Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ жерінің даңқты хандары" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде салып отырмын. Бұл қмж-да жаңа әдіс тәсілдер қолданып отырмын , оқушыларға өте қызықты және тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Дүниетану Мұғалімнің аты-жөні:

Сейтқанова Л.А.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Атақты тұлғалар Қатысқандар саны:

Мектеп:Шәріптоғай негізгі мектебі Қатыспағандар саны:

Күні:                                                                     

Сынып:  3  

Сабақ тақырыбы

Қазақ жерінің даңқты хандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру

Сабақ мақсаттары: 

Барлық оқушылар: Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлін айтады.

Көптеген оқушылар: Тарихи мысалдар негізінде хандардың кезеңдерін салыстырып, картадан қазақ хандығының жерлерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Тарихи мысалдар негізінде хандардарға лайықтап рәміздер мен шумақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  1. Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы хандардың рөлін түсіндіреді.

  2. Әр түрлі уақыт кезеңінде Қазақ хандығының аумағын салыстырады.

  3. Хандардың атқарған міндеттерін сипаттайды.

  4. Қасым хан, Жәңгір хан, Тәуке хан замандарына лайықты рәміздер мен шумақтар құрастырады.

Онуғло ғцуо((еререрирТілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту :

Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлін түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология: 

Хан, «Жеті жарғы», «Алтын ғасыр», «төре тұқымы»

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

«Хан» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді?

Хандар қандай міндеттер атқарды?

Хандардың ең маңызды қандай ісін сен алдыңғы орынға шығарар едін?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының

2. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

Пәнаралық байланыстар 

Әдебиеттік оқу пәнінен ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары.

АКТ қолдану дағдылары 


Бастапқы білім

Қазақ хандығының қалай және қай уақытта құрылғанын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар 

Сабақтың басы 

7мин

I.Ұйымдастыру кезеңі. /1мин/

Сыныпта бірлескен оқу ортасы мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп, жақсы көңіл- күй тілейміз.


ІІ. Үй жұмысын тексеру: /4 мин/

(Ж) «Шағын тест» әдісі.

Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексермек үшін мұғалім бір бет парақта шағын тестті орындауды ұсынады (орындалу уақыты – 5 минут):

1.Қазақ хандығы қашан құрылды?
А) 1435 ж; В) 1455 ж; С) 1465 ж.

  1. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

А) Шу мен Талас өзендерінің арасында;

В) Еділ мен Жайықтың арасында;

С) Сырдария өзенінің алқабында.

3.Қазақ хандығын қандай сұлтандар құрды:
А) Қасым мен Бұрындық; В) Керей мен Жәнібек; С) Тәуекел мен Есім.

4.Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды: А) Жәңгір; В) Тақыр; С) Әбілқайыр.

5.Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігінде құрылды: А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс (Жетісу).

ҚБ: «Карусель» әдісі

Оқушылар бір-біріннің жұмыстарын тексереді.


Жаңа тақырыпқа шығу тапсырмасы. /2мин/

Оқушыларды кір қыстырғышта ілінген мозайка жинау арқылы 3 топқа біріктіреміз.

  1. «Қасым хан» тобы

  2. «Тәуке хан» тобы

  3. «Жәнгір хан» тобы

Оқушылар сурет қиындыларын жинап, ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.


Қосымша1









Қосымша2















Қосымша3



1.

2.

3.

Сабақтыңортасы 

28мин


ІІІ. Сабақ мақсатын анықтау

Бейнежазба көреді. Бейнежазба бойынша бағыттаушы сұрақтар қойылады. Тақырып ашу.

-Балалар, бейнежазба не туралы?

-Қай хандардың есімдері аталды?

-Хандар немен айналысты деп ойласындар?

- Сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсындар?

Сабақ мақсаты ұсынылады:


  1. Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлін айту;

  2. Картамен жұмыс жасап, қазақ хандығының жер көлемі қалай ұлғайғандығын білеміз;

  3. Хандарға лайықты рәміздермен танысып, оларға арнап шумақ құрастыруды үйренеміз.

/5 мин/



Дәптермен жұмыс: Сөздік /2мин/

Хан, «Жеті жарғы», «Алтын ғасыр», «төре тұқымы»

Тындалымнан кейін тапсырма.

(Т) 1-тапсырма: «Шындық- жалған» әдісімен бейнежазбада көрсетілген ақпаратты қаншалықты түсінгенін анықтау.

