 12 семинар ұйымдастырылып, онда 1314 тыңдаушы оқып шықты.[3]

Жалпы алғанда республика көлемінде өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде толық оқытатын 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте Қазақстанда тұратын 22 этностың тілінде өз бетімен оқытылады. Осы аталғандарға қосымша балалардан басқа ересектерді де 30 түрлі этностың тіліне үйрететін 195 арнайы лингвистикалық орталықтар ашылған.

Қазақстанның көпэтникалық тұрғандары бар барлық өңірлерінде Достық үйлері жұмыс істейді. Елбасының тапсырмасымен Алматыда «Заңғар» ғимаратты «Достық үйі», Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайы бой көтерген. «Бейбітшілік және келісім» сарайында Қазақстан халық Ассамблеясының жыл сайынғы сессиялары, әлемдік және дәстүрлі діндердің сьездері өтеді. Республиканың бірқатар ірі қалаларында қазақ, орыс театрларынан басқа өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді.

Ақпараттық кеңістікте этникалық тілдерде 35-тен астам газет, журналдар шығады. Мемлекеттің қолдауымен жарық көретін 6 республикалық этникалық газет бар. Тұтасымен алғанда ел көлемінде газет, журналдар 11 тілде басылса, радио хабарлары - 8 тілде, телехабарлар – 7 тілде беріледі.[4]

Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігін, Ассамблеяның ұлтты ұйымдастырушы және қоғамды тұрақтандырушы рөлін және қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы ең шешуші факторға балаған болатын. Мемлекет басшысы рухани ықылым келісім мен бейбітшілік мәдениетінің ата-бабалардан мирас болып, замандардан қанымызға сіңген басты 7 қағидасын атап өтті. Тең құқылық, ортақ жауапкершілік, байсалды тіл саясаты, зайырлы ел сипаты, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жалпықазақстандық мәдениет және Қазақстан халқы Ассамблеясы қағидалары тұтаса келгенде еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің формуласын айқындап, Ассамблеяның бүгінгі және ертеңгі келбетін толғымен ашып береді. Ассамблея барша азаматтардың мүдделерін қорғайтын бүкілхалықтық өкілдіктің инновациялық үлгісі, әрі еліміздегі демократиялық үрдістің табысты тетігі, ұлтты ұлы істерге жұмылдыратын халық билігінің органы ретінде болашақта да қоғамдағы рөлін нығайта түсетіні даусыз. Оған қаны бөлек болғанымен жаны бір, түрі бөлек болғанымен үні бір, біртұтас халқымыздың өмірлік қағидасы – қоғамдық келісімнің ұйтқысы болу, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялардың, діни конфессиялардың, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының ортақ үйлестірушісі болу міндеті жүктеледі. Елбасы Ассамблеяға қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мәселері жөніндегі партияаралық ынтымақтастықтың Парламент қабырғасындағы әмбебап тетігі болып қана қоймай, бұл жұмыста аймақтардағы мәслихаттарда да жүйелі түрде жүргізуді міндеттеді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың ел бірлігін нығайту жолындағы тәжірибесі бүгінде талайға ой салып отыр. Қазақстанның бастамасымен БҰҰ қабырғасында қолға алған мәдениеттер үндестігінің халықаралық онжылдығының аясында 2013 жылы этносаралық жарасым мен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің беташары жасалды. Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім моделі Біріккен Ұлттар Ұйымында, Еуропадағы қауыпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Копенгагенде, Варшавада, Венада, Женевада және Нью-Йоркте өткен ірі халықаралық форумдарында таныстырылды. Бұл модель ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Бас комиссары жұмысының басты бағыттарының біріне айналды. Тұңғыш Президент күніне орайластырлып, бейбітшілік және келісім тақырыптарында өткен халықаралық конференциялар бұл саладағы Елбасының тұлғалық келбетін және аталған тақырыпқа деген әлемдік назардың ауқымын айшықтай түсті. Қоғамдық келісімнің Назарбаев моделін зерттеу әлемнің 15 мемлекетінен, атап айтқанда: Болгария, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Ресей, Түркия, Украина, Армения елдерінен сарапшылар, ғалымдар мен дипломаттар, журналистер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері алпыстан астам рет өтініш білдірді.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігі мен қоғамдық келісім саласындағы атқарып отырған сан қырлы қызметі білім және ғылым кеңістігіне де ықпал етуде. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Орталық Азияда тұңғыш рет ЮНЕСКО – ның этносаралық және конфессияаралық толеранттылық кафедрасы ашылды. Одан сәл бұрынырақ осы оқу орнында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылып, айтулы білім ошағымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл – жас ұрпақтың ел бірлігі ұғымына ғылыми тұрғыдан терең бойлап, этносаралық қатынастар саласында білікті мамандар даярлауға септігін тигізетін айтулы қадам. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы еліміздің басқа да жетекші жоғарғы оқу орнындарында ашылып жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тиімділігін арттырып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік идеясын әрбір азаматтың санасына нық орнықтырудың тағы бір тетігі - БАҚ. 2013 жылдың қараша айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының тұңғыш халықаралық медиа-форумына 20-дан астам мемлекет қатысса, бұл – қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне әлемдік ақпарат кеңістігінің қаншалықты қызығушылық танытып отырғанын көрсететін айтулы шара.