1 топ:

-Қасым хан қазақтардың Жайықтан Алатауға дейінгі ежелгі жерлерін біріктіріп, билік жүргізді.(жалған)

- Жәңгір хан Орбұлақ шайқасында 600 жауынгермен және жалаңтөс батырдың әскерлерінің көмегімен өзінен күші басым жаудың 50 мың қолын жеңді.(шындық)

- «Жеті жарғы» заңдар жинағын Шыңғыс хан құрастырды. (жалған)

2 топ:

-Тәуке ханның билігін қазақ тарихындағы «алтын ғасыр» деп атайды. (шындық)

- Қасым хан орыс жерінің іргесін бекітті. (жалған)

- Жәңгір хан – өз Отанын қорғаған батыр. (шындық)

3 топ:

-Жәңгір хан батыстан шапқыншылық жасаған жоңгарларға қарсы ерлікпен соғысып, жеңіске жетеді. (жалған)

- Тәуке хан Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті. (жалған)

-Қасым хан –қазақ жерінің іргесін бекітті. (шындық)


ҚБ: «Ауызша мадақтау» (Жақсы, Тамаша, Талпын)

Бағалау критерийлері :

  1. Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы хандардың рөлін түсіндіреді.


3.(Т) «Картамен жұмыс» тапсырмасы

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа карталар таратылады. Оқушылар топта Керей мен Жәнібек хандар және Қасым хан заманындағы қазақ жерлерін көрсетіп, қорытынды жасауы қажет.


Өзін-өзі бағалау мұғалімнің дұрыс нұсқасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Бағалау критерийлері:

  • әр түрлі уақыт кезеңінде Қазақ хандығының аумағын салыстырады.

4.(Ж) Тапсырма. «Сәйкестендіру кестесі» әдісі /5мин/

  1. Жәнгір хан

А. «Жеті жарғы» заңдар жинағы

Б.қазақ жерінің іргесін бекітті

  1. Тәуке хан

В. Орбұлақ шайқасында қазақ жасағын басқарған

  1. Қасым хан

С. билігін «алтын ғасыр» деп атаған

Д. жоңғарларға қарсы соғысты



Жауаптары:_

1___________2____________3__________

Дескриптор:

  1. Жәнгір ханға қатысты жазылғанын аңықтайды.

  2. Тәуке ханға қатысты жазылғанын аңықтайды.

  3. Қасым ханға қатысты жазылғанын аңықтайды.

ҚБ: «Досынды бағала» әдісі . Мұғалімнің дұрыс нұсқасымен салыстыру арқылы жүзеге асады.

Бағалау критерийлері :

  • Хандардың атқарған міндеттерін сипаттайды.



5.(Ж) «Сенің таңдауың» тапсырмасы

Оқушыларға екі тапсырманың біреуін таңдау ұсынылады:


Қасым, Жәңгір және Тәуке хандарының билік жүргізу кезеңдеріне лайықты сурет не таңба түріндегі рәмізді ойлап табу керек.



ҚБ: «Айлар» әдісі

Толық ай- тапсырма толық орыналды .

Жарты ай -тапсырма жартылай орындалды .

Жаңа туған ай-тапсырма толық орындалмаған..

Бағалау критерийлері :

  • Қасым хан, Жәңгір хан, Тәуке хан замандарына лайықты рәміздер мен шумақтар құрастырады.



Бейнежазба

сілтеме

https://youtu.be/apVOBdL9ew8




























Дәптер







































оқулық







Қосымша 4

























Оқулық



































Айлар суреті

Сабақтыңсоңы 

5 мин

  • Бекіту сұрақтар:

  • Бүгінгі сабақта не білдіндер?

  • Тәуке хан туралы не білдіндер?

  • Жәңгір хан туралы қандай қызықты ақпарат алдындар?

  • Қасым хан туралы қандай мәлімет алдындар?

Рефлексия: «Нысана»



Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды…»

Қызыл түстң шеңбер «маған бәрі түсінікті болды…»

Көк түсті шеңбер « маған көмек қажет…»



Үй жұмысы: /1мин/

Сөйлемді жалғастырып аяқтайды:

«Мен өз ата-бабамды мақтан тұтамын, себебі ....»





















Нысана парақтары

Саралау– оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы 

Сыныптағы саралау жұмысының келесі тәсілдерді қолдандым:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
1778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12