Ассамблея қызметінің жаңа қыры – жалпыхалықтық өкілдік миссиясы оның көтерер жүгі мен жауапкершілігін арттыра түсуде. Ол Ассамблеяны саяси жүйенің сенімді өзегі ғана емес, мемлекеттік басқаруға азаматтардың атсалысуын қамтамасыз ететін ашық үнқатысу алаңына айналдырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары соның айқын дәлелі. Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін Елбасы мемлекеттің этносаралық қатынас саласындағы саясатын жетілдіріп, Ассамблея иниститутын нығайта түсу жөніндегі нақты тапсырмалар берді. Қазір ол тапсырмалар жүзеге асырылуда.

Президент Ассамблеяның аймақтық құрлымдарын барынша жандандырып, дамыта түсу жәйына баса назар аударып, бұл бағытта арнайы аймақтық тұжырымдамалар дайындау қажеттілігін айтқан болатын. Тиісінше, Алматы, Астана қалаларында, барлық облыстарда Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамалары әзірленіп, қоладанысқа енгізілді.

Елбасының сөзімен айтар болсақ, «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз».[5]

Бүгінде береке-бірлігі мен ынтымығы жарасып, әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы көшінде келе жатқан, ардан намыстан жаралған ел иесі, жер иесі, мемлекет құраушы жасампаз қазақ халқының абыз даналығымен үйлескен 2015 жыл – Ассамблея жылы Тәуелсіз мемлекетімізді жаңа жетістіктерге жеткізіп, елімізге жағымды жаңалықтар мен абыройлы жеңістер әкелетініне сенім зор.

Қорыта келгенде, ең бастысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жерінде туған айырықша феномен. Әрине, бізде өз тәжірибеміздің ғылыми негіздерін жасау немесе институттандыру әлі кемшін түсіп жатқаны рас. Ұйымның ғылыми-сараптамалық орталығының өмірге келгеніне бес жылдай ғана болды. Өз шамасынша ол, белгілі дәрежеде, ғылыми негіз жасауға ұмтылып келеді, бірақ ол әлі де аздау. Ал қазақстандық модельдің практикалық бөлігі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен алысқа тарап кетті. Алайда, бай тәжірибені ғылыми тұрғыдан негіздеу міндеті алда тұр. Осыны игерсек қана біз моделімізді әлемдік ғылыми ортадағы айналысқа енгізе аламыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Егемен Қазақстан,1-желтоқсан 2014 жыл

2. Егемен Қазақстан, 5-ақпан 2015жыл

3. Егемен Қазақстан, 20-желтоқсан 2013 жыл

4. Ассамблея (Вестник),- Совместный проект АНК ВКО и областного Дома дружбы. Усть-Каменогорск №8-9(48-49) ноябрь 2014, с.9.

5. Н.Ә.Назарбаев. Нұрлы жол-болашаққа бастар жол. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы - Егемен Қазақстан, 12 қараша 2014 жыл.


REFERENCES

1.Egemen Qazaqstan 1-zheltokhsan 2014 zhyl (in Kaz).

2.Egemen Qazaqstan 5-akhfan 2015 zhyl (in Kaz).

3.Egemen Qazaqstan 20-zheltokhsan 2013 zhyl (in Kaz).

4.Assambleya (Vestnik)-Sovmestnyi  proekt ANK VKO i oblastnogo

Doma druzhby Ust-Kamenogorsk № 8-9, 48-49, 2014,9 (in Russ).

5. N.A.Nazarbaev Nurly zhol-bolashakhkha bastar zhol. Memleket basshysynyn Qazaqstan halkhyna Zholdauy-Egemen Qazaqstan 12 kharasha 2014 zhyl (in Kaz).


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі